Лизинг түсінігі.Түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 16:23, реферат

Описание работы

Нарықтық Экономика, рыноктық экономика, базарлы экономика – еркін кәсіпкерлік, өндіріс құрал-жабдығына меншік нысандарының көптігі, нарықтық баға белгілеу, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы шарттық қатынастар, мемлекеттің шаруашылық қызметке шектеулі түрде араласуы қағидаттарына негізделген экономика, яғни тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, оны бағдарламалау және реттеу саласы нарықта біріктірілетін экономика.

Содержание

Кіріспе
1) Лизинг түсінігі.Түрлері
2) Франчайзинг түсінігі.
3) Лицензия. Лицензия паспорты. Лицензиялық жүйе
4) Біріккен кәсіпорын (БК)
5) Тұтынушы кәсіпорын (ТК). Тұтыну кооперативі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Лизинг.docx

— 44.12 Кб (Скачать)

Жоспар:

 
Кіріспе

    1. Лизинг түсінігі.Түрлері
    2. Франчайзинг түсінігі.
    3. Лицензия. Лицензия паспорты. Лицензиялық жүйе
    4. Біріккен кәсіпорын (БК)
    5. Тұтынушы кәсіпорын (ТК). Тұтыну кооперативі 

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Нарықтық Экономика, рыноктық экономика, базарлы экономика – еркін кәсіпкерлік, өндіріс құрал-жабдығына меншік нысандарының көптігі, нарықтық баға белгілеу, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы шарттық қатынастар, мемлекеттің шаруашылық қызметке шектеулі түрде араласуы қағидаттарына негізделген экономика, яғни тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, оны бағдарламалау және реттеу саласы нарықта біріктірілетін экономика.

Адамзат өзінің тарихи эволюциялық даму барысында мәжбүрлеудің тек екі балама жүйесін қалыптастырды. Біріншісі — адам еркіне әкімшілік ықпал ету және екіншісі — өндірушінің құқықтық еркіндігіне кепілдік бере отырып экономикалық мәжбүрлеу жүйесі. Олардың қатар өмір сүруі іс жүзінде мүмкін емес, өйткені әкімшілік жүйе мәжбүрлеудің экономикалық мүддесінің әсерін әлсіретіп шектейді, және керісінше оған экономикалық құралдарды енгізу әкімшілік жүйені билігіне нұқсан келтіреді.

Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны дегеніміз – заңмен және басқа да құқықтық нысанмен қарастырылған, кәсіпорынның қалыптасуының құрылымдық тәсілі мен түрі, оның меншік формасы, шығаратын өнім көлемі мен ассортименті, оның капиталының қалыптасуы, қызметінің сипаты мен мазмұнына тәуелді болғандықтан және әртүрлі фирмааралық одақтарға кіру тәсілі мен бәсеке күресін жүргізу әдісіне байланысты жіктелуі.

Шаруашылық серiктестiк бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн  жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушысымен шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзу шартын жасасуға құқылы.

Акционерлiк қоғам қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серiктестiгi болып қайта құрылған жағдайда құрылтай шарты жасалмайды.

 

 

 

 

 

 

 

1.ЛИЗИНГ ТҮСІНІГІ. ТҮРЛЕРІ

Лизинг — бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.

Машиналарды, құрал-жабдықтарды, көлік  құралдарын, өндірістік мақсаттағы ғимараттарды ұзақ мерзімге жалдаған жалға алушы  мүліктерді пайдалану шамасы бойынша  борыштарын бірте-бірте өтеуі; лизингтік келісімшарт мерзімінің аяқталуы бойынша: жалға алушы қалдық құны бойынша құрал-жабдықтарды сатып алуы, мерзімін ұзартуы, материалдық құндылықтарды қайтаруы мүмкін.

Банктердің лизингтік операциялары несиелік операциялармен ұқсас болып келеді. Алайда, лизингтің несиеден бір айырмашылығын келісімшартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал несиеде банктің меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.

Тарихта лизингке ұқсас операцияның  б.э.2000 жылдай бұрын ертедегі Вавильонда жасалғандығы белгілі болғанмен, шетелдік зерттеушілер лизинг операциясының  жасалғандығы туралы нақты зерттеулер ретінде 1877 жылы «Белл Телефон Компани» деген американдық компанияның  телефондарды сатудың орнына жалға  бергендігін тілге тиек етеді. «Юнайтед Стейтс лизин корп.» атты алғашқы  лизингтік компания 1952 жылы Сан Францискода (АҚШ) құрылған. Европада 1962 жылы «Дойче лизинг ГМ6Х» деген бірінші лизингтік компания Дюссельдорфта (Германия) пайда болыпты.1972 жылдан бері еуропа лизинг нарығы дамып келеді.

Лизингтік мәмілелердің бірнеше түрлері  бар. Барлық лизингтік операциялар  екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер. 
1. Шұғыл лизинг – бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін сипаттайды. 
2. Қаржы лизингі – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты сипатталады. 
Осы лизингтердің отандық және халықаралық тәжірибеде қолданылатын мынадай түрлері бар: 
1.Ішкі лизинг – бұл өзінің қатынасушыларының бір елден болып келуімен байланысты сипатталады. 
2.Халықаралық лизинг – бір тарап немесе барлық тараптардың әр елден болып келуін сипаттайды.

Қаржылық лизинг – бұл мүліктің толық құнын төлеп алатын мүліктің түрін жалға беру, онда уақытша пайдалануға берілген мүліктің мерзімі шамамен мүліктің амортизацияланатын және пайдаланатын мерзіміне жақын болады. Лизингтік мәміленің тараптары: 
-лизинг беруші(жалға беруші); 
- лизинг алушылар(жалға алушылар) болып табылады. Басқаша сөзбен айтқанда, қаржылық лизинг – бұл инвестициялық қызметтің бір түрі.

Лизинг қатысушылары

  • Лизинг беруші сатып алушыдан лизинг бұйымын лизинг келісім шарты бойынша өз меншігіне алуды, сосын оны лизинг алушыға белгілі бір ақыға, белгілі бір мерзімге, белгілі бір уақытта иелік ету жағдайына және кәсіпкерлік мақсаты үшін пайдалануына беруді міндетіне алады. Бұл кезде лизинг бұйымы лизинг алушыға берілгенде, оның мерзімі амортизацияланатын мерзіммен шамалас немесе оның 80% бөлігіне сәйкес келуі тиіс;
  • Лизинг алушы келісімшартқа сәйкес төленуге жататын төлемдерді кезеңімен тиянақты түрде төлеп тұруды өз міндетіне алады. Келісімшарттың мерзімі өткен соң, лизинг бұйымы лизинг алушының меншігіне өтуі мүмкін, егер бұндай жағдай шартта қарастырылған болса.
  • Лизинг бұйымдарына: ғимараттар, қондырғылар, машиналар, құрал-жабдықтар, транспорт құралдары, жер телімі т.б. мүліктер жатады. Лизинг бұйымына бағалы қағаздар, табиғи ресурстар жатпайды.

Лизинг және лизингтік  мәмілеге қатысушылар

Лизинг сөзі «to lease» ағылшын етістігінен  аударғанда «жалға беру» беруде екі  тарап қатысса: жалға беруші және алушы болса, ал лизингте үш қатысушы:лизинг беруші, лизинг алушы және жабдықтаушы  болады. Лизинг лизингтік мәмілеге қатысушылардың қарастырған жағдайына  байланысты және олар әрқилы болып  бөлінеді:

  • қайтарылатын лизинг – лизингтің бұл түрі, онда сатушы осы бұйымды кері қайтарыпала алатын болса ғана лизинг алушыға лизинг ретінде сатады;
  • банк лизингі – лизингтің бір түрі, онда лизингті беруші ролін банк атқарады;
  • толық лизинг – лизингтің бір түрі, онда лизинг беруші ағымдағы жөндеу және оның лизинг бұйымына техникалық қызмет көрсету жұмысын атқарады;
  • таза лизинг – лизингтің бір түрі, онда лизинг алушы ағымдағы жөндеу және оның лизинг бұйымына техникалық қызмет көрсету жұмысын атқарады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. ФРАНЧАЙЗИНГ ТҮСІНІГІ

Франчайзинг, франшизинг (ағылш. franchіse — жеңілдік; ағылш. franchіsіng — артықшылық) — ұсақ және ірі кәсіпкерліктің аралас нысаны‚ ірі компанияның (франчайзердің) өзінің фирмалық таңбасы мен тауар өндіруге (қызмет көрсетуге) лицензиясын (франшизаны) біреуге (франчайзиге), әдетте белгілі бір кезеңге және шектеулі аумақта беруі. Мұнда тауарлармен қызметтер нарығында жоғары беделге‚ жақсы атаққа ие болған “ата компаниялар” басты фирманың атынан әрекет жасау‚ оның таңбасы мен белгісін пайдалану құқығын пайдалану жөнінде ұсақ фирмалармен немесе жекелеген заңды тұлғалармен (франчайзилермен) шарт жасасады. Бұл орайда франчайзер франчайзиді тауармен‚ технологиялармен жабдықтауға‚ ақыл-кеңес беруге‚ т.б. міндеттенеді‚ франчайзи өзінің бизнесін тек басты фирма белгілеген нысанда ғана және белгілі бір уақыт бойына ғана жүзеге асыруға‚ белгілі бір төлемақы аударып тұруға тиіс. Негізінен екі нысанда — бұйымдар мен айналым Франчайзингі нысандарында көрініс табады. Бұйымдар Франчайзингі бойынша дайындаушы бұйымды қатаң түрде белгіленген нарықта не белгілі бір аумақта сату құқығын береді, өз кезегінде Франчайзингіні пайдаланушы тауарды тек дайындаушы-лицензиаттан ғана сатып алуға міндеттенеді. Айналым Франчайзингінің мәні лицензиатқа қызметтер пакетін ұсынуында, олар: өндіріс құпиясы, “ноу-хау”, жинақталған тәжірибе, тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, т.б. Шын мәнінде Франчайзинг шарты аралас лицензиялық және агенттік шарт болып табылады‚ ал осы табыстау үшін және салық салу мақсатымен төленетін төлемақыны роялти ретінде қарау керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 
 

 

 



3.ЛИЦЕНЗИЯ. ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ ПАСПОРТ. ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ ЖҮЙЕ

Лицензия (латын. licentia — рұқсат, құқық), рұқсатнама – экспортты‚ импортты және валюта қозғалысын бақылау мақсатымен экспорт-импорт операцияларын жүзеге асыруға мемлекет беретін рұқсат.Мемлекеттік органдар әлдебір саладағы қызметпен аиналысу құқығын беретін рұқсат.

1. Мемлекеттік органдардың  сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруға беретін рұқсаты. Жеке тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша белгілі бір мерзімде қолданылатын экспорттық-импорттық операцияларға бақылау орнату нысанының бірі.

2. Жеке адамдар немесе  ұйымдарға патентпен, техникалық  біліммен, тәжірибе, өндірістік құпия,  сауда маркасымен қорғалған өнертапқыштықты  пайдалануға рұқсат беретін құжат. 

3. Жеке адамдар немесе  ұйымдарға патентпен, техникалық  біліммен, тәжірибе, өндірістік құпия,  сауда маркасымен қорғалған өнертапқыштықты  пайдалануға рұқсат беретін құжат.


Лицензия нысаны - лицензиялық келісім бойынша берілетін техниканың немесе технологияның нысаны.

Лицензиялық жүйе тауарлардың әкелімі мен әкетілімін ұйымдастыру нысандарының бірі. Мұнда импортшы немесе экспортшы өзінің тауарларының әкелімі немесе әкетілімі құқығын сатып алу үшін жазбаша рұқсат (лицензия) алуға тиіс, бұл орайда, лицензиялық алым алынатын болса, осы алымды төлейді.

Лицензиялық келісім лицензияларды, "ноу-хауды", тауар белгілерін, т. б. пайдалану құқығын беру туралы келісім; Бұл келісімде патенттік лицензия беру; бірнеше патентті және олармен байланысты "ноу-хауды" кешенді түрде беру көзделуі мүмкін.

Лицензиялық паспорт - нысанды лицензиялық келісімшарт бойынша шетелдік сатып алушыға сатудың заңдылығын негіздейтін құжат. Онда лицензия пәніне қатысты техникалық құжаттардың көлемі; ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға қажет шығындар; лицензия нысанына кіретін өнер табыстар мен өнеркәсіп нысандарын патенттеу туралы мәліметтер және т.б. болады.

Лицензиялық төлемақы заңды немесе жеке тұлғаның меншік иесіне немесе бір нәрсені жасаушыға (авторына) осы меншікті коммерциялық мақсатта пайдалану құқығы үшін ақытөлеуі.

Патенттік лицензия - патент иесінің екінші адамға патенттелген өнертабысты пайдалануға беретін құқығы. Ол жай және ерекше лицензиялар болып ажыратылады. Жай патенттік лицензия жағдайында патент иесі өнертабысты пайдалану құқығын бірнеше адамға бере алады. Ерекше патенттік лицензия бойынша өнертабысты иайдалану құқығына патентті алушымен бірге патент иесінің өзі де ие болып қалады

 

4.БІРІККЕН КӘСІПОРЫНДАР (БК)

Бірлескен кәсіпорын – екі не одан көп елдің заңи тұлға құқықтары бар құрылтайшыларының (фирмаларының, компанияларының, т.б.) мүлкін біріктіру негізінде құрылған кәсіпорын. Олардың нақты нысандары: өндірістік кәсіпорындар, сауда фирмалары, енгізбелік, сервистік және басқа ұйымдар. Ынтымақтастықтың мұндай нысандары ел экономикасына шет ел капиталын тартуға, қолда бар резервтерді тезірек пайдалануға, қажетті өнімді шығаруды ұлғайтуға мүмкіндік береді, білімді, еңбек пен өндірісті ұйымдастыру тәжірибесін, басқару стилі мен әдістерін алмасуға, нарықтық қатынастар мен сыртқы рынокты игеруге жәрдемдеседі. Оның жарғылық қоры серіктестердің салымы есебінен құралып, шаруашылық қызметтен алынған пайда есебінен, қажет болған жағдайда қосымша салым немесе қарыз қаражаты есебінен толықтырылуы мүмкін. Бірлескен кәсіпорынның бас директоры (басқарма төрағасы) құрылтайшы мемлекеттің азаматы, не шет ел азаматы болуы мүмкін. Қызметкерлерді жалдау, жұмысқа алу, жұмыстан шығару, еңбек ақы төлеу мәселелерін кәсіпорынның өзі шешеді. Оның әкімшілік кәсіподақпен ұжымдық шарт жасасуға міндетті.

 

5.ТҰТЫНУШЫ КӘСІПОРЫНДАР  (ТК)

Тұтынушы – қандайда болсын тауарларды (өнімді, бұйымды, көрсетілетін қызметті) тұтынатын (сатып алатын) тұлға немесе фирма (ұйым); сондай-ақ жеке бастың тұрмыстық мұқтаждары үшін тауарларды (орындалатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ақырғы пайдаланушы, сатып алушы, оларға тапсырыс беруші не оларды сатып алуға немесе оларға тапсырыс беруге ниет білдіруші. Тұтынушы көбінесе тауардың бағасына, пайдалылығына, қолайлылығына, сапасы мен әдемілігіне баса назар аударады. Тұтынушының өндірушінің немесе сатушының клиенті болуы міндетті емес. Мысалы, баласына сағат сатып алған ана дүкеннің клиенті болып табылады, ал оның ұлы – тұтынушы.

Тұтыну кооперативі – азаматтар өздерінің материалдық және өзге де қажеттерін қанағаттандыру мақсатымен мүліктік үлеспұлдық жарналарын біріктіру жолымен құратын мүшелік жүйеге негізделген бейкоммерциялық ұйым.

Тұтыну кооперативінің пайда болуы: Жұмысшылар мен шаруалардың алғашқы тұтыну кооперативітері 18 – 19 ғасырларда алдымен Ұлыбританияда дүниеге келіп, кейіннен Франция, Германия, Италия және басқа да Еуропа елдеріне таралды. Ресейде 1861 жылы басыбайлылық құқықтың күші жойылғаннан кейін пайда болды. 1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін В.И. Лениннің кооперативтік жоспарына сәйкес Тұтыну кооперативі социолистік экономиканың шаруашылық құралдарының бірі ретінде пайдаланылды. КСРО-да тұтыну кооперативінің ұйымдық-шаруашылық қызметі мемлекеттік реттеу мен бақылау шеңберінде кең ауқымда дамыды.

Информация о работе Лизинг түсінігі.Түрлері