Ysteme wigindar esebi

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 19:44, курсовая работа

Описание работы

“Қазақстан өз азаматтары үшiн өмiр сүрудiң жоғары стандартын жасай отырып, әлемнiң тиiмдi дамып келе жатқан елдерiнiң қатарына қосылуға тиiспiз. Бiз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болған жағдайда ғана iстей аламыз” деп Елбасымыз Жолдауында ерекше атап өттi.
ҚР бүгiнгi таңда экономикасының тиiмдi дамуында басты мәселенiң бiрi ол негiзгi өнеркәсіптік капиталдарының басым бөлiгiнiң моралдық және физикалық жағынан тозуы болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................................................................4
1. ҮСТЕМЕ ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІ.........................................................................5
2. ҮСТЕМЕ ШЫҒЫНДАРДЫ ОРНАЛАСТЫРУ ҚАЖЕТТІЛІГІ......................10
3.ҮСТЕМЕ ШЫҒЫНДАРДЫ ТАРАТУ СТАВКАЛАРЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК,ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ................................................12
4.ҮСТЕМЕ ШЫҒЫНДАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУДЫ ЖЕТІЛДІРУЖОЛДАРЫ……...............................................................................18
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................23
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................24

Работа содержит 1 файл

nazeeeeeeeeeeeeek.doc

— 247.00 Кб (Скачать)

Осыларды ескере отырып, біздің ойымызша, үстеме шығындар ішінде құрал-жабдықтарды пайдалану шығындарын бөлек есепке алу қажеттілігінің себебі мынада, егер құрал бір цехқа ғана қызмет көрсеткен жағдайда, оны пайдалану шығындарын тікелей сол цехтың шығындарына қосады, ал бірнеше цехта пайдаланылса, онда осы цехтар арасында бөлу базасы арқылы тарату жеңіл болады. Әрі олардың негізделген есебін, артық жұмсалу себептерін анықтауға да мүмкіндік туады.

Өндірістік үстеме шығындардың екінші тобы, цех шығындарының құрамында қызмет көрсету және басқарумен байланысты өзгедей шығындарды - мамандардың (бригадир, ихтиологтар, т.б.) әлеуметтік салықты қоса алғандағы негізгі және қосымша еңбекақылары, еңбекті қорғау шығындары, гидротехникалық құрылғыларды, қоймаларды, гидрохимиялық лабораторияларды күтіп ұстау, тозу және ағымдағы жөндеу шығындары, жұмысшыларды жұмыс орнына жеткізу шығындары, т.б. есептейді.

Әрбір цехта пайдаланылатын құралдарды күтіп ұстау және пайдалану шығындары тек сол цехта дайындалатын өнімнің түрлеріне апарылуы тиіс. Бұл оларды пайдалану орындары бойынша, бөлек есепке алуды білдіреді. Құралдарды күтіп ұстау және пайдалану шығындары есебін осылай ұйымдастыру олардың ағымдағы есебін жүргізіп, құралдарды күтіп ұстау шығындары сметасының орындалуын бақылауға әсер етіп, үстеме шығындарды бөлуге негіз болады. [10,94б]

Шаруашылықта үстеме шығындарды цех бойынша есепке алып, содан кейін оны өнімнің түрлері бойынша тарату қажет. Сонда бұл шығындар шығын объектілерінің өзіндік құндарына тікелей қосылып, оларды жанама бөлудің қажеттілігі жойылады. Сонымен бірге, өндіріс шығындарының пайда болу жерлері мен жауапкершілік орталықтары арасында тығыз байланыс қалыптасып, оларға тиімді бақылау жүргізудің мүмкіндіктері туады.

   Нарықтық қатынастар жағдайында шығындарды тиімді басқару мен бақылау үшін үстеме шығындардың есебін дұрыс ұйымдастыру және оларды өндірілген өнімдер мен орындалған жұмыстардың арасында экономикалық дәйектелген бөлу базаларының негізінде дұрыс тарату өндірістегі басқарушылық есебінің маңызды болып саналады. Сондықтан, бұл өнім өндірісіне жұмсалған үстеме шығыстарды жоспарлы нормамен немесе лимиттермен жүйелі түрде салыстырып, ауытқуларды дер кезінде анықтап отыруды қажет етеді.

    Үстеме шығыстарға өнімдерді өндіруге жалпы қатысы бар, бірқатар жалпы сипаттамаларға ие, өндірісті басқару мен қызмет көрсетуге байланысты бірнеше өнім түрлерін өндірген жағдайда осы өнімдердің құндарына тікелей қосыла алмайтын, сондықтан өндірілген өнімдер мен аяқталмаған өндіріс арасында жанама тәртіппен таратылатын шығындар жатады.Мысалы шұжық өндірісінде үстеме шығындарды бөлу кезінде үстеме шығындардың кейбір түрлері өндіріс процесінің талаптыранан туындап отырады, яғни өндіріспен байланысты болады. Ал шығындардың кейбір түрлері, мысалы, жалпы ұйымдастыру, қызмет көрсету, басқару процесіне байланысты болатынын естен шығармау қажет. Соған байланысты шұжық өнімдері әртүрлі өндіріс сатылары арқылы өндірілетінін ескерсек, онда әрбір сатыдағы (жауапкершілік орталығы мен шығынның пайда болу орындарындағы) үстеме шығыстарды осы сатыда дайындалған өнімінің өзіндік құнына алғашқы құжаттардың негізінде тікелей қосуға болады. Мұндай шығындарға, еңбекті қорғау, күзет, өрт сөндіру, жалдау ақыларын, материалдар мен құрылғыларды сынау шығындарын жатқызуға болады. Ал шығындардың мынадай түрлерін, яғни өндіріс жұмысшыларының қосымша еңбек ақыларын өндіріс жұмысшыларының негізгі еңбек ақыларына қарай, еңбек ақыдан аударым сомаларын өндіріс жұмысшыларының негізгі және қосымша еңбек ақыларына қарай, отын, қосалқы бөлшектер мен көмекші материалдардың құнын машиналар мен механизмдердің бір сағатта пайдаланатын нормасына немесе жұмыс істеген уақытына қарай, яғни әрбір үстеме шығынның түріне бөлек бөлу базаларын қолдану арқылы бөлуге болады.

    Шұжық өнімдерін өндіретін жекелеген кәсіпорындардың қызметін тәжірибесін зерттеу нәтижелері ұйымның коммерциялық-өткізу қызметі табысты жұмыс істеу үшін осы қызмет бойынша барлық шығындардың толық және жан-жақты есебі ғана емес, сонымен бірге жұмысты келесідей бағыттар бойынша қамтитын өткізудің дәлелденген жүйесін қалыптастыру қажет етіп отырғанын байқатады: сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің деректерінің базасын қалыптастыру; сатуды жоспарлау кезіндегі бақылауды жетілдіру; өткізу-сату жоспарының орындалуын бақылауды күшейту. [11,205б]

    Өнеркәсіптің басқа да салалары сияқты, ет және шұжық өнімдерін өндіруші салалардағы ұйымдардың қаржылық-шаруашылық қызметіне елеулі әсер ететін фактордың бірі – бұл ұйымның коммерциялық-сату (өткізу) қызметі екенін айта аламыз. Ұйымның жабдықтау-дайындау, өндіріс және коммерциялық-сату қызметтері бірін-бірі үнемі толықтырып, үздіксіз өзара байланыста болуға тиісті. Өйткені, шұжық өнімдерінің технологиялық ерешеліктері мен сипатына байланысты, оларды сақтау орындарында ұзақ уақыт сақтауға болмайды. Тек берілген тапсырыстар мен нарықтағы ұсынысқа байланысты орындалатын шұжық өндірісінің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін, ұйымның ішінде өткізу-сату бөлімінің басқарушылық есебін өндірістік жоспармен және нақты өндіріс көлемімен байланыстыра отырып, ұйымдастыру қажет деп тұжырым жасаймыз.

    Басқару есебі басқарушылық шешімдердің тиімділігін алдын-ала бағалауға, оңтайлы түрде бөлімшелер арасында бөліп, таратуға, ұйымның даму жолдарын белгілеуге және дағдарыс жағдайын болдырмауға қолайлы жағдай туғызатын бюджеттеу жүйесіне сүйенеді. Бюджет – жорамалданған әрекеттерді орындауға дейін жасалатын қаржылық құжат болып табылады. Басқару есебінде бюджеттеуді жоспарлау процесі деп те атайды. Жоспарлау процесі бақылау процесімен тығыз байланысты, соған байланысты жоспарлау мен бақылау ұйымды басқарудың ең қажетті бөлігі болып табылады. Біздің пікірімізше, шұжық өнімдерін өндіретін кәсіпорындарға бюджеттендіру жүйесін енгізудің нәтижесі келесідей міндеттерді шешуге мүмкіндіктер береді: [12,88б.]

    1.Кәсіпорын ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруға;

    2.Қызметті үйлестіруді және жекелеген бөлімшелер мен жалпы кәсіп-орындар мүдделерінің өзара байланысын қамтамасыз етуге;

    3.Шұжық кәсіпорынының шаруашылық қызметінің түрлі баламаларын болжауды, жоспарлауды, нормалауды, талдауды бақылауды, бағалауды және қабылданылатын басқарушылық шешімдердің дәлелдігін арттыруды іске асыруға;

    4.Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және ұйымның қаржылық жағдайын жақсартуға.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Сонымен курстық жұмысты аяқтай келе үстеме шығындарды есепке алу және таратуды жетілдірудің келесі жолдарын ұсынамыз:

-үстеме шығындарды жауапкершілік орталықтары мен өндірістер бойынша нақты жауапты тұлғаны көрсете отырып ұйымдастыру, бұл үстеме шығындарды өнімнің өзіндік құнына енгізудің дәлдігін қамтамсыз етіп, осы шығындарды төмендету жолдарын анықтауға ықпал етеді;

-құралдарды күтіп ұстау және пайдалану шығындарын өндіріс кезеңдері арасында құралдың атқарған уақыт санына тепе-тең таратқан орынды;

-өндіріс орындарының тозуы мен ағымдағы жөндеу шығындарын тікелей жолмен қосқан дұрыс;

-еңбекақы шығындарын өндірістік жұмысшылардың негізгі еңбек ақысына тепе-тең бөлу керек;

-қалған шығын баптарын өнімнің жекелеген түрлерінің салмағына бара-бар бөлген дұрыс.

Біздің пікірімізше, өндіріс орындарында шұжық өнімдерін өндіретін кәсіпорындардағы бюджеттендіру жүйесі ең аз дегенде келесідей бюджеттерді қамтуы керек: сату; өндіріс; шикізат, негізгі және көмекші материалдардың тікелей шығындары; еңбек ақы төлеудің тікелей шығындары; жалпы өндірістік шығындар; бөлімше бойынша жиынтық бюджет; үстеме шығындар; пайда мен зияндар.

    Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде бюджеттің орындалуын бақы-лауды жүзеге асыру үшін негізгі екі бағытты қолдануды ұсынып отырмыз:

   1.Өнім өндіретін кәсіпорындардың құрылымдық бөлімшелерінің бюджетін бөлімшенің өзінің жауапты адамдары арқылы орындату;

   2.Барлық құрылымдық бөлімшелер бюджетін (оның ішінде шығын баптары бойынша) жоспарлы-экономикалық қызмет бөлімі немесе есеп бөлімі арқылы орындату.

    Өндірістік орындардың басшысына тәжірибеде көптеген саналуан басқарушылық шешімдер қабылдауға тура келеді. Өнімнің бағасы, кәсіпорын шығындары, өнімді сату көлемі мен құрылымына қатысты қабылданылатын әрбір шешім кәсіпорынның қаржылық нәтижесіне тікелей әсер етеді. Осы категориялар арасындағы өзара байланыс пен өзара тәуелділікті анықтаудың қарапайым және аса дәл тәсілі залалсыздық шегін орнату, яғни өнім өндіретін кәсіпорындардың табысы шығындарын толық жабатын кезді анықтау болып табылады. [13,402б]

Бұл курыстық жұмысты жазу барысында әдістемелік нұсқауға сай орындалған және отандық және шетелдік әдебиеттер, кезекті басылымдар  қолданылған. Кіріспеде көрсетілген мақсат міндеттер толығымен орындалды.

Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

                                                                                                                                                                               

Басқару есебі: Оқулық /Авт.:В.Л.Назарова, М.С.Жапбарханова, Д.А.Фурсов, С.Д.Фурсова;  Т.Рысқұлов атын. қазақ экон. ун-ті.-Алматы: Экономика, 2005.- 298 б.

Бухгалтерлік есептің стандарттары және әдістемелік ұсынымдар                                               // Мектеп бухгалтері-Бухгалтер школы.- 2006.- № 1.- 426

Бухгалтерский учет и аудит: перспективы  развития в Республике Казахстан  Бухгалтерлік есеп және аудит :  Қазақстан Республикасындағы даму перспективалары: материалы научно-практ. конференции :г. Алматы, 16 июня 2005 г. Ч. 1 / М-во образования и науки РК; Каз. экономич. ун-т им. Т. Рыскулова; под общ. ред. А. А. Абишева.- Алматы: Экономика, 2005.- 304с.

 Дүйсенбаев, К. Ш. ж.б. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау: оқу құралы / Дүйсенбаев, К. Ш., Төлегенов, Э. Т., Жұмағалиев, Ж. Г.; ред. Н. Р. Жексенбаева. - Алматы: Экономика, 2001.- 328, [4] б.: таб.

Кеулімжаев, Қуантхан Кеулімжайұлы, Құдайбергенова, Нұрадин Айыпұлы. Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері оқулық.-                      Алматы: Экономика, 2006.- 384 б.:

Көкенов У.Ж., Көкенова Ф.У.Кәсіпорындардың бухгалтерлік      есебі.         Кітап 1.- Алматы: Рауан, 1992.- 316бет

Қаржылық есеп: оқу құралы / Қ. К. Кеулімжаев,  З. Н. Әжібаева, Н. А.Құдайбергенов, А. Ә. Жантева.- Алматы: Экономика, 2001.- 330 б.:

Сәтмырзаев,  А.А.Басқару есеп жүйесінде калькуляция әдістерінің кейбір мәселелері:[Экономика]// Банки Казахстана.- 2005.- N 3.- 37-43 б.

Сүйіндікова,А.Нарықтық экономика жағдайында басқару есебінің теория-лық және әдістемелік негіздері:// Экономика негіздері.- 2005.-N 2.- 26-29б

Оразтаева, З. Б.  Кәсіпорында өндірісті ұйымдастыру : оқу құралы / ҚР білім және ғылым м-трлігі;  С.Сейфуллин атын. Қазақ аграрлық  ун-ті.- Астана: , 2003.- 94 б.

Назарова В.Л.  Бухгалтерлік есеп: оқу құралы /ҚР білім және ғылым м-трлігі;Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық ун-ті.-Алматы; Экономика 2005 ж.

Бірімжаров Ә. Өндірістік бөлімшелердегі ішкі шаруашылық есеп.- Алматы: Қайнар, 1996.- 88 бет

Мамыров, Нұрғали Құлшыманұлы ж.б. Микроэкономика: оқу құралы / Есенғалиева, Қаламқас Сембайқызы, Тілеужанова, Манатжан Әшімқұлқызы.- бас.- Алматы: Экономика, 2004.- 420 б.:

 

 


Информация о работе Ysteme wigindar esebi