Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 13:02, курсовая работа
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім туралы тұжырымдамасы ойлы, өнерлі, білімді тұлғаны қалыптастыруға бағытталған және қазіргі білім жүйесі оқушылардың танымдық белсенділігін дамытатын оқытудың дәстүрлі емес, белсенді түрін және әдістерін оқу үрдісіне енгізу бағытында құрылуы тиіс.
Білімді дамыту үшін білім берудің үйреншікті әдісінен оқыту процессінде оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыратын білім берудің жаңа белсенді әдісіне көшу керек. Бұл тапсырманы оқыту процессінде тек жаңа технологияларды қолдану арқылы жүзеге асыруға болады.
1. Рөлдік ойындар.
2. Іскерлік ойындар.
А) Іскерлік оқу ойындары: саяхат ойындары;блиц ойындары.
Ә)Өндірістік ойындар.
Рөлдік ойындар - интербелсенді әдістердің тиімді бір түрі.Рөлдік ойындар екіге бөлінеді:
1. Әрбір оқушы рөлде ойнайды.
2. Оқушылардың шағын топтары рөлде ойнайды.
Іскерлік оқу ойындарға келсек, мысалы, сабақ тақырыбы бойынша жазылған сценарийлерге қысқа жағдаяттар ойнау.Ал саяхат ойындарында оқушылар күнделік жүргізеді немесе достары мен туыстарына хат жазады.Блиц оқу ойындары туралы айта кетсек, олар шағын ойындар, оқушылардың нақты біліктері мен дағдыларын дамытуға бағытталады.мынадай түрлері болады:фотосуреттерді баяндау(отбасы мүшелерін, достарын, өз үйіңді, бөлмеңді), сұхбат алу (мерекелер тақырыбы бойынша), шындық детекторы (дұрыс, қате), т.б.Өндірісті ойындарда әлеуметтік және экономикалық маңызы бар күрделі мәселелерді шешуге болады. Мысалы, «Қоршаған орта немесе қоқысты қайта жіберуге болады.»деген тақырыптарда.[9.416]
шетел тілін оқыту әдістемесі
бойынша ойындарды екі түрге
бөлуге болады.Олар:дайындық ойындары
және шығармашылық ойындары.Дайындық
ойындарына грамматикалық, лексикалық,
фонетикалық және орфографикалық ойындар
жатады.Грамматикалық
Әдеттегідей ойынға оқушылар2-3
топқа бөлінеді.Бұл ойындарға
дайындықтың қажеті жоқ, тек қана
оқушыларды ойынның шарттарымен
таныстырамын.Бұл ойындарды
Ең бастысы, белгілі бір нәтижеге жету үшін сабаққа үздіксіз дайындаламын, көп ізденемін , тиімді жолдарын тауып, оқушыларға дәріс беруге ынталамын.
Мектептерде ағылшын тілін оқытудың негізгі элементтерінің бірі - сөздік жұмысын жүргізу.Ол оқушылардың сөздік қорын байытуда ерекше орын алады.Оқушының сөздік қорын тексеру әдістері бар.Олар мыналар.
1.Әңгімелесу, әңгіме құрату - өзін қоршаған орта туралы:үй іші, мектебі, сыныбы, ата-анасы, оқу-құралдары, т.б.
2.Оқушының күнделікті
жиі пайдаланатын заттарын
3.Сөзді түсініп айту дәрежесін тексеру (таныс емес заттарды көрсету, т.б.).
Сөздік жұмысын ұйымдастырудың басты қағидасы - оқушының лексикалық материалды белсенді түрде меңгеріп, сөйлеу тілінде оларды бекітіп, сөйлеуде белсенді түрде қолдана білуге үйрету негізінде қалыптастыруды жүзеге асырамын.
Сөздік жұмысын ұйымдастырудың
қағидаларын біліп алу қажет.
Ұстаз жан-жақты ізденісті қажет етеді». Нашар ұстаз шындықты қайталайды, жақсы ұстаз сол шындықты іздеп табуға үйретеді» деп ұлы ойшыл А. Дистерверг айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты.Өз білімімді үздіксіз көтеріп, үнемі ізденіс үстінде боламын деген үміттемін.
Шет тілді оқытудағы негізгі мақсат – шет тілді коммуникативті қалыптастыру және дамыту, оны еркін игеру. Шет тілі – қазіргі заманның талабына сай, қоғамның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдениет дамуының қайнар көзі. Қазір шет тілін оқыту әдістемесінің деңгейі жоғары. Тілді оқытуда интерактивтік тәсіл, ойындар, екеуаралық пікірталастар, сонымен бірге ақпараттық технология, интернет, компьютер қолданылуда.
Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер).
Оқытудың ақпараттық технологиясы – білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек.
Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – «оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру» болып табылады.
ХХІ ғасыр оқыту үдерісіне
компьютерлік технологияны пайдаланумен
қатар елде болып жатқан саяси, экономикалық,
әлеуметтік және басқа да заңды үрдістегі
өзгерістер білім жүйесіне сол
өзгерістер негізінде дамытуды талап
етіп отыр. Атап айтқанда, виртуалды
кеңістік, аутентті вируалды интерактивті
тілдік орта болып табылатын Интернетке
ену аталған компетенцияны
Оқытудың ақпараттық технологиялары
осы ақпараттық білім жүйесінің
шегінде жүзеге асырылатын болғандықтан,
осы білім технологиясына ақпараттық
және бағдарламалық қолдаумен
Шетел тіліне оқытуда Интернет
беретін мүмкіндіктер мен қызметтерге
тоқталып өтейін. Мысалы: оқушылар Интернет
талаптарында берілетін құжаттардағы
тапсырмалар мен жаттығуларды орындай
алады, үйреніп жүрген тілінде электронды
пошта арқылы хат алысып, виртуалды
қатынас клубтары – конференцияларға
қатыса алады. Сонымен бірге белгілі
бір уақытта мәтіндік хабарламалар
мен алмасуға. радиобағдарламаларды
тыңдауға, бейнероликтер көруге, яғни
ақпараттың кез келген түрін қолдануына
толықтай мүмкіндіктері бар. Ақпаратты
қандай да арақашықтыққа тез арада
жеткізу, алыстағы ақпарат көздерін
пайдалану мүмкіндігі интерактивтік
іздеу жүйелері мен өз бетімен
іздеу, сондай – ақ алынған материалдарды
түрлі тіл тасушыларға
Интернет шетел тілін үйренушіге аутентті мәтіндерді қолдану, тіл тасушыны тыңдау, олармен қарым – қатынас жасау табиғи тілдік ортаны қалыптастырады.
Е.С.Полат «Қандай да болмасын
оқыту құралы, ақпараттық – тақырыптық
ортаның қандай да қасиеттерге ие
болғанына қарамастан дидактикалық
мәселелер, білім берудің нақты
мақсаттарымен шартталған танымдық
қызметтің ерекшеліктері
Шет тілін оқытуда заманына сай көрнекі құралдар, аудио материалдар қолдану, мультимедиялық құралдарды пайдалануға үлкен мән беру керек. Сабақ барысында светотехникалық және дыбысты техникалық құралдарды (бейне магнитофон, теледидар, проектор, мультимедиялық проектор, компьютер) пайдалану студенттердің өз тілінде сөйлейтін адамдардың тілін тыңдап, оны көзбен көре отыра ақпарат алуына көмегі тиеді. Бұл жағдай студенттердің сөйлеу деңгейін жақсартуына көмектеседі. Тыңдау арқылы олар өздерінің сөйлеудегі қателерін жөндей алады. Бұл «аудирование» терминінің өзі де шет тілін тыңдап, оны түсіну деген мағына. Аудио немесе бейне таспаларды тыңдағанда коммуникативті жаттығулар жасалу керек. Алынып отырған тапсырмалардың жеңіл-қиындығын ескере отыра, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, диалог және монолог құрастыру сияқты жаттығулар жасалуы қажет. Бейне фильмді көріп отырып, жаңа сөз немесе сөз тіркестері кездескенде тоқтап, сол сөздерді қайталап және әрбір көріністен кейін сұрақтар қойып отырған жөн. Сабақтың қорытындысы ретінде тест сұрақтарын беріп, нәтижесін тексеріп, бағалау қажет.[14, 656]
Сонымен бірге, ғаламдық желінің ақпараттық ресурстарын қолдануда оларды оқу үдерісіне енгізіп, дидактикалық түсініктеме беру арқылы дидактикалық мәселелерді шешуге болады.
а/ күрделі материалды тікелей пайдаланып оқу дағдылары мен біліктерін қалыптастыруға;
ә/ желіден алынған материалдарды
мәселелік талқылаудың
б/ жеке түрде немесе жазбаша серіктеріне жауап жазу, реферат, шығарма және серіктердің бірлескен қызметінің нәтижесінде ойлау дағдысы мен жазу дағдысын жетілдіруге;
в/ актив пен пассив сөз қорын қоғамның саяси-әлеуметтік құрылысын, мәдениет дамуын білдіретін қазіргі шетел тілі лексикасымен толықтыруға;
г/ түрлі халықаралық қатынас жасау жағдайында тілдік үйретудің ерекшеліктерін, оқытылатын тіл елінің мәдениеті мен дәстүрлерінің ерекшеліктері қамтылған мәдени-танымдық біліммен танысуға; [18.416]
Бұдан біз Интернеттің оқу бағдарламасына қатысты тәжірибелік сабақтың мазмұнына желі материалдарын қосу арқылы ендірілуде қолданылатын келесі мүмкіндіктерді атауға болады.
- оқытушыныңтәжірибелік
сабақ өткізу үшін қандай да
бір аутентті материалды
- дыбыстық ақпаратты жазып алу мүмкіндігі;
- желіден алынған
түрлі мәселелі ақпаратты
- тіл тасушыларының
оқытылатын тіл халқының
- тәжірибелік сабаққа
қосу үшін электронды
ХХІ ғасыр – озық технологиялар ғасыры. Сондықтан білім беру жүйесінде жаңа компьютерлік технологияларды тиімді пайдаланудың шетел тілін үйретуде маңызы зор.
Ақпараттық ортаны құруға негізделген білім берудің жаңа жүйесін қалыптастыру мен педагогикалық практикаға жаңа ақпараттық құралдарды енгізу білім жүйесін дамытудағы стратегиялық тапсырма болып саналады.
Қазіргі заманғы компьютерлік бағдарламалар мен Интернет желісінің оқыту тиімділігі өте жоғары. Дегенмен басты мәселе компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз етілген білім ордасында оқытушының оларды пайдалану әдістемесін меңгеруі мен өз тәжірибесінде жүзеге асыра алуы.
Ақпараттық технологияны
меңгерген педагогта
Ағылшын тілді оқытуда
жаңа технологияларды, техникалық құралдарды
сабақта жан-жақты қолдану, оқытушының
көптеген қиындаған қызметтерін
жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды
жаңа тәсілдерінің пайда болуына
мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа
жолдардың біріне ақпараттық оқыту
жүйесіндегі компьютерлік бағдарламалардың
түрлері арқылы тіл үйретуді жатқызуға
болады. Ағылшын тілі сабақтарының
лексика бөлімін меңгертуде ақпараттық
технологиялардың алатын орны зор.
Интернет арқылы оқушы грамматикалық,
лексикалық, фонетикалық жаттығулар,
оқуға және грамматикаға арналған тесттер,
IQ-тесттерімен жұмыс істей
2.Оқытуды компьютерлендірудің дидактикалық негіздері.
Шет тілі пәнін оқытудағы дидактикалық принцптер.
Оқу сабағының түрі. |
Сабаққа пән дидактикалық Функциялары |
Сабақ |
Оқу бағдарламасында білім көлемін беру; негізгі іскерліктерді қалыптастыру: оқулықпен, анықтамалық әдебиеттермен және т.б. жұмыс істеу, бақылау жүргізу, қортынды жасау.Жаңа тақырапқа байланыстыра оттырап жаттығулар жасау. |
Лекция (теориялық оқыту) |
Қандайда бір проблема
бойынша ұғымды беру; тақырып немесе
тарау бойынша білімді |
Семинар (теориялық оқыту) |
Бөлім бойынша білімді
жалпылап, жүйелеу; қосымша әдебиеттермен
жұмыс істеу іскерлігін жетілдіру,
әртүрлі әдебиеттермен |
Конференция (теориялық оқыту) |
Өтілген материалдар бойынша
білімді тереңдетіп, кеңейту, қосымша
информация көздерімен жұмыс істей
білу іскерлігін дамыту. Оқыған материалы
жөнінде баяндама немесе хабарлама
жасау; қосымша әдебиеттермен өз
бетімен жұмыс істеуге |
Әңгімелесу (теориялық оқыту) |
Негізгі оқу материалынан нені меңгергенін анықтау; білімдегі олқылықтарды ашу және түзетулер еңгізу, пін бойынша өз бетімен жүйелі жұмыс істеуге жетелеу. |
Консультатция (теориялық оқыту) |
Білімі мен іскерліктеріндегі олқылықтарды жою, меңгерілген білімін нақтылау; оқу процесінде пайда болған сұрақтарға жауап беру; оқу іс-әрекетінің әр түрін меңгеруге көмек көрсету. |
Практикум |
Күрделі жаттығулармен және кітаптаң қосымшалары мен жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру, өз бетімен жұмыс жасай білу іскерлігін қалыптастыру. |
Информация о работе Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып шет тілін үйрету