Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 13:03, реферат
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. ХХІ ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес.Ол үшін болашақ ұрпағын тәрбиелеу керек.
Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. Білім берудегі АКТ ұғымы оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары , қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары , компьютерлік оқыту технологиялары және т.б., тіркестермен тығыз байланысты.
КІРІСПЕ..............................................................................................................3
Ι АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЗАМАНАУИ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНДЕГІ МАҢЫЗЫ.....................................................5
1.1 Ақпараттық технологияның түсінігі мен сипаттамасы...........................5
1.2 Оқу ақпаратын технология жағдайында меңгеру...................................14
ΙΙ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ...................................................................18
2.1 Оқытудың ақпараттық технологиясын білім беру жүйесінде қолдану..18
2.2 Жаңа ақпараттық технологиялармен оқыту технология түрлері........23
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ...........................................................32
Қолданбалы программалар: WordPad, MS Word, MS Excel, Paint т.б. мектеп курсында пайдалану тиімді. Қазіргі қоғам сұранысына сай оқушы білімді, жан-жақты, шығармашылық қабілетін дамытуда қол-данбалы бағдарламаны меңгеру жет-кіліксіз.
Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз. Осы міндетті басшылыққа ала отырып оқушының бәсекеге қабілетті жан-жақты болуын «болашақ» деп белгіледім.
Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің барлық саласында жаңа ақпараттық технологияны жоспарлы түрде енгізіп, жүйелік интегралды өткізу немесе қаа-тамасыз ету қажеттілігі туындап отыр.
Қазіргі замандағы ақпараттық технология әрбір оқушының білім алу үрді-сінде шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Дәл осы ақпараттық технология мен әрбір оқушының өзіндік білім алу траекториясын таңдауына жол беретін анық білім беру жүйесін құруды, оқу бағдарламаларының бағдарламалануы және өзгермелі бейімделінуі есебінен оқу үрдісінің біртұ-тастығын сақтай отырып оны дара-ландыруға мүмкіндік беретін кмпьютердің маңызды дидактикалық қасиеті негізінде оқушылардың оқу үрдісінде танымдық қызметін тиімді ұйымдастыру арқылы жаңа білім алу технологиясын түбегейлі өзгертуді тығыз байланыстырады.
Сапалы білім негізі – ақпараттық технология.«Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. «Надан жұрттың күні –қараң, келешегі тұман»,-деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мұғалімдердің алдында тұрған басты міндет- оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі-жаңа технология негіздері болып табылады. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыстана білуіне назар аударған жөн. Оқушы қызметін активтендіру негізінде педагогикалық технологияларының бірі-деңгейлік саралау технологиясының элементін қолдану. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.
1) Деңгейлеп
оқыту әр оқушыға өз мүмкіндікт
2) Деңгейлеп
оқыту әр түрлі категориядағы
балаларға, олармен саралай
3) Деңгейлеп-саралап
оқыту құрылымында білімді
Ақпараттандыру – бұл ақпараттық ресурстарды қалыптастыру және тиімді пайдалану негізінде мемлекеттік басқару органдары мен азаматтардың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыруға қолайлы жағдай құру.
Ақпаратық технологиялардың даму қарқындылығы соншалықты жылдам, тіпті кез-келген жаңа нәрсе мен жаңалық пайда болып үлгермей, әрбір үйге жетіп жатады.
Білім беру мекемелерін компьютерлік техникалармен жабдықтау мәселесі соңына дейін толық шешілген жоқ, күн тәртібінде қазіргі уақытта басқа мәселе тұр- ол компьютерлік техниканы қалай дұрыс пайдалану керек деген мәселе.
Бүгінгі таңда біздің мемлекетіміз негізгі тұжырымдамасы өркениет дамуының жаңа тарихи фазасынан құрылған негізгі тұжырымдамасы ақпараттық қоғам құру курсын қолға алды. Оның негізі – ақпарат және білім.
Білім беру саласын ақпараттандыру жағдайында кез – келген тұлғаға ақпараттық білім негіздерін игерту, ақпараттық – комуникациялық технология құралдарын білім алуда қолдану мен оның мүмкіндіктерін пайдалану дағдыларын қалыптастыру қажет.
Компьютер техникасын тиімді пайдаланудың өлшемі болып, оны басқа да пәндерді оқыту кезінде қолданады.
Біріншіден, Ғаламторда көптеген материалдарды іздеуге қалыптасқан, онда түрлі пәндерді оқыту бойынша сабақтардың толық кешендері; екіншіден – компьютерлер уақытты үнемдеуге, көрнеклік материалдарды тиімді пайдалануға болады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру ісіне оқытудың жаңа технологияларын енгізу міндетін қояды.
Білім мазмұнын жүзеге асыру үшін дәстүрлі оқыту технологиялары мен әдіс-тәсілдерін түбегейлі өзгерту негізгі мәселенің бірі болады.
Бүгінгі күні білім беру жүйесін ақпараттандыру ісінің басты мақсаты – заман талабына байланысты ақпараттық қоғамның шарттарына сәйкес оқушыларды тұрмыстық қоғамдық және кәсіптік өмір салаларына толық әрі тиімді түрде араластыру болып табылады.
Бірақ ақпараттық технологияларды дамыту мен оларды пайдалану тек алдыңғы қатарлы техникалық деңгейді талап етіп қана қоймай, оны іс жүзінде қолдануға қажет білім мен оны қолдану аясын, яғни қоғамның интеллектуалдық (зерделік) потенциалы болуын керек етеді. Мұндай талап алдымен білім беру жүйесін күшейтуді қажет етіп, оның қоғамдағы рөлін міндетті түрде жоғары дәрежеге көтереді.
Оқыту үрдісіндегі оқушының белсенділігі дидактиканың негізгі талаптарының біріне саналады. Оқушылардың мұндай белсенділігі мақсатты бағытталған басқарушылық педагогикалық іс-әрекеттердің және сабақтарда қолданылатын педагогикалық технологиялардың тікелей салдарынан келіп туындайды. Оқушы оқып үйренетін материалды жақсы және барынша терең түсінеді және алған білімі неғұрлым ұзақ уақыт жадында қалады. Оқушы , мұғалім және АҚТ сызба түрінде кескіндесек:
Білім қорын жинаушы
Өз бетімен әрекеттенуші Саралаушы
Ақпаратты-қатынастық технология көптеген оқу бағдарламаларының тууына, дамуына ықпал етеді.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттары болса, білім беру саласындағы педагогтардың басты міндеттері оқушы әлеуметінің ақпараттық сауатты болып өсуі мен ғасыр ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу.
Ал, ақпараттық технологияны қолдану оқушыға не береді?
ΙΙ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1 Оқытудың ақпараттық технологиясын білім беру жүйесінде қолдану
Білім берудің жүйесінің негізі – мектеп болғандақтан, мектепте жаңа технологияларды кеңінен пайдаланудың маңызы ерекше. Сол себепті еліміздің барлық білім беру ошақтары қазіргі озық технологиялармен жабдықталып, мультимедиялық кабинеттер ашылды.
ХХІ ғасырда әлем өркениеті жаңа даму кезеңіне қадам басты. Бұл кезең кез-келген мемлекеттің даму деңгейін табиғат ресурстарымен емес, интеллектуалдық, шығармашылық потенциалымен, ғылымда жаңа ақпараттық технологияларды меңгеру, өндіру жетістіктерімен анықтайды. Осы тұрғыда білім беру жүйесінің тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру ақпараттық білім кеңістігін қалыптастыруға алып келеді.
Елбасы бекіткен Қазақстан
Республикасының индустриялық-
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген. Соның бірі: «Білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін, нәтижеге бағытталған білім берудің жаңа жүйесіне көшу үшін әр мұғалім, жеке тұлға күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа ақпараттық технологияларға, әлеуметтік, тұлғалық және жеке құзыреттіліктерге ие болуы тиіс. Бұл талаптар күнделікті әдістемелік жұмыстың жүйелі түрде ұйымдастырылуы негізінде жүзеге асырылады.
Оқу үрдісінде компьютер оқып үйрену нысаны ретінде, сонымен бірге оқыту, тәрбиелеу, дамыту мен оқытудың мазмұнын терең меңгеруді диагностикалау құралы ретінде әрекет етеді.
Ақпараттық технологиялар жағдайындағы оқыту процесі жеке тұлға теориясына сүйенеді. Әрбір жеке тұлға өзін қоршаған ортаға көзқарсымен және өзіндік моральдық талаптарымен, белсендііліктің, түрлі сатысымен және басқа да маңызды қасиеттерімен сипатталады
«Технология» гректің «teche»- өнер, шеберлік және «logos»- ғылым деген сөзінен шыққан, яғни «шеберлік туралы ғылым» деген мағынаны білдіреді.
Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір-бірімен тығыз байланысты. Әдістеме ғылымы «Нені оқыту керек?», «Не үшін оқыту керек?», «Қалай оқыту керек?» деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы «Қалай нәтижелі оқытуға болады?» деген мәселенің шешімін іздейді. Олардың мақсаты бір, яғни оқытудың тиімді жолдарын қарастыру Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру процесі. Бұл процесті іске асырудың негізгі құралы компьютер болып табылады, сол себепті қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан, жаңа ақпараттық технологиялардың тілін білетін мұғалім қажет.
Енді, осы ақпараттық технологияларды жүзеге асырудағы жұмыс түрлеріне тоқталып өтейік:
Ақпараттық технологиялардың бірі - интерактивтік тақта, мультимедиялық және он-лайн сабақтары. Былтырғы жаңа оқу жылының ерекшелігі – республикада алғаш рет жалпы білім беретін мектептерде Елбасының он-лайн режимінде өткен интерактивтік сабағымен басталды. Бүгінгі таңда Республика көлеміндегі мектептердің 97 пайызы интернет желісіне қосылып, әр салада оқушылардың ақпарат алуын қамтамасыз етіп келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен еліміздің көптеген мектептерінде интерактивтік тақта орнатылды.
Қазіргі кезде
мектеп кабинеттерінде интерактивтік
тақта орнатылған. Сондықтан бұл тақтамен
әр сабақты қызықты өткізуді ойластырып,
жоспарлауға болады, себебі қолда бар
мүмкіндіктерді пайдалану арқылы оқушыларды
жаңа заман технологиясымен жұмыс жасауға
үйретуде «Білім туралы» Қазақстан Республикасының
Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндетi
– ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар,
ғылым мен практика жетістіктері негізінде
жеке адамды қалыптастыруға және білім
алу үшін қажетті жағдайлар жасау; …оқытудың
жаңа технологияларын енгізу, білім беруді
ақпараттандыру» – деп білім беру жүйесін
одан әрі дамыту міндеттері көзделді.
Қазіргі ақпараттық
қоғамда өндірістің дамуының негізгі
құралы болып ақпараттық ресурстардың
қажеттілігі айқын көрінеді. Сондықтан
білім беру саласы да өзінің дамуы үшін
жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты
тұлғаға ақпараттар кеңістігінде дұрыс
бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын
оқытудың жаңа технологиялары пайда болып
отыр. Жаңа ақпараттық технологиямен орындалатын
қызмет өзінің кез келген нақты формасында
тиімдірек орындалады, адам өркениетті
бола бастайды.
Педагог мамандарды ақпараттық-коммуникациялық
технология негiзiнде дайындауда келесi
қағидалар негiзге алынған:
– вариативтiлiк – әрбiр бiлiм беру қызметкерлерiнiң
жасақтаған материалдарына сәйкес бiлiктiлiктi
көтеру жүйесiн бағыттайды;
– болашаққа негiзделген –күтiлетiн нәтиженi
анықтайтын кезеңдiк бағдарламалардың
бағытын орнықтырады және жеке тұлғаға
бағытталған курстың жалпылама мақсатын
анықтайды;
– рефлексивтi-креативтi – жаңа ақпараттық
технологияларды меңгерту бiлiмдерiн ұйымдастыруда
курстың бағыты даралық-шығармашылық
негiзге бағытталуы қажет;
– эргономикалық – нақтылы мәселелердi
үйренуге қажеттi уақыт мөлшерi талап етiледi;
– iзгiлiктiлiк – бейiмделген оқыту жүйесiн
құруды талап етедi, бiлiктiлiктi көтеру
жүйесiнiң құрылымы мен нақтылы нәтижесiн
анықтау;
– тәжiрибеге бағытталған – оқыту көздерiнiң
бiрi ретiнде оқытушылардың тәжiрибесi қолдану
ой-пікірі жүзеге асырылады және нақытылы
iс-әрекеттер бойынша тыңдаушылардың танымдық
үдерістерінің өзара байланыстылығы мен
олардың жеке тұлға ретiнде қалыптасу
деңгейi анықталады;
– жекелеген кеңес беру – тыңдаушыларға
кеңес беру ұсынылады. Ол мына бағытта
жүргiзiледi: әрбiр тыңдаушының өзiндiк ерекшелiгiн
ескере отырып қойылған нәтижелерге жетуге
байланысты игерiлетiн мәселелердiң мазмұны
мен оған қолданылатын тиiмдi әдiс-тәсiлдер.
Жаңа ақпараттық технологиясына дайындау
мынадай екi негiзгi модуль бойынша құрастырылған:
“Педагогтың ақпараттық құзырлығы” және
“Оқытудағы ақпараттық технологиялар”.
Ақпараттық мәдениеттi дамыту қазiргi педагогтың
ақпараттық құзырлығына қойылатын талаптарына
сай анықталады:
1. қазiргi бiлiм беру жүйесiндегi ақпараттық
кеңiстiк туралы бiртұтас түсiнiктi қалыптастыру
(бүкiләлемдiк ақпараттық ресурстарға
бағдарлау, ақпараттарды iздеу алгоритмi
мен ақпараттарды талдау-синтетикалық
тұрғыдан өңдеу әдiстерiн меңгерту).
2. ақпараттық (дербес жағдайда, компьютерлiк)
сауаттылық: оқу-әдiстемелiк, озық тәжiрибелердi
зерттеу, ғылыми-зерттеу нәтижелерiн түрлендiру
мен технологияларды қолдану әдiстерiн
меңгерту; қолданбалы бағдарламалық құралдарды
меңгерту; жаңа бағдарламалық құралдарды
меңгерту.
3. өз қызметтерiн жаңа ақпараттық технологияның
мүмкiндiктерiн пайдалану: жаңа ақпараттық
технологияның мүмкiндiктерi туралы бiлiм;
коммуникациялық қызметтердi пайдалану
дағдысы; бiлiм беру үдерісінің ерекшелiктерiн
ескере отырып, педагогикалық бағдарламалық
құралдарды қолдану және оларды өз қызметтерiмiзге
сәйкес бейiмдеп пайдалану.
Яғни, білім беру жүйесінің барлық саласында
жаңа ақпараттық технологияны жоспарлы
түрде енгізіп, жүйелік интегралды өткізу
немесе қамтамасыз ету қажеттілігі туындап
отыр. Қазіргі замандағы ақпараттық технология
әрбір тұлғаның білім алу үдерісінде шығармашылық
қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер
береді. Дәл осы ақпараттық технология
мен әрбір тұлғаның өзіндік білім алу
траекториясын таңдауына жол беретін
анық білім беру жүйесін құруды, оқу бағдарламаларының
бағдарламалануы және өзгермелі бейімделінуі
есебінен оқу үдерісінің біртұтастығын
сақтай отырып оны дараландыруға мүмкіндік
беретін компьютердің маңызды дидактикалық
қасиеті негізінде тұлғаның оқу үдерісінде
танымдық қызметін тиімді ұйымдастыру
арқылы жаңа білім алу технологиясын түбегейлі
өзгертуді тығыз байланыстырады.
Бiлiм берудi ақпараттандырудың негiзгi
мақсаты Қазақстан Республикасында бiртұтас
бiлiмдiк ақпараттық ортаны құру болып
табылады. Олай болса, бiлiм беру саласында
жаңа ақпараттық технологияны пайдалануға,
Қазақстан Республикасындағы ақпараттық
кеңiстiктi әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiмен
сабақтастыруға мүмкiндiк бередi.
Бiлiм берудi ақпараттандырудың негiзгi
мiндеттерi:
– ақпараттық және телекоммуникациялық
техникалық құралдармен қамтамасыз ету;
– бiлiм берудi ақпараттандыру бойынша
практикалық шараларды анықтап, жүзеге
асыру;
– оқу-тәрбие үдерісіне жаңа ақпараттық
технологияны енгiзудi қамтамасыз ету
бойынша ғылыми-iзденушiлiк және оқу-әдiстемелiк
жұмыстарын жүргiзу;
– пәндер бойынша жасақталатын жалпыға
мiндеттi бiлiм стандарттарының және оқу-әдiстемелiк
кешендерiнiң мазмұнын ақпараттық технологияны
пайдалану мүмкiндiктерiмен жетiлдiру бiлiм
берудi басқаруда ақпараттық жүйенi құру;
– бiлiм беру мекемелерiнiң қызметкерлерi
үшiн бағдарламалық-техникалық құралдарды
қамтамасыз ету және мультимедиялық бағдарламаларды,
электрондық оқулықтарды жасақтау;
– педагог кадрларды жаңа ақпараттық
технологияны өз қызметтерiне еркiн пайдалана
бiлуге дайындау және жүйелi түрде бiлiктiлiктерiн
көтеру.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында
педагог мамандардың біліктілігін көтеру
– бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің
бірі екендігі даусыз. Педагог мамандардың
біліктілігін көтеруді ақпараттандыру,
қажеттілікті шешу барысында педагог
мамандардың біліктілігін ақпараттық
технологияны өз қызметтеріне пайдалану,
педагог мамандардың ақпараттық сауаттылығын,
ақпараттық мәдениетін және ақпараттық
құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру
мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне
айналып отыр.
Сондықтан, Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің 2011 жылғы 8 қарашадағы
№ 462 бұйрығына сәйкес «Жоғары оқу орнының
үздік оқытушысы» конкурсына қатысуға
құжаттарды белгіленген тәртіппен тапсыруға
бел будым. Бұл конкурс жыл сайын 200 грант
тағайындайды. Бір гранттың көлемі тиісті
қаржы жылына арналған республикалық
бюджет туралы Қазақстан Республикасының
Заңында белгіленген 2000 еселенген айлық
есептік көрсеткішті құрайды. «Жоғары
оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсында
жеңіп шыққан оқытушыға шетелде тағылымдамадан
өтуді қоса алғанда, бір жыл ішінде ғылыми-зерттеулерді
жүргізуге ЖОО-ның оқытушысына өтеусіз
берілетін қаражат алуға болады.
Әлемдік өркениетке қадам басқан Қазақстанның
қоғамдық-саяси, экономикалық, мәдени
дамудағы жаңа бастамалар мен түбегейлі
өзгерістер білім беру жүйесіне өз әсерін
тигізіп, білім деңгейін, оқыту әдіснамасын
жетілдіруде тың ізденістер жасауға мүмкіншілік
туғызып отырғандықтан конкурсқа қатысуға
шешім қабылдадым.
Сол себепті білімді жаңарту мен жетілдіру
ұмтылысым, кәсіби дамыған ептілігім мен
білімімді кеңейту, түрлі білімдерді құрастыра
алатын қабілеті бар жаңа тұрпаттағы маман
ретінде тәуелсіз еліміздің рухани және
экономикалық өрлеуі білімді азаматтарды,
жоғары дәрежедегі мамандарды қажет ететіндігін
түсінгендіктен де шетелдерде ғылыми
тағылымдамадан өтіп, олардың білім беруде
жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың
маңыздылығын зерделей отырып, төмендегі
нәтижелерге қол жеткізуге болатындығына
көз жеткізсем:
– жаңа ақпараттық технологияны қолдану
арқылы бiлiмнiң сапасын көтеру;
– жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық
технологияларды енгiзу арқылы бiлiм беру
мазмұнын жаңарту;
– жаңа ақпараттық технологияны қолдану
саласы бойынша оқушылардың мамандыққа
баулу механизмiн құру;
– бiздiң елiмiздегi және шет елдердегi жинақталған
ақпараттық ресурстарға жедел ену;
– мультимедиялық электрондық оқулықтарды,
виртуальдық зертханаларды және бақылау
бағдарламаларын жасақтап, қамтамасыз
ету;
– отандық бiлiм беру жүйелерiн бiртұтас
әлемдiк ақпараттық бiлiмдiк кеңiстiкке
ену арқылы сабақтастыру және т.б.
Адамзат өркениетті Жер бетінде орныққалы
бері одан өз орнын ойып тұрып алып келе
жатқан мемлекеттердің жөні өзінше бір
бөлек. Солардың бірі Малайзия елі. Бұл
елдің ғажайып тарихы, бүгінгі әлемде
экономикасы өте жоғары. Сондай-ақ, дамыған
ел ретінде салмағы да ерекше. Оның үстіне
Малайзияның Еуразиядағы ықпалдастықтың
ең белсенді қозғаушысы ретіндегі беделі
де барған сайын арта түсіп келеді. Екі
мемлекеттің, яғни Қазақстан мен Малайзия
өзекті әлемдік және өңірлік мәселелер
бойынша ұстанымдарының ұқсастығын, жаһандық
және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз
ету мақсатында халықаралық ұйымдардағы
өзара тиімді ықпалдастыққа ұмтылысы
қуантады.
Кәсіби іскерлікті қалыптастырудың әлеуметтік
мәні адамгершілік қасиеттерден тұрады
десек, жеке тұлғаның даму бағыттылығы,
кәсіби іскерлігі оның арнайы іс-әрекет
орындау үдерісіндегі қарым-қатынас мәдениетінің
деңгейіне байланысты. Бұл үшін ғылымның,
мәдениеттің, өнер мен әдебиет әлемінің
және имандылықтың, рухани білім тәжірибелерінің
үндесуі қажет болған жағдайда аталмыш
елдің рухани-адамгершілік және этно-мәдени
құндылықтарын өз рухани азығыма айналдырмақпын.
Адамзаттың тіршілік қаракеттерінің негізгі
тұғырнамасы – білім. Жаңа заман жаңа
көзқарас тудырып, іргелі жаңғыртулар
жасау мен білімді дамытудың жаңа сапалық
деңгейін қажет етіп отырған кезеңде Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
өз назарында ұстап отыруының орны ерекше.
Табиғи және әлеуметтік өмір сүру ортасымен
үйлесімділікте тіршілік етуге дағдыланған,
талабы жоғары, ниеті түзу, пиғылы оң, жаны
жақсылыққа құмар, жасампаз азамат есебінде
қалыптастыру үшін алатын білімнің тек
өткен тарих пен бүгінгі күннің проблемаларын
емес, болашақтың жайын ойлауға, болжауға,
алдын алуға, тиісті шешімдер қабылдап,
оған өзінің оң үлесін қосуға қалыптастыруға
бағытталған үлесі зор деп біле отырып,
Ұлы Абай жырлаған «ақыл, қайрат, жүректі
бірдей ұстаған, толық тұлғаның» дамуында
ұйымдастырылып отырған «ЖОО-ның үздік
оқытушысы» мемлекеттік грант конкурсының
орны ерекше.