Қазақ даласы туралы "Тарихи Рашиди"

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 19:44, реферат

Описание работы

Ежелгі Қазақ даласындағы этникалық, саяси, мәдени үдерістерде ғұн тайпаларының алатын орны ерекше. Осынау жоғалып кеткен халық аты жаугерліктің, қаталдық пен тағылықтың бейнесіндей көрінеді. Атилла бастаған ғұндар Еуропа елдеріне жортуыл жорық жасап, оларды құлазытып кетеді, олар халықтардың ұлы қоныс аударуын бастайды. Мұның бәрі Еуропа тарихынан мәлім. Тарихи әдебиетте олар хунну немесе сюнну деген атпен белгілі.

Работа содержит 1 файл

деректану 4.doc

— 108.50 Кб (Скачать)

Шоқан Уалиханов (1835—1865) Хайдар мырза  еңбегін зерделей оқып, құрметпен  қараса, В. В. Вельяминов-Зернов (1830— 1904) Хайдар мырзанын қазақтар туралы деректеріне қатты мән бере келе: «Мұхммед Хайдардың жазғандарының барлығы дерлік — жаңалық және мейлінше қызғылықты. Әңгімелері қай жағынан қарағанда да үйлесімді және жауапкершілігімен ерекшеленеді»,—дейді. Әрі ол бабамыздың жазбаларын өз зерттеулеріне молынан пайдаланған. Орта Азия мен Қазақстан тарихын кенінен зерттеген В. В. Бартольд те Хайдар мырзаның еңбегіне зор мән берген. Кеңес дәуірінде «Тарихи Рашиди» жайлы әр жылдары Ә. X. Марғұлаң, Н.Н. Мингулов, Т. И. Сұлтанов, Б.Қожабеков, өзбек оқымыстыларынан Р.Г.Мукминов,С. Ә. Әзімжанова, X. Хасанова және тағы басқаялардың үлкенді-кішілі зерттеулері жарияланды. Әлкей Марғұлан Хайдар мырзаны казақтың тұңғыш тарихшысы деп атаған. «Тарихи Рашидидің» кейбір үзінділері ағылшын, орыс қазақ тілдеріне аударылып жарияланғанымең, күні бүгінге дейін ол толық бас-па бетін көрген жоқ

Мухаммед Хайдар Дулатиді бiз негізінен тарихшы ретінде  танып, бағалап келдік. Солай бола тұрса да, оның ақын, болғанығы жайлы айтылғанымен, поэзиясы жайлы ешқандай нақтылы деректер жоқ. Сол себепті енді әңгіме арнасын осы мәселегебұрайық.  
 Екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі жылдардың бірінде башқұрт ғалымы Ахмет Заки Уәлиди бірде Берлин кітапханасының қолжазба қорынан Хайдар мырзаның жоғалдыға саналған «Жнһан наме» атты дастанын кездестірген. Оқи, зерделей келе ол дүниенің шынында да Хайдар мырзайык қаламынан туғанына көзі жетеді, 

Молла Умар ибн Молла-Қажы деген кісі 1814 жылы көшірген «Жиһан наме» дастаны 125 беттен тұрады. Поэмада Illahcayap патшамен Жиһанбану ханымның Фирузшаһ атты жалғыз ұлы бірде түсінде елі мен жері түгілі тегі де белгісіз бір сұлуға ғашық болады. Жас шаһзада ол жайлы әкесінің уәзірі Сәлімнің баласы Фируз-рейге айтады. Ғашықтық оты жүрегіне мұң байлаған Фирузшаһ аң аулап көңіл көтеріп жүреді, бірақ ғашығышн ұмыта алмай құса болады.  
Сөйтіп жүргенде бірде жаһан түзде жайылып жүрген жалғыз киікті ұшыратады. Бірақ киік оны адастырып кетеді. Киікті қуып жүріп ол Гүлстани — Ирам бекінісінде тұратын Перизат атты ханшаға тап болады. Ол перілер елінің патшасы Тадж бахыт пен Маһру ханымның қызы екен. Арудық әкесі «ұйықтап жатқан сұлуды қызықты аңыз, әңгімелер айтып уш рет оята алсан, саған берем»,— дейді. Фирузшаһқа қыз әкесінің талабын орындауға ұйықтап жатқан қыздың қасындағы патшаның тағы, шарап құйылған шөлмек, шамның пілтесі көмектеседі. Тақ әуелде Ніл алқабының талы болғанын, өткелектен өте келе таққа айналғанын әңгімелесе, Шәһзада оған керісінше бір кеспек ағаш қабығы жонылып, өзегінен ісмер ғалым, зергер және тігін-ші үшеуі сиқырлықпен керемет сұлу қыз бейнесін жасағанын айта келе, «қыз сонда әлгі үшеуінін қайсысының үлесіне тиеді?»—деп қарсы сұрақ қояды. 
 Кезек енді шарап құйылған шөлмекке келеді. О баста ол Дари мен Александр секілді басқыншы қолбасшылардың жолында жатқан Эльбрус тауының бір жартасы екен. Сонда ол өзінің қопарылып, тұрған жерінен әкетілгенін, қашалып, ақыры шарап құятын шөлмекке айналғанын, өзіне сұлу қыздық еріні тигенін баяндайды.

Сонда шаһзада оған жауап ретінде ғажайып сұлу қызды перінің ұрлап әкеткенін, оны төре, сарбаз және тастан түйін түйетін шебердін, құтқарғанын айта келе, «қыз сонда солардық қайсысына тиесілі?»—деп тағы бір сауалды ортаға тастайды. 
 Үшінші боп сөйлеген шам пілтесі де өз тарихын баян етеді.Әуелде ол жайылып жүрген қой екен. Сонан оны сойып, жүнінен ханшаның бөлмесін жарық ететін пілте жасапты. 
Шәһзада оған да бір-біріне ғашық екі жастың хикаясын әңгімелей жөнеледі де, бір қатыгез қарақшы екеуінің басын шауыпиөлтіргенін,соңынан оларды тірілтемін деп әлек боп жүріп бір жолаушы олардың бастарын шатастырып алғанын айтады. Сонда «сұлу қыз осы екі жігіттің қайсысына тиісті?»—деп тағы да сауал қояды. 

Шәһзада қойған уш сұраққа  жауап беру үшін қыз үш рет оянуға мәжбүр болады. Сөйтіп ол патша қойған шартты толығынан орындап, ғашығына үйленген соң, қыз еліне досы Фирузрей де шақырылады. Той өткен соң ол қызды алып досымен бір-еліне кайтады. Әкесі өлген ссң таққа отырып патша болады. . Арада біраз жыл өткен соң әлгі сұлу қайтыс болады. Денесін перілер еліне әкетіп, ешкім білмейтін жерге апарып жерлейді.Аһ.ұрып қайғыға бөленген Фирузшаһ мемлекет ісін тастап, торығуға түседі. Соңынан .баласы Фарух Сауарды нағашысына жіберіп, шешесінін, қай жерге жер-ленгенін.біліп келуді тапсырады. Бірақ одан ешнәрсе шықпайды: Фирузрей патшаға тақтан бас тартып, оны баласы Фарух Сауарға беруді ұсынады. Ол келіседі. Қайғыдан қан жұтқан патшаның сүлдесі қалады. Бірдекөңіл сергіту үшін ол аңға шығады. Киік оны ханым жерленген жерге әкеледі. Сол жерде Фирузшаһ такайтыс болады. 
 Дастанның қысқаша мазмұны осындай. 

Ахмет Заки Уәлидің айтуйнша дастанның еш жерінде автордың аты  аталмаған. Бірақ ол «Жиһан. намедегі»  «Алғысөз» (2— 11-бетітер) мен «Соңғы сөзге» (121—125-беттер) қарап дастанды жазған Хайдар мырза ,екенін оп-оңай-ақ білуге болады дейді. Өйткені онда дастанның жазылған жылы мен дүниеге келуі жайлы айтылған екен. «Соған қарағанда,— дейді Ахмет Заки Уәлиди,—дастанды жазған Хайдар мырзадан баска ешкім де емес. Дастанға «Жиһан наме» деп ат берген де Хайдар мырзаның нак өзі, әрі оны ол 1533 жылы аяқтаған.  

«Алғы сөз» бен «Соңғы сөзде» Хайдар мырзаның өмірі жайлы да нақтылы  деректер бар. Мысалы ол онда хан екеуінің Әндіжанға, сонан соң қалың қолмен Қашғарға жасаған жорығы,Әбу Бәкір  мырзаны биліктен айырып, тақты тартып алуы, яғни қысқаша айтқанда, «Тарихи Рашидидегі» өз өмірі жайлы деректерді мұнда тағы да қайталаған. Сондай-ақ ол Жаркентке Бадахшанның арнаулы өкілдері келіп, елдің аласапыран күйге _ұшырағанын, егер хан бір әрекет жасамаса, өздері өзбектердің тепкісіне түсетіні туралы айтқанын еске алады. 

Хан олардың. өтінішін құп алып, көп  әскермен Бадахшанға аттанады. Алдыңғы  шептегілерге Хайдар мырзаны басшы  етеді. Автор "Бадахшанға қелген соң  мұнда өзінің 19 жыл бұрын болғанын, бірақ қазір ескі достарынан ешкімді кездестірмегенін айтады. Сөйткен олар Бадахшанның бас қаласы Қали-и-Зафар-ды («Жеңіс қаласын») үш ай бойы қоршағанымен, ала алмайды. Осында өткен ұйқысыз түндері ол «Жиһан наме» дастанын туындатыпты. 
«Соңғы сөздегі» 124-бетте ол дастанына өз басынан өткізген жайттарды да кіргізгені жайлы айтқан, яғни ондағы патшаның мемлекет ісін тастап, торығуға түсуі, ақыры тақтан бастартып, оны баласына беруге мәжбур болуы, соңынан жапан түзге кеткені туралы баяндаған тұстары шын мәнінде өмірден алынған. Осы ретте айта кетер жайт—Сайд хан Тибетке жорықты өз бетімен жасамаған. Оған оны баласы Әбд ар-Рашид мәжбүр еткен. Өйткені хан өмірінің соңғы жылдары ішкілікке салынып,мемлекет ісін босаңсытып, беделден айрыла бастайды. Хан сарайындағылардың өкімет билігі күндердің күнінде Әбд ар-Рашидке тиеді деген болжамына байланысты бірте-бірте жас ханзада сый-құрметке бөлене бастайды. Ақыры ол әкесін Тибетті шабуға жібереді. Сонан ол Жаркентке қайтып келе жатқан, жолда, жоғарыда айтылғандай, кенеттен қайтыс болады.

.Ахмет Зәки Уалиди Махмуд Газнауи патшаның (970—1030) кеңесшісі Аяз секілді (8-бет) Хайдар мырза да өзіне Аяз деген бүркеншік есім алғанын (124-бет) айтқан.  
Дастанның құрылысы мен оқиғасы, авторлық баяндауларына қарап, Хайдар мырзаның мұсылман шығысы мен үнді әдебиетін де жақсы білгенін, одан үйреніп, тіпті кей тұстарда еліктегіндігін де байқау қиын емес. Ахмет Зәки Уәлиди Хайдар баба-мыздың поэзиясына жоғары баға бере келіп, шығарманың тілі қарапайым, баяндауы анық та айкын, қызық та шебер екендігіненазар аударады. Ақынның әсіресе Фирузшаһтың аңға шыққан кезін суреттейтін тұстарының ерекше әсерлі екенін айтады.  
Хайдар мырзаның «Жиһан намесін» Берлин кітапханасынан алдырып, жарияласақ, бір ғанибет іс болар еді.

Міне қазақтың орта ғасырда өмір сүрген үлкен ойшылы, шебер мәмлегер, белгілі тарихшысы, ғалым-ақыны Мұхаммад Хайдар Дулати жайлы қолда бар деректерге сүйеніп айтылған ойлар осы. Хайдар мырза секілді ірі де күрделі тұлғаның өмір жолын толық аштық деп біз әсте де айта алмаймыз. Алдымызға, ондай мақсат та қойған жоқпыз. «Тарихңи Рашиди» мен «Жиһан наме» жарияланбай тұрып оның өмірі мен шығармашылығы жайлы егжей-тегжейлі айту мүмкін де емес. 
Иә, сөйтіп Хайдар мырзаның тарихи тамаша мұрасына мұқият үңіліп, зерделей карап ол айтқан деректерді молынан пайдаланбайынша ұлы даланың сыры ашылмай, тарихымыз толымсыз күйде қала бермек. 

1999 жылы Хайдар мырза Дулатидің  туғанына 500 жыл толады. Сол себепті  алыста қалған асыл бабаның  шығармашылығын зерттеп, «Тарихи  Рашиди» мен «Жиһан намесін»  жинап, толық бастырып, бүгінгі ұрпақпен қауыштыру—кезек күттірмес келелі мәселе. 

 «ТАРИХИ РАШИДИ» – «Рашидтің Тарихы» – 1499 – 1551 жж. өмір сүрген тарихшы, мемлекет қайраткері. Мұхаммед Хайдар Мырза Дулатидің еңбегі. «Тарихи Рашиди» 1541 – 46 жж. аралығында Кашмир өлкесінде жазылған. Еңбекте 14 ғасыр ортасынан 16 ғасыр 40-шы жылдарына дейінгі Моғолстанның, Шығыс Түркістанның тарихы баяндалады. Сондай-ақ, «Тарихи Рашидиде» 14 – 16 ғ.Қазақстан, Орта Азия, Ауғанстан, Солтүстік Үндістан, Тибет тарихына қатысты құнды көптеген мәліметтер бар. «Тарихи Рашиди» парсы тілінде жазылған шығарма. Ол екі бөліктен (дафтар) тұрады және 1541/42 жылы екінші бөлік, ал 1546 ж. бірінші бөлік жазылған. Бірінші дәптер хронологиялық жағынан алғанда  Моғолстан  мен Қашқариядағы  Тоғылық Темір ханнан (1347/48 – 1362/63 жж. билік құрған) Рашид ханға (1533 билікке келген) дейінгі кезеңді қамтиды. 70 тараудан тұратын бірінші дәптер тарихи баяндау түрінде жазылған. Екінші дәптер мемуарлық сипатта жазылып, автордың дүниеге келген кезінен 1541/42 жылға дейінгі кезеңді қамтиды. Бұл дәптер 117 тараудан тұрады, көлемі жағынан бірінші дәптерге қарағанда 4 есе көп. Кітаптың «Тарихи Рашиди» деп аталуының үш себебі болған: 1) Тоғылық Темір ханды ислам дініне енгізген Аршададдин шейхтың құрметіне; 2)Тоғылық Темір ханның өз халқын дұрыс жолмен (Рушд) бастап жүргенінің құрметіне; 3) Сол кездерде Қашқарда билік құрып отырған Абдрашид ханның құрметіне арналған. «Тарихи Рашидидің» тарихи және мемуарлық бөліктерінде Моғолстандағы Шағатай әулеті билеушілерінің тарихы жүйелі түрде баяндалады, дулат тайпасы әмірлерінің өміріне қатысты тарихи жәйттер суреттеледі. Сондай-ақ, Орта Азияда Темір әулетінің құлап, Шайбанилық әулеттің орнығуы, Сұлтан Сайд ханның Қашқарға баруы мен онда билікке келуі, моғол хандарының көрші аймақтарға жорықтары, моғол хандарының Қазақ хандығымен, Шайбанилар әулетімен қарым-қатынастары және т.б. көптеген мәселелер қарастырылады. «Тарихи Рашиди» еңбегінің ортағасырлықҚазақстан тарихы үшін маңызы өте жоғары. Алғаш рет бұл еңбекте 15 ғ. ортасында Қазақ хандығының Шу өзені бойымен Қозыбасы тауы аралығында құрылғандығы, 15 ғ. ортасынан 15 ғ. 30-шы ж. аяғына дейінші Қазақ хандығының қысқаша саяси тарихы баяндалады. «Тарихи Рашиди» еңбегінің деректеріне моғолдар арасында Шағатайлық хандарға, дулат әмірлеріне қатысты кең таралған тарихи аңыз-әңгімелер, автордың өзі көріп, қатынасқан оқиғаларды баяндауы, сондай-ақ, тарихшылар: Йаздидің, Рашид ад-Диннің, Қаршидің, Йақуттың, Жувейнидің, Абдразақ Самаркандидың еңбектеріндегі мәліметтер негіз болған. «Тарихи Рашиди» Шығыста кең тараған және танымал болған шығарма. Көптеген ортағасырлық авторлар: Амин бен Ахмед Рази, Хайдар бен Али Рази, Махмуд бен Уәли, Шах Махмуд Уорас, Мұхаммад Қасим Фиришта және т.б. Орталық Азия, Шығыс Түркістан, Үнді, Ауғанстан тарихына қатысты тарихи, географ. мәліметтерді «Тарихи Рашидиден» алған. «Тарихи Рашидидің» нұсқалары әлемнің көптеген қалаларының қолжазбалар қорында, ТМД елдеріішінде Санк Петербург, Ташкент, Душанбеқалаларында сақтаулы. Еуропа ғалымдары ішінде «Тарихи Рашидидің» деректерін В.Эрскин 19 ғ. ортасында пайдаланса, Денисон Росс 1895 ж. алғаш рет еңбекті ағылшын тіліне аударып, баспадан шығарады. Орыс тілінде «Тарихи Рашидидің» деректерін бірінші рет ХІХ ғ. ортасында В.В. Вельяминов-Зернов өз еңбегінде қолданады. «Тарихи Рашидидің» орыс тіліндегі толық ғыл. аудармасы 1996 ж. Ташкентте, 1999 ж. Алматыда жарыққа шықты. 

"Тарихи Рашиди" атты еңбекте қазақ хандығының қалыптасуы туралы, мұнан кейінгі Жетісу мен Шығыс Дешті— Қыпшақта болған оқиғалар, Моғолстанның құлауы, феодалдық соғыстар, қазақтар, қырғыздар және өзбектердің сыртқы жауға қарсы күресте өзара одақтасуы туралы көптеген мәліметтер бар. Сонымен бірге бұл еңбекте ХV-ХVI ғасырлардағы Оңтүстік жөне Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы, орта ғасырлық Қазақстандағы Жетісудың тарихи жағрапиясы, қалалық және егіншілік мәдениеті туралы құнды мәліметтер бар. 1533 жылы хандық таққа қайта отырған Абу-ар-Рашид, өз тайпаларынан қауіп тоне ме деген оймен, оларды қуғындай бастады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің немере ағасы Сайд Мүхаммед мырза Дулатты өлтірді. Мүхаммед Хайдар Дулати Үндістанға қашып кетті. Онда ол Ұлы Моғолдар сарайында әскерлерді басқарды.

Ол сол кездегі саяси оқиғалар мен оған қатысқан қайраткерлерді, сондай-ақ Моғолстан мемлекетінің, Қазақ хандығының өткен тарихын жақсы білген. Оның тікелей өзі куә болған жайлары да көп еді.

Орта Азия елдерін зерттеушілердің, тіптен туркі тектес халықтардың  мәдениетін зерделеген европалық ғалымдардың  қай-қайсысын алсак та, оған жүгінбей,еңбегіне соқпай кете алмайды.

Солай бола тұрса да осындай біртуар тарланбоз жайлы енбектер бізде жоқтық қасы. Оның өмірі жайлы деректер де аз, ғалым шығармашылығына мемлекеттік тұрғыдан мән беріп зерттеп-бідіп жаткан ғылыми мекемелер де көрінбейді. Оның басты еңбегі әлемге әйгілі «Тарих-и-Рашиди» де қазақ тіліне аударылған жоқ. Бәлкім, бұл Хайдар Дулати шығармасының парсы тілінде жазылып дүние жүзіне шашырап кеткендігінен де болар. Сондықтан да біз осы бір, қайталанбас дара тұлғаның өмірі мен шығармашылығына кеңірек тоқтап өтуді жөн көрдік.  
Тарихтан біз Шыңғысхан жаулап алған жерлерін көзі тірісінде ұлдарына бөліп бергенде, Алтайдан Атырауға дейінгі өлкенің Шағатайға тигенін білеміз. Ал ол қайтыс болған соң, Мәуренахр мен Казакстан жерлерін одан тараған ұрпақтары үзлістермен болса да, кезегімен билеп келгенімен, XIV ғасырдын ортасына таман Шағатай мемлекеті екіге бөлініп, Орта Азияны Әмір Темір (1336—1405) иемденді де, Моғолстан (Жетісу мен Шығыс Түркістан) жағы, қазіргі Қырғызстан мен Қазақстан жерлерін қоса, Шағатай ұрпақтарының қолында қала берді. Өзі тұрақтап қалған мемлекеттін шекарасы жайлы Мұхаммед Хайдар Дулати былай дейді: «Моғолстанның шығыс шеті қалмақ жерімен шектесіп Барыскөл, Еміл, Ертісті қамтиды. Терістікте оған Кекше теңіз (Балқаш), Бұм, Каратал қарайды. Батыста —Түркістанмен, Ташкентпен, оқтүстігінде Ферғана уалайатынымен, Турфанмен шектеледі».

  


Информация о работе Қазақ даласы туралы "Тарихи Рашиди"