Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 13:03, реферат
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. ХХІ ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес.Ол үшін болашақ ұрпағын тәрбиелеу керек.
Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. Білім берудегі АКТ ұғымы оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары , қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары , компьютерлік оқыту технологиялары және т.б., тіркестермен тығыз байланысты.
КІРІСПЕ..............................................................................................................3
Ι АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЗАМАНАУИ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНДЕГІ МАҢЫЗЫ.....................................................5
1.1 Ақпараттық технологияның түсінігі мен сипаттамасы...........................5
1.2 Оқу ақпаратын технология жағдайында меңгеру...................................14
ΙΙ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ...................................................................18
2.1 Оқытудың ақпараттық технологиясын білім беру жүйесінде қолдану..18
2.2 Жаңа ақпараттық технологиялармен оқыту технология түрлері........23
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ...........................................................32
Білім алушылардың пәнді жақсы игеруінің басты шарты мұғалімнің осы сабаққа деген қызығушылықты тудыра білуден басталады. Жаңа технологиялар педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мұғалімді алмастыра алмайды. Сабақты интерактивті тақтамен сүйемелдеу ісін жүзеге асыру, оны негіздеу осы тұрғыдан қарастырылуы тиіс. Интерактивті құралдар мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс жасауына жол ашып отыр. Интерактивті құрал ретінде интерактивті тақтаны қолданудың маңызы зор. Оны сабақта пайдалану дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі: пән бойынша базалық білімді меңгеру; алған білімді жүйелеу; өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру; жалпы оқуға деген ынтасын арттыру; өз бетімен жұмыс істеуге үйрену; уақыт үнемдейді; түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жүргізеді; пәнаралық байланыс қалыптасады; өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс жасау мүмкіндігі; Internet желісін пайдалану; шығармашылық бағытта жұмыс істеуіне мүмкіндік туады.
Интерактивтік тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Алдын ала дайындалған оқу материалдары – презентациялар, мәтіндік, графикалық ақпараттық объектілер-сабақтың жақсы әрі тиімді өтуін ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді. Microsoft Office құралдары арқылы құжаттарға немесе бағдарламалау ортасының көмегімен құрылған файлдарға, интернет беттеріне сілтемелерді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Интерактивті тақта – сыныптағы оқушылардың барлығын оқыту үшін құнды құрал. Бұл мұғалімдерге жаңа материалды өте қызықты және қарқынды етіп түсіндіруге көмектесетін көзге көрінетін (визуалды) ресурс. Оның ақпаратты түрлі мультимедиялық ресурстар көмегі арқылы таныстыруға мүмкіндігі зор. Оқытушылар мен оқушылар материалды барынша жетік түсініп оқи алады. Ол сызбаларды түсіндіруді жеңілдетіп, қиын мәселелерді шешуге көмектесе алады.
Оқытушылар өздерінің жаңа ойларын, идеяларын әсерлі, тартымды етіп көрсету үшін осы тақтаны қолданса мақсаттарына жетеді. Бұл тақтада оқушылармен жаңа материалды бірігіп талдауға мүмкіндік зор. Сондай-ақ оқытушылар үшін абстракты ойлар мен концепцияларды түсіндіруде құнды құрал болып табылатыны анық. Тақтада оп-оңай ақпаратты өзгертуге болады немесе жаңа объектілерді жасауға, жылжытуға да тиімді. Оқытушылар өз қимылдарын түсіндіре отырып ойларын ауызша жеткізуге болады. Осылайша бірте-бірте оқушыларды қатыстыру арқылы идеяларды тақтаға жаздыруға ұласады. Зерттеулер көрсеткендей, түрлі ресурстарды, қызықтыруларды ұлғайта отырып қолданса, оқытушылар үшін де, оқушылар үшін де интерактивті тақта сабақты қызықты ететіні анықталды. Интерактивті тақтамен дұрыс жұмыс жасаса, оқытушылар оқушылардың білімдерін тексере де алады. Кейбір идеяларды түсіну үшін қойылған дұрыс сұрақтар дискуссияны өрбітіп, оқушылардың материалды жақсы түсінулеріне мүмкіндік туғызады. Талдау жүргізуді басқара отырып, оқытушы оқушылардың шағын топтарда жұмыс жасауларына жол сілтейді. Интерактивті тақта сыныптағы барлық оқушылардың басты назарына айналады. Ал егер де керекті материалдардың барлығы алдын-ала дайындалып, түсінуге оңай болса, сабақтың жақсы қарқында өтуін қамтамасыз етеді.
Интерактивті тақтада жұмыс жасау материалды қарапайым, бірақ шығармашылық түспен қолдануды қарастырады. Файлдар мен беттерді алдын-ала дайындап, қолданылатын басқа ресурстарға бекітуге болады. Құрылымы сол бұрынғы – интерактивті тақтаны қолдану, қолданбауы маңызды емес.
Интерактивті тақта көмегімен оқыту, тек компьютермен және проектормен оқытуға қарағанда айтарлықтай әсерлілеу, өйткені оның бірнеше артық тұстары бар. Атап айтсақ: веб-сайттар және басқа да ресурстар қолдану есебінен материалды түсінікті, әсерлі етіп жеткізуді қамтамасыз етеді, сурет салу мүмкіндіктері бар және кез-келген қосымшалардың, әрі веб-ресурстардың үстінен жазуға, көп уақыт шығындамай-ақ бейне көріністерді, сабақ барысында жасалған кез-келген жазуларды сақтауға, оны басып шығаруға болады; түрлі тартымды ресурстарды қолданудың арқасында оқушылардың қызығушылығын арттырады; ұжымдық жұмысқа араласу үшін үлкен мүмкіндіктер туғызады, жеке және әлеуметтік дағдыларын жетілдіреді; оқытудың түрлі стильдерін қолдануды (белгілі бір қажеттілікке икемделе отырып, мұғалім барлық мүмкіндігі бар ресурстарға иек артуына болады); сабақтың жақсы қарқында өтуін қамтамасыз етеді; өтілген материалды қайталау үшін мектеп желісінде пайдаланылған файлдарды сақтауға мүмкіндік береді; сақталған файлдар негізінде меңгерілген материалдарды тексеруді жеңілдетеді; педагогтар жасаған материалдарды қолдануды, бір-бірлерімен материал алмасуларын қамтамасыз етеді.
Мектепте интерактивті
тақтаны тек сабақ өту
Жалпы айтқанда интерактивті тақтаны мектепте қолдану өте тиімді. Тақтаны оқу процесінде пайдалану нәтижесі төмендегідей деген қорытындыға келдік: оқушыларға тақырып шеңберінде мәліметтер көлемі ұлғайды; оқушының пәнге қызығушылығы артады, дағды, зейін дамиды; дидактикалық материалдар қоры ұлғайды; өткен материалды қайталау мүмкіндігі туды; сурет, сызбалар дыбыстық әсерлер, қимыл анимациялары іске асырылды; сабақтан тыс жұмыстарда қолданылды; электрондық оқулықты, интернет желісін сабақта қолданды. Сабақ - мұғалімнің ізденісінің нәтижесі. Күнделікті сабақтағы бір сарындылық оқу – оқушының пәнге деген қызығушылығын жоғалтады. Баланың қызығушылығы мен ынтасының жоғалуы дегеннің мұғалім үшін үлкен мәселе. Осы мәселені шешу үшін, мұндай мәселе болдырмау үшін мұғалім бар күш - жігерін, шеберлігін салып сабақ өтеді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының дербес мемлекет болып әлемдік кеңістікте нығая түсуі еліміздегі білім беру саласында ақпараттық технологияларды кеңінен қолдануға бағытталған бетбұрыстары талап етіп отырғаны белгілі.
Балалардың сабаққа деген ынтасы бірден мұғалімнің парасаттылығына, біліміне, өз жұмысына деген сүйіспеншілігіне байланысты. Қазіргі кезде пәнді оқытуда жаңа технологияларды сабақта жан-жақты қолдану жаңаша оқытудың тиімді жолдарының бірі.
Ақпараттық технология – ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер мен өндірістік және бағдарламалық – технологиялық құралдардың жиынтығы. Қазіргі кезде сабақта ақпараттық технологияларды бәріміз кеңінен қолданамыз. Қазақ әдебиетінің классигі, ұлы атамыз Абай Құнанбайұлы: «Шәкірттерін жақсы оқу үшін, оның оқуға деген ынтасы және қызығушылығы зор болу керек»- деген. Расында да, тек ғана жігерлі, әр нәрсені үнемі білгісі келген, табандылығын, шыдамдылығын көрсеткен адам ғана мақсатына жетеді.
Кез келген пәнді оқытуда жаңа технологияларды сабақта жан-жақты қолдану жаңаша оқытудың тиімді жолдарының бірі болып саналады Осындай жаңа жолдарының біріне заман талабына сай 21 ғасырдағы ақпараттық оқыту жүйесіндегі жобалау технологиясы арқылы пән үйретуді жатқызуға болады. Білім берудің озық технологияларын меңгермейінше сауатты да жан-жақты болу мүмкін емес. Соның бәрі компьютер, интернет, мультимедиялық құралдар және интерактивтік тақта көмегімен болмақ.
21 ғасырдағы ақпараттық оқыту жүйесіндегі жобалау технолгиясының ерекшелігі: оқушының танымдық қабілетін және танымдық процестерді жадының алуан түрлерін есту, көру, қимыл ойлауды, ынтаны қабылдау қабілетін дамытып, оны бекіту, шығармашылық деңгейін арттыру.
«Мектеп – жеткіншекұрпақтың ойын қалыптастыратын шеберхана, егер болашақты қолдан шығарып алғың келмесе, оны берік ұстау керек», - дейді француз философы Анри Барбюс. Қазіргі педагогтарға қойылатын талап, ол оқушыға сапалы білім, жүйелі тәрбие және де саналы ойлау мен қабілет, түйсігін дамыту. ХХІ ғасырда оқушылардың жанын рухани жағынан азықтандыратын, қызығушылығын арттыратын ақпараттық техникалық құралдар екені бәрімізге мәлім. Қорыта айтқанда, баланы рухани дамытуда айналамен таныстыру, яғни ақпараттық құралдардың жақсы жағын тиімді пайдаланып, күрделі, қыр сыры көп әлеуметтік ортаға оқушыны бейімдеп тәрбиелеу психолог – педагог қауымының еншісінде екенін назарда ұстауымыз керек. Оқушы ақпараттың жақсы жетістіктерін бойына сіңіріп, рухани бай Тұлға ретінде қалыптасуы заман талабы.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ
1. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы, Алматы, 2007ж.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Астана.- 2001ж. 30б.
3. А.Иманбаева, Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі. Қазақстан мектебі, №2, 2000ж. 45б.
4. А.Ерболатов «Жаңа ақпараттық технология – мектепте» //Информатика негіздері №2, 2010 жыл
5.Введение в педагогическую деятельность: Учеб. пособие для студ. высш. пед. Учеб.заведений. М.: Академия, 2002. С. 66.
6. Г.Байтилеуова, «Ақпараттық технологиялардың тиімділігі». Қазақстан мектебі. 2008 ж. №6 34б.
7. Г.Оразәлі Мектепте интерактивті тақтаны қолдану. Білім әлемінде, 2010ж. №5 28б.
8. Г. Н. Губайдуллина «Педагогиканы оқыту әдістемесі» Алматы, 2011ж -350б.
9. Г.Т.Жаримбетова, Интерактивті тақтада жұмыс жасау мүмкіндіктері. Мектептегі технология, 2008ж. №9 34б.
10.Г.Сұлтанова «Жаңа технологияларды ұтымды пайдалану» //Бастауыш мектеп №12 2005 жыл
11.«Информатика негіздері» №4 2005 ж 2, 30, бет
Захарова И. Г. Информационные технологии е образовании: Учеб. пособие для студ.высш. учеб, заведений. М.: Академия, 2003.
12.М.Ералиева «Оқытудың қазіргі технологиялары» //Бастауыш мектеп №5, 2006 жыл
13.М. Мақсұтқанова, Интерактивті тақта. Оқыту-тәрбиелеу технологиясы, 2010ж. 32б.
14Морева Н. А. Педагогика среднего профессионального образования: Учеб. пособие для студентов высш. пед. учеб, заведений. М.: Академия, 2001. С. 26.
15.Н. Әділбаев, Интерактивті тақта білімнің жаңа көкжиегіне қадам басты. Заң газеті, 2007ж. 30тамыз, 15б.
16.«Обучение для будущего» Проектная деятельность в информационной образовательной среде 21 века. Астана 2009г.
17. С. Т.Мұхамбетжанова, Ж. Ә. Жартынова, Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасау. Әдістемелік құрал.-Алматы,2008ж. 120б.
18. С.С.Сенғалиева Интерактивті тақта мүмкіндіктерін қолдану. Бастауыш сыныпта оқыту, 2010ж. №5 35б.
19.С.С.Сенғалиева Интерактивті тақта мүмкіндіктерін қолдану. Бастауыш сыныпта оқыту, 2010ж. №5 35б.
20.Т.С.Сламбекова «Педагогикалық психолгия»