Конституция
Қазақстан Республикасында азаматтық
қоғам қалып-тастыруға ықпал жасайды.
Бұл Конституцияда идеологиялық
және саяси әралуандылық танылатынынан
айқын көрінеді (5-бап). Бұқаралық
билікті саяси әралуандылық негізінде
жүзеге асырады. Конституция саяси
партияларға, қоғамдық бірлестіктерге,
қозғалыстарға саяси және мемлекеттік
өмірге қатысу үшін тең мүмкіндік
береді. Үстемдік етуші ретіндегі
қандай да бір идеологияның белгіленуіне
жол берілмейді. Азаматтық қоғам
мемлекет және азамат, тұтынушы және өндірушінің
әлеуметтік серіктестігі, нарық шаруашылықтары
меншік түрлерінің әралуандылығымен сипатталады.
1995 жылғы
Конституцияның басты бір жетістігі
барлық деңгейдегі соттардың
тәуелсіздігінің кепілдігі болып
табылады. Сот билігінің тәуел-сіздігі
судьялардың өкілеттігін сайлаудың,
тағайындаудың және тоқтатудың
ерекше тәртібімен, сонымен бірге
сот құрамын құруға Жоғарғы
Сот Кеңесі және Әділет біліктілік
комиссиясы сияқты тәуелсіз органдардың
қатысуымен айқындалады. Судьялардың
тұрақтылығы қағидаты бекітілген
(79-бап, 1-т.), судьялар өмірлікке сайланады
және тағайындалады. Қазақстан
Республикасының Конституциясына
1998 жылғы 7 қазанда Парламент енгізген
қосымшалар сот ісін жүргізуді
демократизациялауға бағытталған.
75-баптың 2-тармағына сәйкес қылмыстық
сот ісін жүргізу заңмен белгіленген
белгілі бір жағдайларда өзге
де нысандар арқылы жүзеге
асырылады. 1995 жылғы 20-желтоқсанда
қабылданған "Қазақстан Республикасындағы
соттар және судьялардың мәртебесі
туралы" Қазақстан Республикасының
Конституциялық заңы, өзгерістері
және толықтыруларымен, соттарды
жеке билік ретінде бекіткен,
соттар өз қызметінде заң шығарушы
және атқарушы биліктерден тәуелсіз.
Қазақстан Республикасының
Конституциясының 1-бабы Қазақстанды
құқықтық мемлекет деп жариялайды.
Демек Қазақстан құқықтық мемлекет
құру және оның негізгі белгілерін
конституциялық бекіту жолында тұр.
Құқықтық
мемлекет
Құқықтық
мемлекеттің негізі:
-
Құқықтық мәдениет;
-
Азаматтық қоғам;
-
Заңдылық және құқықтық тәртіп;
Құқықтық
мемлекеттің белгі-нышандары:
1. Заңның
үстемдік етуі.
2. Мемлекеттік
биліктің бөлінуі.
3. Тұлға мен
мемлекеттің өзара жауаптылығы.
4. Азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарының
шын мәнділігі, олардың құқықтық
және әлеуметтік қорғалатындығы.
5. Саяси және
идеологиялық плюрализмнің болуы.
6. Азаматтық
қоғамның қалыптасуы.
7. Ішкі заңдардың
көпшілік таныған халықаралық
құкықтық нормалар мен принциптерге
сәйкес келуі.