Ysteme wigindar esebi

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 19:44, курсовая работа

Описание работы

“Қазақстан өз азаматтары үшiн өмiр сүрудiң жоғары стандартын жасай отырып, әлемнiң тиiмдi дамып келе жатқан елдерiнiң қатарына қосылуға тиiспiз. Бiз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болған жағдайда ғана iстей аламыз” деп Елбасымыз Жолдауында ерекше атап өттi.
ҚР бүгiнгi таңда экономикасының тиiмдi дамуында басты мәселенiң бiрi ол негiзгi өнеркәсіптік капиталдарының басым бөлiгiнiң моралдық және физикалық жағынан тозуы болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................................................................4
1. ҮСТЕМЕ ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІ.........................................................................5
2. ҮСТЕМЕ ШЫҒЫНДАРДЫ ОРНАЛАСТЫРУ ҚАЖЕТТІЛІГІ......................10
3.ҮСТЕМЕ ШЫҒЫНДАРДЫ ТАРАТУ СТАВКАЛАРЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК,ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ................................................12
4.ҮСТЕМЕ ШЫҒЫНДАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУДЫ ЖЕТІЛДІРУЖОЛДАРЫ……...............................................................................18
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................23
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................24

Работа содержит 1 файл

nazeeeeeeeeeeeeek.doc

— 247.00 Кб (Скачать)

Үстеме шығындарды  орналастыру мөлшері.

ӨҮШ орналастыру базасы.

Үстеме шығындарды орналастыру, базаны таңдау арқылы жүзеге асатын жағдай, жалпы өнім үшін өндіруші компания немесе қызмет көрсету үшін өзінің клиенттеріне бере алады.

Бөлу базасы ретінде өндірістік бөлімшелердің үстеме шығыстарына барынша сәйкес келетін факторлар таңдап алынуы керек,  база ретінде жиі мыналар алынады:

- Өндірістік жұмысшылармен өткізілген уақыт;

- Жабдықпен өткізілген уақыт;

- Еңбек шығындары;

 Өнімнің өндірістік бірлігі.

 ӨҮШ  бөлу  ставкасы = _ӨҮШ______

     Базаның мәні

2) Үстеме шығындарды  бөлудің  біртұтас (жалпы зауыттық) және бөлек (цехтік) ставкалары

ӨҮШ бөлудің  біртұтас ставкасы бүтіндей  кәсіпорын үшін қолданылады.  Мысалы,  белгілі кезеңде  үстеме шығындар  100 000 ш.б. құраса,  негізгі еңбектің 50 000 сағаты  жасалған, онда үстеме шығындарды бөлу ставкасы 100 000 ш.б./50 000  еңбек сағаты =  2 ш.б./ еңбек сағ.  Осы ставка  бойынша үстеме шығындар   барлық өнімге жатқызылады.  Мысалы,  өнімді   жасау  негізгі еңбектің 18 сағатын  талап етті, онда  өнімге үстеме шығынның 36 ш.б. жатқызылады (18 сағат * 2 ш.б./ еңбек сағат)

 Егер өндіріс бірнеше бөлімшелерді қамтитын болса,  онда  ӨҮШ бөлудің бөлек ставкаларын қолдану мақсатқа сай болады.

 

 

 

 

А бөлімше

Б бөлімше

В бөлімше

Барлығы

Үстеме шығындар, ш.б.

10 000

60 000

30 000

100 000

Еңбек- сағаттар

25 000

15 000

10 000

50 000

Еңбек сағатқа ӨҮШ ставкасы

0,4

4

3

2


 

Мысалы,  өнімді өндіру  А бөлімшеде  негізгі еңбектің 10 сағатын,  Б бөлімшеде 5 сағат,  В бөлімшеде 3 сағатты талап етті.  Онда өнімге үстеме шығын  33 ш.б. сомасында  жатқызылады ( 10 сағат* 0,4 ш.б./ еңбек сағат + 5 сағат * 4 ш.б./еңбек сағат + 3 сағат * 3 ш.б./ еңбек сағат).

3)  үстеме шығындарды бөлудің жоспарлы ставкасын қолдану

 Үстеме шығындарды бөлу іс жүзіндегі мәнінің негізінде ставкаларды есептеу жиі бірқатар проблемалар тудырады:

-  тапсырыстардың өзіндік құнын есептеу  есептік кезең  аяқталғанға дейін кейінге қалдырылуы керек, себебі үстеме шығындар мен  өндірістің көлемі ертерек есептеу мүмкін емес.

-  үстеме шығындар сияқты,  өндірістік қызмет  айдан айға өзгереді,  ол  үстеме шығындарды бөлу ставкасының өзгеруіне алып келеді.

ӨҮШ бөлудің жоспарлы ставкасын есептеу мынадай қадамдарды қосады:

Үстеме шығындардың жобаланатын өлшемін есептеу.

Үстеме шығындарды  бөлу базасын таңдау.

Үстеме шығындардың алдағы кезеңге  жобаланатын мөлшерін    жобаланатын базаның сандық мәніне  бөлу.

Үстеме шығындарды  осы ставканы қолданумен өнімнің әрбір түріне жатқызу. [6, 152б]

Жоспарлық ставкаларды  есептеу үшін  қолданылатын  жобалық деректер тәжірибеде іс жүзіндегі деректермен  сәйкес келмейді.  Осы жағдайда  өнімнің өзіндік құнына жатқызылатын  үстеме шығындар  үстеме шығынның  нақты  сомасынан  өзгеше  болады,  ол өз кезегінде   үстеме шығындарды  толық   бөлмеуге немесе үстеме шығындарды  артық бөлуге алып келеді:

 Толық бөлінбеген немесе   артығымен бөлінген үстеме шығындарды сызып тастау  екі  тәсілмен жүргізіледі:

Түзету сомасын  «сатылған өнімнің өзіндік құны»  шотына жатқызылады.

Түзету сомасын «аяқталмаған өндіріс», «Дайын өнім», «сатылған өнімнің өзіндік құны» атты үш шот сальдосына тең бөлінеді.

 

3.ҮСТЕМЕ ШЫҒЫНДАРДЫ ТАРАТУ СТАВКАЛАРЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК,ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ

 

Үстеме шығындарды тарату базасы өндірістің ерекшелігіне байланысты және өздерінін көзқарасы бойынша шаруашылық жүргізуші субъектінің есеп саясатында көрсетілуі мүмкін:

- өндіріс жұмысшыларының орындаған нақты уақыты;

- өндіріс жұмысшыларының  еңбекақысына   пропорциональды;

- тікелей материалдар  шығыстарына пропорционалды:

- цех құнына пропорционалды немесе шикізат құны шегерілген;

- цехтың өзіндік құнына пропорционалды;

- белігіленген шығындарды таратудың тұрақты коээфиценті бойынша;

- басқа да тарату базалары бойынша.

Үстеме шығыстарды тарату базасы халықаралық және отандық тәжірибеде шығын тасмалдаушылар деп аталады.

Шығын тасымалдаушылар – шығындар деңгейіне әсер ететін себептер. Шығын тасымалдаушылар шығындар көлеміне әсер етеді және олар  үстеме шығыстарды ақырғы өнім арасында таратуға бағытталған. Шығын тасымалдаушылардың көп кездесетін түрлері:

Өндірілген өнім көлемі

Жұмыс – сағат

Машина – сағат

Материалдық шығындар

Еңбек шығындары

Кәсіпорында қалыптасқан шығындардың нақты деректері негізінде

шығындардың әр түрі бойынша шығын тасымалдаушылар мен үстеме шығыстарды тарату ставкалары анықталады. Бұл ставка таратуға негізделген шығындардың  жалпы сомасын тасымалдаушы ретінде алынған факторға бөлу арқылы анықталады.

Үстеме шығыстарды тарату ставкаларын есептеудің бірнеше әдістері бар:

1. Үстеме шығыстарды таратудың бірегей ставкасы.

2. Цехтық (жекелеген) ставкалар

3. Нормативтік ставкалар

Үстеме шығыстарды таратудың бірегей ставкасы.

Мысал:  Үстеме шығыстардың жалпы сомасы - 16 350,0 мың тенге,  тарату базасы ретінде негізгі өндіріс жұмысшыларының жұмыс-сағаты алынған – 550 000 сағ.

Үстеме шығыстарды таратудың бірегей ставкасы =  16 350 000 : 550 000 = 29,73 тенге бір жұмыс-сағатқа.

1 бірлікті  өндіруге қажет уақыт  30 сағат.

1 бірліктің өзіндік құнына енгізілетін үстеме шығыстар = 29,73×30 = 891,9 тг.

Дебет   8114

Кредит   8410

Сома      891,9

 

     ЦЕХТЫҚ ТАРАТУ СТАВКАЛАРЫ

Цехтық тарату ставкасы = Цехтық ҮШ сомасы : Цехтық тарату базасы.

Мысал:

 

 

 

Көрсеткіштер

№1Жабдықтық цех

№2 Жабдықтық цех

Құрастыру цехі

Барлығы

Үстеме шығыстар (мың тенге)

6 823,8

5 665,1

3 861,1

16 350,0

Істеген жұмыс уақыты (сағ)

200 000

150 000

200 000

550 000

ҮШ Цехтық ставкасы

34,12

37,77

19,31

29,73


 

1 өнім бірлігін өндіруге 30 сағат қажет, соның ішінде:  №1 цехта – 10 сағ., №2 цехта – 15 сағ., құрастыру цехында – 5 сағ.

1 өнім бірлігінің өзіндік құнына енгізілетін ҮШ сомасы:

№1 цех –                 34,12 × 10 сағ = 341,20 тг

№2 цех –                 37,77 × 15 сағ = 566,55 тг

құрастыру цехында – 19,31 ×   5 сағ =  96,55 тг

Барлық ҮШ сомасы  = 1 004,30 тг.

Дебет   8114 – 1 004,3

Кредит 8410 – 1 004,3

 

Үстеме шығыстардың нормативтік тарату ставкасы

Үстеме шығыстардың жалпы нормативтік тарату ставкасы= ҮШ нормативтік жалпы сомасы : Нормативтік жалпы тарату базасы

ҮШ нормативтік  цехтық тарату базасы = ҮШ нормативтік цехтық  сомасы: Нормативтік цехтық тарату  базасы.

1 Мысал. Кәсіпорының нормативтік көрсеткіштері:

- Жылдық нормативтік үстеме шығыстар  - 400 000 тг.,

- Жоспарланған жылдық өндіріс көлемі  -  200 000 сағат

негізгі өндіріс жұмысшыларының жұмыс уақыты

ҮШ нормативтік ставкасы =400 000 : 200 000 = 2 тг/1 сағат жұмысқа.

Нақты деректер:

Үстеме шығыстар - 400 000 тг.,

Нақты жылдық өндіріс көлемі - 180 000 сағат негізгі өндіріс жұмысшыларының жұмыс уақыты.

Өнімнің өзіндік құнындағы ҮШ = 2 × 180 000 = 360 000 тг.

Таратылмай қалған ҮШ сомасы =  400 000 – 360 000 = 40 000 тг.

Үстеме шығыстарды нормативтік тарату ставкасы бойынша есептен шығару

Үстеме шығыстардың нақты сомасы таратылған сомадан артық

Дебет  8114 – 360 000

Дебет  7010 –   40 000

Кредит  8410 – 400 000

2 Мысал

-Жылдық нормативтік үстеме шығыстар  - 400 000 тг.,

- Жоспарланған жылдық өндіріс көлемі  -  200 000 сағат

негізгі өндіріс жұмысшыларының жұмыс уақыты

ҮШ нормативтік ставкасы =

400 000 : 200 000 = 2 тг/1 сағат жұмысқа.

Нақты деректер:

 

     -    Үстеме шығыстар - 380 000 тг.,

Нақты жылдық өндіріс көлемі - 200 000 сағат негізгі өндіріс жұмысшыларының жұмыс уақыты.

Өнімнің өзіндік құнындағы ҮШ =2 × 200 000 = 400 000 тг

Артық таратылған үстеме шығыстар сомасы = 380 000 – 400 000 = - 20 000 тг.

Әр түрлі тарату базасын пайдалана отырып ҮШ тарату ставкаларын есептеу

Келесі есепті мерзімнің деректері:

- Үстеме шығыстар (тенге) – 400 000,

- Негізгі өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысы (тенге) – 420 000,

- Негізгі материалдар шығыны (тенге) – 200 000,

- Өнім өндіру көлемі (бірлік) -10 000

Компанияда  өнімді өндірумен  тікелей байланысты өндірістік бөлімшелермен қатар, өндірістік  бөлімшелерге секілді бір-біріне қызмет көрсететін  қызмет көрсеткіш бөлімшелер орын алады. [7,172б]

Негізгі өндіріске қымет көрсету бөлімшелерінің шығындарын бөлу кең  тараған әдістері тікелей әдіс болып табылады.  Осы әдіске сәйкес  қызмет көрсетуші бөлімшелердің шығыстары  тікелей өндірістік  бөлімшелерге жатқызылады. Мысалы,

 

Бөлімшелер

Қызмет көрсетуші

Өндірістік

Көмекші цех

Машина цехы

Материалдық-техникалық жабдықтау

Жинау  цехы


 

Қызмет көрсетуші бөлімшелердің шығыстарын  бөлу үшін бастапқы ақпарат

 

 

Қызмет көрсетуші бөлімше

Өндірістік бөлімше

 

Көмекші цех

Материалдық

техникалық жабдықтау

Машина цехы

Жинау  цехы

Барлығы

Бөлуге дейінгі жоспарлы ӨҮШ,

Қызмет көрсету,

Көмекші цех

600  000

116 000

400 000

200 000

1 316 000

Пайыздық қаты-наста жоспарлы еңбек сағаттары

 

1 600

20 %

2 400

30%

4 000

50 %

8 000

100 %

Материалдық  техникалық жабдықтау

Пайыздық қатынаста жоспарлы еңбек сағаттары

200

   10 %

 

1 600

80 %

200

10 %

2 000

100 %


Қызмет көрсететін  бөлімшелердің шығыстарын бөлудің тікелей әдісі

 

 

 

Қызмет көрсетуші бөлімше

Өндірістік бөлімше

 

Көмекші цех

Материалтехникал-ық жаб-дықтау

Машина цехы

Жинау  цехы

Барлығы

Бөлуге дейінгі жоспарлы ӨҮШ, ш.б.

600  000

116 000

400 000

200 000

1 316 000

Көмекші цехтің  шығыстарын

бөлу, ш.б.

(600 000)

 

225 000

37,5 %

375 000

62,5 %

100, 0

Материалдық-техникалық жабдықтау  бөлімшесінің шығыстарын бөлу

 

(116 000)

103 111

12 889

 

Жоспарлық шығыстардың барлығы, ш.б.

0

0

728 111

587 889

1 316000


 

2400/ (2400+4000) = 0, 375

(37,5 %)

4000/ (2400+4000)= 0,625

(62,5 %)

 

1600/(1600+200) = 0,889

(88,9 %)

200/(1600+200)= 0,111

(11,1%)

 

Қызмет көрсетуші бөлімшенің шығыстан бөлудің баламалық әдісі

 

«Орта-Батыс  Өндірістері» компаниясының  барлық  өндірістік бөлімшелерге қызмет көрсететін  Чикагтық электр станциясы,    алдағы жылға энергия өндірудің бюджетін қарастыруда.  Бюджет мынадай терминдерде  айлық негізде көрініс тапты:

 

Өндірістік бөлімше

Тәжірибелі өндірістік қуат кезінде қажет

Айда күтілетін орташа тұтыну

Рекфорд

10 000 квт/сағ

8 000 квт/сағ

Пеория

20 000

9 000

Хаммонд

12 000

7 000

Канкаки

8 000

6 000

Барлығы

50 000 квт/сағ

30 000 квт/сағ


 

Осы фактор  электр станцияның  мөлшерін жоспарлау кезінде барынша маңызды болды. [8,37б]

 Бюджеттік жыл ішінде  электр станцияға қызмет көрсетуге күтілетін айлық шығыстар 15 000 ш.б.;  ауыспалы 6 000 ш.б. және тұрақты шығыстар – 9000 ш.б. құрайды. 

 

4. ҮСТЕМЕ ШЫҒЫНДАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

 

Шаруашылықтың өндірістік үстеме шығындары құрамында құрал-жабдықтарды пайдалану шығындары мен цех шығындарын бөліп қарастырған орынды.

Шаруашылықта үстеме шығындарды өндіріс бойынша есепке алып, содан кейін оны шикізаттың түрлері бойынша тарату қажет. Сонда бұл шығындар шығын объектілерінің өзіндік құндарына тікелей қосылып, оларды жанама бөлудің қажеттілігі жойылады. [9,26б]

Үстеме шығындарды есепке алу және таратуды жетілдірудің келесі жолдарын ұсынамыз:

-үстеме шығындарды жауапкершілік орталықтары мен өндірістер бойынша нақты жауапты тұлғаны көрсете отырып ұйымдастыру, бұл үстеме шығындарды өнімнің өзіндік құнына енгізудің дәлдігін қамтамсыз етіп, осы шығындарды төмендету жолдарын анықтауға ықпал етеді;

-құралдарды күтіп ұстау және пайдалану шығындарын өндіріс кезеңдері арасында құралдың атқарған уақыт санына тепе-тең таратқан орынды;

-өндіріс орындарының тозуы мен ағымдағы жөндеу шығындарын тікелей жолмен қосқан дұрыс;

-еңбекақы шығындарын өндірістік жұмысшылардың негізгі еңбек ақысына тепе-тең бөлу керек;

-қалған шығын баптарын өнімнің жекелеген түрлерінің салмағына бара-бар бөлген дұрыс.

Өндірістік өнім шаруашылығында үстеме шығындар есебін дұрыс ұйымдастыру осы шығындар сметасының сақталынуын қадағалауға, өндірістік емес шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

Шаруашылықтың үстеме шығындары құрамында құрал-жабдықтарды пайдалану шығындары мен цех шығындарын бөліп қарастырған орынды. Өйткені құрал-жабдықтарды пайдалану және күтіп ұстау шығындары негізінен құрал-жабдықсыз өндіріс үрдісін жүргізу мүмкін болмағандықтан өндіріске тікелей қатысады. Сондықтан оны тікелей шығындар қатарына жатқызуға болады. Алайда оларды өнімнің өзіндік құнына тікелей енгізілмейді. Өйткені «бір өнімнен артық өнім (жұмыс, қызмет) шығаруға қатысатын құрал-жабдықтарды күтіп ұстау және пайдалану шығындары үстеме шығындардың құрамында есепке алынуы тиіс».

Информация о работе Ysteme wigindar esebi