5-сынып оқушыларының қиялын ертегілер арқылы дамыту

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2013 в 13:29, курсовая работа

Описание работы

Жеке бала – бұл күрделі бүтін жүйе және оның дамуын ашатын жүйеқұрағыш бөлігін табу өте маңызды. Сол бөлік ретінде ғалымдар өздігінен танымдылықты бөледі, ол жеке адамның дамуындағы бүтін интегралдық көрсеткіші, адамға жаңа жағдайда жеңіл жөн табуға, өзге жағдайда білім мен дағдысын қолдануға мүмкіндік береді. Сондықтан адамның өзіндік танымдылығын дамыту маңызды және мәнді мәселе.

Содержание

1. Кіріспе............................................1-3

2.Негізгі бөлім...............................................................3-13

2.1. Қиял түрлері мен сипаттамасы..................................
2.2. Шығармашыл қиял......................................................
2.3.
Оқушылар қиялы- арман
Ертегілер арманмен толған.........................................

3.Тәжірибелік бөлім.............................................................13-21

3.1. «Ертегілер еліне» саяхат (сабақ жоспары).................
3.2.Ертегілер арқылы қиялды дамыту жолдары..................

4.Қорытынды.........................................................................21-23

Қиялмен өмір сүргендер,
Болашаққа күліп кіргендер.
Арманға мойынсұнғандар,
Мақсатқа жеткен ұландар!

5. Әдебиеттер тізімі................................................................24

Работа содержит 1 файл

5-сынып оқушыларының қиялын ертегілер арқылы дамыту.doc

— 156.50 Кб (Скачать)

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        

      Тақырыбы: 5-сынып оқушыларының қиялын ертегілер арқылы дамыту

      Тобы:

      Қабылдаған:

      Орындаған:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                Қарағанды 2010ж

 

Жоспар

 

1. Кіріспе............................................1-3

 

2.Негізгі бөлім...............................................................3-13

 

2.1. Қиял түрлері мен  сипаттамасы..................................

2.2. Шығармашыл қиял......................................................

2.3.

Оқушылар қиялы- арман

       Ертегілер  арманмен толған.........................................

 

3.Тәжірибелік бөлім.............................................................13-21

 

3.1. «Ертегілер  еліне» саяхат (сабақ жоспары).................

3.2.Ертегілер  арқылы қиялды дамыту жолдары..................

 

4.Қорытынды.........................................................................21-23

 

Қиялмен өмір сүргендер,

Болашаққа күліп кіргендер.

Арманға мойынсұнғандар,

Мақсатқа жеткен ұландар!

 

5. Әдебиеттер  тізімі................................................................24

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                       КІРІСПЕ

Қоғамдағы саяси-экономикалық, мәдени өзгерістерге  байла-нысты  оқыту жүйесіне де өзгертулер енгізілді. Қоғам өмірі ең алды-мен адамның (баланың) өздігінен дамуы мен жетілуін іске асыратын, психологиялық теория мен практикаға ерекше мән бере бастады.

Оқушының дербестігін, шығармашылық ынтасын арттыруға бағытталған педагогикалық жүйе қазіргі білім берудің барабар талабы болып табылады.        

 Жеке бала –  бұл күрделі бүтін жүйе және  оның дамуын ашатын жүйеқұрағыш  бөлігін табу өте маңызды. Сол  бөлік ретінде ғалымдар өздігінен  танымдылықты бөледі, ол жеке адамның дамуындағы бүтін интегралдық көрсеткіші, адамға жаңа жағдайда жеңіл жөн табуға, өзге жағдайда білім мен дағдысын қолдануға мүмкіндік береді. Сондықтан адамның өзіндік танымдылығын дамыту маңызды және мәнді мәселе.        

 Жеке баланың өздігінен танымдылығын дамыту үшін көптеген факторлар әсер етеді: стихиялық (апаттық) және арнайы ұйымшылдық, табиғи және әлеуметтік факторлар. Басқа факторлармен қатар ғалымдар мен педагог-практиканттар қоршаған ортаның әсерін көрсетеді. Ол ортада бала жеке адам ретінде дамиды, оған әсер етудің арқасында өзінің өздігін көрсетеді.        

 Ғалымдар білім  ортасының құрылымдық бөлігі  пәндік қоршауы деп көрсетеді.  Пәндік қоршауды пәндік орта  ретінде анықтап, қазіргі зерттеушілер  оны іс-әрекеттің ұйымдасқан көзқарасында қарап (ұйымдасқан және ұйымдаспаған орта), оны белгілі бір ортада (ойын, оқу, еңбек) қарастырады.              

 Барлық теориялық  және практикалық маңызды зерттеулерге  қарамастан ойын – пән ортасында  әлі де жеткіліксіз өңделмеген  құру аспектілері кездеседі. «Ойын – пән ортасы» деген ұғымның мағынасы, оның құрылымы оқу – пән ортасында оқушылардың өзіндік танымдылығын дамытуды іске асыру механизмі.        

 I. Зерттеу жұмысының өзектілігі: келесі факторлармен көрсетуге болады:    

- әлеуметке өздігінен танымды және өзін дамытуға жағдайы бар еркін адамның қажеттілігі;   

- төменгі сынып оқушыларының  өздігінен танымдылығын дамытуды  зерттейтін, оның ғылыми негізін  талдайтын оқу орындарының қажеттілігі;   

-сабақ барысында оқу мен танымдық процестерді жетілдіру үшін тиімді әдістер, жаңа технологиялар пайдаланатын оқытушылардың аздығы.        

 II. Зерттеудің мақсаты:

5-сынып оқушыларының  қиялын ертегілер арқылы дамыту  жолдарын ұсыну;

-оқушыларға қиял және  оның түрлері жөнінде түсінік беру;

-оқу процесінде қиялды дамыту жолдарын жоспарлау;

-ертегілер оқу арқылы  қиялдың ерекше түрі - арман қалыптастыру;

-қиял-ғажайып ертегілер  арқылы  оқушының бойында қиял  түрлерін жетілдіру.

ІІІ.Зерттеудің міндеттері:

  • Зерттеу проблемасының теориялық негізін терең оқу;
  • Проблеманы шешудің тиімді жолдарын іздестіру;
  • 5-сынып оқушыларының қиялын ертегілер арқылы дамытуда

жаңа, тиімді әдіс-тәсілдер пайдалану.  

IV. Зерттеудің әдісі:     

 Бала әрекетінің  өнімін талдау, педагогикалық эксперимент,  анкета, сұхбаттасу, бақылау; математикалық және статисталық материалдарды зерттеу әдістері.

V. Зерттеудің жаңашылдығы мен практикалық маңыздылығы:        

 Ойын – пән ортасында  субъекттің әрекетін ұйымдастыру  технологиясы жоспарланды және  қабылданды, ол келесі кезеңдермен  беріледі: дайындық, репродуктивті іздеу, шығармашылық ізденіс, талдау. Пән қоршауы ретіндегі оқу – пән ортасы, ол баланы ойын әрекетіне әкеледі және оның жеке потенциалын дамытады.

VІ. Зерттеудің негізі:

-         жеке әрекет жасауы жеке адамның өздігінен танылуына жағдай жасайды;

-          жүйелі жағдай жасау, бұл педагогикалық құбылысты бір – бірімен байланысты және бір – бірімен келіскен  бүтін жүйені құрастыратын диалектикалы жинақты қарастырады;

-         әлеуметтік қатынастағы теорияны қарастырады.  

 

 

Қиял туралы жалпы ұғым

 

Қиял дегеніміз  — сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъек-тивтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс: «...барлық жан қуаттарын (рухани күш-терді) тек қиял ғана өзіндік сақталатын өзіндік заттарды модельдендіре алады» (әл-Фараби). Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бұрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға туседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап, өндеу процесінде екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады.

Адамдардың  қиялына тән кейбір ерекшеліктерді төмендегіше топтасты-руға болады:

1) әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығулары мен қасиетгеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді. Бұл арада суды аңсап шөлдеген жолаушының қиялы мен екі-үш күннен кейін емтихан тапсыратын студенттің машинасының тетігін жетілдіруді ойлап жүрген инженердің қиялын салыстырып көруге болады;

2)қиялдың мазмұны мен формасы адамның жас және дара ерекшеліктеріне де, білім тәжірибесіне де байланысты. Мәселен, көргені де, түйгені де көп, өмір тәжірибесі мол, әр тарапты білімі бар ересек адамның қиялы мен енді ғана өмірге аяқ басайын деп тұрған жеткіншектің қиялын бір өлшемге салуға болмайды;

3)қиял адамның    өскен    ортасына, этностық ерекшелігіне, табиғат, жер-су қоршауына байланысты да көрініп отырады. «Жаратылыстың құшағында,—деп жазады М. Жұмабаев, — меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада тұрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті».

4) қиял адамның барлық психикалық құбылыстарымен ұштасып жататын процесс. Мәселен, алға қойған мақсатты жоспарлап, жүзеге асырудың жолдарын іздестіру қиялсыз мүмкін емес. Бұл - қиялдың ерікпен байланысына жақсы мысал.Қиялдың ойлау процесінде алатын орны  ерекше.Өйткені  ойлау белсенділігі адамды шығармашылық әрекетке жете-лейді. Ал ондай әрекет қиялдың өте күшті дамуын қажет етеді.Ойлау мен қиял бір-бірімен тығыз байланысты.Жан қуаттарының осы екеуі де  мәселені   шешуге,   сұраққа жауап беруге қатысады.  Бірақ қиялда мәселені шешудің өзіндік  ерекшелігі  болады.   Қиял   —  мәселені   суреттеу, жанды  көрініс  арқылы шешсе,  ойлау оны тірі  суретсіз жалпылай, ұғым, пікір,   тұжырым түрінде шешеді;

5)адам қиялы еңбек процесінде, іс-әрекет үстінде жарыққа шығып, дамып отырады.Мұндағы негізгі шарт:саналы мақсаттың болуы, болашақты   болжай алу, істейтін еңбектің нәтижесін күні бұрын көре білу, яғни оны өңдеп, өзгертіп, елестете алу — адам қиялына тән негізгі белгілер. Қиялда адамның дүние жөніндегі әр түрлі таным-түсінігі әртүрлі формада қиюласып, жаңа сапаға ие болады. Қиял бейнелері адам қажеттігінен тәуелді бола тұрып, оны белсенді кызметке итермелейді,творчестволық ісіне күш-жігер қосады. Қиял тек теориялық және практикалық қызметте ғана емес ол адамның бүкіл рухани өмір жүйесінде елеулі орын алады. Кісінің өмір жолы, жеке басының ойдағыдай дамуы, даралық қасиеттері, іс-әрекетінің құрылымы, өмір салтының қалыптасуы мұнсыз мүмкін емес. Адам санасының жануар психикасынан басты айырмашылығы адамда            ойлаумен   қатар қиял   әрекетінің   болғандығында.

Айдаһардың бейнесін Италияның атақты суретшісі Леонардо да Винчи қиял арқылы былайша суреттейді: «Көкжал аңшы иттің не жай иттің басын аламыз , оған басқа мысықтың көзін саламыз, құлағы үкінікі болады, мұрыны тазынікі секілді, қасы арыстандікі, самайы — әтештікі, мойны суда жүзетін тасбақанікі сияқты». Осы бейненің өзі шындықта бар нәрселерді топтастыру арқылы туып отыр. Бірақ осы топтастыру нәтижесінде келіп шыққан тұтас образдың өзін көре білу үшін адамға ең күшті, өрен жүйрік қиял қажет.

Қиял процесінің адам әрекетінің қандай саласында болмасын зор маңызы бар. Қиялдың өзі осы әрекет арқылы өзгеріп, дамып отырады.

Тіпті бала қиялындағы фантастикалық  образдардың өзі де оның танымын  кеңейтетіндігі, қоғамдық тәжірибені меңгеруге жағдай жасайтыны, мұның  өзі баланың психологиясына қатты  әсер ететіні байқалады.

А. П. Чехов «Үйде» деген әңгімесінде осы жайлы өте жақсы көрсеткен. Шылым шегіп әдеттенген жеті жасар балаға ешбір сөз әсер етпей қойған. Бірде әкесі оның қиялына әсер етуді ойлайды. Ол баласына мынадай әңгіме айтады: «Кәрі патшаның патшалыққа мұрагер болатын жалғыз ғана ұлы болыпты,— өзі дәл сен сияқты кішкентай бала екен. Өзі жақсы бала екен. Еш уақытта өкпелемейді, ерте жатады, столдағы нәрселерге тимейді екен... өзі ақылды болыпты... Оның бір ғана кемшілігі — шылым тартады екен... Патшаның баласы шылымнан көкірек ауру болып жиырма жасында өліпті. Қаусаған ауру шал ешбір қолғанатсыз қалыпты. Мемлекетті басқарып, сарайды қорғайтын ешкім болмапты. Жау келіп, шалды өлтіріп, сарайды қиратып тастапты, сонымен, енді бақша да, шие де, құстар да, қоқыраулар да қалмаған...». Эмоциялы әсерге толы осы әрекеттің оған күшті әсер еткендігі сонша, бала «қараңғы терезеге ойланып сәл қарап отырып, селк етті де, мұңайған дауыспен: — Мен енді шылым тартпаймын...— деді» ...

Қиялдың адам қажетіне асуы, оның шындықпен байланысты болып  келуі адамға ерекше қанат бітіріп, оның ілгері өрлеуіне себепші болады. Халық «Қыран жетпеген жерге қиял жетеді» деп өте тауып айтқан. Бір кезде талантты орыс ғалымы Қ. Э. Циолковский (1857-1935) космосқа ұшуды армандап еді. Космос кораблімен аспан әлеміне тұңғыш жол салған

Ю. Гагарин мен қазақ  ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің және басқаларының ерліктері осындай  шындықпен тығыз байланысты қиялдың  іске асуы болып табылады.

Қиял түрлері

     Қиял актив, пассив болып екіге бөлінеді. Қиялдың бүтіндей пассивтік түрінің шегі - түс көру. Түс көрудің физиологиялығын жан-жақты түсіндіріп берген И. П. Павлов болды.

Ұйқы кезінде ми клеткаларының  бәрі тежелмейді, кейбір бөлімдері  қозу жағдайында болып жұмыс істей береді. Мидың мұндай бөліктерін «күзетші пункт» деп атайды. Осы «күзетші пункттердең біздің бұрын қабылдаған, көрген, естіген, қолға ұстап, дәмін татқан заттарымыздың бейнелері мида қайтадан «тіріледі». Түсте небір ақылға сыйымсыз образдардың жасалатыны белгілі. Өйткені бұл кезде мидағы сигнал жүйелерінің арасындағы байланыс әлсірейді, мұнда негізінен бірінші сигнал жүйесі ғана қызмет істейді. Екінші    сигнал    жүйесінің    қызметі    толық    тежелуге ұшырайтындықтан, адамның ойлау қабілеті өте төмен болады. Сөздік сигналдардың әсер етпеуі мида кездейсоқ образдардың пайда болуына жағдай жасайды да, соның нәтижесінде түске қайдағы «кереметтер» кіреді. И. М. Сеченов осындай түстерді «болған әсерлердің болып көрмеген қиысулары» деп сипаттаған. Түсте реалдық образдар мен нәрселердің фантастикалық түрде қосылуынан ғажайып образдар жасалады. 

Ұйқы кезіндегі осындай ғажап фантазиялық бейнелер де өмірде бар нәрселердің жиынтығынан құралған. Бұлардың негізі — адамның ояу кезіндегі басынан кешкен оқиғалары, ойы мен мақсаты, тілегі мен арманы, естіген-көргендері, істеп жүрген қызметі, басқалармен қарым-қатынасы т. б. ұйқыдағы адамның түс көруіне себепші болатын фактілердің есебі жоқ. Мәселен, ми клеткаларына көшедегі транспорттың тарсылы да, ағаш жапырағының сылдыры да, иттің шәуілдеп үргені де, есіктің ашылып-жабылуы да әсер етіп отырады. Тіпті организмнің ішкі мүшелерінің (жүрек, өкпе, асқазан т. б.) жұмысына бір жайсыздық түссе, бұл да адамның түсіне қай-қайдағы бірдеңелерді кіргізеді. Мәселен, ұйқыдағы адамның жүрегіне бір салмақ түссе, оның жүрегі қатты соға бастайды. Осыған орай адам мынадай түс көреді. Өзін қуған біреуден қашады, бұдан ол ентігіп, булығады.

Түс көрудің мазмұны  адамның, көбінесе, қызығуына, талғамына  орайлас келіп отыратындығы да шындықпен  жанасымды факт. «Егер иттің түсіне сүйек кірсе, саудагердің түсіне ақша кіреді» деген мақал да біздің осы пікірімізді қуаттайды. Өмірде ешбір естімеген, көрмеген нәрселер түске кірмейтіндігін ғылым дәлелдеп отыр. Мәселен, іштен соқыр болып туған адамның түсіне көзге көрінетін «бейнелер кірмейді, оның басқа сезім мүшелері арқылы (иіс, дәм, есіту т. б.) қабылдаған нәрселері еніп отырады. Егер соқырлық кейінірек пайда болса, онда сол адамның түсіне бұрын көзімен көрген заттарының бейнелері кіре береді. «Барлық адамдардың түсі, -деп жазды И. П. Павлов, — бірінші сигналдардың бейнелі, нақты және эмоциялық түрде жандануы». 

    Творчестволық қиял деп өзіндік жаңа образдар жасау арқылы әрекетте, жаңа продуктылар беруде көрінетін қиялды айтады. Жазушының, суретшінің, галымның, композитордың т. б. қиялы творчестволық қиялга жатады. Творчестволық қиял — қайта жасау қиялына қарағанда, әрі күрделі, әрі қиын. Абай мен Құнанбайдың образдарын жасау, оларды сипаттап жазған шығарманы оқып, елестетуден әлдеқайда ауыр. Творчестволық қиял ақын-жазушылардың, суретшілердің, артистердің т. б. осы секілді өнер қайраткерлерінің іс-әрекеттерінде үлкен орын алады. Өнер қайраткерлері өздерінің идеясын көркем образ арқылы береді.

К. С. Станиславский: «Артистің көкірегінде өзі бейнелеп тұрған адамның ой-толғаныстары туғанда ғана шынайы өнер туады, нағыз жанды сезім еш уақытта зорлағаннан, қолдан жасағаннан келмейді»,— дейді. Мәселен, Чехов спектакліндегі Раневскаяның рөлін орындаушы Ольга Книппер — Чехова шие бағын сатады деп хабарлағанда шын көңілімен көзіне жас алады екен. Мұндайда актер сахнада ойдан шығарылған нәрсеге шындықтың өзіндегідей көзқараспен қарайды. Бүл - творчестволық қиялы өте бай адамның қолынан келетін касиет.

Информация о работе 5-сынып оқушыларының қиялын ертегілер арқылы дамыту