Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 17:27, реферат
Дағды дегеніміз әрекеттің адам бойында орнығуы. Әрекетке ең алғаш кіріскен кезде адам олақ, басы, артық көптеген қимыл-қозғалыстар жасайды. Мысалы, жоғарыда көрсеткеніміздей, бала оқу-жазуға үйрене бастаған кезде қаншама қимыл-қозғалыстар жасайды.
Кіші жастағы оқушылар үшін ана тілі сабақтары өмірді, ондағы адамдық қарым-қатынастарды түсінуге ашылған терезе іспеттес. Мұнда қайырымдылық, адалдық, бір-бірін түсіне білу, парыз және басқа да көптеген түсініктердің алғашқы бастамаларының негізі қаланады. Әрине, осындай маңызды ұғымдар бала санасында дайын күйінде қалыптаса салмайды. Міне, сондықтан ана тілі пәні мұғалімдері сабақ құрылымын құруда көркем сөздер арқылы тек баланың санасына әсер етуді көздемей, бірінші кезекте баланың сезіміне әсер етуге, оларды жақсылыққа қарай итермелеуге жағдай жасап, шығарма арқылы шынайы өмірге көпір салуға ұмтылуы тиіс.
Ана тілі – баладан тек терең меңгеруді ғана қажет етіп қоймай, басқа да мектеп бағдарламаларын игерудің негізі болып табылатын пән.
Оқушылар бастауыш мектепті бітірерде шапшаңдыққа оқу мен түсініп оқуды қамтитын талдап оқуға қалыптасады. Оқу дағдысының қалыптасу кезеңі ұзақ уақытты қажет етеді.
Сөздерді толық сөздермен минутына 40 сөзден дауыстап оқу шапшаңдығы мәтін мазмұнын түсінуге қол жеткізбейді. Мәтін мазмұнына бала минутына 60 сөзден оқығанда және сөздерді толық оқуға қол жеткізгенде түсіне бастайды. Ал даыстап толық сөздермен минутына 90 сөзден оқыған бала оқыған мәтінінің мазмұнын толық және терең түсінуге қол жеткізеді. Міне, сондықтан мұғалімдер оқу техникасын, яғни белгілі бір уақыт кесігіндегі баланың оқу техникасы бойынша білім, білік, дағыдысын бақылауға алып отыруы тиіс.
Оқу дағдысының қалыптасуын тексеруді жылына үш рет жүргізген тиімді:
Осы үш кезең оқушының оқу дағдысындағы өзгерістердің деңгейін көруге мүмкіндік береді. Оқу жылы барысында әр оқушының оқу дағдысының қалыптасуы мен дамуын бақылап отыру мұғалімнен көп тер төгуді қажет етеді. Бұл жұмыста мұғалімнің басшылыққа алатыны - бағдарлама мен әр жарты жылдыққа арналған бағдарламалық талаптар.
Қазіргі
бастауыш мектептердегі деңгейлеп-
Осы әдістемелік құрал мұғалімге:
1-сыныпта
10-15 қыркүйек аралығында
2-4 сыныптар үшін де әр түрлі нұсқадағы мәтіндер ұсынылған. Мұғалім таңдауына сай тексеру бір немесе бірнеше мәтін көлемінде жүргізілуі мүмкін.
Кітапта 5-сыныптардың оқу дағдыларын тексеруге арналған мәтіндер де берілген. Ондағы мақсат - 5-сынып мұғалімдерін бастауыш мектепті бітірген оқушылардың оқу дағдысының деңгейімен таныстыру, оқытудың сабақтастығы. Олардың оқу шапшаңдығы оқу жылының соңында, 4-сыныптың аяғында қандай болса, сол деңгейде, яғни минутына 80-90 сөз болуы тиіс.
Оқу бағдарламасындағы көптеген мәтіндердің өлең түрінде келетінін ескере отырып, шапшаңдыққа оқу дағдысын тексеру барысында өлең түріндегі мәтіндерді де қолданып отырған жөн. Өлең түріндегі мәтіндерді оқыту кезінде өлең оқу ырғағына, дауыс реңкіне, кідіріс қоя білуіне, эмоционалдық бояуына, бейнелі оқи білуіне мән беріледі. Мұндай мәтіндер мұғалімнің қалауы бойынша алынады.
Оқу техникасын тексеру кезінде мұғалім баланың оқу дағдысын, түсініп және дұрыс оқуын, оқу шапшаңдығын, мәнерлеп оқуын біртұтас алуы қажет.
Оқушының түсініп оқуын тексеру кезінде бәрінен бұрын мәтіннің толық мазмұнын, жекелеген сөздердің, сөз тіркестерінің, сөйлемдердің мағынасын түсінуіне көңіл бөлу қажет. Бұл жағдайда мұғалім мәтін соңынан «Мәтін не туралы?», «Басты кейіпкерлерді ата», «Мәтін бойынша ерекше қалған оқиғаны баянда» деген сияқты қысқа көлемді сұрақтармен тексеруіне болады, алайда көп сұрақпен баланы шаршатуға да болмайды.
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың мәнерлеп оқу дағдысының қалыптасуының басты көрсеткіші - әр оқу кезеңіне (жарты жылдық, жылдық) байланысты оқу бағдарламасында бекітілген оқу тәсілі. Ең тиімді оқу түрі - сөздерді толық оқу, бұл әсіресе 3-4 сынып оқушылары үшін аса маңызды.
Сабақ барысында оқушылардың мәтінді бірнеше қайтара оқуы оқу дағдыларының жетілуіне мүмкіндік береді. Бұл іріктеп оқыту, рөлдерге бөліп оқу, хормен оқу, тізбектей оқу, іштей оқу, «көзбен оқу» сияқты әр түрлі оқу түрлері арқылы жүзеге асырылады. «Көзбен оқуды» мәтінмен ауызша жұмыс түрлері алдында (мазұндау, жоспар құру, тақырып қою т.б.) қолданған тиімді.
Оқу шапшаңдығы да оқу тәсіліне байланысты. Буындап оқитын оқушылардың шапшаңдығы бір басқа болса, ал тұтас сөздерді оқитын оқушылардың шапшаңдығы бір басқа. Оқу дағдысын тексеру кезінде баланы «тезірек оқы» деп асықтыруға болмайды. Мұндай асықтырудан кейін ол 1-2 сөзді немесе сөйлемді ғана тез оқуы мүмкін, алайда қайтадан сол кезеңдегі өзінің қалыптасқан шапшаңдығына түседі.
Егер
оқу дағдысы оқу жылының
Оқу
дағдысын тексеру кестесі
Сыныбы | І жарты жылдық | ІІ жарты жылдық |
1 | 15-20 сөз | 20-25 сөз |
2 | 40-45 сөз | 50-55 сөз |
3 | 55-60 сөз | 60-65 сөз |
4 | 65-70 сөз | 75-80 сөз |
Оқу дағдысын тексеру кезінде оқушыны жайдары жүзбен қабылдап, қолайлы жағдай жасау оқушының мәтінді қалыпты жағдайда аспай-саспай түсініп оқуына, оқу сапасының артуына мүмкіндік береді. Оқушы тарапынан жіберілген қателіктер оқу материалының мазмұнын дөрекі бұрмалауға апармаған жағдайда мәтін оқылып біткеннен кейін түзетіледі.
Мәнерлеп оқуын бағалау кезінде сөздің анықтылығына, нақытылығына, кідірістің сақталуына, логикалық екпіннің қойылуына, тиісті дауыс ырғағына келтіріп оқи білуіне, диалогтардың дұрыс оқылуына мән беру керек. Мәнерлеп оқу – оқудың ең жоғарғы түрі. Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру үшін мұғалім сабақ үстінде төмендегідей жұмыс түрлерін жүргізіп отыруы тиіс:
Бастауыш мектепте іштей оқу дағдыларын қалыптастыру да көзделеді. Дауыстап оқу арқылы материалды оқушы ғана емес, тыңдаушы да қабылдайды. Іштей үндемей оқуға тек оқып жатқан бала қатысады, алайда түсіну, есте сақтау және оқығанын меңгеру іс-әрекеті жақсара түседі. Іштей оқу – бұл дауыс шығармай көзбен оқу. Сыбырлап және еріндерін жыбырлатып оқу дауыстап оқудан іштей оқуға көшу кезеңінің көрінісі болып табылады және іштей оқуға жатпайды.
Егер іштей оқу шапшаңдығы дауыстап оқу шапшаңдығынан аспаса, онда іштей оқу өз дәрежесінде қалыптаспаған деген сөз. Іштей оқу дауыстап оқуға қарағанда 20-40 сөзге дейін артық жүретіні белгілі, сондықтан оқудың бұл түрін қадағалап отырудың да маңызы зор. Мұндай тексеруді 2-сыныптан бастап жүргізген жөн.
Іштей оқуға көлемді, мазмұны жағынан қызықты, тілі анық, балаларға онша таныс емес шығармаларды оқытқан абзал. Іштей оқуды тексеру әдісі дауыстап оқуды тексеру әдісімен бірдей. Іштей оқу аяқталғаннан кейін оқушының мәтіннің негізгі мазмұнын қаншалықты меңгергені тексеріледі.
Мұғалімге
көмек ретінде оқу дағдысын тексеруге
арналған кесте ұсынылып отыр. Бұл
кестені барлық 4 жыл көлемінде
пайдаланған тиімді. Оқу дағдысын
жетілдіруге бағытталған жұмыс
барысында жүйелі тексеріп қана қоймай,
тексеру нәтижесін арнайы дәптерге
тіркеп, жіберілген кемшіліктерді
жоюға бағытталған жеке жұмыс түрлерін
жүргізіп отыру қажет. Мұғалім тек әр жеке
оқушының оқу деңгейін біліп қана қоймай,
жалпы сыныптың оқу деңгейін де білуі
қажет. Сондықтан әр тексеруден кейін
сынып бойынша кесте жасалады.
Оқу дағдысы | Оқушылар (саны) |
Тәсілдері:
|
. . . . . . . . . |
Дұрыстығы:
|
. . .
. . . |
Шапшаңдығы:
|
. . .
. . . . . . |
Мәнерлеп
оқуы:
|
. . . |
Оқу дағдыларын жетілдіруге арналған ұсыныстар: | . . . |
Әр
оқушының оқу дағдысы жеке тексеріледі.
Бұл кезде секундомер пайдаланбаған
жөн, минуттық тілі бар сағат пайдалану
керек. Мұғалім оқыту барысында
уақытты оқушыға білдірмей және сағатты
оқушы оқуды бастағаннан кейін белгілегені
жөн, өйткені көптеген оқушылар оқуға
дайындыққа көп уақыт жібереді, бірінші
қатарын іздейді, зейінін тұрақтандырады,
т.б. Төменгі нәтиже көрсетіп жүрген оқушылар
бойында сенімділік ұялатып, көңілдерін
көтеріп, көмек көрсету қажет, оқуына
жайдары жүзбен сипаттама беріп, жақсы
жақтарына баса көңіл аудару қажет, содан
кейін кеткен кемшіліктері ескертіледі.
Әсіресе психо-физиологиялық кемшіліктері
бар кекеш, көзінің көруі нашар, шамадан
тыс баяу балалар ерекше бақылауда болуы
тиіс. Қорытынды шығару кезінде бұл ескеріледі.
Мұндай оқушылардың оқуын бақылауды сабақ
барысында жүргізуге де болады. Оқу дағдысын
тексеру оқушыларға таныс емес мәтіндермен
жүргізіледі.
СЫНЫПТАР БОЙЫНША ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ, БІЛІК ЖӘНЕ ДАҒДЫЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
1-сынып оқушылары: