Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2012 в 11:41, доклад
1992 жылдың 13 наурызында стандарттау саласында «Келісілген саясатты жүргізу туралы» ТМД елдерінің Келісіміне қол қойылып, мемлекетаралық стандарттау жүйесінің негізі қаланды. Бұл құжат бойынша мыналар танылды: қолданылып жүрген мемлекеттік стандарттар мемлекетаралық стандарттар ретінде, бұрынғы КСРО эталондың базасы ортақ мүлік ретінде, стандарттау, сертификаттау және метрология жүйелерін өзара тану үшін екі жақты келісімдердің қажеттілігі.
Конференция сессиялары кем дегенде екі жылда бір рес өткізіледі, онда Уругвайлық раундтың келісімдер пакетімен байланысты принципиалды мәселелер бойынша шешімдер қабылданып, талқыланады.
1996 жылдың желтоқсан айындағы Сингапурдегі бірінші конференция сауданың либерализациясының курсын қуаттады және БСҰ-ның ұйымдық құрылымына сауда мен инвестиция арсындағы қатынастар мәселесімен, сауда мен бәсекелестік саясат арасындағы өзара әрекеттестікті, сонымен қатар мемлекеттік сатып алу саласының тұнықтылығымен айналысатын үш жаңа жұмыс топтарын қосты.
1998 жылы Женевада өткізілген екінші конференция ГАТТ/БСҰ-ның 50 жылдығына арналды. Сонымен қатар, онда БСҰ мүшелері әлемдік электронды сауда мәселелерін зерттеу туралы келісімге келді.
Үшінші конференция 1999 жылы Сиэтлде (АҚШ) құрылды және ол сауда келіссөздерінің жаңа раундының басталуы туралы шешім қабылдау керек болатын, бірақ ол нәтижесіз аяқталды. Төртінші Министрлік конференция 2001 жылдың 9-13 қарашасында Дохада (Катар) өткізілді, бесіншісі 2003 жылдың 10-14 қыркүйегінде Канкун қаласында (Мексика) және алтыншысы 2005 жылдың 12-18 желтоқсанында Гонконг қаласында (ҚХР) өткізілді.
Генералды кеңес Министрлік конференцияға бағынышты, ол ағымдағы жұмыстың орындалуына жауап береді және БСҰ-ға мүше елдердің өкілдерінің құрамымен, әдетте олар қатысушы елдер делегацияларының басшылары, жылына бірнеше рет Женевадағы штаб-квартирада жиналады.
Генералды кеңестің басшылығында бұдан басқа екі арнайы орган бар: сауда саясатын талдау бойынша және дауларды шешу бойынша. Сонымен қатар Генералды кеңеске сауда және даму бойынша; сауда балансымен байланысты шектеулер бойынша; бюджет, қаржы және әкімшілік мәселелер бойынша комитеттер есеп береді.
Генералды кеңес БСҰ иерархиясының келесі деңгейіндегі үш кеңесті басқарады: тауарларды сату бойынша кеңес және интеллектуалды меншік құқықтарының сауда аспектілері бойынша кеңес.
Тауарларды сату бойынша кеңес өз кезегінде тауарларды сату саласындағы БСҰ принциптерінің сақталуын және ГАТТ-1994 келісімдерінің орындалуын бақылайтын арнайы комитеттердің қызметтерін басқарады.
Қызметтер саудасы бойынша кеңес ГАТС келісімдерінің орындалуын бақылайды. Оның құрамына қаржылық қызмет көрсету саудасы бойынша Комитет және кәсіби қызметтер бойынша жұмыс тобы кіреді.
Интеллектуалды меншік құқықтарының сауда аспектілері бойынша кеңессәйкес келісімнің (ТРИПС) орындалуын бақылауды жүзеге асырудан басқа жасанды тауарлардың халықаралық саудасымен байланысты дауларды болдыртпау мәселелерімен айналысады.
Министрлік конференция (немесе Генкеңес) үш жылдық өкілеттілігі бар БСҰ-ның Генералды директорын тағайындайды. 1999 жылдан 2002 жылдың қыркүйек айына дейін бұл қызметті Жаңа Зеландияның экс-премьер-министрі Майк Мур атқарды, 2002 жылдың қыркүйек айынан 2005 жылдың қыркүйек айына дейін Таиландтың бұрынғы вице-премьері Супачай Паничпакди болды, ал қазіргі кезде БТҰ-ның Генералды директоры сауда бойынша ЕО-ның бұрынғы комиссары Паскаль Лами, ло өз қызметін 2005 жылдың 1 қыркүйегінен бастады.
Көптеген арнайы комитеттер мен жұмыс топтары қоршаған ортаны қорғау, дамушы елдер мәселелері, БСҰ-ға кіру прцедурасы мен аймақтық сауда келісімдері сияқты салалардағы мәселелерді шешумен және БСҰ-ның жеке келісімдерімен айналысады.
Ұйымның атқарушы органы Женевадағы БСҰ Секретариаты болып табылады, оның штатының құрамында 500 қызметкерлер жұмыс істейді; оны Генералды директор басқарады. БСҰ Секретариаты басқа халықаралық ұйымдардағы ұқсас органдармен салыстырғанда шешім қабылдамайды, себебі бұл функцияны мүше елдердің өздері атқарады. Секретариаттың негізгі міндеттері- әр түрлі кеңестер мен комитеттерді, сонымен қатар Министрлік конференцияны техникалық қолдаумен қамтамасыз ету, дамушы елдерге техникалық жәрдем көрсету, әлемдік саудаға талдау жүргізу және БСҰ жағдайын жұртшылық пен жалпы ақпарат құралдарына түсіндіру. Секретариат сонымен қатар дауларды шешу процессі кезінде құқықтық көмектің кейбір түрлерімен қамтамасыз етеді және БСҰ-ға мүше болуға ниет білдірген елдерге кеңес береді. Қазіргі кезде мұндай елдердің саны жиырмадан жоғары.
БСҰ консенсус негізінді шешім қабылдауға тәжірибеленген, дегенмен де-юремен дауыс беру ескерілген. Тауарлар, қызметтер, ТРИПС, қабылданған міндеттерден босату бойынша келісімнің жағдайларын түсіндіру 3/4 дауыспен қабылданады. Қатысушылардың құқықтары мен мен міндеттеріне зиян келтірмейтін түзетулер, сонымен қатар мүшелерді қабылдау 2/3 дауысты қажет етеді (әдетте консенсуспен).
БСҰ-ны бекіту туралы келісімге сәйкес ұйымның қатысушы елдері барлық келісілген жақтар-ГАТТ қатысушылары болды (128 мемлекет), олар тауарлар мен қызметтер бойынша міндеттер тізімін көрсетті және Уругвайлық раундтың келісімдер пакетін ратифицирледі.
Қазіргі кезде БСҰ құрамына 150 мемлекет кіреді және оның 22-сі жаңадан мүше болды-Эквадор, Болгария (1996 ж.), Монголия, Панама (1997 ж.), Қырғызстан (1998 ж.), Латвия, Эстония (1999 ж.), Иордания, Грузия, Албания, Оман, Хорватия (200 ж.), Литва, Молдова (2001 ж.), Қытай (2001 ж. желтоқсан), Тайвань (2002 ж. қаңтар) және Армения (2003 ж. ақпан), Македония (2003 ж. сәуір), Камбоджа (2003 ж.), Непал (2004 ж. 23 сәуір), Сауд Аравиясы (2005 ж.), Вьетнам (2007 ж.).
30-ға жуық мемлекетте БСҰ-ның бақылаушысы статусы бар. Олардың көп бөлігі, соның ішінде Ресей, Алжир, Украина, Қазақстан және ТМД-ның басқа мемлекеттері (Түрікменстаннан басқа) БСҰ-ға қосылудың әр түолі сатыларынан өтуде.
Бұдан басқа алпыстан жоғары халықаралық ұйымдарда БСҰ-ның әр түрлі құрылымдарын бақылаушы статусы бар, негізінен БҰҰ, ЮНКТАД, МВФ, МБРР, ВОИС, ОЭСР, аймақтық топтар, тауарлы ассоциациялар. ЮНКТАД/БСҰ эгидасымен Халықаралық сауда орталығы (ХСО) қызмет етеді, олар әлемдік сауда саласында дамушы елдерге көмектеседі.
ГАТТ/БСҰ жартығасырлық өмір сүру кезінде әзірленген Бүкіләлемдік сауда ұйымына қосылу процедурасы көп жоспарлы және бірнеше кезеңдерден тұрады. Қатысушы елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, бұл процесс шамамен 5-7 жылдан тұрады.
Бірінші кезеңінде арнайы жұмыс топтары қосылушы елдің экономикалық механизмі мен сауда-саяси режимінің БСҰ нормалары мен ережелеріне сәйкестілігін көп жақты деңгейде жете қарастырады. Бұдан кейін аталған ұйымға қосылушы елдің мүше болуының шарттары туралы кеңестер мен келіссөздер жүргізіле бастайды. Бұл кеңестер мен келіссөздер, әдетте, БСҰ-ның барлық мүдделі мүше елдерімен екі жақты деңгейде жүргізіледі.
Ең алдымен келіссөздер БСҰ мүшелерінің қосылушы елдің нарықтарына енудің «коммерциялық маңызды» мүмкіндігі туралы болады (тауарлар мен қызметтер нарықтарына ену туралы екі жақты Протоколда фиксирленеді), сонымен қатар келіссөздер БСҰ мүшелілігінің келісімдері бойынша міндеттерді өзіне қабылдаудың форматы мен мерзімі туралы болады.
Өз кезегінде қосылушы ел әдетте БСҰ-ның басқа мүшелері сияқты құқықтарға ие болады, ол оның сыртқы нарықтардағы дискриминациясының жойылуын білдіреді. Ұйымның қандай да бір мүшесі теріс құқықты әрекеттер жүргізген жағдайда кез келген ел сәйкес арызбен дауларды шешу бойынша органға бара алады (ДШО), оның шешімдерін БСҰ-ның әр қатысушысы сөзсіз орындауға міндетті.
Бекітілген процедураға сәйкес нарықтарға ену либерализациясы және қосылу шарттары бойынша жүргізілген барлық келіссөздердің нәтижелері келесі ресми құжаттармен толтырылады:
-жұмыс тобының баяндамасы, онда қосылушы елдің келіссөздер нәтижесі бойынша өзіне қабылдайтын құқықтары мен міндеттерінің толық пакеті мазмұндалады;
-тауарлар саласындағы тарифтік жеңілдіктер мен ауыл шаруашылығын қолдау деңгейі бойынша міндеттер тізімі;
-қызметтер бойынша арнайы міндеттер тізімі және РНБ-ден алынған тізім;
-қосылу туралы протокол, онда екі және көп жақты деңгейде жасалған келісімдер заңдық күшіне енеді.
БСҰ-ға жаңа елдердің қосылуының маңызды шарттарының бірі-олардың ұлттық заңдары мен сыртқы экономикалық қызметін реттеу тәжірибесін Уругвайлық раундтың келісімдер пакетінің жағдайына сәйкес келтіру болып табылады.
Қосылудың ең соңғы кезеңінде Генералды кеңеспен бекітілген және жұмыс тобымен үйлестірілген құжаттардың толық пакетін қосылушы елдің ұлттық заң шығарушы органы ратификациялайды. Бұдан кейін аталған міндеттер БСҰ құжаттарының және ұлттық заңның бір бөлігі болады, ал кандидат елдің өзі БСҰ-ның статусына ие болады.
Информация о работе Стандарттау саласындағы халықаралық мекемелер