5-сынып оқушыларының қиялын ертегілер арқылы дамыту

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2013 в 13:29, курсовая работа

Описание работы

Жеке бала – бұл күрделі бүтін жүйе және оның дамуын ашатын жүйеқұрағыш бөлігін табу өте маңызды. Сол бөлік ретінде ғалымдар өздігінен танымдылықты бөледі, ол жеке адамның дамуындағы бүтін интегралдық көрсеткіші, адамға жаңа жағдайда жеңіл жөн табуға, өзге жағдайда білім мен дағдысын қолдануға мүмкіндік береді. Сондықтан адамның өзіндік танымдылығын дамыту маңызды және мәнді мәселе.

Содержание

1. Кіріспе............................................1-3

2.Негізгі бөлім...............................................................3-13

2.1. Қиял түрлері мен сипаттамасы..................................
2.2. Шығармашыл қиял......................................................
2.3.
Оқушылар қиялы- арман
Ертегілер арманмен толған.........................................

3.Тәжірибелік бөлім.............................................................13-21

3.1. «Ертегілер еліне» саяхат (сабақ жоспары).................
3.2.Ертегілер арқылы қиялды дамыту жолдары..................

4.Қорытынды.........................................................................21-23

Қиялмен өмір сүргендер,
Болашаққа күліп кіргендер.
Арманға мойынсұнғандар,
Мақсатқа жеткен ұландар!

5. Әдебиеттер тізімі................................................................24

Работа содержит 1 файл

5-сынып оқушыларының қиялын ертегілер арқылы дамыту.doc

— 156.50 Кб (Скачать)

Мектеп жасына дейінгі  баланың негізгі әрекеті болып  табылатын ойын - бала қиялын дамытуда ерекше орын алады. Ойын үстінде оның творчестволық талабына кең жол  ашылады. Бала ылғи да бір нәрсені  жасау, қүрастыруға әрекетжасайды. Ойын баланың ойлау белсенділігін, күш-қуатын барынша жұмсауға мүмкіндік туғызады. Ойын үстінде бала айналадағы шындықты сын көзімен қарап аңғара алмайды да, қиял бейнелерінің жетегінде кетеді. Бала психикасының осы жағы да қиял тәрбиесінде есте болатын жай.

Мектеп - бала қиялын дамытуда үлкен рөл атқарады. Мүндағы оқылатын сабақтардың мәніне түсіну қиялсыз  мүмкін емес. Мәселен, табиғатты суреттейтін, немесе қандай да болсын оқиғаны баяндайтын бір материалды түсіндіргенде мұғалім арнаулы тәсілдер арқылы окушылардың қиялын оятады. Қиял арқылы бала ондағы жанды бейнелерді көз алдына елестеткендей, қолымен ұстағандай, құлағымен «еститіндей» күйге түседі. Көркем әдебиет шығармаларын талдағанда, тарих сабақтарындағы әңгімелерде, оқушылардың түрлі ойындарында қиял процесі әр қырынан көрініп отырады. Төменгі сынып оқушыларында алғашқы кезде қиялдың дамуы айтарлықтай болмайды. Мәселен, бірінші сыныптағылар суретке не оқығанға қарап, өз бетімен жаңадан бейне жасай алмайды. Өйткені осы жастағыларда синтездеу қабілеті жөнді дамымаған. Олар оқығанын кездейсоқ, біріне-бірі байланыспаған ассоциациялар арқылы жаңғыртып отырады. Баланың қайта жасау қиялын дамыту үшін алдымен олардың тәжірибесін қорландыра түскен дүрыс. Осы салада мүғалім істейтін іс — ұшан-теңіз. Мәселен, мүғалім балаларды орманға экскурсияға апарған екен дейік. Онда оқушылар әрбір ағашты, өсімдік түрлерін көздерімен көріп, қолдарымен ұстайды, білмегендерін бірінен-бірі сұрап не мүғалімнен біліп алады. Ертеңіне мүғалім оқу сабағында балалардан көрмеген ормандарды (тайга, тундра, тропика т. б.) туралы айтып беріндер десе, бүл олардың қиялын тәрбиелеуге көп пайдасын тигізеді. Өмір тәжірибесінің артуы, білім қорының молая түсуі балалардың қиялын да дамыта түседі. Мәселен, үшінші сыныптағылар сурет сабағында алдында тұрған заттардың бейнесін айнытпай сала алады, оны осындай басқа затпен салыстырып көреді. Бүл балада қайта жасау қиялының қалыптасып келе жатқандығын байқатады.

Бала қиялы әрекет үстінде дамитындықтан не нәрсеге  болмасын өзін қатыстырып, оның икемділігі мен дағдысын дамытып отыру қажет. Мәселен, сурет салудың, ән айтудың тәсілдері мен техникасын үйренбейінше, баланың осыған орай көрінетін қиялы да шарықтай алмайды.

Төменгі сынып оқушыларының қиялын дамыту олардың эстетикалық  сезімдерін оятады. Мәселен, көркем әдебиет кітаптарын оқу, музейлер мен галереяларға бару, кино көру, ұйымдасып музыка тындау, бала қиялын жаңа мазмүнға толтыра түседі. Шәкірт қиялын дамытуға үлкендер үнемі жетекшілік етуге тиіс. Мүғалім де, оқушының ата-анасы да бүл жерде тек ақылға ғана әсер етпей, эмоциясына әсер етерліктей әдістерді іздестіріп отырулары керек. Оқушылардың жас, дара ерекшеліктерін ескеріп отыру, қиялы күшті дамыған балалармен дербес жұмыс жүргізу,табиғатқа өндіріс орындарына экскурсиялар жасау, түрлі тапсырмаларды оқушыларға дербез орындатып отырғызу, оқу барысында кездескен қиыншылықтарды жеңе алуға баулу т.б. осындай әдістер бала қиялын тәрбиелеудің түрлері болып табылады.

Ұлылардан — ұлағат

    Қиял! Мүнсыз ақын да, философ та... тіпті адам болуы да мүмкін емес.

Д. Дидро

 Армандай білуге бейімділікте де үлы даналық бар.

А. Франс

... арман деген көп белес. Біріне шықсаң бірі бар.

Ғ. Мустафин

Арманмен      ойнау     қауіпті,      күйреген      арман      өмірді

бакытсыздыққа душар  етуі де мүмкін.

                                                                               Д. И. Писарев

... бүрын фантазия, қиял деп жүрген  ойлар бүгін дағдылы іс екенін  танып, қүтыла аламыз ба?  Ш. Қудаибердіұлы

 

                                              Ертегілер

 

              Барлық елдердің фольклорынан  мол орын алатын  жанрлардың  бір түрі - ертегілер. Ертегілер  көбінесе қара сөз үлгісінде  айтылатындықтан, оны халықтың  ерте заманда шығарған көркем  әңгімесі дейміз. Қазақ ертегілерінің ел арасынан жиналып хатқа түсуі, баспа жүзіне шығуы ХІХғ. II жартысынан басталады. Ш.Уәлиханов, Г.Н. Потанин, В.В.Радлов, Ә.Диваевтан бастап бірнеше кезеңдердің ғалымдары еңбек сіңірген. Ертегі жанрының мақсаты - тыңдаушыға ғибрат беру ғана емес, сонымен бірге эстетикалық ләззат беру. Ертегі жанрының функциясы кең, ол әрі тәрбиелік әрі көркем-эстетикалық роль атқарады. Ертегілік прозаның басты мақсаты - сюжетті барынша ғажайыпты етіп, көркемдеп, әсірелеп баяндау. Демек, ертегі шындыққа бағытталмайды, қайта керісінше, әсірелеуді міндет тұтады. Жануарлар туралы ертегінің түп-төркіні адамзат тарихының ең арғы  заманында, аңшылық өмір кезінде жатыр. Қиял-ғажайып ертегілер - қазақ ауыз әдебиетінің ең көне жанрларының бірі. Алғашқы қауымдық қоғамда дамыған. Сондықтан бұл ертегілерде адамзаттың  ертедегі өмірінің көптеген  белгілері  сақталған. (Матриархат дәуірі, анимизм, тотемизм, магия  сияқты  діни  наным–сенімдер). Қиял-ғажайып ертегілердің  сюжеті мен поэтикасына, құрылымына  батырлық жырлар үлкен әсер еткен.

           Ертегінің негізгі бір саласы- қиял-ғажайып ертегілері. Бұларда  өмірде болмайтын нәрселер туралы  әңгімелер қозғалады. «Ұшқыш кілем», «Адам жеңбес Айыртөс батыр», «Аңщы бай», «Керқұла атты Кендебай»  т.б. қиял-ғажайып ертегілерінің де өзінше мәні үлкен.

            Қиял-ғажайып ертегілердің оқиғасы  фантазияға құрылады. Қаһарман-

дарды  «Күн астындағы  Күнікей қыз», «Ай астындағы Айсұлуларды» іздеп, жеті қат көк, жеті қат жер  астын шарлайды, жан баспаған қияға  барады. Олардың алысатын жаулары- қиялдан туған жеті басты жалмауыз, жезтыр-нақ, мыстан кемпір, алып дәу. Оларға қарсы күресте адамға көмектесетін дос күштер де болады. Сондай-ақ ертегілерде кездесетін алып қара  құс, самұрық, алты айшылықты алты аттар қанатты тұлпарлар. Бұлар-адамның өршіл қиялы туғызған бейнелер.Адам осындай ғажайып достарының көмегімен аса үрейлі күштерді жеңеді. Халық қиялы еңбек адамын ардақтайды, оның күшіне сол сенім білдіреді.

           «Ер Төстік» ертегісі көп ертегілермен  салыстырғанда , мазмұны, сюжеті, құрылысы, тіл жағынан көне заманда шыққан ертегі екендігі аңғарылады. Ертегіден қазақ халқының ескі мал шаруашылық өмірін және олардың дүниеге көзқарасын көреміз. Ертегінің оқиға желісін алсақ, табиғаттын асау күштерімен алсып, малды аман сақтап қалу жолында, елінен, жерінен адасып кеткен ағаларын іздеп тапқан Ер Төстіктің ерлігін суреттесе, еікінші жағынан, әр түрлі дию, перілермен күресі баян етіледі.

 

Ертегігінің алға қойған негізі тілек-мақсаты− табиғаттың сыры мәлімсіз күштерін жеңу. Бекторы, Темір хан,Шойынқұлақ тәрізді адамға зиян ойлайтын жауыздық иелерінен үстем шығып  оларды қалайда өздеріне  бағындыру болғандықтан, Ер Төстікке көмекші әр түрлі жолдастар, серіктер береді. Ер Төстікке жер астында кездесетін: Желаяқ, Саққұлақ, Таусоғар, Көлтауысарды алсақ, қайсысы болсын адам баласының  өмір-тіршілігіне керекті жандар. Өзінің әлі жетпейтін табиғат  күштерін адам баласы қия туғызған күшті адамдар арқылы бағындыруды мақсат етеді. әр түрлі жауыздықтардың ұясыболған, адам баласына қастық қана ойлайтын Бекторы, Шойынқұлақ, Темір хан, пері, жын, дию, мыстан кемпірлер қаншама күшті айлакер болса да, Ер Төстіктен жеңіледі.Ер Төстік қандай қиын-қыстауды басынан кешіріп, ақыры өз дегеніне жетеді. Халық оптимист, жақсылықты алдан күтеді, болашаққа сенеді. «Ер Төстік» ертегісі осыны көрсетеді.

         Ертегідегі оқиғаның шарықтау  шегі-Ер Төстіктің жер бетіне  шығып, Шойынқұлақпен күресуі,  ал оны жеңіп, үйіне келуі  оқиғаның шешімі болып саналды.

        Қандай ертегі болса да аяғы  жақсылықпен бітеді. «Ер Төстік»ертегісі де осыны дәлелдейді. Ер Төстікке көптеген бөгет, қиындықтар кездеседі.оның әрқайсысы- жеңуге болмастай қиындықтар. Әйтсе де әр түрлі себептермен бас қаһармансол бөгеттердің бәрін жеңіп шығады да, «барша мұратын жетеді». Бұл−барлық ертегілерге тән түйін және халықтың өмірге оптимистік көзқарасын көрсететін тұрақты шешім. Осы ертегі оқи отырып оқушылар үлкен қияға береледі. Өздерін Ер Төстіктің орнына қойып,  ойша жаңа образдар жасап, бөгеттерден өтуге тырысады. Осы шығарманы оқыған оқушылар арман жетегінде  кетуі әбден мүмкін.Оқушылардың қиялының қаншалықты дәрежеде дамитынын «Ертегілір еліне» саяхат атты сабақтан көресіздер.

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"Ертегілер  еліне" саяхат

 

Мақсаты: 1) оқушыларды халық ауыз әдебиетіндегі ертегілермен, ертегі  кейіпкерлерімен таныстырып, ұлттық рухани біліммен қаруландыру;

2) оқушының  тілін, қиялын, сөздік қорын халық  мұрасы арқылы дамыту;

3)оқушыларды ертегіні  сүйіп оқуға, адамгершілікке, шындыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ертегілер тақырыбына байланысты суреттер, қақпа, кейіпкерлердің бет перделері, ертегілер кітабынан көрме, тапсырмалар, бейнетаспа.

Барысы.

Мұғалім: Ата -аналар,  лагерь қонақтары, оқушылар! Бүгінгі "Ертегілер еліне" саяхатқа қош келдіңдер. Бүгін біз ертегілер еліне саяхатқа шығамыз. Саяхатты Қызыл телпек бастайды. Қызыл телпек ертегілер еліндегі әжесінің үйіне жетуге асығуда. Әжесінің үйіне дейін бірнеше кедергілер бар. Сол кедергілерден сүрінбей  өтсе ғана әжесіне барып, жақсы ертегіні достарымен бірге тыңдайды. Балалар Қызыл телпек кім ол?

 

Оқушылар  жауап береді.

 

Қане ендеше бәріміз бірге саяхаттайық! Қызыл телпекті ауырып жатқан әжесіне тез жеткізейік. Ортаға Қызыл телпекті шақырайық, ол біздің саяхатымызды бастасын!

 

Қызыл телпек: Әжеме жетуге мен асығамын, Қарашы кедергілер тосылғанын. Жалғыз емес, жанымда достарым бар, Орындаймыз біз барлық тапсырманы.

 

Қасқыр: Бәріміз айналайық бізде енді,

Тапсырма қиынырақ көрінеді.

Күш салып  тапсырғанын орындасақ,

Жетеміз біз де үйіне  әжесінің.

Балалар, ендеше бәріміз  тапсырманы бірігіп орындап Қызыл телпекпен бірге барып, әжесінің ертегісін тыңдайық.

 

1-тапсырма. "Ерте, ерте, ертеде..." деп аталады. Бұл тапсырмада ертегіде не туралы айтылады? Осы сұрақка жауап берсек "Ертегілер елінің" қақпасы ашылады.

Ертегілер туралы кім не біледі? Ертегілерде кімдер туралы, нелер туралы айтылады екен?

 

1-оқушы: Өткен күн таңтамаша ертегі ғой,

Айтады ертегі сыр, ертегі ой.

Ертегі айтса  еліктіріп балалар,

Қиялға қызықтырып ертеді ғой.

 

2-оқушы: Ертегіде халықтың мұң-зары бар,

Орман, тау, өрмелейтін кұздары бар.

Жамандықпен алысып, жауын жеңген

Халқымның ұлдары мен қыздары бар!

 

3-оқушы: Жауларымен алысып жекелеген,

Батыр ма ел намысын  өтемеген.

Ертегімен халқымыз ертеңіне

Ұрпағын қызықтырып жетелеген.

 

4-оқушы: Кел онда, ертегіні шертейік біз,

Қауымды мына келген ертейік біз.

"Ертегі  еліне" бір саяхаттап,

Келгендерді соңымыздан ертейік біз.

 

Өте жақсы, балалар! Ендеше ертегілер елінің қақпасын ашайық! Бізді қандай ертегілер күтіп тұр екен.

Балалар, ертегілер  — бұл қиял-ғажайып оқиғалар туралы әңгімелер. Ертегілердің түрлері көп. Хайуанаттар туралы, қиял-ғажайып, шыншыл ертегілер, аңыз-ертегілер болып бөлінеді. Мына суретте сол ертегілер түрлері бейнеленген. Сендер өздерің қандай ертегілер білесіндер? Әжелерің ертегі айтады ма? Сендерге қандай ертегілер айтты? Қане, кім айтар екен?

- Ертегі басталғанда  қалай басталады?

"Ерте, ерте, ертеде Ешкі жүні бөртеде Қырғауыл жүні қызыл екен, құйрық жүні ұзын екен".

Жақсы.

 

2-тапсырма: Бұл қай ертегі? Кейіпкерлері кім?

 

3-тапсырма: Ертегі кейіпкерлерінің өзін-өзі қорғауы.

 

"Мақта  қыз бен  мысық "

 

Мақта қыз: Мен Мақта қыз үйімді тазаладым,

Сен, мысық, кайта-қайта  мазамды алдың.

Қатық төктің, еңбекті қадірлемей, 

Құйрығынды жұлып ап жазаладым.

Мысық: Көзіме көрінбей тышқан,

Мен мысықпын іші пысқан.

Қатығынды қайтардым  төккен,

Қайырымды алдым  көптен.

 

Біздің ортамызда  мыстан кемпір отыр. Ертегіде мыстан кемпірдің істері сендерге жағымды болады ма, әлде жағымсыз ба? Өзі не дер екен?

 

Мыстан: Мен мыстанмын, мыстанмын,

Жақсылыққа дұшпанмын.

Су астынан  шыға кеп,

Алақаныннан қысқанмын.

Тісімді жұлып  лақтырып,

Сыпырғышқа  мініп ұшқанмын.

Жас емеспін, кәрімін,

Ертегінің сәнімін.

Көркейтуге  келгенмін

Ертегілер ауылын.

 

Дәу қай ертегінің  кейіпкері? Ол туралы не айта аласындар, балалар?

 

Дәу: Мен жалғыз көзді Дәумін,

Балаларға, батырларға жаумын.

Тауыңды да, тасыңды да лақтырамын,

Тек жамандық жолында шапқыладым.

Талай жерде  ақылмен алдап кетті,

Қаңбак шал  ма, қылғаны- ай, қап мынаның.

(Кақпадағы  қаңбак шалды тұра қуады).

Қанбақ шал: Мен Қаңбақ шалмын, қаңбақтаймын,

Жел соқса  ағаштан түскен жаңғақтаймын.

Алып дәуді  алдадым ақыры мен,

Қу түлкіден құтылдым ақыры мен.

Ешқашан жамаңдыққа жоламаймын,

Мен қаңбақ шал, жел соқса домалайтын.

 

"Қырық  өтірік" ертегісіндегі Тазша бала  өзінің шешендігімен хандарды сөзден ұтқан. Сөйтіп өзінің мұратына жеткен кейіпкер.

 

Тазша бала: Мен Тазша баламын,

Кіп-кішкентай ғанамын.

Қысылғанда сөз табамын,

Қырық өтірік пе кедергі,

Жаңылмай  айтып беремін.

Ақылыма тәнті  боп,

Алтын үйді басыма,

Той жасады хан  қызын 

Отырғызып қасыма.

 

Біздің ортамызда тағы қонактар бар. Олар Керқұла атты Кендебай, Меңдіқыз, Толағай.

 

Керқұла атты Кендебай: Алмас қылыш жарқылдап қасымдағы,

Жамандықты  жайраттым жолымдағы.

Азу тісін  қағыпап арыстанның,

Жеті басты  аждаһармен алысқанмын.

Міне Дәудің жалғыз көзін ойып алдым,

Әйтпесе батыр  деп мені мойындар кім?

Мен батыр, Керқұла  атты Кендебаймын,

Кәнеки, тұра алады жолымда кім?

 

Меңді қыз: Мен Менді қыз ақыл мен көркі қонған,

Жақсылыққа  әрдайым серік болған.

Ертегіде  хан, қара батырлар да

Жүреді мендей қыздың ақылымен.

Толағай: Аптап ыстық кең даланы қуартқан,

Егін күйіп, бұлақтарды суалтқан,

Мен Толағай  тау көтеріп ел үшін,

Жаңбыр әкеп,Отанымды қуантқам.

 

Жақсы, балалар! Үшінші тасырманы да орындап, әжейдің үйіне жеттік. Енді Кызыл телпектің әжесі бізге қандай ертегі айтар екен? Бәріміз қосылып ертегі тыңдайык. (Теледидарды қосып әжейдің ертегісін тыңдау).

Информация о работе 5-сынып оқушыларының қиялын ертегілер арқылы дамыту