Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2011 в 17:41, доклад
Балапанның ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілетінін қазақ атам бекер айтпаған. Бүгінгі мына алмағайып заманда құлқынның қамы үшін жүріп, өз тәрбиеміз түгілі нәресте тәрбиесі шет қалып бара жатқаны белгілі. Осыдан келіп бүгінгі жастың қоғамдық көлікте орын бермегенінен бастап, бір-бірін қойша бауыздап жатқанын айтып, жаға ұстап «О, тоба» десеміз.
Статистика бойынша, халық санының өсуі үшін әр үйде ең кем дегенде 3-4 бала болуы тиіс. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) «Мен ақыретте үмметімнің көптігімен мақтанамын» деген екен. Бұдан түсінгеніміз, шариғатымызда бала санын шектеуге рұқсат жоқ екені түсінікті.
Дүниеде күллі байлығы елден асқан ең бір бай патша болыпты. Өкініштісі артында бір ұрпағы болмапты. Күндіз-түні Алладан «Бұл байлығыңның орнына сәби бер, үйімде сәбидің иісі аңқысын» деп жалбарынып сұрайды екен. Бір күні әдеттегісінше Жаратушыға жалбарынып отырса, бір дауыс «Құлым, сен менен перзент сұрап отырсың. Тілегіңді қабыл етейін. Алайда балаңның ғұмырын үш күндік қыламын» дейді. Бай көнеді. Айы-күні жетіп бәйбішесі ұл тауыпты. Бай баласын құшақтап, Аллаға үш күндік өмірі бар сәби сүйгізгеніне риза болып, шүкірлік ете береді. Межелі күн келеді. 3 күннен кейін бала шетінемейді. Таң қалған байға баяғы дауыс: «Сен маған ризашылық білдіріп, 3 күндік бала бергеніме шүкіршілік еттің. Сондықтан балаңның өмірін ұзартамын» деген екен.
- Жоғарыдағы сұрақты сабақтай түссек, есесіне қоғамда тастанды балалар саны көбейіп барады. Бұған дініміздің не айтары бар?
- Жалпы, тастанды бала қайдан шығады дегенге жауап берейік. Ол некесізден, мысалы, ашыналықтан, азаматтық некеден туылады. Некесіз жақындасу, зина жасау - үлкен күнә. Қазіргі кезде жетім балалар үйіндегі қазақ балалары санының көбеюі - жалпы қоғамдағы имандылықтың әлсіреуінен. Шайтанның адамды түзу жолдан тайдырып, күнәһар қылуы үшін құрған тозағының бірі - еркек пен әйелдің бір-бірінен ләззат алатынын пайдаланып, олардың некесіз жақындасуына себепкер болады. Яғни нәпсіге еріп, шайтанның құлы болып, ақылы жойылып, екі дүниенің азабына ұшырайды.
Ал біздің дініміз мұндай ар-ұяттан айыратын, рухани азғындыққа, имансыздыққа ұшырататын арам іске қатаң тыйым салған. Тіпті дінде ойнастан туылған қызбен тұрмыс құру - мәкрүһ, яғни орынсыз. Бірақ ер адам ондай қызды күнәһар ортадан шығарып алам десе, өз еркі. Тіпті шариғат талаптарын орындату үшін үйленетін болса, онда ер адамға сауап жазылады. Зинақорлық жасайтын адамның көңілінен ұят, жүзінен нұр кетеді, ал адам - тәубесіне келмей сол жүрген қалпында өліп кетсе, о дүниедегі халі тіпті ауыр болады.
Ислам діні сәбилер түгілі, хайуандарға да мейірім жасауға уағыздайды. Бір әулие кісі дүниеден өтіпті. Кейіннен бір досының түсіне кіріп: «Бір мысықты қатты тоңып, далада қалғанында алып жылытқаным үшін мені Алла биік дәрежеге жеткізіп, разылығына бөлендім», - деген екен.
«Қатуланған, бала-шағасына дөрекі қарым-қатынаста болған кісіні Алла тағала жек көреді» - дейді хадисте. Баласын туа салып асырай алмайтынын сылтауратып немесе «елге қарабет болам» деп өтірік намысын қорғайтын аналарға, оларға сүйеніш бола алмаған ерлерге қазір болмаса да, келер күні өте ауыр болып өтеді. Себебі әр нәрсенің де жазалаушысы бар. Осы ретте Құранның мына сөзін айтқым келеді: «Бастарыңа келген бір ауыршылық, қолекі істегендеріңнің салдарынан болады және Алла көбін кешіреді» («Шура» сүресі, 30-аят).
- Ислам діні «түсік» туралы не айтады? Бүгінгі таңда 15-24 жас аралығындағы қыз балалар бұл қылмысқа көп барады. Бұның жазасы қандай?
- Бұның жазасы өте ауыр. Себебі құрсаққа біткен шарана - ертеңгі тіршілік иесі, кішкентай адам. Ал, оны алдырып тастасаңыз - сіз оның өмірін өз қолыңызбен үздіңіз деген сөз. Өкінішке орай, қаракөздеріміз бұны жете түсініп, мағынасына үңілмей жатыр.
Бірде Астана қаласындағы бір әйелдер дәрігерінен тұрақты емделушісінің 9 рет түсік жасатқанын естідік. Бұл өте сұмдық жайт. Қалай әйел баласының жүрегі ауырмады екен деген ойға қалдық. Бұдан шығатын қорытынды - ол 9 баланы өлтірді деген сөз. Ал мұның жазасын бір Алла біледі.
- Өзіңіз ана ретінде қыз балаларға қандай ақыл айтасыз?
- Мен ана ретінде қыз балаларға айтарым
- әр
нәрсені
асықпай,
байыппен шешкен жөн. Жылтыраған нәрсеге құмартып, қысқа етек, көкірегі ашық киімді кигенде пайда жоқ. Қайта
ерлердің
көзіне әдемі
көрінемін
деп олардың есін шығарып, ақылдан адастыратының - өзіңе үлкен
күнә. Қарапайым
тілмен айтқанда, қыз бала - ертеңгі ана. Ол өз-өзіне алдымен жақсы тәрбиеші болуы керек. Бұл жайында
Ислам дінінде кең қамтылып айтылған. Сондай-ақ көптеген хадис кітаптарды
оқып,
Хадиша, Айша аналарымыздың өмірінен үлгі алсақ, біздің қазақ қызынан артық жан болмайды.