Балабақшада ұлттық киім тігіп үйрету технологиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 21:49, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды қолөнер арқылы балалрдың шығармашылығын, қоршаған орта ерекшеліктерін жетік түсіндіре білу.
Зерттеудің міндеттері:
Қазіргі таңда мектепке дейінгі балаларды қазақтың қолөнерін жетік білуге, бағалауға, қолдана білуге баулу.
Зерттеудің көздері: мектепке дейінгі ұйымдардың тарихынан педагогиканың ғылыми жетістіктері мен озық педагогикалық тәжірибелерді мектепке дейінгі ұйымның практикасына ендіру мәселесіне байланысты ресми құжаттар; оқу-әдістемелік кешен; балабақшаға арналған журналдар,статьялар.

Содержание

КІРІСПЕ 3-4
1 Қолөнер туралы түсінік 5-11
1.1 Киімді әшекейлеу. 12-17
1.2 Ұлттық киімді сәндеу. Зергерлік өнері. 17-20
1.3 Ұлттық киімнің негізгі сәндеушісі – ою-өрнек. 20-23
2 Ұлттық киімдер туралы түсінік 24-25
2.1 Қазақ халқының ұлттық киімдері туралы мәлімет
Әйелдер киімі
Ерлер киімі
25-30
3 Балабақшада ұлттық киім тігіп үйрету технологиясы 31-32
ҚОРЫТЫНДЫ 33
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

Дана курсовой.doc

— 218.00 Кб (Скачать)

      Қалпақ  – ақ киізден немесе қалың матадан  тігілген биік төбелі еркектің бас  киімі. Бұл киім бірнеше сайдан құралып, жиегі қайырмалы болады. Сайлары ұлттық ою-өрнектермен әшекейленіп, төбесіне салбырап тұратын шашақ тағылады. Мұны көбінесе белгілі лауазымы биік адамдар киген.

      Етік  – былғарыдан, құрымнан тігілген ерлер  мен әйелдердің аяқ киімі. Түрлері: жылы етік, қисық табан етік, жәй табан етік, шаңқайма етік. Мұны қыста да жазда да киеді. Ерлерге арналған қонышы тізеден асып қара салға дейін жететін етік жырым етік, ішіне байпақ салатын байпақты етік дейді. Соңғы екі түрін еркектер қыста ғана киген. Етікшілер мұндай етіктерді тарамыспен көктеп, ағаш шегемен шегелеп тігеді. Кейбір шеберлер сықырлап жүрсін деп етік ұлтанына тоз салады. Мұндай етікті сал серілер мен   бозбалалар киген.

      Малақай  (құлақшын) – ерлердің салқында киетін бас киімі. Оны құндыз, бұлған, сусар, жанат, түлкі, қарсақ т.б. аңдар мен құлын, бұзаудың терісінен, қозы мен лақтың елтірісінен тігеді. Малақай маңдайдан, екі құлағы мен төбесінен және артқы құлағынан тұрады. Малақайдың төбесін екі түрлі тәсілмен тігеді. Бірінші  теріні төрт не алты сай (қисық) етіп тігіп алады да біріктіріп құрайды. Оның сайларының түйісетін ұштары үшкіл болады да, етек жағы тік төрт бұрыш тәрізді болып келеді. Содан кейін оның етегін тік бұрышты координаталар жүйесі төрт бұрыш пішінді ұзыншақ етіп қиып алып, қусырып тігеді, оған дөңгелек төбе қондырылады. Малақайдың маңдайы оның екі құлағының арасына дәл келетіндей төрт бұрыш пішіндес болады. Артқы құлағының биіктігі маңдайының биіктігінен сәл кемдеу кейде бірдей етіп алынады. Оның ұзындығы екі құлақтың арасына сәл сиып тұрарлықтай болуға тиіс. Малақай тіккенде теріге өлшеп пішілген астарға мақта не жүн тартып, екінші бетіне бидай – шүберек салып сыриды. Мұның сыртынан терімен тыстап астары мен тері тысын бір-біріне тігіп жапсырады. Тігіп болған соң қалыпқа кигізіп кереді. Малақай әрі жылы, әрі сыпайы бас киім. Қазіргі кезде кәсіпорындар өте сәнді малақай тігіп шығарады. Малақайды ерлермен бірге әйелдер киеді.

      Тақия – ерлердің жеңіл бас киімі. Тақияның түрлері көп. Биік төбелі, тегіс төбелі және үшкір төбелі тақия. Ерлер киетін тақияда теңге, моншақ, тана болмайды. Оның есесіне олар «мүйіз», «ат ерін», «шырмауық» сияқты өрнектермен кестеленеді, машинамен, қолмен «таңдай», «ирек», қабырға тігістерімен әдеміленіп сырылады. Тақияны пүліштен, қыжымнан ал астарын жібек, сәтеннен тігеді. Биік төбелі тақия мен тегіс төбелі тақияның тігілуі бірдей. Ал үшкір төбелі тақияны тіккенде оның етегіне жалпақтығын үш елідей етіп тік төрт бұрыш етіп қиып алынады. Оның төбесі үш бұрыш формалы төрт не алты сайдан құралады. Алдымен оларды тігісін ішіне қаратып құрайды  да, одан соң сайлардың етегін тақияның етегіне қондырады. Тақия мыжылмай өз формасын сақтап тұру үшін оның астары мен қос астарын беттестіріп жиі етіп сыриды. Одан кейін тысын жауып, шетін басқа түсті матамен әдіптеп көмкереді. Сайлардың және тақияның төбесі мен етегінің қоспа тігістері білінбеу үшін сол тігістерді бастыра жібек жіппен әдемілеп шалып тігеді. Қазіргі кезде жергілікті кәсіпорындар әр түрлі тақия жасап шығарады.

      Қолғап  – қолға киетін киім. Ол қолды  суықтан, жұмыс кезінде жарақаттанудан сақтайды. Қолғап тігілу, тоқылу үлгісіне қарай бес саусақты, үш саусақты, тұйықбас деп, ал тігілетін материалына қарай тері қолғап, жарғақ қолғап, тоқыма қолғап, брезент қолғап болып бөлінеді. Тері қолғап қойдың боялған терісінен тігіледі. Егер тері боялмаса, онда оның сыртын матамен тыстайды. Тері қолғапты көбінесе тұйықбас етіп, жарғақ қолғап тықыр теріден астар салып, көбіне бес саусақ түрінде тігіледі. Тоқыма қолғап түйенің, қойдың жүнінен, ешкінің түбітінен тоқылады. Тоқыма қолғап бес саусақты да үш саусақты да тұйықбас та болады. Қатты қайырым жұмыс істейтін адамдарға брезент қолғап керек. Ол тұйықбас та болады. Қазіргі кезде жеңіл өнеркәсіп орындары қолғаптың алуан түрін шығарады. Қолғаптың ең байырғы түрінің бірі – құсбегілер қолына киетін «Биялай». Биялай түйенің мойнақ терісінен, бұғы, бұлан секілді аңдардың, өгіздің қалың мойын терісінен серідей тігіледі. Бүркіттің тегеуріні басқа теріні тесіп кетеді. Биялай да қолғаптың тұйықбас түріне жатады.

Әйелдер киімі

        Сәукеле – ұзатылған қыз киетін аса қымбат бағалы, кәделі әрі әсем бас киім. Сәукеле 2-3 қарыстай биік, ол дөңгелек төбе жағына қарай жіңішкере береді. Жоғарғы жағына үкі тағады. Сәукеленің өн бойы  қымбат матамен қапталып, оның сыртына алтын, күміс, інжу-маржан, меруерт сияқты асыл тастардан жасалған моншақтар тағылады. Түрлі түсті қымбат жіптермен тігіледі, безендіріледі. Сәукелені өте шебер әйелдер ғана тігеді. Ұзатылған қыздың дәрежесі осы сәукелесіне қарап бағаланады. Әрине, мұндай бағалы бас киімді байлар мен өте ауқатты адамдардың қыздары ғана киген.

      Сәукеле – тек бас киім емес, ол – қазақ  халқының байлығы мен сән-салтанатының мәдениеті мен өнерінің озық үлгісі, өнер туындысы ретінде бағаланатын  өте қымбат этнографиялық мүлік.

      Сонымен бірге ол  - қазақтың қыздарына деген көзқарасының да бір белгісі. Дәстүр бойынша сәукеле тек ұзатылатын қыздарға ғана кигізіледі, оны айырбастамайды, басқаға киюге беруге болмайды.

      Ішік  – сәнді әрі  жылы киім. Мұның  сыртын берік матадан, ішін аң, мал  терісінен тігеді. Сәндік үшін жағасынан бастап өңірі, етегіне  дейін  теріден жұрындайды. Ішік ұзын әрі мол пішіліп тігіледі. Жағасы тік болады. Ішіне салынған терісіне қарай ол күзен ішік, қасқыр ішік, бұлғын ішік, түлкі ішік, суыр ішік, сеңсең ішік, жанат ішік деп аталады. Бота терісінен жүні ішіне қаратылып тігілген ішік сирек кездеседі. Ішікті еркектер де, әйелдер де киген. Әйелдерге, жастарға арналған ішіктер әшекейленіп, түрлі ою, кестелер салынып тігіледі.

      Камзол - әйелдің жасына қарай қызыл, көк, жасыл, қара түсті барқыт, шұға т.б. матадан әсем безендіріліп тігілетін киім. Жағалы, жиекті, жеңді немесе жеңсіз тігіледі. Өңір жиек, алқа, тұмарша, үкіаяқ т.б.  алтын, күміс зергерлік бұйымдары тағылады, қатырмалы түймелі болады. Жағасына, етегіне зерлі оқалар, өрнектер жүргізіледі.

      Жаулық – ақ матадан жасалатын әйелдің ең негізгі бас киімі. Әз әжелер, асыл аналарды ардақтап, ақ жаулықты деп атайды. Жаулық – қазақ әйелдерінің ары, ажары, беделі мен көркі. Арқа жерінде ардақты әжелерге жоғары және төмен деп аталатын жаулық тартқан. Мұндай жаулықтар биік әрі көрнекті болған, әжелер мәртебесі мен ажарын көтере түседі. Ертеде мұндай жаулықтарды көбінесе бәйбішелер киген. Әжелер иығынан асып тұратын кимешекте киеді. Оның алдыңғы жағы түрлі түсті ою-өрнекті болады.

      Бөкебайды  әйелдер өздеріне шаршылап, кейде үшбұрыштап, әр түрлі үлгіде із салып, ақ немесе күлгін түсті түбіттен тоқиды. Тоқудың да қарға тұяқ, ирек, айшық, құстаңдай, бұрама деген көптеген түрлері мен үлгілері болады. Жиегіне тоқу арқылы шашақ салып, селдіретіп те тығыздап та білтелеп тоқиды. Жаңа тоқыған бөкебайды жуып, керіп кептіріп, үлпілдетіп түбітін шығарады әрі жылы, әрі сәнді бағалы киім болып шығады. 

      Қазақша көйлек - әйелдер киімі. Түсі ашық, жақсы  маталардан тігіледі. Ертедегі көйлектер  тік жағалы, жеңді әрі ұзын болған. Етегінен жоғары бір неше екі қатар бүрмелеп, қосымша маталар тігіледі. Мұндай көйлекті желбіршек көйлек немесе қос етек көйлек дейді. Көйлек әйел қауымының «бұйрықты» киімі.

      Кимешек – қазақ әйелдерінің бас киімі. Кимешекті жас келіншектерден бастап, егде жастағы әйелдерге дейін киген. Ол көбінесе ақ матадан тігілген, ал жастау келіншектерге үлбіреген ақ жібектен жасаған. Кимешек басты, мойынды, кеудені, иық пен жауырынды жауып тұрады. Оның өңірге, жауырынға түсіп тұратын бөлігін күйдік деп атайды. Көбінесе келіншектерге арналған кимешектердің бет жақтаулары алуан түрлі ою-өрнектермен кестеленіп, оқаланып, кей жағдайда алтын, күміс, асыл тастармен, түрлі шытыралармен, тана моншақтармен әшекейленеді. Қазақстанның әр өлкесінде сол өңірді мекендейтін рулардың  киімдерінде орын алатын ерекшеліктер сияқты кимешектердің де пішімінде, түрінде, кестеленуінде, оқалануы мен әсемдеу тәсілдерінде өзіндік өзгешеліктері бар. Қазіргі кезде кимешек элементтері пайдаланылмаған әйелдердің бас киімін шығару өндірістік жолға қойыла бастады.

      Мәсі  – аяқ киімнің бір түрі, оны  былғарыдан, шегіреннен, құрамнан тігеді. Мәсінің сыртынан кебіс не ластық (галош) киеді. Көбінесе мәсінің қонышы астарланып, көмкеріледі. Ал ұлтаны жалаң  қабат болады. Ол тарамыспен, ішкі жағынан  жөрмеп немесе жара шаншып өбістіре тігу арқылы ұлтарылады. Етікші мәсі тіккенде ең алдымен мәсінің басын, қонышын жұқа былғарыдан, ұлтанын қалың былғарыдан тігіп қондырады. Осыдан кейін мәсінің қонышын тігеді. Мәсінің қонышын қусырғанда тігістің арасына жіңішке сыздық салады.

      Мәсі - әрі жеңіл, әрі жұмсақ аяқ киім. Ол әсіресе тазалық үшін аса қолайлы. Соңғы жылдары жергілікті кәсіпорындар мәсіні көптеп шығаратын болды. Аяқ  киімнің бұл түріне деген сұраныс  жылдан жылға көбейе түсуде.   
 
 

3.Балабақшада   ұлттық киім тігіп үйрету технологиясы

      Тәрбиеші эпидаскоптан түрлі  камзол түрлерін көрсетеді. Балалардың  назарын камзол пішіміне, ұзындығына  байланысты түсіп отырған ою-өрнектерге  аударады. Негізінен қолданылатын  ұласымды өрнектердің эстетикалық  жағына, талғампаздық мәнеріне зейін аударады. Тақияны зерлеуде қолданылатын өрнектерді пайдалануға болатынын түсіндіреді. Камзолды өрнектеу жоғарғы талғам мен көркемділікті, шынайы шеберлікті қажет етеді. Сондықтан ою-өрнектің түрі, орындалу жолы өзіндік ерекшеліктерімен танылатыны, оған әр адамның ұлттық көркем қазынаға деген жан тебіренісі, сүйіспеншілік сезімі, мінез құбылысы берілетінін түсіндіріледі.

      Камзол  әдемі де әсем болу үшін таңдалатын өрнектің орны ерекше екендігі айтылады. Осыдан кейін балаларға  сұрақ қойылады:

  1. Камзолға ірі ою-өрнек салуға бола ма?
  2. Ою-өрнектер камзолдың қай жеріне түседі?
  3. Жапсырма өрнекті камзол түстес матамен бастыруға болады ма?

     ІҮ. Практикалық сабақты орындауға  нұсқау.

  1. Камзолға өрнекті бастыру жолдарының бірін таңдау.

    А)   кестелеп өрнектеу

    Ә) зерлеу

    Б) оқалау

    В) жапсырма (аппликация) бастыру 

    2. Камзол  матасының түсін ашатын мата, жіптерді, зерлерді таңдау.

    3. Жұмыс  кезінде ине, қайшы, көзсіз  инелерді тістеп отыруға болмайтынын  есте ұстау.

    4. Камзол  пішіміне, ұзындығына байланысты ою-өрнекті дұрыс таңдау.

    5. Өз  бетінше ою-өрнек сызбасын салу. Сызба салуда дайын шаблон  трафареттерді қолдану жолдары.

    6. Қағазға  салынған сызбаны кесу.

    7. Сызба  өрнекті камзол бетіне орналастырып  көру, кемшіліктерін жою. 

    8. Сызба  өрнекті камзолдың теріс жағына орналастырып көктелге тоқылған мата не бір түсті мақта матаның бетіне қойып бастырып салып алу. 

    9. Жапсырма  өрнек үшін қолданылатын мақтаның  ою-өрнек сызбасының үстімен үнемді  етіп орналастырып, белгілеп, пішіп  алу.

    10. Жапсырма  матаны камзолдың тұсына көктеу.

        Балалардың  шапшаңдығы, іскерлігі әр түрлі деңгейде болады. Сондықтан сабақ барысында тәрбиеші балалардың өзіндік шығармашылық жұмысын аралап жүріп тексеріп қалыс қалғанына көмектесіп, әдемі де әсем етіп орындап жатқандарын мадақтап отыруы қажет.

    Ү. Практикалық сабақты тиянақтау. 

    1. Ою-өрнектің  қай түрін пайдаланған тиімді  болады?

    2. Жапсырма  бастыру үшін матаның сапасы  қандай болу керек?

    3. Камзолды  әсемдеу кезінде қандай қиындықтар  кездесті?

    ҮІ. Сабақты  қорытындылау.

     Бағалау.

    Бағалау кезінде баланың шапшаңдығы емес, жұмыстың орындалу сапасын ескере отырып бағалау керек.

    ҮІІ. Үйге тапсырма. Жұмысты аяқтап келу.  
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

Қорытынды

          Адам баласы киім киюді тек денеге қорғаныш қана қылып қоймай, табиғаттың өзі берген сымбатына сұлулық қосатын өнерге  айналдырды. Әр ұлтты өзгеден айыратын, оның сыртқы сипатын анықтайтын белгілердің бірі – ұлттық киім. Сондықтан ұлттық киім әр халықтың материалдық мәдениетінің қомақты бір бөлігі болып саналады. Ұлттық санамыз қайта жаңғырып, түрлі халықтық мейрамдарда қазақы киімді киюді қайтадан салтқа айналдыруға тырысып жатқанымызбен ұлттық киім қазіргі өмірге терең сіңе алмай жатқанын айта кету керек. Өйткені бұл бағытта төмендегідей шешілмеген үлкен мәселелер кедергі болып тұр. Қазақтың ұлттық киімі әлі де толық зерттеліп болған жоқ, көбіне сыртқы формасына назар аударылып, киімнің ішкі мәні функциясына көңіл бөлінбей жатыр. Ұлттық киімнің әр түрін орнымен дұрыс қолданбай, бұрмалаушылыққа барып жүрміз. Ұлттық киім бар да, оны кию мәдениеті бар, біз сол мәдени дәстүрді жоғалтып алдық. Сондықтан біз мақаламызда осы жағына баса көңіл бөлеміз. Ұлттық киім дегенде, оған көбіне ғылыми – этнографиялық тұрғыдан келеміз де, оны адамның өзімен оның тұрмыс-әрекетімен  байланыстыра қараймыз. Адам үшін киген киімі – дараланған тұлға болып көрінудің, жұрттың, қатарлас құрбы-құрдастарының назарын  өзіне аударудың, ішкі сырын білдірудің бір жолы.

Информация о работе Балабақшада ұлттық киім тігіп үйрету технологиясы