Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие беру

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 11:28, курсовая работа

Описание работы

Табиғатсыз адам жоқ, онсыз адам жайлы сөз етуге болмайды. Ал табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алу үшін, ол міндетті түрде ештеңемен ластанып, уланбаған болуы тиіс. Мұны біз табиғат тазалығы дейміз. Табиғаттың тазалығын сақтайтын да, оны ластап улайтын да адам. Адам өзінің де, табиғаттың да қаласа досы, санасы іс-әрекет жасаса жауы бола алады. Табиғаттың мол қазынасын парықсыз шашып, төгетін- адам, адам құрайтын қоғам.

Содержание

I.Кіріспе
1.1 Бастауыш сынып оқушыларына халықаралық стандарттарға сәйкес қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді түсіндіру
1.2 Экология және экологиялық тәрбие туралы түсінік
1.3 Экологиялық тәрбиенің пайда болу, даму тарихынан
II. Негізгі бөлім Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие беру
2.1 Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие беру міндеттері
2.2 Экологиялық тәрбие беру мазмұны
2.3 Бастауыш сынып оқушыларын табиғатты аялау мен қорғауға тәрбиелеу жолдары
III. Практикалық бөлім
3.1 Сабақтың жоспарлары
3.2 Мектептегі экологиялық үйірмелердің жоспарлары
3.3 Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары
IV. Зерттеу бөлімі
4.1 Балалардың экологиялық көзқарастарын анықтауға арналған сауалнама
4.2 Балалардың экологиялық тақырыбына байланысты мақал - мәтел талдату
V. Шығармашылық жұмыс
5.1 Бастауыш сынып мұғаліміне арналған әдістемелік нұсқау
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Арай .docx

— 90.67 Кб (Скачать)

   Адам  баласы өмірінің материаладық және рухани тіршілігінің бір-ақ табиғи тірегі бар. Ол табиғат.

   Табиғатсыз  адам жоқ, онсыз адам жайлы сөз  етуге болмайды. Ал табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алу үшін, ол міндетті түрде ештеңемен  ластанып, уланбаған болуы тиіс. Мұны біз табиғат тазалығы дейміз. Табиғаттың тазалығын сақтайтын  да, оны ластап улайтын да адам. Адам өзінің де, табиғаттың да қаласа досы, санасы іс-әрекет жасаса жауы бола алады. Табиғаттың мол қазынасын парықсыз шашып, төгетін- адам, адам құрайтын қоғам.

   Қазіргі дүниетану ғылымы – стратегиялық, тактикалық бағыты айқындалға ғалымдардың  ғылыми деңгейіне көтерілуде. Ғылым  ретінде өзіндік теориялық методологиясы  айқындалға зерттеу облысы мен зерттеу  әдістері қалыптасқан жараталыстану  ғылымының ірі саласына айналды.

   Дүнеитану ғылымының басты міндеті болашақта  табиғат қорларының сарқылуына жол  бермеу, жер шарының тұрақтылығын сақтау, тіршілік әлемінің тепе-теңдігін, ырғақты өмір сүруін қадағалау және адам-қоғам-табиғат арасындағы қарым-қатысты  үйлестіру  болып табылады.

   Табиғат қорғау проблемасын іс жүзінде шешудің  негізгі бір мақсаты бастауыш саынып оқушыларынан бастап туған жерге, Отанға, табиғатқа деген сүйіспеншілікке  тәрбиелеу. Табиғатты қорғау мәселесі педагогикалық мәселелердің бірі. Педагогика ғылымының негізгі міндеті оқыту, білім беру, тәрбилеу және жеке басы қасиеттерін қалыптастыру.

   Атақты  ғалым академик И.Д. Зверев ұстаздарға қойылатын негізгі үш талапқа  ерекше көңіл бөлді. Біріншіден, мұғалімнің санасыда табиғат үшін қоғам алдындағы  жауапкершілік сезім болуға тиіс, яғни табиғат қорғау халықтық ісі  екенін және оның халықаралық маңызы ерекше екенін есте ұстауы қажет. Әрбір  ұстаз өз-ой пікірі арқылы бүкіл  адамзат иілігі үшін, болашақ ұрпақтар үшін табиғатты қорғау және оның байлықтарын  барынша ұқыпты пайдалану қажетілігінен  түсінуі шарт. Екіншіден, ұстаздың өзі  күнделікті өмірі мен қызметінде табиғаттың нағыз жанашыр қамқоршысы ретінде басқаларды біліммен қаруландыруы қажет.

   Әр  халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан, өзіне  тән салт-сана, дәстүрлері болады. Бұл  салт-сана сол халықтың дүниеге, өмірге көзқарасы мен рухани күйінен  туған. Сондықтан да ол халықтың жан  дүниесінің айнасы, ұрпақтарының қайнар тұтас мұрасы болып сақталып қалады.

   Кең даламызда көшпелі күн кешіп, аттың жалында, түйенің қолында  жүрсе де, халқымыз жас ұрпағына жақсы тәрбие берудің салтын, дәстүрін, әдет-ғұрпын қалыптастырған. Халқымыздың  табиғатқа деген зор сүйіспеншілігі табиғаттың көркем келбетінен, арайлы ажарынан, сұлулық сымбатынан, әдемілігінен, әсемділігінен бойына қуат, жүрегіне шуақ алып және оны аялау қажетігін  ерекше  ескерткен. Табиғат қамқоршысы бола білген халқымыздың дәстүрлі бір  жүйеге келтіріп, оларды мектеп оқушыларына  таратуымыз керек.

   Дүниетану білім беруің қазіргі заман педагогикасының  теориясы мен практикасында үш үлгісі қалыптасып келеді. Бірінші –көппәнді  үлгі. Мұнда дәстүрлі пәндердің мазмұнына  жеке бөлім, тақырып енгізіледі және бұрынан бар тақырыптардың  мазмұнына  экологиялық мәліметтермен байытылады. Екіншісі – бір пәнді үлгі, орта мектептің оқу жоспарына арнайы экология курсын енгізу арқылы жүзеге асады. Үшінші – аралас үлгі. Мұнда  дүниетану білімінің жеке мәселелері дәстүрлі пәндерде қарастырылып, соңынан  сол пәндерді біріктіріп, қорытындылайтын  арнайы пән бойынша оқытылады.

   Қазақ халқының халық педагогикасындағы  асыл мұраларының бірі –табиғатқа деген аса зор сүйіспеншілігі мен оған деген асқан адамгершілік қасиеті. Халық ұғымында табиғат  деген қасиетті сөз. Ғалым Ақселеу  Сейдімбеков өз шығармаларында халқымыз бен табиғат арасындағы үндестікті, бірлікті, сабақтастықты ерекше атап көрсеткен. «Көшпелі өмір салты табиғи географиялық дара білімдегі биосфераға бірден-бір үйлесетін. Ата – бабамыз  туған жеріне кіндік қанын ғана тамызып  қоймаған, қажет болса, жүрек қанын  да төге білген» деп табиғат пен  халқымыз арасындағы өзара байланысты орынды бағалаған.

   Осы кезге дейін табиғатты қорғау, оның байлықтарын арттыру туралы көп сөздер айтылып жүрсе де, бірақ  іс жүзінде қорғау орнына талап, қиратып  жатқандар аз емес. Не жасап жүргенімізді қайда бара жатқанымызды ойланатын  кез жеткен сияқты.

   Дүниетану жаңа ашылған ғылым, сондықтан қазіргі  кезде бастауыш сынып оқушыларына  арналған  қоршаған ортаны қорғау мен  табиғат байлықтарын пайдалану  туралы жазылған ғылыми еңбектер, көмекші  құралдар жоқтың қасы.

   Бастауыш  сынып оқушыларын табиғатты қорғауға тәрбилеу маңызды міндет. Педагогика ғылымы дүниетану және табиғат қорғау ғылымының негіздерін тереңдетіп, халықтың дәстүрлерін жинақтап, оны бүкіл  жұртшылыққа үйреткенде елді табиғат  қорғау бағытында тәрбиелегенде  ғана жағдай түзеледі. Ешбір қиыншылыққа  қарамай ұстаздар әрбір бастауыш сынып оқушыларының ғана емес, әр бір  жасты табиғат қорғау тәрбиесінен  өткізіп, оларды табиғат қорғау жұмыстарына  қатынастырса өмірді де аман сақтаймыз.

   Даму  тарихы.

   Оқушыларға  экологиялық тәрбие беру жалпы білім  берудің бір тармағы ретінде  оқушыны жан-жақты дамытуға, оның адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеуге  бағыттайды. Кезінде орта ғасыр ғұламалары Әл-Фараби, Ж. Баласағұн, Қ.А. Яссауи, М. Қашқари, А. Иүгінеки, С. Бақырғани және т.б. өз шығармаларында табиғатты аялап, қорғауға байланысты көзқарастарын  білдіріп, жаратылыстану жайында  бағалы пайымдаулар мен ғылыми тұжырымдар жасаған. Мәселен, Әл-Фараби «Ғылымдардың шығуы туралы трактатында» табиғаттану  ғылымдарының шығу төркінін, себептерін ашып көрсетуге тырысады.

      Оқушыларға  экологиялық тәрбие беру мәселесін  шешуде прогресшіл педагогтарымыздың  орны ерекше.Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, Г.Песталоций, А.Гумбольдт классикалық педагогикада баланың табиғатпен қатынасы арқылы білім беру, тәрбиелеу, дүниетанымын қалыптастыру заңдылықтарын негіздеді. Чех халқының атақты педагогы Я.А.Коменский  «Тәрбиенің негізі – табиғат, ал адам табиғаттың бір бөлігі және оның заңдылықтарына бағынушы»,- деді. Француз ағартушысы Ж.Ж.Руссо өзінің педагогикалық еңбектерінде «Баланы табиғатпен байланыста тәрбиелеу  керек, табиғат баланың ересектігінен бұрын бала болғанын қалайды», - деп жазды. Ол тәрбиенің үш қайнар көзі: «табиғат, адамдар, заттар» деп есептеді[8].

      ХІХ ғасырдағы орыс ағартушылары В.Г. Белинский, Н.Н. Герцен,Л.А.Добролюбов, Д.И.Писарев  т.б. мектепте табиғатты немқұрайлық  оқытуға және оған мейірімсіздік  қатынасқа қарсы шықты[9,10,11].

      Н.Н.Герцен жас баланың жан дүниесін қалыптастырудағы табиғаттың маңызын көрсете отырып: «Біз адам дүниесін табиғат дүниесінен тас қабырға арқылы бөліп тастауға әдеттендік, бұл әділетсіздік»,- деді[10]. Д.И.Писарев патриотизмді қалыптастырудағы табиғаттың мәнін ерекше бағалап, «өз  денесін сүю және қорғауға адамға тән қасиет болғаны сияқты, дәл  солайша өзінің балалық шағының 1-ші күнінен үйренгендерін, жақсы  көрген сол адамдарды, сол жерді, сол өмір құрылымы мен ұғымды қорғауда оған тән қасиет», - деген болатын[11]. Орыс ағартушылары жас ұрпаққа табиғат  туралы сапалы білім беру және адамның  табиғи мінез-құлқын айқындайтындықтан, моральдық сапалардың қалыптасуына әсер ететіндіктен айрықша мән берді.

      Белгілі философтар В.Г. Афанасьев, В.В. Журавлев, А.Г. Спиркин, Г.С. Смирнова, А. Қасабеков, Ж. Алтаев т.б. жасөспірімдерге экологиялық  білім мен тәрбие беруде «қоғам-адам-табиғат» арасындағы дүние-танымдық сана формаларын саралау тұрғысынан қарастырады. Себебі, адамның тұрмыс-тіршілігінің әлеуметтік мәнге ие болуының нәтижесінде санасы дамып, жетіледі. Сана – адамның  іс-әрекеті мен мінез-құлқын реттеп, бағыт-бағдар беріп отырады. Ол әрекетінен көрініс табады. Жеке адамның басқа  адамдармен – табиғи ортамен көрініс  табады. Жеке адамның басқа адамдармен – табиғи ортамен қарым-қатынаста  болып, сана-сезімінің дамуы, өзіне  басқа адамдарға қоршаған заттық дүниеге көзқарас-пікірінің қалыптасуы жеке адамның жетілдірудің негізгі  факторы болып саналады. Сонымен, адамның ақыл-ойы мен сана-сезім  бірлігін дәлелдейтін тұжырым жеке тұлғаны экологиялық проблемаларға  жаңама көзқараспен қарауға бағыттады[12].

      Психологтар А.А.Люблинская, М.Мұқанов, Қ. Жарықбаев, т.б. өз еңбектерінде оқушыларға экологиялық  білім мен тәрбие беру жұмысы, қоршаған ортамен қарым-қатынаста психологиялық  жас ерекшеліктерін ескергенде ғана нәтижелі болады деген пікірлер айтқан[13,14]. С.Л. Рубенштейн әрбір жеке адамның  қоршаған ортамен байланысының басты  компоненттерінің бірі қарым-қатынас  деп санайды. Ол табиғатқа адамгершілік қатынасын қалыптастыру, мінез-құлық  нормаларын қалыптастыру екенін көрсете  отырып, «басқа адамдармен жарамды  қатынасқа ену, басқа адамдардың адамша тіршілік етуіне жағдай жасай  білу тек толы бағалы адамның ғана қолынан келуі мүмкін, ал ол дегеніміз  дүниеге, өмірге, табиғатқа мың дос  қатынастағы адам», - дейді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Бастауыш  сынып оқушыларының экологиялық білім мен тәрбие беру - олардың тіршіліктану жөніндегі сауатын ашуға қажет және қоршаған ортаны сақтауда маңызы зор екенін білесіздер. Сондықтан да бастауыш сынып оқушыларының экологиялық білімдерін қалыптастырып, экологиялық білім мен тәрбие беруге, барлық адамдардың экологиялық деңгейі, соны ұғынуы мен білім дәрежесінің жоғары болуларына әсер етіп, қордағы басылымдардың бар түрін кеңінен пайдалана, оқырмандардың экологиялық ақпараттандырылуын қанағаттандыра біліңіздер.

   Аталмыш бағыттағы «Табиғат-сұлулықтың кәусар  бұлағы», «Табиғат лебі», «Табиғатым - тағдырым» - сынды экологиялық сағат, «Жасыл әлемге саяхат» - ойын-саяхат, «Қазақстан қорықтары» - ауызша журнал, «Табиғат және Поэзия»-жыр кеші, «Табиғат тамашалары», «Таңғажайып табиғат» - экологиялық лотолар, Семей сынақ полигонына арналған  «Апат аймақтары», «Ажал сепкен аждаһа» - экологиялық - танымдық сағаттар, «Туған өлкем - қандай көркем», «Табиғат - тіршіліктің құтты қоныс мекені», «Жер тағдыры – ел тағдыры», «Табиғат – тіршіліктің қайнар көзі», «Қоршаған орта және «Табиғат – тіршілік бастауы», “Қоршаған ортаны қорғайық!”, «Табиғат аясы», «Табиғат әлемі», «Қоршаған орта - қорғаның», «Аралым – арым, Балқашым - бағым», «Өзендер неге өксиді?», «Арал да апат аймағы», «Қазақстан өзендері» «Қазақстан – туған өлкем», «Экологиялық құқық» тақырыптарындағы дөңгелек үстел, интеллектуалдық ойын, экологиялық идеялар байқауы, талқылау, экологиялық мереке, экологиялық әңгіме, пікір алмасу, жарыссөз, брейн-ринг, экологиялық жыр кеші, пікірталас, шолу, әңгіме сияқты шаралар, осы орайда дайындалған тақырыптық папкалар, кітап көрмелері, тақырыптық сөрелер қолданушылардың туған өлке, оның байлығы, алуан түрлі табиғаты туралы білімдерін кеңейту мен  экологиялық түсініктерін қалыптастыруға ықпал етіп, олардың туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттырып,, табиғатты қорғай білуге тәрбиелейді. Бұл жұмыстармен шектелмей, «Экология сақшысы», «Мөлдір бұлақ» сияқты үйірме жұмыстарын да жандандыра аласыздар.

   Қоршаған  ортаны қорғауды насихатау мен экологиялық  қауіпсіздікті қамтамасыздандыруды  кең танымал етуде мол түсінік  беретін қағаздағы және электронды тасымалдалдаушылардағы ақпараттар мен  Интернет қызметін де ұсына, бастауыш сынып оқушыларының туған өлке, оның байлығы мен алуан түрлі табиғаты турасында білімдерін кеңейте түсесіздер.

   Сондықтан осы курыстық жұмысымды сол дүниетану  білімін тереңдетіп, үлкен мән  беруге, болашақ мамандардың, бастауыш сынып оқушыларының бойына ұлттық сана сезім, табиғатқа деген аялы қамқорлық  жасай білуді үйретуге бағыттадым. 

   Оқушыларды  айналадағы табиғатпен тиімді байланыс жасауға үйрету, оларда экологиялық сананы қалыптастыру жалпы білім беретін мектептердің, гимназия, лицей, колледждердің маңызды міндеттерінің бірі.

   Біздің  зертуіміздің негізгі мақсаты бастауыш сынып оқушыларына экологиялық  білім мен тәрбие беру жүйесіне өз үлесімізді қосып, оқушылардың табиғатқа  сүйіспеншілігін қалыптастырудың  тиімді жолдарын қалыптастыру.

   В.А.Сухомлинский  балалардың бойына табиғатқа деген  сүйіспеншілік сезімін дамытудың  еш нәрсеге айырбастауға болмайтын  эстетикалық, адамгершілік тәрбиенің  негізі деп санады. Ол табиғаттың сыйын  пайдаланып, сезімін қабылдай білуге педагогикалық басшылық жасаудың айқын  үрдісін экологиялық білім беру әдісімен тығыз ұштастырады.

   К.Д.Ушинский адам мен табиғат арасындағы қатынастарды педагогикалық аспектілерде қарастырып, «Табиғат дауын ата-аналар да, қоғамда тәрбиленушілер де заң шығарушылар да аяғына дейін тыңдауы тиіс, табиғатпен егесу, оған қарсы тұру жақсы емес... адам табиғат заңдылықтарын жақсы меңгеруі қажет»-дейді.

   Оқушыларға  экологиялық білім мен тәрбие берудің басты міндеттері мен  мақсаттары И.Д.Зверьев, Б.Г.Иоганзен, А.Н. Захлебный еңбектерінде де қарастырылған.

     Жастарды  табиғатты қорғауға тәрбиелеу  мен  олардың бойында адамгершілік қасиеттерді  қалыптастыруға көмектесетін көптеген педагогикалық проблемалар педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Н. Сарыбековтың еңбектеріде жан-жақты зертелген. Бұл ғылыми еңбектер мектептерде, гимназияларда, лицейлерде, колледждерде оқушылардың  табиғатқа сүйіспеншілігін арттыруда, жоғары оқу орындарында студенттерді табиғатты қорғауға тәрбилеуде кеңінен  қолданылып жүр.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие беру