Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 21:50, курсовая работа
Кез келген адамзат баласынөзін қоршаған өзге адамдармен қарым-қатынас жасайды. Ал, қарым-қатынас тіл арқылы, сөз арқылы жүзеге асады. Мектеп жасына дейінгі кішкене балалар сөйлеуді ата-анасының, туған-туыстарының және тәрбиешісінің көмегімен сонымен қатар құрбыларымен тілдесу арқылы үйренеді. Міне, осы кездерде баланы дұрыс дыбыстауға, сөйлемді дұрыс құрастыруға, яғни, дұрыс байланыстырып сөйлеуге үйрету керек.
Жоспар.
І Кіріспе:
Байланыстыра сөйлеу туралы жалпы түсінік.......................................3-5
ІІ Негізгі бөлім:
1) Байланыстыра сөйлеудің түрлері.........................................................6-9
2) Әр жас топ балаларын байланыстыра сөйлеуге үйрету................9-11
3) Әр жас топ балаларын монолог және
диологты сөйлеуге үйрету.......................................................................12-18
ІІІ Практикалық бөлім.................................................................................19-23
ІV Қорытынды.....................................................................................................24
V Қолданған әдебиеттер.....................................................................................25
3) Әр жас топ балаларын монолог және диологты сөйлеуге үйрету
ІІ сәбилер тобында диалог біріншіге қарағанда күрделірек болып келеді. Және бұл топта жүргізілетін диалог түрі балалардың байланыстыра сөйлеумен қатар логикасының дамуына да негізделеді.
Бұл кездерде тәрбиеші затты көрсетіп қана емес сонымен қатар жасырып та сұрақтар қояды. Мысалы, тәрбиеші алма немесе басқа бір жеміс түрін жасырып балаларға сұрақтар қояды. Ол сұрақтар мынандай тұрғада қойылады:
- Менің қолымда бір зат жасырулы, өзі домалдақ, сырты қызыл, өзі тәтті. Ол не?
- Ол алма немесе анар
- Алманың сырты қандай?
- Сырты қатқыл, қызыл немесе сарғыш келеді.
- Ал, оның іші қандай?
- Іші жұмсақ, ақ, тәтті.
- Оның ішінде тағы не бар?
- Оның ішінде дәні бар
- Дәні жеуге жарайма?
- Жоқ
Міне, осындай тұрғыдан басқа да заттармен жұмыс жүргізуге болады. Бұл топтағы балалардың диалог жүргізу барысындағы әрбір женкелеген ойынның толық, жүйелі болғанын, яғни диалогтық бірлікте болғанын қадағалап отыру керек. Сонымен қатар тәрбиеші кез келген читуация кезінде диалог жұмысын жүргізуне болады. Мысалы, балалар бір нәрсені бүлдіріп қойса немесе бір істі дұрыс жасамаса – неге?не себепті?кім кінәлі?осы іс дұрыс па?деген сияқты сұрақтар қою арқылы баланың байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіруге ықпал етуге әбден болады.
«Диалог стилі негізінен ауыз екі сөйлеу тіліне тән болғандықтан, ол белгілі бір адамдардың сұхбаты, яғни сұрау және сұраққа жауап беру болып табылатын әдеттегі себептермен пайда болған реакциядан тұрады. Диалог – бұл шын мәнінде жауап беру тізбегі деп жазады.» Яғни диалог белгілі бір дайындықты қажет етпейді, ол кез келген ситуация барысында пайда болады. Ендеше тәрбиеші диалог түрін өте жиі қолданыла алады. Ол оның шеберлігіне, тіл байлығының, сөздік қорының молдылығына байланысты болып келеді. Балабақшаның әр тобында да диалогтың еркін тақырыбы үнемі жүргізіліп отырылуы керек.
Ал, естияр топ көп нәрсені жақсы түсінетін, өзіндік ой-қиялы дамыған, жеке пікірі қалыптасқан балалар тобы. Олар берілген тапсырманы дұрыс орындай алады. Айтылған білімді есте сақтай алады. Сол себепті де олармен күрдері тапсырмалар көп жүргізіледі. Диалогтың бала тіліне байланыстыра сөйлеуге үйретуде тиімділігі бала диалог кезінде екінші адамның жетекші сұрағының көмегімен бірінші жауабы мен екінші жауабын бір бірімен мағыналас етіп жауап қайтарады, және бала қойылған сұраққа ауытқымай тіке жауап беруге мәжбүр болады. Осы сұрақ-жауап негізінде түзілген диалогтағы сұрақ пен жауап арасындағы заңды байланысқа үйрене отырып бала өз жауаптарынан бір әңгіме байланыстырып құрай алады. Ол үшін тәрбиеші балалар ауызша тапсырмалар жүргізіледі. Диалогтағы жауаптарды біріктіріп сол диалогта көтерілген мәселе жайлы шағын әңгіме құрастырып айтқызуға болады. Сонымен қатар балаларға шағын көрініс қойғызуға болады. Ол үшін ертегілердегі екі кейіпкерлердің диалог түрінде кездесетін сюжетін алып балаларға рөлдерді бөліп беріп, жаттатқызып, сол арқылы шағын көрініс қойғызуға болады. Ересек топтарда да осындай жұмыс түрлері арқылы диалогқа үйретеді. Бірақ, ересек топтарда диалог түрі естияр топқа қарағанда күрделірек болып келеді. Бұл топтағылар 5-6 жас аралығындағы балалар болғандықтан бұл кезде олар байланыстыра сөйлеуді біршама игерген болып келеді, олар еркін сөйлейді, олардың әңгімелеріндегі сөйлемдер жүйелі түрде құрылған болып келеді және диалогты да өз шығармашылықтарымен құра алады, бұл балалар диалогтың құрылу жолын түсінбейді. Ал, диалог екі тұрғыда қөұрылатыны белгілі. Ол сұрау мен баяндау арасындағы диалог, яғни сұрақ-жауап тәсілі арқылы.
Мысалы:
- Сен үйіне бардың ба?
- Иә, барып келдім.
- Қашан бардың?
- Кеше бардым.
Ал екінші түрі, баяндау мәжбүрлеуші сөздің арасындағы диалогтық тұтастық.
Мысалы:
Өздеріне қарсы жүргізіп келе жатқан итті көрген Айсұлу, Арманға:
- Ит! – деп айғай салды.
- Қаш! – деп айғайлайды Аман да.
Міне, осындай диалог түрлерін балаларға айырып түсіндіру керек. Баяндау мен мәжбүрлеуші сөздің арасындағы диалог түрі балалардың өзара қарыс-қатынасында жиі кездеседі, әсіресе, ойын барысында.
Ал, мектепке даярлық топтарда балалар қолдарына қалам ұстап жазуға үйренгендіктен диалогты жазба түрінде де өткізуге болады. Бұл кезеңде байланыстыра сөйлеудің қалыптасқан кезі көрініс береді. Бұл кезеңде дыбыс деген не, сөз, дыбысталу, дауысты және дауыссыз дыбытарды, сөз және сөйлем деген не осылардың барлығын түпкілікті үйренеді. Сонымен қатар бұл топтағы балалар кітаппен жұмыс істеуді бастайды, яғни кітаптардағы диалог түрінде кездесетін әңгімелерді, ертегілерді, мысалдарды оқып өздерінің байланыстыра оқу дағдыларын жетілдіреді. Бұл жұмыстардың жүйелі өтуіне тәрбиеші ықпал етеді. Кітаппен жұмыс барысында көркем туындыларды рөлдерге бөліп оқытқызады және балалардың өздеріне бірлесіпдиалог құрастыру жұмысын жүргізуді ұйымдастырады. Тәрбиеші нағыз маман, ізденгіш, шығармашылығы мол болса балалардың диалог құруды ұйымдастыруға болады. Осындай жұмыстарды жүргізуде тәрбиеші балаларға қосымша көмекші сұрақтар қойып отырғаны жөн. Ол сұрақтарды мынадай тұрғыда құрастыруға болады:
- Сереттегі балаға ат қояйық.
- Ол бірінші не істеді?
- Жуыну барысында қандай іс-әрекеттері байқалады?
- Содан соң не істеді?
- Тамақтанған соң не істеді?
Осындай сұрақтарға тәрбиеші өзі бастап құрастырып содан соң балалардың өздеріне суретке қарап, сұрақтар құрастыруды үйретеді. Содан соң сол сұрақтарға жауаптар жазғызады. Міне, сонда диалог құралып шығады.
Диалог кез-келген уақиғаға байланысты пайда болса, монолог мүлде басқаша. Монолог кітап стилінің тілі. А.В.Щерба: «Әдеби тілдің негізінде, монолог, әңгіме, диалогқа қарама-қарсы болып келетін ауызекі сөйлеу тілі жатады. Монолог бұл мүлде реплика емес, қоршаған ортаға әдейі әсер ету боллып саналатын ойды жеңілдетіп сөздік формаға келтірілген жүйе. Монологтың барлығы да көркем шығарманың нышаны...» - деп жазады, яғни монологқа қарағанда күрделі болып келеді деген сөз.
Диалогтық тілде балалар мейлінше оңай үйренеді, өйткені оны күнделікті тұрмыста және естіліп жүреді, ал монолог күнделікті өмірде кездесе бермейді, өйткені ол кітаби стиль. Монологтың өзі әр түрлі болып келеді. Олар суреттеу монологы, баяндау монологы, сонымен қатар пікір айту монологы. Суреттеу монологы – бір мезгілде болатын фактілер туралы айту, ал баяндау монологы бірінің соңынан бірі келетін фактілер туралы айту. Ал пікір айту себеп-салдарлық қатынаста болатын фактілер туралы айту болып табылады. Пікір айту монологының баяндау монологынан өзгешелігі бір құбылыстың себебін туғызу және оның негізінде белгілі бір қорытындыға келу.
Балаларға монологтық тілді үйрету өте қиын, себебі олар монологтық тілі күнделікті өмірдегі ересектер сөзінен өте сирек естиді. Сондықтан тәрбиеші балабақша жасындағы балаларға монологты үйретуге көп көңіл бөлуі керек. Балалар монологтық тілді түсіне алуы және өз хабарын беруде оны пайдалана білуі үшін, олар соған сәйкес синтаксистік құрылымдарды білуі қажет. Балалардың сөйлеген сөздерді байланысты түрде айтылуы үшін олар шылауларды меңгеріп алғаны жөн, өйткені шылаулар сөйлем мен сөйлемді бір-бірімен байланыстырып тұрады.
Монологты үйрету диалогты оқыту сияқты әр топ балаларында әр түрлі жүргізіледі. Монологты оқыту көбінесе арнайы сабақтарда іске асырылады. Монологты оқыту ересек топ пен мектепке даярлық топтарда қолға алынады. Ал бастапқы топтарда тәрбиеші балалардың білетін сөздерін жиі пайдалануға, өздерінің талаптарын, тілектерін білдіріп, бірнеше сөзбен көргендерін айта білуге үйретеді. Монолог сөзге балаларды жүйелі үйретуде шамамен 5 жаста бастайды яғни ересек топтарда бастап монолог сөзге үйрету өз күшіне енеді. Ал, ересек топқа дейінгі кезеңдерде бұған әзірлік жүргізеді.
Монолог сөзге балаларды үйретудің қиындығы – балалардың монологты түсініп тыңдай білуі, оны есте сақтай білуі мен қайталап әңгімелеп беруінде. Бұл қиындықтарды жеңу үшін кішкене балалар үлкендерден көмек күтеді. Үлкендер, яғни ата-аналар мен тәрбиешілер балаға өзінің табиғатына сай монологпен сөйлесуге тақырып беру керек және баланың айтқан сөзін, яғни монолог әңгімесін жалықпай аяғына дейін тыңдай білуі керек. Монологпен сөйлеуге үйретудің ежелден келе жатқан екі үлгісі бар. Олар қайталап айту мен ойдан шығарып айту. Қайталап айтуда балалар тәрбиеші айтып берген немесе оқып берген немесе оқып берген монолог түрін түсініп тыңдап, сол тыңдағанын, есте сақтағанын қайталап айтып беруі. Мононлогпен сөйлеуге үйретудің жеңіл әдісі осы қайталап айту. Ал, ойдан құрастырып айтып беру баланың логикалық ойлау қабілетіне тікелей қатысты. Балалардың байланыстыра сөйлеу қабілетін дамытуда ойдан құрастырып айтып беру үлкен рөл атқарады. Себебі, бала өзі ойластырып құраған әңгімені қалай байланыстырып айтуды үйренеді.
Ал, қайталап айтып беруде бала тәрбиешінің байланыстырып сөйлеуіне көңіл аударып, сол бойынша айтып береді. Өз ойымен, шығармашылығымен құралатын монологты баяндау үшін бала алдымен нені айтады, содан соң не айтады, осының бәрін іштей ойласрытып, бір сөйлеммен екінші бір сөйлемді бір бірімен қалай байланыстыратындығын жүйелеуге үйренеді.
Қай жастағы топтарда болсын монолог түрінде сөйлеуге үйретудің негізгі тәсілі ауызша айту болып табылады. Бұл тәсіл қайталап айтып беру де, ойдан шығарып айтуда қолданылады.
Сонымен қатар монолог түрде сөйлеуге үйретудің қосымша тәсілдері де бар. Олар нақтылы заттар мен сереттерге сүйену. Монолог түрінде сөйлеуге үйрету ойын ойнау барысында немесе басқа уақыттарда емес арнайы сабақтарда жүргізіледі. Монолог түрінде сөйлеуге үйретуде тәрбиеші қосымша тәсілдерді қолданылған тиімдірек болып келеді.
Мысалы, тәрбиеші белгілі бір табиғат көрінісі бейнеленген суретті қолданылып, балаларға алдымен өзі сол суреттегі көріністі монолог түрінде баяндап беріп, содан соң балалардың өздеріне монолог, яғни суреттер монологын құратқызу болады. Бұл әдістің тиімділігі бала өз ойынан құрап айту барысында суреттегі көзге көрініп тұрған демал-дырға сүйенеді.
Сонымен қатар, тәрбиеші балаларды тыңдауға дағдыландыруды қолға алғаны жөн. Егер бала айтылып немесе оқылып жатқан монологты дұрыс тыңдай білмесе, онда оны қайталап айтып бере алмайтыны белгілі.
Монолог түрінде сөйлеуге үйретудің барысында тәрбиеші балаларға ойдан шығаруға, қайталап айтуға, әңгімелесуге көмектесуге міндетті.
Әр топтағы монолог сөзге үйрету жұмыстарының бір-бірінен айырмашылығы жоқ, бәрі бір ғана жүйемен, бірдей тәсілдермен жүзеге асырылады.
Сонда да болса бір ерекшелік, яғни бір айырмашылық болады. Ол монолог сөзге үйрету жұмыстарында қолданылатын текстің көнелі мен мазмұнының күрделілігі.
Кішкене балаларды монолог сөзге үйретуде тәрбиеші монологтың қызықты оқиғаға толы, сюжеттісін таңдап алғаны жөн.
Монолог сөзді көркем әдебиеттен таңдап алу шарт емес.
Тәрбиеші өзінің күнделікті өмірінде, яғни, жолда екле жатқанда көрген, дүкен аралағанда көрген немесе өзі біреуден естіген оқиғаларды негізге ала отырып өзі құрастырып алуына да болады.
Бірақ тәрбиеші өз монологында балаларға таныс лексика мен грамматикалық формаларды ғана кіргізуі керек, яғни балаларға олардың өздеріне етене таныс нәрселер мен құбылыстар туралы сөйлеу керек. Балаларға монологтық сөйлеуге арналған текстерді оқып беруде тәрбиешіге мынадай талаптар қойылады:
- Тексті мәнерлеп, нақышына келтіріп оқу;
- Дауысын шығарып, анық оқу;
- Дауыс эмоциясы мен реңкін дұрыс қойып оқу;
- Балалардың қызығушылығын оятуға көңіл бөлу;
- Балалардың оқылып жатқан текст ұйып тыңдауын қадағалау, және тағы да басқалары.
III Практикалық бөлім
Тақырыбы: «Күзгі ормандағы аюлар»
Мақсаты:
1. Жабайы жануарлар соның ішіндегі аю мен оның қонжықтары туралы білім беру.
2. Сөздік қорларын бойыта отырып, жаңа білімдермен толықтыру.
3. Аюға деген көзқарастарын қалыптастырып, қамқор болуға тәрбиелеу.
Құрал – жабдықтар: Сурет үлгі.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, сөйлеу, нұсқау, сұрақ-жауап.
Көркем сөз: Аю отыр партада.
Екі қолы қалтада.
А – дейді, Б – дейді,
Р-ға тілі келмейді.
Ұйымдастыру: Бөлме таза желдетілген болуы керек. Керекті құралдар дайын болуы керек.
Сабақтың барысы: Балалар мен сендерге қазір өлең оқып беремін, бірақ сендер мұқият тыңдап отырыңдар.
Кезіп ішін орманның
Кетіп қалма, қорбаным
Қолың нудан бал таңдап
Қаңғи берме балтаңдап
Балалар бүгінгі біздің тақырыбымыз «Күзгі ормандағы аюлар» деп аталады. Қане балалар мына суретке назар аударайықшы. Мына суретте күз мезгілі бейнеленген. Мұнда аю және оның қонжықтары бейнеленген. Балалар қонжықтары деген аюдың балалары. Аюдың балалары ойнап жүр, ал аю оларды бақылап, қарап отыр. Аюларда да басқа жануарлар сияқты денесі, аяқтары, көздері, құлақтары болады. Балалар аюдың екі қонжығы бар. Олардың түстері қоңыр. Олар күз мезгілінде орманда жүр.
Күз мезгілінде талдағы жапырақтар сарғайып, ауа райы салқындай бастайды, яғни балалар күз мезгілінің ерекшелігі жапырақтары жерге түсіп қурап қалады.
Сергіту сәті: Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп, теріп аламыз
Қалтамызға саламыз