Кәсіпорын қызметін қаржылық талдау

Автор: p*********@gmail.com, 25 Ноября 2011 в 16:24, реферат

Описание работы

Кәсіпорын өтімділігін талдауға көшуден бұрын, актив, баланс, кәсіпорын өтімділігі не екенін анықтау қажет. Өтімділіктің екі концепциясы белгілі. Бірінші концепцияға сәйкес, өтімділік – бұл кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін төлей алуы. Келесі концепцияға сәйкес өтімділік – ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналу дайындығы мен жылдамдығы. Кәсіпорынның өтімділік мәні өзімен бірге баланс өтімділігін ұсынады.

Работа содержит 1 файл

Кәсіпорын қызметін қаржылық талдау.doc

— 160.50 Кб (Скачать)

төленген жарғылық капиталдың мөлшері;

шығындардың көлемі және олардың ақшалай табыспен салыстырғанлдағы динамикасы;

қорлар мен  резервтерді, олардың құрамы мен  құрылымын қоса алғандағы мүлік  пен қаржы ресурстарының жағдайы;

кәсіпорындарды басқару тиімділігі.

Сыртқы факторларға  шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника  мен техналогия, төлеу қабілеті бар  сұраныс және тұтынушылар табысының  деңгейі, ҚР үкімінің салық және несие  саясаты, кәсіпорын қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады.

Кәсіпорынның  тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыру оның өз контрагенттері мен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып алушылар, акционерлер және тағы басқалар) өзара қарым қатынасы үлкен әсер етеді. Сондықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу – жақсы қаржылық жағдайдың бірден-бір шарты болып табылады. Әрине, акционерлер өзжинақ қорын тұрақты тиімділікке ие және дивиденттерді ұқыпты төлейтін қаржылық тұрақты кәсіпорындарға салады. Инвестициялық тартымдылығы болуы үшін, тек бүгінгі күн ғана емес, болашақтада кәсіпорынның қажылық жағдайы көршісіне қарағанда жақсы болуы тиіс.

Сондай-ақ, бұл  жыл сайын өз облигациясы бойынша  белгілі бір пайызбен алғысы келеді, ал зйм мерзімі біткен кезде – облигация құнын толвқ өтеуді талап ететін облигация иелерінеде қатысты. Кез еклген коммерциялық кәсіпорын сияқты банктерде өз несиелері мен тәуекел ете отырып несие алушының өз қарызын уақытында және толық өтеуін қалайды, сондықтан оны беру туралы шешім қабылдай отырып, кез келген банк өз клиентінің қаржылық жағдайын және бұл қарыздың қамтамасыз етілуін тексереді. Басқаша айтқанда, кәсіпорынның қаржылық жағдайы банктер осы кәсіпорынға несие беру орынды ма, жоқ па, ал бұл сұрақты дұрыс шешкен жағдайда – қандай пайызбен және қандай мөлшерде деген сұрақтарды шешудегі негізгі белгі болып табылады.

Жабдықтаушылар  мен тұтынушылар сенімді және төлем қабілеттілігі жоғаты кәсіпорынмен келісімшартқа үлкен ықыласпен  отырады. Тіпті қаржы органдағы, салық инспекциясы кәсіпорынның жағдайы тұрақты болғанын қалайды, тек осындай кәсіпорын ғана салықтар мен басқада міндеттерді уақытылы және толық төлей алады.

Осылайша, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін  және оның іскерлік қарым-қатынастардағы потенциялын анықтайды, кәсіпорынның және оның серіктестерінің қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағы экономикалық қызығушылықтары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгенін бағалайды. Кәсіорынның қаржылық жағдайының абьективті дұрыс бағасын алудың ең жақсы тәсілі, бұл – талдауғ, ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді өңдеумен кәсіпорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызметін ақтарады.

Кәсіпорын осы  мерзімге дейінгі уақытта қаржы  ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарды деген сұараққа жауап береді: кәсіпорын  осы мерзімге дейінгі уақытта  қаржы ресурстарын қаншалықты дұлыс  басқарды. Қаржы ресурстары жағдайының нарық талаптарына сай болуы және де кәсіпорынның дамуына байланысты қажеттіліктерге жауап бере алуы өте маңызды болып табылады, себебі қаржылық тұрақтылықлың жетіспеушілігі кәсіпорынның төлеу қабілетінің жоқтығына және оның дамуына қажетті қаражатының болмауына, ал көп болуы – дамуына кедергі жасап, басы артық қорлармен және резерфтермен кәсіпорын шығындарын көбейтуіне әкеліп соғуы мүмкін.

Нарықтық экономика  жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың басты  мақсаты (міндетті) келесілер болып  табылады:

қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;

активтер мен  олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті  реттеу;

айналым капиталының  көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен арақатынасын анықтау;

қкржы-есептік  және несие ережесін сақтау;

кәсіпорын активтері  және оның міндеттемелерінің құрылымын  зерттеу;

ағымдағы активтердің  ай

налымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;

баланстың өтімділігі, кәсіпорынның сұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің абсалюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;

кәсіпорынның  табыстылығын бағалау;

кәсіпорын табысының  салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың денгейінің өзгеруіне әсер ететін факторларды есептеп шығару;

кәсіпорынның  іскерлік белсенділігін анықтау;

кәсіпорынның  қаржылық жағдайының тұрақлылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғыни  оның қаржылық стратегиясын анықтау.

Қаржылық жағдайды талдай кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қортындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау, өндіріс және өткізу; бұлардың жыйынтығы коммерциялық, өндірістік және қаржылық қорды құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі – бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі түрде түсу мен тиімді пайдаланылуына, есеп және несие тәртібін сақтауға, меншікті және несие қаражаттарының арасындағы арақатынастың рационалдылығына, сондай-ақ кәсіпорынның тиімді қызмет ету мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің қаржылық, өндірістік және коммерйиялық жақтары арасында тығыз байланысы пен өзара тәуелділік бар. Оыслайша қаржылық қызметтің жетістігі, көбінесе оның өндірістік-сату көрсеткіштері мен анықталады. Кәсіпорынның өзі алатын төлемдерді және ақша қаражаттарын оның өнімді сатуына, алын ала қарастырылған сұрыпталымды ұстап тұруына, өнім сапасының қажеткі денгейге сәйкестігіне және оның бір қалыпты өндіруге және төлеуге байланысты болады.

Жоғалы сапалы өнімді үздіксіз өндірі және өткізі кәсіпорынның қаржылық ресурстарының қалыптасуына оң әсерін тигізеді. өндіріс процессінде  өнім сапасының төмендеуі және оны  сатудың қыйындықтары кәсіпорын  шотына ақша қаражаттарының келіп түсуіне кедергі жасайды, нәтижесінде кәсіпорынның төлеу қабілеті төмендейді. Кері байланыс та бар, ол ақша қаражаттарының болмауы материалдық ресурстардың келіп түсуінің іркілісіне, демек өндіріс процесінің тоқтауына әкеліп соқтыруы мүмкін.

Шығындар көлемі өндіріс процесінің тиімділік деңгейімен анықталады. Олардың тиімділігі қаншалықты көп болса, кәсіпорын өнімді өткізу көлемін сақтай отырып ресурстарды, соның ішінде қаржылық ресурстарды  соншалықты аз жұмасайды. Және керісінше, шикізат пен материалдар шығындарының нормасының өсуі, еңбек өнімділігі деңгейінің төмендеуі, басқа да ресурстардың мөлшерден тыс жұмсалуы және өндірістік емес шығындар қосымша қаржы қаражаттарының қажеттілігіне себепші болды. Еңбек және материалдық ресурстары шығыны ең алдымен өнімнің өзіндік құнында, содан соң табыста талдап қорытылады. Соңғы айтылған көрсеткіштің көлемі өзгерте отырып, оның жалпы қаржылық жағдайында елеулі көрініс табады.

Кәсіпорынның  қаржылық қызметінің қалыпты болуы  әсіресе өз кезеңіндегі қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігінің және кәсіпорынынң қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Менің ойымша, қаржылық жағдайды талдауды қаржылық тұрақтылықтан бастаған жөн және оған мыналар жатады:

кәсіпорынының активтерінің құрылымдық және құрамдық динамикасын талдау;

кәсіпорын активтерінің қалыптасу көздерінің құрамдық және құрылымдық динамикасын талдау;

кәсіпорынынң  қаржылық тұрақтылығының абсалюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін талдау;

баланс өтімділігін  талдау;

кәсіпорынынң  төлем қабілеттілігін және несие  қабілеттілігін талдау; 

1.2. Кәсіпорынның  қаржылық жағдайын талдаудың  ақпараттық негізі 

Кәсіпорынның  қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады.

ҚР Президентінің 1995 жылғы 26-желтоқсандағы №2732 «Бухгалтерлік  есеп туралы» заң күші бар Жарлығына  сәйкес, 1998 жылдан бастап қаржылық есеп беруге мыналар жатады:

бухгалтерлік  баланс;

қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп;

ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп.

Онда сонымен  қатар түсіндірме хат болады, сондай-ақ қаржылық есеп беруге негізделген немесе қаржылық есептен алынған материалдармен толықтыруы мүмкін және бұл материалдар солармен бірге оқылады. Түсіндірме хатта, берілген субъектінің есеп және есеп берудің қандай саясатын ұстанып отырғандығы және қаржылық есепті пайдаланушылардың талаптарына сай басқа да ақпараттар жазылу тиіс. Мысалы, оған субъектіге әсер етуші тәуекел мен белгісіздік туралы, қаржылық есепте жазылған міндеттемелер туралы түсініктемелерді жазуға болады. Нарықтағы географиялық сегменттер, сомалық ерекшеліктер, қызмет түрлері туралы ақпарат, баға өзгерісінің әсері туралы мәліметтер және басқалары қосымша ақпарат ретінде қарастырылады.

Субъектілерге қаржылық есепті бухгалтерлік есеп стандартында анықталған жеңілдетілген түрде  толықтырып, көрсетуге рұқсат етіледі. Бұл егерде төмендегі көрсетілген  үш шарттың кез келген екеуі орындалғанда ғана (соңғы 2 қаржылық жыл үшін) маңызға ие болады:

зейнетақыны, жәрдем ақша және басқа әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салық және басқа ҚР төлемдерін салу үшін жылдық табыс ҚР заңымен көрсетілген 10000 есе есептік көрсеткіштен аспайды;

қаржылық жыл бойы қызметкелерді орташа саны 50-ден аспайды;

активтердің жалпы  құны 60000 еселік есептік көрсеткіштен аспайды.

Қазіргі кезде  бізде қолданып жүрген отандық қаржылық есеп негізгі шамалары бойынша халықаралық  есеп стандарттарының талаптарына  сай келеді, себебі, ҚР - тәжірибеге бейімдей отырып реформалау процессі белсенді жүргізіледі, ол біріншіден, негізін қараушы нарықытық қатынастар болып табылатын жаңа экономикалық жүйенің қалыптасуымен, екіншіден, біздің еліміздің әлемдік экономикалық кеңістікке кіруімен байланысты.

ҚР-да бухгалтерлік есепті реформалау процесі барысында  есеп беруді құру мақсаттарында жаңа көзқарастар пайда болады және оның бағыты өзгереді.

«Қаржылық есептің  мақсаты – бухгалтерлік есепті»  №2 «бухгалтерлік баланс және қаржылық есептегі негізгі ашылулар» деген  стандартында көрсетілгендей, - бұл  қолданушының заңды тұлғаның қаржылық жағдайы және оның қызметінің нәтижелері мен есепті кезеңдегі қаржылық жағдайда болған өзгерістер туралы пайдалы, маңызды әрі дәл ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады (12).

Қаржылық есеп негізінен өтелген жағдайлардың қаржылық нәтижелерін және де кәсіпорын үшін инвестициялық шешімдер мен несие беру бойынша шешімдерді шешу үшін, сондай-ақ субеъктінің болашақтағы ақша ағымдарын және осы субъектіге сеніп тапсырған ресурстармен басқарушы орандардың жұмыстарымен байланысты ресурстар мен міндеттемелерді бағалау үшін пайдалы ақпараттарды сипаттайды. Алайда қаржылық есеп қолданушыларға экономикалық шешімдерді қабылдау үшін қажетті барлық ақпарттарды қамтиды. Қаржы есебі пайдаланушылар қабылдайтын экономикалық шешімдер субъектінің ақша қаражаттарын айналдыру мүмкіндігін бағалауды, сондай-ақ оларды айналдыру уақытын есептеу және нәтижеге сенімді болуын талап етеді. Бұл нәтижесінде, субъектінің өз жұмысшыларына және жабдықтаушыларына ақы төлеуге, пайызды төлеуге, несиені қайтару және табысты тарату қабілетін анықтайды. Егерде қолданушылар тек қана субъектіні қаржылық жағдайын, қызметін және оның өткен есепті мерзімдегі қаржылық есебінің өзгерісін сипаттайтын ақпараттармен емес, сонымен қатар барлық қажетті ақпараттармен жабдықталған болса, онда олар, яғни қолданушылар ақша қаражаттарының айналдыру мүмкіндігін одан да жақсы бағалайды. Бірақ комерциялық құпияны қорғау туралы заң қолданушылар алатын қаржыылқ ақпаратқа шек қояды, дегенмен олардың ішінде кейбіреулері (тергеу органдары, ревизорлар, аудиторлар) өкілдігі болған жағдайда қаржылық есепте көрсетілген ақпарттарға қосымша ақпараттарды талап ете алады. Қолданушылардың көпшілігі қаржылық есепке қаржылық ақпараттың басы көзі ретінде сенуі тиіс.

Нарықтық экономика  жағдайында қаржылық есеп шаруашылық субъектілерінің қызметі жөнінде қаржылық есеп шаруашылық субъектілерінің қызметі жөнінде қаржылық ақпараттардың жүйелендірілген бірден-бір көзіне, әр түрлі  ұйымдық-құқықтық нысандардағы шаруашылық субъектілерінің өзара негізгі байланысына және басқару шешімдерін қабылдауға қажетті аналитикалық есептердің ақпараттық базасына айналды.

Кәсіпорынның  қаржылық жағдайын талдауда негізгі  ақпарат көзі қызметін бухгалтерлік баланс атқарады.

Баланс –  есепті жылдың басындағы және соңындағы  кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады. Біріншіден, баланс меншік иелерін шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайымен таныстырады. Осы арқылы олар бұл субъекті нені иеленеді, материалдық құралдардың сандық және сапалық қорлары қандай, кәсіпорын жақын арада үшінші жақ алдындағы өз міндеттемелерін ақтай ала ма, соны білдіреді. Екіншіден, басшылар кәсіпорынның басқа ұқсас кәсіпорындар жүйесіндегі өз орны, таңдап алынған стратегиялық бағытының дұрыстығы туралы, ресурстарды пайдалану тиімділігінің салыстырмалы сипаты және кәсіпорынды басқару бойынша әр түрлі сұрақтарға шешімдер қабылдау туралы түсінік алады. Үшіншіден, баланстың мазмұны, оны ішкі қолданушылары сияқты сыртқы қолданушылары да пайдалануға мүмкіндік береді. Мысалы, адиторлар жұмыс процесінде дұрыс ешім қабылдау үшін өз тексеріс жұмысын жоспарлауда, сондай-ақ клиенттің сыртқы есеп берудегі есеп жүйесінде мүмкін болатын, әдейі жасалынған және әдейі жасалынбаған қателіктер аумағындағы әлсіз жақтарын шығару үшін көмек алады, ал талдаушылар қаржылық талдаудын бағытын анықтайды.

Информация о работе Кәсіпорын қызметін қаржылық талдау