Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2012 в 11:41, доклад
1992 жылдың 13 наурызында стандарттау саласында «Келісілген саясатты жүргізу туралы» ТМД елдерінің Келісіміне қол қойылып, мемлекетаралық стандарттау жүйесінің негізі қаланды. Бұл құжат бойынша мыналар танылды: қолданылып жүрген мемлекеттік стандарттар мемлекетаралық стандарттар ретінде, бұрынғы КСРО эталондың базасы ортақ мүлік ретінде, стандарттау, сертификаттау және метрология жүйелерін өзара тану үшін екі жақты келісімдердің қажеттілігі.
1992 жылдың 13 наурызында стандарттау саласында «Келісілген саясатты жүргізу туралы» ТМД елдерінің Келісіміне қол қойылып, мемлекетаралық стандарттау жүйесінің негізі қаланды. Бұл құжат бойынша мыналар танылды: қолданылып жүрген мемлекеттік стандарттар мемлекетаралық стандарттар ретінде, бұрынғы КСРО эталондың базасы ортақ мүлік ретінде, стандарттау, сертификаттау және метрология жүйелерін өзара тану үшін екі жақты келісімдердің қажеттілігі. Мемлекетаралық деңгейде стандарттау, сертификаттау және метрология бойынша мемлекетаралық кеңес құрылды. Оның негізгі функциялары: стандарттау саласындағы қызметтің басты бағыттарын айқындау; мемлекетаралық стандарттардың жобаларын бекіту, стан- дарттау саласындағы жұмыстардың негізгі бағыттарын және оларға қажетті шығынның сметасын талқылау және қабылдау. Кеңестің қабылдаған шешімдері оған өкілдері кірген мемлекеттерге міндетті. Келісімге қатысқан ТМД елдерінің стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі ұлттық органдардың басшылары мемлекетаралық кеңестің мүшелері болып табылады. Мемлекетаралық жұмыстың негізгі органы - стандарттың, метрология және сертификаттау жөніндегі Минск қаласында орналасқан бюросы. Қалыптасқан дәстүр бойынша кеңестің жиналыстары Келісімге енген елдердің әрқайсысында кезектесіп өткізіліп отырады. Мемлекетаралық кеңестің жұмысы арқасында КСРО- да қолданылған нормативтік құжаттар қоры мен эталондық база (шамамен 25 мың мемлекеттік, 40 мың салалық стандарттар, 35 техникалық-экономикалық ақпаратты жіктегіштер, 140 физикалық шамалар өлшемдерінің метрологиялық эталондары) сақталып қалды. Қазіргі уақытта ТМД елдерінің ұлттың сертификаттау жүйелерін өзара тану үдерісі толығымен аяқталды. Мемлекетаралық кеңестің жұмыс органы - мемлекетаралық техникалық комитеттер. Олар мемлекетаралық стандарттарды әзірлейді және мемлекетаралық стандарттау саласындағы басқа да нақтылы жұмыстарды жүргізеді. Мемлекетаралық стандарттар және оларға енгізілетін өзгерістер кеңес шешімімен қабылданады, ал кеңес жиналыстары жылына екі рет өткізіледі. Бес жылда (1992-1997 жж.) Кеңестің шешімімен 2500 нормативтік құжаттар қабылданды. Олар негізінде міндетті сертификаттауға жататын өнімдерге техникалық талаптарды белгілеу бағытталған. Қабылданған стандарттар халықаралық стандарттармен үйлестірілген, яғни ТМД елдерінің дүниежүзілік нарыққа шығуына мүмкіндік туғызады. Мемлекетаралық кеңестің атқарып отырған нәтижелі жұмыстарын бағалай отырып, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым (ИСО) оны стандарттаудың халықаралық аймақтық мекемесі ретінде таныды
Халықаралық байланыстың даму жағдайында стандарттау саласындағы жұмыстарды тек қана бір ел шеңберінде жүргізу мүмкін емес. Барлық елдердің арасында сауда, экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастығын құру үшін халықаралық стандарттаудың маңызы өте зор. Халықаралық стандарттардың қажеттілігі уақыт өткен сайын айқындалып келе жатыр, өйткені, халықаралық нарыққа шығарылатын өнімдер түрлеріне тағайындалған ұлттық және халықаралық стандарттардың арасындағы айырмашылықтар халықаралық сауданы дамытуға кедергі жасауда. Халықаралық сауданы дамытудың проблемаларын шешуде стандарттардың арақатынастық функциясы анық көріне бастады. Халықаралық стандарттау адамдардың, энергияның және ақпараттық алмасуына жәрдемдеседі. Осыған байланысты халықаралық стандарттар рыноктарды ашатын құлып деген ұғым қалыптасқан. Стандарттау саласындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың негізгі мәселесі - үйлестіру, яғни Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесін басқа елдердің халықаралық, аймақтың, ұлттық жүйелерімен қиыстыру. Мұның мақсаты отандық өнімдердің сапасын және әлемдік нарықта оның бәсекеге жарамдылығын жоғарылату. Стандарттау жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты халықаралық, аймақтық мекемелер жүзеге асырады
Стандарттау саласындағы халықаралық мекемелер
Халықаралық стандарттау саласында стандарттау жөніндегі Халықаралық ұйым (ИСО), Халықаралық электротехникалық комиссия (ХЭК), Халықаралық электр байланыстары одағы (ХЭО) жұмыс атқарады. Стандарттау жөніндегі халықаральщ үйым (ИСО) 1947 жылы құрылған. ИСО-ның қызметі электроника мен электротехникада басқа стандарттау салаларының барлығын қамтиды. 1999 жылдың 1 қаңтарынан ИСО жұмысына 178 ел қатысты. ИСО-ның органдары - Бас ассамблея, ИСО кеңесі, Кеңес комитеттері, техникалық комитеттер және орталық секретариат, Жоғарғы органы - Бас ассамблея .
Бас ассамблея сессияларының арасында ұйым жұмысын ИСО-ның Кеңесі басқарады. Кеңеске стандарттаудың үлттық мемлекеттік өкілдері кіреді. Кеңес жанынан техникалық комитеттердің жұмысын басқаратын атқарушы бюро құрылған. Халықаралық стандарттардың жобасын техникалық комитеттер шеңберінде жұмыс атқаратын жұмыс топтары дайындайды. Техникалық комитеттер жалпытехникалық және техниканың нақтылы саласына қатысты болып екіге бөлінеді. Жалпытехникалық топқа жататын техникалық комитеттер (ИСО құрамында олардың саны 26) жалпытехникалық және салааралық мәселелермен шүғылданады. Оларға жататындардың ішінде «Өлшем бірліктері» (ТК 12), «Ерекше сандар» (ТК 19) ж.б. бар. Қалған техникалық комитеттер (ИСО құрамында олардың саны шамамен 140) техниканың нақты салаларына қатысты. Мысалы, «Автомобильдер» (ТК 22), «Станоктар» (ТК 39) ж.б. ТК күрделі салаларға қатысты болған жағдайда (химия, космостың техника ж.б.) олардың құрамында комитет бөлімдері және жұмыс топтары құрылады. Халықаралық стандарттың жобасын қабылдау үшін ТК мүшелерінің 75%-ның келісімі болуы керек. 2000 жылдың басында шамамен 12 мың халықаралық стандарттар қолданыста болған. Халықаралық стандарттарды қолдану міндетті емес, яғни әрбір ел оны толығымен, тек қана кейбір бөлімдерін қолдануына болады немесе жалпы қолданбауы да мүмкін. Бірақ та халықаралық нарықтағы бәсекелестіктің артуы жағдайында өндірушілер өз өнімдерінің бәсекелесу деңгейін көтеру мақсатында халықаралық стандарттарды қолдануға мәжбүр. Шетел мамандарының бағалауларына қарағанда кейбір өндірістері дамыған елдерде ИСО-ның стандарттар қорының 80%-ына дейін қолданылады. Халықаралық электротехникалық комиссия (ХЭК) электротехника, радиоэлектроника және байланыс салаларында қолданылатын стандарттарды дайындайды. Ол 1906 жылы, яғни ИСО-дан көптеген жылдар бұрын құрылған. Әр уақытта құрылғандықтан және жұмыс бағыттары әр түрлі болғандықтан, осы халықаралық мекемелердің екеуі де бүгінгі күнде жұмыстарын жалғастыруда. ИСО мен ХЭК алдындағы мәселелердің тұтастығын ескере отырып және жекелеген техникалық органдардың жұмыстарында жарыса жүргізуді болдырмау үшін мекемелер арасында өзара келісім жасалған. Келісім, біріншіден, іс-қимылдар шеңберін шектеуге, екіншіден, техникалық қимылдарды үйлестіруге бағытталған. Біраз елдерде электротехника, электроника және байланыс салаларының дамуы деңгейінің төмендігіне байланысты ХЭК мүшелерінің саны (шамамен 60) ИСО мүшелерінің санынан аз.ХЭК жоғарғы органы - барлық ұлттық комитеттер өкілдерін қамтитын Кеңес. ХЭК бюджеті ИСО бюджеті сияқты үйым мүшелерінің жарна төлемінен және халық- аралық стандарттарды сатудан түскен қаржылардан құрылады. ХЭК техникалық органдарының құрылымы ИСО құрылымына ұқсас - техникалық комитеттер (шамамен 80), комитеттер бөлімі және жұмыс топтары. Осы органдар қазіргі кезде 3000-нан астам стандарттар дайындаған. Халықаралық стандарттау саласында ИСО, ХЭК-тен басқа да ұйымдар бар. Олар - Біріккен Ұлттар Үйымының (БҮҮ) Еуропалық экономикалық комиссиясы, Халықаралық сауда палатасы. Стандарттау жұмыстарына БҰҰ жанындағы ЮНЕСКО, МАГАТЭ ж.б. ұйымдар да қатысады. Дүние жүзіндегі стандарттау саласында жеті аймақтың ұйымдар жұмыс істейді. Скандинавияда, Латын Америкасында, Арабия аймағында, Африкада, Еуропалық Одақ (Е.О). Бұлардың ішінде ЕО жұмыс тәжірибесін ерекше атауға болады.
[өңдеу]
Стандарттау жұмыстарын Еуропалық Одақ (ЕО) шеңберінде ұйымдастыру
Қазіргі кезде экономиканы интеграциялауға, аймақтық біріккен нарықтар құруға бетбұрыс айқын байқалады. Интеграцияның кең дамыған аймағы - Еуропалық Одақ шеңбері (ЕО). 1993 жылы Еуропаның 15 елі бірігіп құрған нарық осы елдердің шамамен 400 млн. тұрғындарын қамтиды. Осыған байланысты ұлттық кедергілерді жою мақсатында аймақтық стандарттарға басты назар аударылып отыр. 1961 жылы стандарттау жөніндегі Еуропалық коми- тет (СЕН ЭЛЕК) құрылды. Бұл комитеттердің құрамын- да 239 техникалық комитеттер бар. Біріккен нарық жағдайына сәйкес ЕО «Еуропаның жасыл кітабы» деп аталған (Еуропада техникалық интеграцияны жеделдету үшін еуропалық стандарттарды дамыту) бағдарлама жасалды. Бұл бағдарламада Еуропада стандарттауды ңайтадан құру және дамыту жоспа- ры қарастырылған. «Жасыл кітапта» көрсетілгендей, еуростандарттар техника мен технологияның ең соңғы жетістіктерін қамтуы керек, ал директивалар - тұрғындар мен қоршаған ортаға қауіпсіз емес немесе зиянды өнімдерді Қоғамдастыққа енгізбеу үшін тиімді шараларды қарастыру қажет. Осындай шаралар негізінде стандарттау жұмыстарында көптеген ілгерілеу жасалды. Мысалы, 1991 жылы ЕО 200 директива және 1200 еуростандарттар болған болса, 1993 жылы директивалар саны екі есе үлғайтылып, еуростандарттар саны бірнеше мыңға жеткізілді. Қазіргі жағдайда СЕН жәнө СЕНЭЛЕК-тің басты саясаты - ИСО/МЭК халықаралық стандарттарын аймақтық ретінде кеңінен қолдану. Осының нәтижесінде ЕО шеңберінде қолданылатын нормативтік құжаттардың 45% -ын ИСО/МЭК шығарған халықаралық стандарттар.
AСЕАН (ағылш. The Association of Southeast Asian Nations — Оңтүстiк-шығыс Азия елдерiнің ассоциациясы) — Оңтүстiк-шығыс Азияның 10 елi кіретін өңірлік саяси, мәдени әрі экономикалық ұйым.
1967 ж. тамыздың 8 Индонезия, Малайзия, Филиппиндер, Сингапур және Таиланд негізін қалаған.
Ұйым мақсаты — экономикалық өсуді, әлеуметтік, мәдени дамуды жаңғырту, аймақта бейбітшілікті қамтамасыз ету.
АСЕАН саммиті.
Оңтүстік-шығыс Азия елдерінің ассоциациясы, Assocіatіon of South East Natіons, ASEAN (АСЕАН) – халықаралық ұйым. 1967 жылы 8 тамызда Индонезия, Малайзия, Сингапур, Тайланд, Филиппиндер мемлекеттері құрған. Кейін ұйымның құрамына Бруней (1984), Вьетнам (1995), Лаос және Мьянма (1997), Камбоджа (1999) кірді. АСЕАН құрылғаннан бастап саяси ынтымақтастық саласында келісімдер жасауға баса көңіл бөлді. АСЕАН елдерінің алғашқы екі кездесуі (1976 және 1977) осы ұйым қызметінің принциптерін жария етіп, адам ресурстарын дамыту, кедейшілік пен сауатсыздықты жою, есірткі саудасына жол бермеу, т.б. салада ынтымақтастықты кеңейтуге арналды. Ұйымға мүше елдер Оңтүстік-Шығыс Азияда еркін сауда аймағын құруға талпыныстар жасап, арнайы келісімшарттарға отырды
Конференциялар
Ұйым Азия-Тынық мұхит аймағындағы қауіпсіздік мәселелері бойынша жыл сайын конференциялар өткізеді. 1993 жылы АСЕАН-ның аймақтық форумы құрылып, оған бақылаушы мемлекет ретінде Папуа-Жаңа Гвинея және екі кеңесшілік серіктес елдер – Қытай мен Ресей кірді. Сондай-ақ ұйым аймақта экономикалық өсімді, әлеуметтік және мәдени дамуды жеделдету, аталған салаларда белсенді ынтымақтастық пен өзара көмек көрсету мақсатында ғылым мен технология, қоршаған орта, мәдениет пен ақпарат, әлеуметтік даму ынтымақтастығын үйлестіреді. 1995 жылы АСЕАН елдері Оңтүстік-Шығыс Азия аймағында ядролық қарусыз аумақ құру туралы шартқа қол қойды.
Құрылымы
АСЕАН-ның жоғарғы органы – Мемлекет және Үкімет басшыларының саммиті. Бұл саммит әр 3 жыл сайын өткізіледі, ал олардың аралығында бейресми кездесулер өтеді. АСЕАН-да 11 арнайы комитет жұмыс істейді, ағымдағы басшылықты Тұрақты комитет жүзеге асырады. Бес жыл мерзімге тағайындалатын АСЕАН-ның Бас хатшысы жетекшілік ететін Секретариат Джакарта қаласында орналасқан.
Көп жақты және екі жақты ынтымақтастық үшін қолайлы жағдайлар жасау және осы бағытты келісімдеу мақсатында көптеген халықаралық, соның ішінде үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдар пайда болды.
Халықаралық ұйымдар сауда тосқауылдарын жою бойынша маңызды мәселелерді шешеді, мемлекеттер арасындағы кең тауарайналымына және валюталардың тұрақтандырылуына жәрдемдеседі, басқа да сыртқы сауда мәселелерін қарастырады. Олар өзара тәуелді халықаралық ынтымақтастықтың күрделеніп келе жатқан сипатына жауап қайтару үшін және әр мемлекет пен оның субьектісіне халықаралық қызметке қатысудың өз мүмкіндіктерін пайдалануға жәрдемдесу мақсатында құрылған.
«Римдік шарттардың» күшіне енуінен бұрын Батыс Еуропада ЕЭЫҰ-дың (Еуропалық экономикалық ынтымақтастық ұйымы) барлық 17 мемлекеттерін қамтитын еркін сауда зонасын құру әрекеті сәтсіздікке ұшырады. Еуропалық еркін сауда ассоциациясын (ЕФТА) құру туралы келісім бір жағынан, ЕЭЫ карым-қатынастарының жағдайын келіссөздерде жақсартуға жәрдемдесу үшін, ал басқа жағынан, он жыл бойы толық жұмыспен қамтылу және өмір деңгейін кедендерді ликвидациялау және өнеркәсіптік тауарларға көптеген шектеулер енгізу арқылы жақсартуды қамтамасыз ету үшін күшіне енді. ЕЭЫ-ға қарағанда сауданың кез-келген либерализациясы ұлттық кедендік автономдылықты сақтау арқылы жүзеге асуы керек.
Еуропалық еркін сауда ассоциациясы кең экономикалық және саяси интеграцияға ұмтылмағандықтан, оның жеке құқықтық реттеулері жоқ және ол минимум мүшелерден құралады. Ең жоғарғы орган ЕФТА кеңесі болып табылады, онда әр елдің бір даусы болады. Бұл кеңес шарттардың қолданылуын және орындалуын бақылайды. Сонымен қатар ол қатысушы елдер ассоциация мақсаттарын жүзеге асыруды қолдау үшін келесі қадамдарды жасау керек пе, соны тексереді. Бұдан басқа жеті тұрақты комитеттер бар (мысалы, сауда және кедендік эксперттер). ЕФТА секретариаты Женевада орналасқан. Оны бас директор мен оның орынбасары басқарады. ЕФТА-дан шығу өтінішті бергеннен кейін 12 ай өткен соң ғана мүмкін.
Бірқатар елдер үшін ЕФТА Еуропалық одаққа кірудің бастапқы қадамы болады.
«Глобализация» тенденциясы (сауда немесе нарық) блоктарды құру тенденциясына айналды, ал бұл Еуропадағы болашақ экономикалық блоктардың одан әрі оқшауланғаның білдіреді.
Бұл жерде әсіресе АСЕАН, НАФТА және МЕРКОЗУР маңызды болып табылады.
АСЕАН бұл-оңтүстік-шығыс азия мемлекеттері-Индонезия, Филлипин, Малайзия, Сингапур және Тайланд қоғамдастығы, ол 1967 жылғы Бангкоктағы декларация бойынша құрылды. 1984 жылы оған Бруней мен Вьетнам қосылды. Қоғамдастықтың мақсаты бірлескен индустриалды саясат арқылы экономикалық дамуға жәрдемдесу. 1992 жылы АСЕАН елдері 2008 жылы 330 млн. жоғары адамдарды біріктіретін Азиялық еркін сауда зонасын (АФТА) құру туралы шешім қабылдады. 1993 жылы шілде айында АСЕАН елдерінің сыртқы істер министрлері басқа елдерге қатысты жалпы мүдделерді координациялау мақсатында жаңа платформа құру туралы шешім қабылдады. Бұл шешім батыстағы өнеркәсіптік ұлттар-Австралия, Жаңа Зеландия, Жапония, Канада және бәрінен бұрын АҚШ-қа тәуелді болуға қарсы бағытталған. Олар 1989 жылы Австралияның инициативасымен орнатылған азиялық-тынықмұхиттық ынтымақтастық арқылы болашақта үлкен үміт артылып отырған азиялық-тынықмұхиттық аймақтың дамуына әсерін тигізуге тырысуда. 1994 жылы Богорда экономикалық ынтымақтастықты күшейту және 2020 жылға қарай барлық сауда және инвестициялық кедергілерді жою туралы шешім қабылданды.
Солтүстікамерикалық еркін сауда зонасы Еркін сауда келісімі (ФТА) бойынша пайда болды, Канадамен инициирленді және АҚШ пен Канада арасында 1989 жылдың 1 қаңтарында күшіне енді. 1990 жылдың маусым айында Мексика оны кеңейту туралы ұсыныс жасады. Үшжақты келісімдер 1990 жылдың тамыз айында 1994 жылдың 1 қаңтарында Солтүстікамерикалық сауда келісімінің (НАФТА) күшіне енуімен аяқталды. Осылай, әлемде 368 млн. адамнан және сатып алу қабілетінен тұратын көлемі бойынша екінші нарық пайда болды, оның сатып алу қабілеті Еуропалық экономикалық кеңістікпен (ЕВР) тең келді.
МЕРКОЗУР сексенінші жылдардағы Аргентина мен Бразилияның тығыз ынтымақтастыққа ұмтылуынан пайда болды. 1990 жылдың 6 шілдесінде екі елдің президенттері Жалпы нарық құру туралы актіге қол қойды. Ол күшіне 1995 жылдың 1 қаңтарында ену керек болатын. 1991 жылдың 26 наурызында осы интеграциялық процесске Парагвай мен Уругвай қосылды. Келісім оңтүстіктің Жалпы нарығы үшін (180 млн. адамдай) 1994 жылдың 31 желтоқсанында кедендерді ликвидациялау және тарифтік емес сауда шектеулері арқылы тауарлар мен қызметтердің еркін айналымын, ал бір жылдан соң капитал айналымының либерализациясын жұмыскерлердің жұмыс орнын еркін таңдау мүмкіндігімен бірге қарастырды. Келісім бойынша жалпы сыртқы кеден құрылып, жалпы сауда саясаты жүргізілуі керек. Келісімді жүзеге асыру мақсатында Жалпы нарық Кеңесінің басқарушы мүшесі және Жалпы нарық тобының атқарушы мүшесі құрылды. 11 техникалық жұмысшылар топтары және Монтевидеода орналасқан басқарушы секретариаты бар. Келісімнің атаққұмар мақсаттары жартылай тек 1994 жылдың аяғында ғана орындалды. Шындығында, 1995 жылдың 1 қаңтарында Жалпы нарық әлі құрылған жоқ болатын, тек толық жетілмеген көптеген шектеулері мен қосымша келісімдері бар кедендік одақ болды.
Информация о работе Стандарттау саласындағы халықаралық мекемелер