Кәсіпорынның айналым капиталының пайдалану тиімділігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2012 в 07:37, курсовая работа

Описание работы

Кәсіпорындардың іс-әрекеттерін қамтамасыз етудегі міндетті шарт - қолда бар айналым капиталының болуы. Айналым капиталының мәні - ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық ролімен анықталады. Айналым капиталын тиімді пайдалану көпшілігінде олардың қажеттілігін анықтау болып табылады.
Түрлі салаларда айналым капиталының үлес салмағы кәсіпорындардың өндіріс қорларының құрамында әр түрлі. Мысалы, ауыр өндіріс кәсіпорындарында жеңіл өндіріс кәсіпорындарына қарағанда ол төмен. Кәсіпорында айналым капиталын ұйымдастыру мыналардан тұрады: айналым капиталының қажеттілігін анықтау, олардың құрамы, құрылымын қалыптастыру көздерін табу және оларды реттеу, айналым капиталын басқару және т.б.

Работа содержит 1 файл

kursovoi.docx

— 70.45 Кб (Скачать)

    

2- сурет. Таза табыс млн.тг 
 

    Өнім  рентабельділігі 52,5% дан 8,4% ке кеміді, ол таза табыстың кеміп,  шығындардың  артуына байланысты кеміді.

    Сату  рентабельділігі 35.7% ке кеміді, бұдан  біз кәсіпорын өткен жылға  қарағанда едәуір шығынға ие екендігін  көре аламыз.

    Негізгі құралдардың тиімділігін анықтайтын қор қайтарылымдығы 2008 жылы 2,1 теңге  құраса, 2009 жылы 2 теңгені құрады.

Қормен  қарулану 2008 жылы 1127,8 млн. тг, ал 2009 жылы 1551,5 млн. тг құрады.

    Негізгі капиталдың орташа жылдық құны екі  жылға шаққандағы ауытқуы 7 412 626 млн. теңгеге өсті.

Айналым капиталының орташа жылдық құны 2008 жылы 6 201 831 млн. теңге, ал  2009 жылы 7770147,5 млн. теңгені құрады. Яғни, 1568316.5 млн. теңгеге, 120 % ке өсті.

   Кәсіпорынның  қызметінің қаншалықты тиімді атқарылуы  оның есепті көрсеткіштеріне ғана емес, басқа да, мысалы жұмысшылар санына тәуелді болады. 2008 жылы жұмыскерлер  саны 14 238 адамды құраса, 2009 жылы олар  15 127 адамға жетті. 

   3 Кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану                              

              тиімділігін жетілдіру жолдары 

   Кәсіпорынның  қаржылық жағдайы, оның төлем қабілеттілігі  өндіріске салынған активтердің  айналымдылық деңгейінен тәуелді болады. Айналымдылық көрсеткіштері қаншалықты жоғары болса, соншалықты өндіріске  салынған активтер нақты ақша қаражаттарына  жылдам айналады, яғни кәсіпорын өзінің қарыздық міндеттемелерін уақытылы орындай алады.

   Кәсіпорынның  айналым капиталының айналымдылық деңгейі әр түрлі болады. Активтердің  айналымдылық көрсеткіштері кәсіпорын  мүлкінің құрылымын анықтайды және кәсіпорын активтерінің жекелеген  түрлерінің (негізгі құралдардың, тауарлық-материалдық  құндылықтардың, дебиторлық қарыздың) айналым жылдамдығынан тікелей  тәуелді болады.

   Айналым капиталының айналым ұзақтығы көптеген сыртқы және ішкі факторларға байланысты болады. Сыртқы факторларға келесілерді  жатқызуға болады:

   Кәсіпорынның  салалық ерекшеліктері (мысалы, өнеркәсіп  саласының кәсіпорындарындағы ағымды активтердің айналым жылдамдығы қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындарындағы активтердің айналым жылдамдығынан  төмен болады);

   Кәсіпорын қызметінің ерекшеліктері (өндірістік, жабдықтаушы, білім саласындағы  кәсіпорындар);

   Кәсіпорынның  өндірістік қабілеті;

   тұтынушылар арасындағы қарым- қатынастар, кәсіпорынның өніміне деген сұраныстың болуы).

   Айналым капиталын қолданудың тиімділігіне әсер ететін ішкі факторларға келесілер  жатады:

   Шығындарды  басқару жүйесі (өндіріске қажетті  материалдардың тиімді мөлшерін анықтау);

   Кәсіпорынның  баға саясаты;

   Тауарлық-материалдық  құндылықтарды бағалаудың тиімді әдістерді (өндірістік, орташа салмақталған құн, ФиФО, ЛиФО) қолдануды қажет ететін есеп саясаты.

   Капиталдың  айналымдылығының артуы материалдық  құндылықтарды басқару жүйесінің  тиімділігінің артқанын және кәсіпорынның өндірістік белсенділігінің өскенін  сипаттайды. Активтердің айналымдылығының төмендеуі кәсіпорынның қолында  шектен тыс материалдық құндылықтардың, дебиторлық қарыздың, ақша қаражаттарының шоғырланғанын білдіреді.

   Айналым капиталдарын қолданудың тиімділігін  арттырудың жолдары жоғарыда «Шубарколь комир» АҚ мәліметтерінің негізіне сүйене отырып қарастырған болатынбыз. Ағымды активтердің оңтайлы көлемін қалыптастыру негізінен алғанда активтердің кәсіпорынға қажетті мөлшерін анықтаумен байланысты болғандықтан, материалдарды оларды әдістемесімен де таныс болдық.

   Алайда, аталған кәсіпорынның қызмет ерекшеліктеріне  байланысты оның ағымды активтердің  құрамында материалдық құндылықтар  мен дебиторлық қарыз және ақша қаражаттарынан тұрады. Өздерінің ерекшеліктеріне, айналу жылдамдығына, пайда болу заңдылықтарына, пайда болу заңдылықтарына байланысты ағымды активтердің бұл элементтерн  жоспарлау, болжамдау және алдын-ала  есептеп анықтау өте қиын. Бұл  активтерді басқару барысында өзге де әдістерді қолданады. Кәсіпорындар бұл тектес активтердің тиімділігін  қолданыстағы қаржыландыру және есеп айырысу әдістерінің көмегімен  арттыра алады.

   Дебиторлық  қарыз шоттарындағы қаражаттар ағымды активтердің айналымнан шығып қалған бөлігін көрсетеді. Бұл өз кезегінде  кәсіпорынды қосымша қаражаттарға мұқтаж етеді және оның қаржылық жағдайының қиындауына алып келеді.

   Коммерциялық  есеп айырысу принципі бойынша жұмыс  істейтін кәсіпорындар дебиторлық қарыздың көлемінің барынша аз болғанын қалайды. Себебі бұл олардың жалпы айналым  жылдамдығын арттырады, нәтижесінде  жалпы ағымды активтердің тиімділігінің  өсуіне алып келеді. Мәселен, сатылған тауарлар (көрсетілген қызметтер, атқарылған жұмыстар) бойынша дебиторлық қарыздардың  төмендеуі келісім-шарттар бойынша  міндеттемелердің, табыстар мен рентабельділік жоспарларының орындалу көрсеткішіне оң әсерін тигізеді. Басқа да шоттардағы айналым қаражаттарының азаюы олардың  тиімді қолданылып жатқандығын білдіреді, өйткені олар өндірістік процестен  шығып қалмай, тауарлық нысаннан ақшалық  нысанға ауысады.

   Аталған ағымды активтердің құрамдас бөліктердің  қолдану тиімділігін арттыру  жолдарына келесілерді жатқызуға  болады:

   Есеп  айырысу және төлем дисциплинасын  нығайту;

   өзге  кәсіпорындармен, қаржы мекемелерімен, салық мекемелерімен тікелей  шаруашылық және қаржылық қатынастарды дамыту;

   келісім шарттар дисциплинасын нығайту  және сәйкесінше келісім шарттағы міндеттемелердің мезгілінде және толық орындалуын бақылау;

   есеп  айырысудың прогрессивті нысандарын қолдану  тәжірибесін кеңейту;

   Дебиторлық  қарыздардар шоғырланып, тұралап  қалған қаражаттарды қысқартудың маңызды  факторы – бұл ағымды активтерді толықтыруға бағытталған қаржы  ресурстарын тарту болып табылады. Кәсіпорындар өздерінің ағымды активтерін тиімді қолдануға септігін тигізетін  қысқа мерзімді несиелерді қажет  кезінде және қажет көлемде тарта  білулері керек. Қазіргі таңда Қазақстанда  ағымдағы активтерді қысқа мерзімді қаржыландырудың алуан түрлі  нысандары қалыптасып отыр.

   Қазақстанда шағын несиелер беретін кәсіпорындар дамуы мемлекет тарапынан қажетті  шараларды талап етеді. Бүкіләлемдік банктің мәліметтері бойынша, кәсіпорындарға шағын несиелер берумен айналысатын  ұйымдар екі   миллионнан астам  кәсіпорындарға қызмет көрсетеді, ал олардың  несиелерінің жалпы сомасы екі млрд. АҚШ долларын құрайды. Ал шағын несиелерінің жалпы экономикадағы несиелердегі үлесі дамыған елдерде 20% құрайды. Біздің елімізде банктік не бюджеттік несиелерді есептемегендегі қаражат көздерінің құрылымында шағын несиелердің үлесі небәрі 8% ғана құрап отыр. Осы орайда Қазақстан Республикасының 2003 жылдың ақпан- наурыз айларында қабылданған «Несиелік серіктестіктер туралы» және «Шағын несие ұйымдары туралы» Заңдарына шағын несиелеуді жетілдіруге бағытталған бірқатар өзгерістер енгізу қажет.

   Нарықтық  экономика жағдайларындағы кәсіпорындардың  ағымды активтерін қысқа мерзімді қаржыландырудың  негізгі мәселелерін зерттеу  нәтижесінде шаруашылық субъектілері үшін қаржы ресурстарын қалыптастырудың  алуан түрлеріне көңіл бөлдік. Алайда, осылардың ішіндегі ағымды активтердің қаржыландыру тұрғысынан қарастырғанда Қазақстан жағдайларында  кәсіпорындар үшін ең қолайлысы шағын  несиелер, вексельдік және факторингтік операциялар болып отыр.

   Жұмыста қарастырылған өзекті мәселе, кәсіпорындардың  қысқа мерзімді өндірістік мұқтаждықтар үшін қаржы ресурстарын қалыптастыру - қаржыландыру көздерінің оңтайлы  құрылымын қалыптастыру бойынша  тиімді шешімдер қабылдауға және оларды жүзеге асыруға тікелей байланысты болып табылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   Қорытынды 

   Қорытындылай келсек, айналым капиталы – бұл кәсіпорынның өндірістік циклының әрбір кезеңіндегі ағымды операцияларына салынған қаражаттарының жиынтығы. Олар өздерінің жоғары өтімділіктерімен сипатталады. Айналым капиталының өтімділік деңгейі олардың өндірістік айналым барысында ақша қаражаттарына айналу қабілетімен анықталады.

   Өндірістік  немесе басқа коммерциялық қызметті жүзеге асырушы кәсіпорын нақты  қаражаттармен, өндірістік негізгі  және айналым капиталдарымен қамтамасыз етілуі тиіс.

   Айналым капиталы кәсіпорынның қызмет етуіне қажетті мүліктің негізгі құрамдас бөлігі болып саналады:

   Айналым капиталы тек өзінің өтімділігімен  сипатталып қоймай, құрамы мен құрылымы тұрғысынан да сипатталады. Бұл көрсеткіштер кәсіпорынның  айналым капиталын  басқарумен тығыз байланысты болып  келеді. Әр түрлі шаруашылықта айналым  капиталының құрамы мен құрылымы  алуан түрлі. Ол кәсіпорынның меншіктік, өндірістік, сатушылар мен сатып  алушылардың өзара қатынасы ерекшеліктеріне, өндірістік шығындар құрылымына, қаржылық жағдайына байланысты.

   Айналым капиталдары меншікті, қарыз және қосымша тартылған қаражаттар арқылы қалыптасады. Активтердің қалыптасуы туралы мәліметті меншікті капитал  немесе міндеттемелер бөлігінен  көруге болады.

   Қарыз қаражаттар негізінен алғанда банктік  қысқа мерзімді несиелермен өрнектеледі. Банктердің қысқа мерзімді несиелері  арқылы кәсіпорынның уақытша ағымды активтерге мұқтаждығы жабылады.

   Сыртқы  факторларға: кәсіпорынның салалық  ерекшеліктері, қызметінің ерекшелігі, өндірістік қабілеті, шаруашылық ету  шарттары.

   Ал  ішкі факторларына: шығындарды басқару  жүйесі, кәсіпорынның баға саясаты, тауарлық-материалдық  құндылықтарды бағалаудың тиімді әдістерін  қолдануды қажет ететін есеп саясаты.

   «Шубарколь  комир» АҚ экономикалық тиімділігін айналым капиталын және баланстық міндеттемелерін жоғары деңгейде пайдалана отырып арттыруға болады. Және әр бір серіктес кәсіпорын қажетті деңгнейде бас «ана» компанияның жағдайын жақсарту, жаңарту үшін  үлесін қосқаны жөн.

   Кәсіпорынның  серіктестерінің басты міндеттері - нақты қаржыландыру көздерімен қамтамасыз етілмеген ағымды қаржылық мұқтаждықты  қысқарту үшін айналым капиталының  айналым жылдамдығын қолайлы  деңгейде ұстап отыру болып табылады.айналым  капиталын қаржыландырудың жоғарыда айтылған әдістерін қолдану «Шубарколь комир» АҚ қызмет ерекшелігіне, оның мамандарының біліктілігіне, жабдықтаушылар мен тұтынушылармен қарым- қатынасына және басқа да факторларға байланысты болады. 
 
 

   Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

    1. Сергеев. Экономика педпиятия.:Учеб – М, 2003 ж.;
    2. Кәсіпорын экономикасы. Под. ред.  В.М. Семенова, - М., 1998 ж.;
    3. Құрылыс экономикасы. Под. ред. И.С. Степанова, - М., 1998 ж.;
    4. Экономика предприятия. В.Я.Горфинкеля, В.А.Швандара. Москва, 2000 ж.;
    5. Экономика учебная. А.П.Казанов. Москва 1999 г.;
    6. Экономика предприятия С.Т. Купешова;
    7. Ашимбаев Т. Қазақстанның нарық жолындағы экономикасы, Қазақстан, 1994 ж.;
    8. Шмолен Г. Кәсіпорын экономикасының негіздері және проблемалары – М., 1996 ж.;
    9. Окаев О., Дюкова Е.М. Нарық жағдайындағы өнеркәсіптік кәсіпорын экономикасы. Алматы, 1994 ж.;
    10. Экономика предприятия В.Я.Хрипач, Г.З.Сума. Экономпресс 1999 г.;
    11. Экономика предприятия. Н.В.Минеева.;
    12. Нарықтық экономика негіздері. Б.Жүнісов, У.Байжомартов, Ү.Мамбетов, А-ты 1999 ж.;
    13. www.temakosan.net Қазақстандық рефераттар порталы
    14. Жалпы экономикалық теория. Ө.Қ.Шеденов, Б.А.Жүнісов.
    15. Булатова А.С., Экономика.- Экономист, 2004 ж.;
    16. Бергольц С.Б. Экономический анализ хозяйственной деятельности на современном этапе развития. - М.: Финансы и статистика, 1999 ж.;
    17. Горфинкель В.Я., Купряков Е.М. Экономика предприятия: Учебное для вузов.-М: ЮНИТИ, 1999 ж.;
    18. Гиляровский Экономический анализ: Учебник -  М: Проспект,2004 г.;
    19. Горфинкель В.Я., Экономика фирмы- М: ЮНИТИ, 2004 г.;
    20. Пельиха А.С. Экономика предприятия и отрасли промышленности, - М.:Феникс, 2003 г.;
    21. Прыкина Л.Н. Экономический анализ педприятия: Учебник – М.: ЮНИТИ, 2001 г.;
    22. Р.Қ.Ниязбекова, Б.А.Рахметов, П.Т.Байнеева Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы, Алматы: Экономика, 2008 ж.

Информация о работе Кәсіпорынның айналым капиталының пайдалану тиімділігі