Қазақ даласы туралы "Тарихи Рашиди"

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 19:44, реферат

Описание работы

Ежелгі Қазақ даласындағы этникалық, саяси, мәдени үдерістерде ғұн тайпаларының алатын орны ерекше. Осынау жоғалып кеткен халық аты жаугерліктің, қаталдық пен тағылықтың бейнесіндей көрінеді. Атилла бастаған ғұндар Еуропа елдеріне жортуыл жорық жасап, оларды құлазытып кетеді, олар халықтардың ұлы қоныс аударуын бастайды. Мұның бәрі Еуропа тарихынан мәлім. Тарихи әдебиетте олар хунну немесе сюнну деген атпен белгілі.

Работа содержит 1 файл

деректану 4.doc

— 108.50 Кб (Скачать)

Қазақ даласы туралы "Тарихи Рашиди".

 

Ежелгі Қазақ даласындағы  этникалық, саяси, мәдени үдерістерде  ғұн тайпаларының алатын орны ерекше.  Осынау жоғалып кеткен халық аты  жаугерліктің, қаталдық пен тағылықтың бейнесіндей көрінеді.  Атилла бастаған ғұндар Еуропа елдеріне жортуыл жорық жасап, оларды құлазытып кетеді, олар халықтардың ұлы қоныс аударуын бастайды. Мұның бәрі Еуропа тарихынан мәлім. Тарихи әдебиетте олар хунну немесе сюнну деген атпен белгілі.

МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИ 

Қазақ ғылымымен мәдениетінің қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан майталман ғалым, халкымыздыц тұңғыш тарихшысы Мухаммед Хайдар Дулати (Хайдар Дулат). Енді ғана есін жиып, тәуелзіздігін жариялағаннан кейін өткеніне үніле бастаған елдің тарихының өшкенін тауып, қайнар бастауын зерттеп-білу Хайдар Дулатисыз мүмкін емес. Күні бүгінге дейін Қазақстан мен Орта Азия елдерін зерттеушілердің, тіптен туркі тектес халықтардың мәдениетін зерделеген европалық ғалымдардың қай-қайсысын алсак та, оған жүгінбей,еңбегіне соқпай кете алмайды. 
Солай бола тұрса да осындай біртуар тарланбоз жайлы енбектер бізде жоқтық қасы. Оның өмірі жайлы деректер де аз, ғалым шығармашылығына мемлекеттік тұрғыдан мән беріп зерттеп-бідіп жаткан ғылыми мекемелер де көрінбейді. Оның басты еңбегі әлемге әйгілі «Тарих-и-Рашиди» де қазақ тіліне аударылған жоқ. Бәлкім, бұл Хайдар Дулати шығармасының парсы тілінде жазылып дүние жүзіне шашырап кеткендігінен де болар. Сондықтан да біз осы бір, қайталанбас дара тұлғаның өмірі мен шығармашылығына кеңірек тоқтап өтуді жөн көрдік. 

Тарихтан біз Шыңғысхан жаулап алған жерлерін көзі тірісінде ұлдарына бөліп бергенде, Алтайдан Атырауға дейінгі өлкенің Шағатайға тигенін білеміз. Ал ол қайтыс болған соң, Мәуренахр мен Казакстан жерлерін одан тараған ұрпақтары үзлістермен болса да, кезегімен билеп келгенімен, XIV ғасырдын ортасына таман Шағатай мемлекеті екіге бөлініп, Орта Азияны Әмір Темір (1336—1405) иемденді де, Моғолстан (Жетісу мен Шығыс Түркістан) жағы, қазіргі Қырғызстан мен Қазақстан жерлерін қоса, Шағатай ұрпақтарының қолында қала берді. Өзі тұрақтап қалған мемлекеттін шекарасы жайлы Мұхаммед Хайдар Дулати былай дейді: «Моғолстанның шығыс шеті қалмақ жерімен шектесіп Барыскөл, Еміл, Ертісті қамтиды. Терістікте оған Кекше теңіз (Балқаш), Бұм, Каратал қарайды. Батыста —Түркістанмен, Ташкентпен, оқтүстігінде Ферғана уалайатынымен, Турфанмен шектеледі».   

Хайдар Дулатидін бабалары кезінде  осы елдін тарихында үлкен  рөл атқарып, биік мансапқа ие болған Жетісу мен Қашғарды мекендеген дулат  тайпасының белгілі бектері еді. Олардық Моғолстан тағына өз адамдарын отырғызған сәттері де болған. Қалық қол басқарып, ерлік көрсеткеніне риза болган хан әулеті Шағатай тұсында-ақ ғалым бабаларына Маңлай Сүбе деп аталған осы күнгі Қашғар жерін сыйга тартқан. Олар онда жеке патшалық құрды. Бірақ тақ, үшін таласта Дулат тайпасы да өзгелер секілді өзара тартыскатүскен. Соның салдарынан Қашғарияны ғалымның Мұхаммед Хайдар ныспылы аттас бабасынан Әбу Бәкір Дулати деген тағы бір атасы 1480 жылы тартып алып, Ақсақ Темір ұрпақтары билеп тұрган Орта Азияға кетуге мәжбүр еткен.  
Бірақ жаңа мекенінде де ғалым бабасының тыныш өмірі ұзаққа созыла қоймаған. Жошы ханнын батыс Сібірді мекен еткен кіші ұлы Шайбанидің әулеті Ақсақ Темір ұрпақтары арасындағы алаусыздықты пайдаланып, олардың жерлерін тартып алуға әрекеттене бастаған. Бүл іс Шайбани тұқымынан шыққан Әбілхайыр хан (1412—1468) тұсында басталғанымен, оны ханның немересі Мұхаммед Шайбани ғана жүзеге асыра алды . XV ғасырдың соңына таман Дешті Қыпшақ елінің басын кұрап, үлкен күшке айналдырған ол, енді ат басын Мәуеранахрға қарай бұрды. Бұл ретте Ашанас, Сығынақ,Өзкент, Аққорған, Қыпшақ, Сауран секілді Сырбойы қалалары мен қоныстарын өздеріне бағындырған көшпелі өзбектерге тақ үшін таласып қырық-пышақ болған Темір әулеті жөнді тойтарыс бере алмады. Орта Азияға бірнеше бағытпен сыналап енген шайбандықтар бірте-бірте Ташкентке жақындай түсті.

ҚАЛА-И ЗАФАР. 1508—1509 ЖЫЛДАР.  

Шайбандардың құрығы жете қоймаған жерлердің бірі таулы Бадахшан мен  оның астанасы Қала-и зафар болатын. Әмір Темір ұрпақтарының асуы киын таулар ортасындағы иелігі болған осы шаһар — «Қала-и зафар», яғни «Жеңіс қаласы» деп тектен-текке аталмаған-ды. Соңғы жылдары ол Сұлтан Махмұт мырзаның Хан мырза, кейде бірак Мырза хан деп те аталып кеткен. 9жасар Хайдар мырза, сөйтіп жауға оңай алдыра қоймайтын. Қала-и зафар қамалына 1508 жылдың соңғы айларында келген. Содан мұнда ол 1509 жылдың қарашасына дейін болған. Хайдар мырзаның мұнда өткізген кезеңі жайлы әлі-әзір қолымызда деректер жоқ. Оның мұнда бір жылға жетпей-ак тағы да өзге мекен іздей бастауының да себебін білмейміз. «Жау кай жақта'» деп елеңдеумен күндері өтті ме, кім білсін?! Ақыры ол Кабулдағы бөлесі Бабырға кетеді. 

КАБУЛ.. 1509—1512 ЖЫЛДАР.

Арып, ашып жол азабын көріп барған Хайдар мырзаны Бабыр жақсы қарсы  алған.Бауырына басып жас мырзаның басынан сипап, бетінен сүйіп өз баласындай көрген еді. Әйтпесе Бабырдың өзі де қиын жағдайды бастан кешіп жатқан-ды. Қабулға келіп коныстанғанымен іштен шыққан дұшпандары мен ізіне түскен жауларының оны жан-жақтан аңталап тұрған кезі болатын. Соған қарамай, Бабыр жас бөлесіне қолынан келген жақсылығын аямаған. Кейінірек Бабыр ол жайлы: «Жүніс ханның үшінші қызы — Хуб Нигар ханым. Оны Мұхаммед Хұсайын... Дулатқа атастырған. Одан ол бір қыз, бір ұл көтерді. Қызын Убайд хан (Убайдаллаһ хан,,Мұхаммед Шайбанидың немере інісі, 1539 ж. қ. б.— Ә. Д.) алды..Мен Бұхара мен Самарқанды басып алғанымда, ол орнын ауыстырмай сонда қалды. Оның немере ағасы Сейіт Мухаммед мырза маған Саид ханнан елші болып, Самарқанға келгенде, ол соған еріп кетті. Кейін оған сұлтан Сайд хан үйленді. 
. Осы ретте айта кететін жайт— Бабырдың ол жайлы: «байсалды азамат болып жақсы жолға түсіпті деп естідім» деген жолдарында бір сыр бар сияқты. Хайдар мырза туралы оның бұлай жазуына не себеп болды? Оған жауап беру үшін сәл шегініс жасау керек сияқты. 
 Балалық шағының өзінде-ақ өліспей беріспес айқас, тақ үшін таластың талайын көрген Хайдарды ешқандай да соғыс, еш қандай да майдан шошыта алмаған еді. Кабулға келген соң ол Бабырмен бірге талай жорықтарға қатысып, жас та болса «етікпенен саз кешіп, ауыздықпен су ішкен» күндер мен түндерді өткізді. Сөйтіп жүргенде ол сарай адамдарының бірінен әкесі Мухаммед Хұсайын Дулати мен Бабыр арасында тап осы Кабулда 1506—1507 жылдар арасында болған жайсыз оқиға туралы естіген сияқты. Оқиға былай болып еді. Ташкентті Шайбани басып алған соң Мұхаммед Хұсайын Қаратегіндегі Хұсрау шаһқа (?-1504) қашады. Одан әрі ол 1506—1507 жылдар шамасында Қабулға келеді. Бірақ шайтан түртті ме, кім білсін, Бабыр хазарлықтарды шабуға кетқенде, біреулердің азғыруынамақ астанасы Сринагарға кештеу жететін. Халқы егін жэне мал шаруашылығымен-айналысқан. Бұл жағынан да ол Орта Азия, халқының тіршілік тынысына ұксап кететін. 
 Һұмаюн мемлекет тізгінінен ажырап, үкімет басына Шерхан келгелі Кашмир уалайаты басшырыз қалып,жергілікті әкімдер халықты тонап, езе бастап еді. Елде тәртіпсіздік орнады.Сол себепті де Кашмир халқы өздері бұрыннан білетін Хайдар мырзаға қарсылық көрсетпеді. Тарихшылардың көпшілігі Хайдар мырза Кашмирді өзінің туа бітті мәмлегерлік қасиет, парасаттылығы мен алғырлығының арқасында бір оқ та шығармай өзіне қаратқанын айтады. Әрине, Хайдар мырзаның Кашмирді алуына һұмаюн берген әскер косындарының да әсері болмай қойған жоқ. Сөйткен бабамыз 1540 жылдың қараша айында Сринагар қаласына келіп туын тікті. Соңыра ол өзінен Кашмир өлкесін тартып алу үшін Шерхан жіберген Қажы шаһ әскерін талқандап, жағдайын одан әрі нығайтып, жақсарта түсті.

Хайдар мырза Кашмирді 10-11жыл  билеген. Ол өзіне қараған қалалар  мен қоныстардың әл-ауқатын көтеріп, жолдарын жақсартты. Әдебиет пен  мәдениеттің өркендеуіне жағдай жасады. Кашмир өлкесін гүлдендіріп абат баққа айналдыру ойымен талай жерлерге өкілдерін аттандырып, қолынан іс келетіндерді өзіне шақырды.

«Акбар нама» атты еңбегінде  Кашмирді билеген Хайдар мырзаға  да бірнеше бет арнаған. 
 Үнді тарихшысы Хайдар мырза «үлкен бір қателік жасады. Өзі патша болып тұрса да, ол Нәзік шаһ атынан хұтпа оқып, оның аты жазылған теңгелер соқтыра берді»,-дейді. Яғни Әбу-л-Фазл Әллами «өзі патша болған -соң Хайдар мырзаның өз атынан хұтпа оқып, өз атынан ғана теңгелер соқтыруы керек еді. Бірақ олай етпей, уақытша отырған, уақытша билік құрған кісінің тіршілігін істеді» дегісі келетін сияқты.  Әллами Хайдар мырзаның өмірінің соңғы кездері жайлы да біршама деректер қалдырған. Оның айтуынша сарай төңірегіндегі арамзалар ақкөңіл де кеңпейіл, жомарт та мәрт Хайдар мырзаны алдап соғып, сатқындық жасаған.  

Әллами сондай-ақ Хайдар мырзаны  «бейқам өмір сүрді, кісіге сенгіш еді» деп жазғырады. Жаулары Хайдар мырзаны  алдап, серігі Қара Баһадурды әскерінің  бір бөлігімен Тибет пен Ауғанстанға жіберткізеді. Әміршінің іс басқарушысы Қожа кажы мен сарай күзетіндегі әскер басыларын пәрелеп, Хайдар мырзаға айдап салады. Сөйткен олар бірде Сринагар мен Хирапур аралығындағы Ханпур маңыңда Хайдар мырзаға кенет шабуыл жасайды. Хайдар мырза көтерілісшілердің көсемі Қожа қажыдан олар тұтқындаған Қара баһадурды босатуды талап етіп тұрғанда Камал Дуби деген сатқынның қолынан қаза табады. Қейбір деректерге қарағанда Хайдар мырзаны күтушілерінің бірі уланған жебемен атқан. Ол содан қаза тапқан. Хайдар Мырза Дулати сөйтіп 1551 жылы 52-ге қараған шағында қапыда қазаға ұшырайды. І 
 Мухаммед Қасым һиндушаһ Астрабади (XVI f.), Мухаммед Ағзам (XVIII ғ.), Мухаммед Уәли (XVII ғ.), Сайф Челеби (XVI ғ.) және т. б. үнді, парсы, түрік тарихшылары Хайдар мырзаның жақсы дипломат, шешен, ойшыл, не істесе де ақылмен шешетін, өмірге, өнерге үлкен ой, терең парасатпен қараған мәдениетті де білімді адам болғанын жазады. Әбд ар-Рашидтен көп жәбір көрсе де, ол жауықпай, оған қолынан келгенінше жақсылық істеуге тырысқан. Тіпті өзінің атақты шығармасы «Тарихи Рашидиді» де соған арнаған. «Саид ханнан көп нәрсе үйрендім, ал өзім тәрбиелеген Әбд ар-Рашидтен көп жәбір көрдім» деп жазады ол өз еңбегінде. Сөйтсе де Хайдар мырза ,оған ешқандай жаманшылық тілемепті. Туған-әкесіндей мәпеле-ген Саид ханның рухы үшін ол өз шығармасын оның баласына арнаған. Бұдан асқан адамгершілік, бұдан асқан кешірімділік, будан өткен кішіпейілділік жоқ-ақ шығар. Осы бір жәйттің өзі-ақ Хайдар мырзаның бүкіл болмысын ашып, оның үлкен жүректі азамат екендігін анық керсетіп тұр. 

Хайдар мырза белгілі бектің отбасында дүниеге келіп, Бабыр, Саид хан секілді өз заманының  көзі ашық, көкірегі ояу адамдарының  сарайында тұрғандыктан да өз кезі, өз заманы үшін жақсы білім алған. Оның түркі тілінен баска араб, парсы, тілдерін де білгендігінде дау жоқ. Ол өзіне дейін ғұмыр кешкен мұсылман ғалымдары мен шежірешілері,ақындары мен сөз зергерлері шығармаларын зердесіне жете тоқыған.Сондай- ақ оның тарих ғылымы һәм әдебиетпен де айналысуына белгілі бір шамада бөлесі Захир ад-Дин Мухаммед Бабыр еңбектері де әсер еткен.  
 Жоғарыда біз Мухаммед Хайдар Дулатидің 1540 жылы Кашмирге туын тігіп, көңіл жайлағаннан кейін сарайына өнердің талай саңлақтарын жинағанын айттық. Сөйткен дарын иесі көптен бері өзіне маза бермей, тынышын алып жүрген өз басынан өткен жайттар мен Моғол мемлекетінің шежіресін жазуға кіріседі. Ол ойын іске асыруға, жоғарыда айтылғандай, терең білімі көмектескен. Хайдар мырза көбінесе өз құлағымен естіген немесе өзі білетін, көзімен көрген оқиғаларды ғана хатқа түсірген. Оны ол Орта Азиядағы, сол кездегі сарай тілімен парсыша жазған. Еңбегін жазу үстінде ол сондай-ақ Қаршылық жерлесі Жамалдың «Мулхақат ас-сурах» («ас-Сурах» сөздігіне «Қосымшалар»), Әла ад-Дин Ата Малик Жуайни (1226—1283) мен Рашид ад-Дин немесе Әмір Темірдің жорықтарын хаттаған шараф ад-Дин Әли Йаздидің «Зафар намесіне» («Жеңіс нама») сүйенген. Оның үстіне олардың көпшілігі Хайдар мырзадан бар болғаны екі жүз жылдардың ар жақ-бер жағында ғана өмір сүрген дарындар еді. «Тарих- и-Рашидиді» Хайдар мырза 1544—1546 жылдар шамасында Кашмирде жазған. Ол екі дәптерден, яғни екі бөлімнен тұрады. Біріншісінде Мәуераннаһрдегі Шағатай әулеті құрған мемлекеттің XIV ғасыр ортасына таман бір жола ыдырап, екіге бөлінуі, Моғолстан деген атпен белгілі болған шығыс бөлігіне Жетісу, Тараз-Талас маңын мекендеген беделді де белгілі тайпа - дулаттардың күшімен дербес мемлекеттің негізі қаланғаны жайлы баяндайды.. 1348 жылы осы мемлекетке дулаттардың қолдауымен Тоғылық Темір (1330—1362) хан болады.

«Дулаттар... Жетісудағы ең ірі түркі тайпаларының бірі болатын және едәуір жерді алып жататын. Дулаттардың шонжар үстем тобы XIV ғасырда Шығыс Түркістандағы отырықшы егіншілік жерлерге де иелік етті. Мырза Мухаммед Хайдар дулат руының шонжарлары Шығыс Түркістандағы өз иелігін (иқта) XIII ғасырда-ақ алған» деп жазады. Шағатай хан өз мемлекетін (ұлыстарға) бөлгенде, ол Өртебеге (Өрте Бараққа), әмір Полатшының атасына Маңлай Сүбені берді... Оның шығыс шекарасы Құсан — (Құша) мен Тарбүкір, батыс шекарасы — Шаш (Ташкент), Ғаз бен Жакишман, оның соңғысы Ферғана уалайатына орналасқан; солтүстік шекарасы -Ыстық көл, ал оңтүсті-гінде Жарқан мен Сарыұйғыр. Әмір Полатшы билеген осы аталмыш жер Маңлай Сүбе деп аталды. Сол уақытта бұл елде бірнеше калалар болды. Олардың ішіндегі ең үлкендері Қашғар, Қотан, Жаркент, Қашан, Ақшыкент, Әндіжан, Аксу, Атбасы,Құсан.Осы қалалардың ішінен Әмір Полатшы Ақсуды өзінің ордасы етіп таңдап алды»

 
 «Тарих и Рашидидің» бірінші дәптерінде сөйтіп сол Тоғылық Темір ханнан бастап өзін Жаркенттен кетуге мәжбүр еткен Әбд ар-Рашид ханға дейінгі Моғолстанда екі ғасырға жуық уақыт арасында болған тарихи оқиғалар әңгімеленеді. Мысалы, Шағатай текті Шер Мухаммед хан (1415 қ .б.) мен Уәйіс ханның (?—1429) Моғолстанның тағы үшін болған қанды айқастары, Уәйіс ханның тілегіне жеткені, оның қалмақтармен болған сансыз соғыстары да баян етіледі. 
 Хайдар мырза жазбаларының ішіндегі ең қызықтысы - әрине, халқымыздың тарихына қатысты мағлұматтары. Ғалым нағашы атасы Жүніс хан мен Уәйіс ханның кенже ұлы Есейбураның (1418—1462) билікке таласар тұстарын сөз еткен. Дешті Қыпшақ әміршісі Әбілхайырдан көп қысым көрген Жәнібек хан мен Керей ханның одан бөлініп, Моғолстандағы Шу мен Қозыбасыға келуі, Есенбұғаның оларды жылы қарсы алуы, соңынан Әбілхайыр қайтыс болған соң оның ұлысынан үдере көшкен елдің, Жәнібек хан мен Керей ханға келіп қосылуы жайлы айтуды да автор ұмытпаған. «Олардын, ұзын саны екі жүз мыңға жетті. Олар өзбек-қазақ деген атқа ие болды. Қазақ сұлтандарының билік құра бастауы 870 (1465) жылдан басталады. (Бірақ оны) Алла (бізден) артық біледі» — деп жазады Хайдар мырза..

Сөйтіп, қазақ халқының тарих сахнасына  көтерілген кезі 1465 жыл екенін Хайдар мырза шегелей көрсеткен. Одан әрі  ол: «содан қазақтар 940 (1533—34) жылға  дейін Өзбекстанның (көшпелі өзбектер жөнінде айтып отыр — Ә. Д.) көпшілік бөлігін тұтастай биледі. Керей ханнан кейін Мұрыңдық хан болды. Сонан соң Жәнібектің баласы Қасым хан болды. Ол өз билігін Дешті Қыпшаққа да жүргізді. Оның әскері миллионнан да көп еді. Жошы ханнан кейін бұл үйден одан қүшті хан шыққан емес. Қасымнан соң оның баласы Мамаш хан болды. Одан кейін Тақыр хан болды. Осы Тақыр хан тұсында қазақтар көп қиыншылықтарға ұшырады. Одан кейін оның бауыры Бұйдаш хан болды. Қысқаша айтқанда, Есенбұға ханнан бастап Рашид ханға дейінгі аралықта моғолдар мен қазақтар тату-тәтті, тыныштықта өмір сүрді, бірақ оны Рашид сұлтан бұзды» деп жазады ол. Ол рас та еді. Өйткені Рашид сұлтан қазақтардан гөрі шайбандарға көп мойын бұрған, солардан одақ іздеген.   

Сөйтіп, қазақ хандығының пайда  болуы мен тыныс-тіршілігі, өмір сүрген ортасы һәм көршілерімен болған қарым-қатынасы жайлы Хайдар мырза секілді дәл ссылай жүйелі де нақтылы жазған қаламгерлер кемде-кем-ақ.Ғалым бабамыз сондай-ақ өз жазбаларында көп ретте әдеби тәсіл — шегініс жасауды да шебер пайдадана білген. Мысалы, ол Жүніс ханның тақ үшін таласта жеңіліске ұшырағаннан кейін Иран (жаққа кетуі, соңынан Моғолстанға оралған соң Мір Қажы кеншінің қызы Исан Дәулат бегімге үйленуі, Сырбойында Әбілхайырдың,ұлы Бұрыж оғланмен шайқасып, кейін Ташкентке келуі, шейх Жамалдың тұтқынына түсіп қалуы, бірақ арада бір жыл өткен соң дулаттардын шейх Жамалды өлтіріп, Жүніс ханды құтқаруы, оның Моғолстанға қайтып оралуы кино жолағындай рет-ретімен көз алдыңнан өте береді. Оның ара-арасында Хайдар мырза Жүніс ханнық үш қызының тұрмысқа шығуы, Әмір Темір ұрпақтарының өзара қақтырыстары жайлы да айтып өтеді. Одан кейінгі тарауларда Жүніс ханның ұлы Ахмет ханның өмірі, қалмақтардың шабуы, өзбек-қазақ мәселесі, мырза Әбу Бәкір Дулатимен болған соғысты сипаттауда да шеберлік таныта алған.  
 Хайдар мырза Сайд ханның өмірі мен жорықтарына да тарау арнаған. Ол не айтса да, қайсы тақырыпты сөз етсе де міндетті түрде баяндап отырған оқиғаға өз көзқарасын білдіріп кетеді. 
 Сөйтіп, ол Моғолстанның хандары, дулаттан шыққан әмірлері мен бектері, онда өмір сүрген түркі тайпаларының, тыныс-тіршілігі, Әбілхайыр хан негізін салған Дешті Қыпшақ мемлекеті, ханның өзі және ұрпактарының Мәуераннаһрде, сондай-ақ казак хандары һәм сұлтандарымен жүргізген соғыстары жайлы тәптіштей баяндаған. Хайдар мырзаның бір ерекшелігі ол тек шындықты ғана жазады. Тарихшы ғалымдардың барлығы да Хайдар мырзаның осы бір қасиетіне ерекше мән береді. 
 Ал екінші дәптердің тарихи-мемуарлық сипаты бар. Мұңда ол өз өрмірбаянын тілге тиек еткен, әрі оны бірінші дәптерден бұрын туындатқан. Мұнда автор өзі көріп куәсі болған, басынан өткен немесе естіген жәйттар мен оқиғаларды қаз-калпында баяндаған. 
«Тарихи Рашиди» ұзақ жылдар бойы колжазба күйінде калып келгендігіне қарамастан, тарихи деректердің нақтылығы, дәйектілігі, айқындылығы мен шынайылығына орай Үнді, Пәкістан, Ауғанстан, Иран һәм Орта Азияның ғана емес, сондай-ақ Ресей, Еуропа елдері ғалымдарының назарында аударумен келеді.  

Информация о работе Қазақ даласы туралы "Тарихи Рашиди"