Ата-аналар жиналысын откізу туралы мағлұмат

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 21:47, доклад

Описание работы

Ата-ана да өздері жанұя құрған кезде бір-біріне шексіз сүйіспеншілікпен, махабббатық сезімдері табысқан кезде қалыптасады. Әке мен ананың арсындағы сыйластық, өз ара түсінушілік, олардың бір-бірін ұғынысуы, сыйласуы, қандай мәселер болсын, материалдық, әлеуметтік, қоғамдық және әкономикалық мәселерді шешуде пайымды шешімдер тауып жатса, бұл отбасының берекесі мен берері де мол болатны мәлім. осы мәселе қазіргі кезде еуропалық дәстүрге көбірек бой ұрып барады. Яғни қазақ болмыстан айырылып, бала тәрбиесі, отбасы берекесі келесіз жәйттерге бой ұрыа бастады. Ата-аналардың татулығы отбасының күре тамыры болып табылады. Өйткені ол балаға берілетін тәрбие және әлеуметтік мәселелердің тууына әкеп соқтыратын осыдан туындап жатады. Ал олардың атқаратын міндеттері шексіз де шетсіз де.

Содержание

Кіріспе
І. Отбасы негізі ата-ана және олардың беретін тәрбиесі

1.1 Отбасы және тәрбие

1.2. Отбасындағы баланың іс-әрекетін ұйымдастыру

ІІ. Отбасы алғашқы - әлеуметтік институттың негізі

2.1 Отбасыдағы әлеуметтік ахуал және оның әсері

2.2. Отбасыдағы бала тәрбиесі - әлеуметтік ахуалдың басты көзі

ІІ. Қазіргі кездегі отбасыдағы әлеуметтік жағдайлар және оны дамыту жолдары

3.1. Отбасыдағы психологиялық және материалдық жағдайдың деңгейлері

3.2. Әлеуметтік жағдайларды шешу және оны дамыту жолдары

3.1. Отбасыдағы психологиялық және әлеуметтік жағдайлар

3.2. Әлеуметтік жағдайларды шешу жолдары

Қорытынды

Пайданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Отбасы-тәрбиесі.docx

— 2.78 Мб (Скачать)

Отбасы бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді. Сондықтан ол адам үшін ең үлкен мәнге ие орта.

Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғашқы рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларды игереді. Сондықтан отбасылық өмір жеке адамның азамат болып өсуінің негізі.

Отбасы- оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Өйткені бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді.

Отбасы тәрбиесі-бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата- аналардың борышы. Оған дәлел: балалар мекемелері жөнінде халықтың қажеттілігін толық қанағаттандыру, балалардың еңбек, спорт лагерлерінің, жас натуралистер станцияларының, ғылыми- техникалық және көркемдік шығармашылық үйірмелерінің жүйесін кеңейту; ананы, балалық шақты қорғауға ерекше көңіл бөлу; отбасы мүшелерінің демалуы үшін санаторийлердің, демалыс үйлерінің жүйесін кеңейту; аналар жағдайын еске алып, әйелдердің халық шаруашылығына қатысуын үйлестіру.

Отбасында басты мәселелердің бірі- баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн ырғағы, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу- әрекеті бос уақытын ұйымдастыру жатады.

Отбасы, барлық уақытта да, өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие болған. Қазіргі заманғы отбасының өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі ерекшелігі – ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғары болуы.

Балалардың отбасынбағы  тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік институт ретінде анықталады. Ол отбасы мүшелері арасындағы өзара қатынастардың қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, өзара үйелмендік, тұрмыстық өмір. Отбасы тәрбиесінің артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиенің ешкандай да түрі алмастыра алмайды.

Отбасы – болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы адым. Ол балаға моральдық қалпы туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке баулып, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата-ананың іс-әрекеті мен мінез-құлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік-саяси құндылықтар беріледі.

Отбасы тәрбиесінің қоғамдық және мемлекеттік тәрбиеге қарағанда артықшылығы басым. Алайда, қазіргі қоғамдық өмірде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық және демографиялық өзгерістер отбасына белгілі бір қиыншылықтар туғызады.

  Ата-аналардың білім деңгейіне байланысты да отбасында ерекшеліктер орын алады. Мысалы:ата-аналардың білімі жоғары болған сайын олардың балалары мектепте жақсы оқиды. Қазіргі ата-аналар жұмыс басты болғандықтан бала тәрбиесі көбінесе білімі төмен ата мен әжелерге жүктеледі.

  Қоғамда жүріп жатқан тұрғындардың материалдық жағдайға байланысты жіктелуі отбасы тәрбиесіне материалдық жағдайы әртүрлі ата-аналардың қарым- қатынасына әсер етеді.Отбасында балаларға отбасылық бюджеттің 25-50%жұмсалады. Материалдық кірісі мол отбасыларда педагогикалық көзсоқырлық, тойынғандық жағдайға алып барады. Тойынғандық дегеніміз- өмірге,өмірдегі мкатериалдық және рухани құндылықтарға деген жеккөрінішті, келекетті қатынас.

  Жастайынан осындай ортада өскен балалардың арасына торығушылар, қаңғыбастар ,”қызықты”әсерді іздеушілер өсіп шығады.

  Қазіргі кезде отбасының “уақталу”процесі жүруде. Ол дегеніміз- жас ата-аналардан тұратын әжесіз, атасыз отбасылар. Бұл отбасының беріктігін нығайтып, дербес ұжымды қатынастырады. Қиындықтар достық пен ынтымақтастықты нығайтып, қуаныш пен қайғыны бөлісуге тәрбиелейді. Дегениен, жас отбасында алғашқы кезде тұрмыстың түзелмеуі,бала тәрбиесі сияқты қиындықтар кездескенімен, олард ышешу қоғамның құзырында.

  Отбасы мүшелерінің келуі, туылған бала санының азаюы да отбасы дамуының ерекшелігін құрайды. Қалалық отбасында бір-екі бала ғана тәрбиеленеді. Бала туудың азаюының себептері сан алуан және өте күрделі; олар ата-аналардың жұмысбастылығын; мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз етілмеуі;бала тәрбиесіне шығынның көп жұмсалуы; әйел ананың шамадан тыс жұмысбастылығы; отбасының қолайсыз тұрғын үйі; тұрмыстық жағдайы; ата-аналардың “өзі үшін өмір сүруге”ұмтылған тоғышарлық ұмтылысы және т.б.Бала туудың азаюы- шағын отбасындағы тәрбие әдістерін жасау деген және педагогикалық проблеманы алуға тосады.

  Қазіргі отбасы ажырасу санының едәуір артуымен сипатталады. Ажырасудың 90% тұрмыс қолайсыздығы мен дайындықсыздың салдары. Дегенмен барлық ажырасуларға жағымсыз баға беруге болмайды, өйткені кей жағдайда ажырасу баланың психикасына теріс әсер ететін ұрыс- жанжал, отбасылық кикілжіңді алдын алады.

  Бір балалы отбасы көпшілікпен араласу, ұжымдық қызмет тәжірибесін игеру жағынан баланы қиын жағдайға қалдырады.Бұндай отбасыларда аға,әпке сияқты тәлімгер іні, қарындас сияқты қамқорлығына алатын бауырдың болмауы ұжымдық туыстық қатынастар аясын мүлдем тарылта түседі. Осындай жағдайда баланың қызығушылығы мен қажеттілігін қамтамасыз етуде ата-аналардың педагогикалық нормаларды сақтамауынан бастауыш сынып кезінен оның бойында тоғышарлық, ұжымды жатырқаушылық қасиеттердің қалыптасқандығын аңғарамыз.

Нарық қатынастарының дамуы нәтижесінде отбасында айтарлықтай адамгершілік тұрғыдан ересектердің де, балалардың да жаңа құндылық бағыттарын қалыптастырып, отбасы өміріне елеулі өзгерістер әкелді. Ата-ана мен мұғалімдердің міндеті – қоғамдық қатынастардың жаңа жүйесі ұсынып отырған әлеуметтік мүмкіншілікті дұрыс пайдалану. Мектеп пен отбасы балаларды тауар мен ақша қатынастарының мәдениетіне үйрету жұмыстарын ойластыру қажет, сондай-ақ алып-сату пайда табу немесе пайдақорлық емес, ол жалпы игілік үшін және өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құқықтық екі жақты қызмет көрсету екенін түсіндіру. Ата-ананың маңызды міндеті балаларымен біріккен коммерциялық қызмет-әрекетке қатысып, оны бақылау, оларды баланың адалдығын, адамгершілігін, ұқыптылығын дамытатын қызмет көрсетудің әртүрін орындауға үйрету. Нарық отбасы мүшелерінің алатын орнына жанама әсер етеді, олардың өміріне жаңа әлеуметтік бағдарлар еенгізеді. Қоғамдық және мемлекеттік тәрбие беделінің төмендеуі отбасы өмірінің тәрбиесіне «өзінше» қиындық әкеледі.

 

 

Жоспар

Кіріспе

І. Отбасы негізі ата-ана және олардың беретін тәрбиесі

 

1.1 Отбасы және тәрбие 

 

1.2. Отбасындағы баланың  іс-әрекетін ұйымдастыру

 

ІІ. Отбасы алғашқы - әлеуметтік институттың негізі

 

2.1 Отбасыдағы әлеуметтік  ахуал және оның әсері

 

2.2. Отбасыдағы бала тәрбиесі - әлеуметтік ахуалдың басты көзі

 

ІІ. Қазіргі кездегі отбасыдағы әлеуметтік жағдайлар және оны дамыту жолдары

 

3.1. Отбасыдағы психологиялық  және материалдық жағдайдың деңгейлері

 

3.2. Әлеуметтік жағдайларды  шешу және оны дамыту жолдары

 

3.1. Отбасыдағы психологиялық  және әлеуметтік жағдайлар

 

3.2. Әлеуметтік жағдайларды  шешу жолдары

 

Қорытынды

 

Пайданылған әдебиеттер

 

 

 Кіріспе.

 

Отбасы, әлеуметтік институт болғандықтан, сөзсіз, қоғамның ықпалында  болады. Отбасының өзгеруінің заңдылығы  жалпы қоғамда болып жатқан өзгерістермен  бағыттас. Сондықтан қазіргі кездегі  отбасының жағдайын түсіну үшін және оның дамуының болашағын бағалау  үшін бүкіл 20-шы ғасыр бойы қоғамдық өмір мен бұқара санасында болған түбегейлі өзгерістерді ескеру керек.

 

Зерттеу көкейтестілігі: 20-шы ғасырдың ортасынан бастап отбасы институты  елеулі және қайталанбас өзгерістерге ұшырады. Отбасында болған өзгерістер барлық авторлармен әдеттегі отбасы тірегінің дағдарысы ретінде  суреттеледі. Ғұмырлық некеге тұрақтылықтан  бас тарту, айырылысу мен некенің  бұзылуы, ұрпақты тәрбиелеудегі  риясыз қарым-қатынастан бас тарту, толық емес отбасы мен өгей ата-аналы  отбасы санының артуы, баланы алдырып  тастау мен некесіз бала туу үдеп бара жатқаны байқалады. Міне, осындай  келеңсіз мәселерді қарастыру менің  курстық жұмысымның мақсаты болып  таюбылады.

 

Зерттеудің мақсаты: Қазіргі  кезде отбасы өмірінің барлық кезеңі, отбасының құрылуынан бастап бүтін  отбасы ретінде өмір сүруі аяқталғанға  дейін: некеге дейінгі кезеңі, бүкіл  отбасылық өмір кезеңі, отбасының  ажырауы кезеңі өзгеріске ұшырағанын атап өтуге болады.

 

Отбасы - адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында  өтіп жатады. Бала өмірінің алғашқы  күнінен бастап ата-ана өздерінің  негізгі борыштарын - тәрбие жұмысын  атқаруға кіріседі.

 

Ата-ана да өздері жанұя  құрған кезде бір-біріне шексіз сүйіспеншілікпен, махабббатық сезімдері табысқан кезде қалыптасады. Әке мен ананың арсындағы сыйластық, өз ара түсінушілік, олардың бір-бірін ұғынысуы, сыйласуы, қандай мәселер болсын, материалдық, әлеуметтік, қоғамдық және әкономикалық мәселерді шешуде пайымды шешімдер тауып жатса, бұл отбасының берекесі мен берері де мол болатны мәлім. осы мәселе қазіргі кезде еуропалық  дәстүрге көбірек бой ұрып барады. Яғни қазақ болмыстан айырылып, бала тәрбиесі, отбасы берекесі келесіз  жәйттерге бой ұрыа бастады. Ата-аналардың  татулығы отбасының күре тамыры болып  табылады. Өйткені ол балаға берілетін  тәрбие және әлеуметтік мәселелердің тууына әкеп соқтыратын осыдан туындап  жатады. Ал олардың атқаратын міндеттері шексіз де шетсіз де.

 

Ата-аналардың балалары алдында  олардың денсаулығының дұрыс  жетіліп өсуін қамтамасыз ету, тәрбие беру, білім беру, үй болып, аяққа  тұрып ел қатарына қосылып кетуін қамтамасыз ету сияқты міндеттерін  орындауы, ал балалары алдында ата-анасын қамқорлыққа алып, сүйеніш болуы  секілді міндеттері ұштасып жатады. Бүгінгі таңдағы отбасы тәрбиесінде  қоғам ата-аналар алдына үлкен жауапкершілікті  жүктеп отыр.

 

Зерттеудің міндеттері: бүгінгі  тәрбие берудің негізгі міндеттерінің  өзі «ең алдымен дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, ар-ожданы мол, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер, бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу» деп көрсетілген Қазақстан  Республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасында. Отбасы тәрбиесінің негізгі мәні отбасындағы өзара ынтымақтастық  пен түсіністік болып табылады. Балалар  ата-анасының еңбектегі ісіне көңіл  бөліп, оны түсінуге тырысады. Ата-аналар да балаларының күн сайынғы әрекеттерін  қадағалап жағдайларын біліп  отырады. Отбасының берік негізі міне, осы рухани мүдденің бірлігінде. Оның біртұтас ынтымақта болуы, береке бірлігі ең алдымен ата-ана мүддесінің мәні мен мағынасында, әке мен  шешенің бір-біріне, балаларына, олардың  достары мен жолдастарына деген  қарым-қатынасына байланысты болады. Адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына мүмкіндік  туғызады.

 

Баланың адамдармен қарым-қатынас  жасауы, қоғамға енуі отбасынан басталады. Сондай-ақ, отбасының баланың дамуы  мен қальштасуы процесіндегі ролі де ерекше. Отбасында тұрмыстың белгілі  жағдайлары жасалады, мәдени орта қальштасады, сезімдік күйлер орнығады.

 

«Ұяда не көрсең, ұшқанда  соны аласың» дегендей бала тәрбиесі ол дүниеге келген алғашқы күннен басталады. Бала өскен сайын, оның тәрбиесі де күрделеніп, оған қойылатын талаптар да күшейе түседі. Ақыл-ойының дамуы, ұнамды мінез-құлқын қалыптастыру ең негізгі  міндетке айналады. Оның негізі отбасында  мектепке дейінгі жаста қаланады.

 

Зерттеу пәні: - мектепке дейінгі, мектеп жасындағы, жалпы отбасыдағы бала тәрбиесі, халықтық педагогика саласы бойынша, ұлттық талғамда, салт-дәстүрлерді  қолдана отырып, зерттеу пәнінің  негізі ретінде алынды. Әсіресе, баланы еңбек етуге, жарқын сезімдер мен  нұрлы мұраттарға тәрбиелеу және адамдар арасында өмір сүре білуге үйретуге көп көңіл бөліну қажет. Бұл қасиеттердің бәрі негізінен  от басы - ошақ қасында қалыптасып нығаяды. Мұнда әсіресе отбасындағы ересек адамдар өздерінің жеке бастарының өнегесі арқылы жас балалардың бойында  осындай сезімдерді қалыптастырады.

 

Өз ата-анасын сыйлап, құрметтеп  үйренген бала өзге ата-аналарды да құрметтей  біледі, қашан да үлкендер алдында  өзін дұрыс ұстап, құрмет пен қамқорлық  таныта біледі.

 

Зерттеудің дереккөздері: Отбасының бала тәрбиесіндегі ролі Чехтың ұлы педагогы Ян Амос Коменский  еңбектерінің төрінен орын алған. Ол тәрбие негізі ретінде отбасын бөліп  қарастырып, оны білім беру жүйесінің  алғашқы сатысы «Ана мектебі» деп  көрсетеді. Өйткені, бала адамгершіліктің  негізгі түсініктерін отбасында  альш, алғашқы адамдық қасиеттерін  отбасында қалыптастырады.

 

Орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинский баланы дұрыс тәрбиелеу туралы былай  деп жазады: "Адамның жеке қара басы біреудің жеке басының қалыптасуына және дамуына әсер ете алады, мінезді  қалыптастыру үшін де мінезбен әсер ету  керек".

 

Бала тәрбиелеу оңай жұмыс  емес. Ол үлкен шеберлік пен шыдамдылықты талап етеді. Сондықтан халық  өмір есігін енді ғана ашқан бөбек  тәрбиесін бесіктен бастаған.

 

Қазақтың ұлы ақыны  Абай да отбасындағы баланы тәрбиелеуде  ата-аналар тарапынан жол берілетін  кемшіліктерді ескерте отырып, отбасы тәрбиесін ұйымдастыруда кеңестер береді. Нақтырақ айтатын болсақ, Абай өзінің 10-сөзінде: «Әуелі балаңды өзің алдайсың: әне, оны берем, міне, мұны берем деп, баста балаңды алдағаныңа мәз боласың. Соңыра балаң алдамшы  болса, кімнен көресің?» деп балаларына теріс тәрбие беретін ата-аналарды сынайды.

 

Қазақ ағартушыларынан С. Көбеев те отбасы тәрбиесі мәселелеріне аса үлкен мән берген. Ол өзінің «Баланы семьяда тәрбиелеу» деген  еңбегінде ата-аналардың балалары алдындағы беделі отбасындағы тәрбие нәтижесі екендігін атап көрсетеді.

 

Зерттеудің объектісі: Ұзақ жылдар бойы отбасы тәрбиесі баланы тәрбиелеудің бірден-бір формасы болып келді. Қазіргі қоғамдағы отбасы баланың  шыр етіп дүниеге келген күнінен  бастап өмірінің соңына дейін тәрбиелік  ықпал жасайтын негізгі ошақ болып  отыр. Адамзат тарихындағы отбасы тәрбиесінің тәжірибесі көптеген педагогикалық  теориялардың пайда болуына алып келді.

 

Зерттеу әдісі: курстық жұмысты  жазу барысында негізінен педагогика саласындағы ғылыми-пеадгогикалық  еңбектерге сүйене оытырп, оларға логикалық  болжамдар жасау, көркем шығармаларда пайдалану, отбасының әлеуметтік мәселелері жайлы тың еңбектерді зерделей отырып жаздым. Ол әр бөлімде көрсетілген.

 

Педагогикадағы отбасы тәрбиесінің  дамуына ежелгі Рим философы Квинтилиан, педагогика ғылымының негізін салушы Я.А.Коменский, ағылшын философы Дж.Локк, француз ағартушысы Ж.Ж.Руссо, Швейцар  педагогы И.Г.Песталоций, орыс педагогы К.Д.Ушинский, ұлы жазушы Л.Н.Толстой, қазақ ағартушылары Ы.Алтынсарин және Абай Құнанбаев, кеңес педагогтары  Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, С.Т.Шацкий, қазақ зиялылары М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов  және көптеген басқа педагогтар өз үлестерін қосты.

Информация о работе Ата-аналар жиналысын откізу туралы мағлұмат