Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 16:42, отчет по практике
.Экономикалық талдау басқару шешімдерін қабылдайтын ғылыми база болып табылады. Оны негіздеу үшін потенциалды мәселелерді, қаржылық және өндірістік тәуекелділікті көрсету және болжау, шаруашылық субъектінің табыс пен тәуекелділік дәрежесіне қабылданатын шешімдердің әсерін анықтап, шаруашылық қызмет нәтижесіне талдау жүргізу қажет.
1. Экономикалық талдау мазмұны, пәні мен әдісі.
2. Кәсіпорынның өндірістік қызметін экономикалық талдау.
3. Кәсіпорын табыстылығын талдау.
4. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау.
5. Қаржылық жоспарды талдау.
Құрастырылған топталуды құрастыру жағдайында бұл алгоритм төртінші және бесінші пункттерінің қайталануынан(бірнеше рет) ұлғаяды.
2. Экономикалық талдау кәсіпорын қызметінің әртүрлі бағыттары, сала, халықаралық байланыстар бойынша жүргізіледі (сурет 1.)
Сурет 1 - Экономикалық талдау жүйесіндегі кәсіпорын қызметін талдау
Экономикалық басқарудың негізгі функциялары:
- басқаруды ұйымдастыру;
- жоспарлау (экономикалық жүйені болашақта және ағымды жоспарлау, болжамдау);
- талдау (экономикалық қызмет барысын және нәтижелерін талдау, ғылыми негізделген критерийлер негізінде оның жетілдіру мүмкіндіктерін бағалау);
- басқарудың мәліметтік қамсыздандыру (экономикалық құбылыстар мен процестер туралы мәліметтерді жинақтау, өңдеу);
- бақылау (басқару шешімдері мен бизнес-жоспарлардың орындалу барысын бақылау).
Талдау бойынша барлық жұмыстар функционалды болып саналады. Оларға келесі функциялар жатады:
- басқаруды ұйымдастыру функциялары;
- жоспарлау функциялары;
- бақылау функциялары.
Экономикалық талдау әртүрлі бағыттар мен белгілерге байланысты жіктеледі: салалық, уақытты, кеңістік, жүйедегі басқару функцияларына байланысты, қызмет аймағына байланысты, статистикалық мәліметтерді іріктеуге байланысты (кесте 1).
Кесте 1- Кәсіпорынның экономикалық талдау бағыты
Талдау түрі | Тағайындау |
Салалық | - салалық – экономиканың әр саласының өзіндік ерекшелігін есепке ала отырады; - салааралық –ұлттық экономика салалары деңгейінде жүргізіледі. |
Уақытты | - алдын-ала – шаруашылық операциялар болғанға дейін жүргізіледі. Жоспарлық жұмыстар мен басқару шешімдеін негіздеу, болашақта болжау үшін қажет; - кейінгі (ретроспективті) –шаруашылық актілер нәтижелері негізінде жүргізіледі. Кәсіпорын қызмет нәтижелерін объективті бағалау, пайдаланылмаған резервтерді айқындау, жоспардың орындалуын бақылау үшін пайдаланылады; - оперативті – шаруашылық операциялар болғаннан кейін жүргізіледі. Оның мақсаты шаруашылық процестерге әсер теу және кемшіліктерді анықтау; - қорытынды – есепті мерзімге жүргізіледі (ай, тоқсан, жыл). Оның құндылығы – кәсіпорын қызметі кешенді зерттеледі. |
Кеңістік | - ішкішаруашылық – зерттеліп отырған кәсіпорын мен оның құрылымдық бөлімдер қызметі қарастырылады; - шаруашылықаралық – екі немесе одан жоғары кәсіпорын қызметтері нәтижелері салыстырылады. Озат тәжірибе, резервтер, келешектерді анықтауға мүмкіндік береді және олардың негізінде кәсіпорын қызметінің тиімділігіне объективті баға беруге болады. |
Жүйедегі басқару функциялары бойынша | экономика, техника, технология, өндірісті ұйымдастыру, еңбектің әлеуметтік жағдайлары, табиғатты қорғаужәне басқа да қызмет түрлері талданады. |
Аймақ бойынша | - ішкі – кәсіпорында өндірістік, қаржылық және коммерциялық қызметін оперативті, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді басқару үшін жүргізіледі; - сыртқы – банктер, қаржылық органдар, акционерлер, инвесторлар қаржылық статистика және есеп негізінде жүргізеді; - кешенді – кәсіпорын қызметінің әртүрлі жақтарын қарастыратын талдау; - тақырыптық – кәсіпорын қызметінің жеке жақтарын қарастыратын талдау. |
Статистикалық мәліметтерді іріктеу бойынша | - жаппай – барлық нақты мәліметтер зерттеледі; - іріктеу – қандай да бір ерекшеліктер бойынша іріктелген факторлар зерттеледі. |
Экономикалық талдау келесі түрлергі бөлінеді: қаржылық-экономикалық, әлеуметтік-экономикалық, экономикалық-статистикалық, экономикалық-экологиялық, маркетингтік, салыстырмаплы факторлық, диагностикалық және маржиналдық.
3. Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономика-лық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы аб-солюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады.
Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішті талдауға аудару ке-рек.
Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші өнімді (жұмыс, қызмет) өт-кізуден алынатын табыс болып табылады. Ол қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шеге-рімдері және баға шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі.
Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептің осы бабы бойын-ша негізгі қызметтен түсетін табыс көрсетіледі.
Табыс құрылымында ең үлкен үлес салмақты өнімдер мен тауарларды өткі-зуден түсетін табыс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның сапа-сымен және төменде қарастырылатын басқа да факторлармен анықталады.
Өнім өткізуден түсетін табыс сомасына қоймадағы өтпеген бұйымдар қал-дықтарының және сатып алушының жауапты сақталуындағы тиеліп жіберілген тауарлардың өзгерістері белгілі бір әсер етеді. Тауарлы-материалдық құнды-лықтардың азаюы немесе керісінше өсуі бірінші жағдайда өткізуден түсетін та-быс сомасының өсуіне, екішіде - азаюына әсер етеді.
Кәсіпорында өнімді өткізуден түскен табыс жоспарланған тауар өндірісінен және бұйымдардың (дайын өнімдер, сатып алушының жауапты сақталуындағы тауарлар) өтпеген бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен шығуы керек. Бірақ өнімді өткізуден түсетін табыс көлемі жоспарының төмендеуі, ауыспалы тауар-лы-материалдық қорлардың артуы есебінен болатын жағдайлар да кездеседі.
Табыстылықтың екінші абсолютті көрсеткіші - жалпы табыс. Ол өнімді өт-кізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасын-дағы айырма ретінде анықталады.
Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор өндірістік өзіндік құн, сондық-тан оның төмендеуі оның көлеміне көп әсер тигізеді.
Көптеген кәсіпорындарда өзіндік құнды баптар бойынша талдаумен айналы-сатын, оны төмендету жолдарын іздестіретін экономикалық қызметтің бөлім-шелері болады.
Шаруашылық жүргізудің тұрақты экономикалық жағдайында жалпы табыс-тың өсуінің негізгі жолы - материалды шығындар бөлігінде өзіндік құнды тө-мендету. Бұл әсіресе шикіат құнының үлес салмағы өнімнің өзіндік құнында өте жоғары болып келетін өңдеу және қай та өңдеу салаларында (машина жасау және металл өңдеу, металлургия, мұнай–химия, тігін, тамақ және т.б.) қызмет жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды.
Табыстылықтың келесі абсолютті көрсеткіші – таза табыс. Ол сальдолан-ған қаржылық нәтижені білдіреді және жалпы табыс пен кезең шығындары ара-сындағы айырма ретінде мына формула бойынша анықталады :
Д= Д- Р
Мұндағы: Д - негізгі қызметтен алынған табыс;
Д- жалпы табыс;
Р- кезең шығындары.
Барлық активтердің тиімділік деңгейі (авансталған, жиынтық капитал) мына формула бойынша есептелінеді:
Д = Таза табыс / Барлық активтер (авансталған, жиынтық капитал)
Тәжірибеде ағымдағы активтердің табыстылығы деп аталатын көрсеткіш кеңінен қолданылады. Ол ағымдағы активтерге салған бір теңгеден кәсіпорын қанша табыс алатынын көрсетеді :
Д= Д/ Т
Мұнда: Т- ағымдағы активтер.
Д- таза табыс.
Д- ағымдағы активтердің табыстылығы.
Акционерлік компания құқығында жұмыс істеуші кәсіпорын үшін салынған капиталдың табыстылық деңгейін бағалаудың, яғни акционерлік капиталды тиімді пайдаланудың негізгі көрсеткіші болып, кәсіпорынның таза табысының оның меншікті капиталына пайыздың қатынасы есептеледі. Бұл көрсеткіш – меншікті капиталдың табыстылық коэффициенті немесе мөлшерлемесі деп аталады. Ол мына формуламен анықталады:
Д= Д/ С
Мұнда: Д- меншікті капиталдың табыстылығы;
Д- таза табыс;
С- меншікті капитал.
Ол экономикалық және қаржылық талдауда маңызды көрсеткіш болып табылады.
Тәжірибеде ұзақ мерзімді активтердің табыстылығы деп аталатын көрсет-кіш кеңінен қолданылады. Ол ұзақ мерзімді активтерге салған бір теңгеден кә-сіпорын қанша табыс алатынын көрсетеді :
Д = Д/ Т
Мұнда: Т- ұзақ мерзімді активтер;
Д- таза табыс;
Д- ұзақ мерзімді активтер табыстылығы.
Негізгі өндірістік қорлардың табыстылық деңгейі мына формула бойынша есептелінеді:
Д= Д/ З
Мұнда: Д- Өндірістік қорлардың табыстылығы;
Д- Таза табыс;
З - Өндірістік қорлар.
Өндірістік қорлардың табыстылық деңгейі жыл басында – -0,04 болса, ал жыл соңында оның мәні – -0,02 пунктке азайып отыр.
Сату көлемінің табыстылығы мына формула бойынша есептелінеді:
Д= Д/ Д
Мұнда: Д- Сату көлемінің табыстылығы;
Д- Жалпы табыс;
Д- Өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден алынған табыс.
4. Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорыннын қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас бұрын, "қаржылық жағдай" дегеніміз немесе "қаржылық жай-күй" дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шеремет "Кәсіпорынның қаржы (активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оның қалыптастыру көздерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер) сипаттала-ды" деп жазған.
Профессор Н.А Русак бұл ұғымды былайша анықтайды: «Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым- қатынас-та болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады.
Кәсіпорынның уақтылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді.
В.М. Радионова мен М.А. Федотова кәсіпорынның қаржылық жағдайы "қаржы ресурстарының калыптасуымен, таратылуы және пайдалануымен көрсетіледі" деп жазады.
М. Н. Крейнина , А.И. Ковалев және В.П. Привалов қаржылық жағдай ұғымын былайша түсіндіреді: ''Қаржылық жағдай - бұл қаржы ресурстарының қолда барын, үлестіріліп таратылуы және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіш-тер жиынтығы".
Профессор И.Т. Балабанов "Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы, бұл оның қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің сипаттамасын (яғни төлем қабі-леттілігі, несие қабілеттілігі) қаржы ресурстары мен капиталды пайдалану, мемлекет алдында және басқа да шаруашылық субъектілерінің алдында өз міндеттемелерін орындау. Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайын талдаудың келесі түрлерін жүргізеді: табыстылық пен рентабельділік; қаржылық тұрақтылық; несие қабілеттілігі; капиталды пайдалану; валюталық өзін-өзі өтеу" - деп жазады.
С.А. Стуков осы ұғым бойынша өзінің көзқарасын келесі сөздермен баяндайды: "Кәсіпорынның қаржылық жағдайы - бұл бірқатар көрсеткіштермен си-патталатын оның саулығы мен өмір сүру қабілеттілігін кешенді түрде бағалау".
Жоғарыда берілген анықтамалар қарастырылып отырған ұғым мәнін жеткілікті дәрежеде ашпайды, бірақ олардың әрқайсысында бұл ұғымды дәлірек анықтауға мүмкіндік беретін ұтымды тұжырымдар бар. Бірқатар түрлі әдістер-мен есептелетін бірыңғай көрсеткіштерге қарағанда (мысалы, еңбек өнімділігі, қор қайтарымдылығы, өзіндік құн, жалпы табыс, тиімділік) қаржылық жағдай түрлі көрсеткіштерді есептеу нәтижесінде және олардың жалпы бағалауға тигізетін әсерін зерттеу негізінде анықталатыны анық. Қорыта келе, кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ кәсіпорындарға аяусыз қа-райтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның сенімді болуын, тұрақтылығын және келешегі барлығын куәландыруы тиіс".
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның іскерлік қарым-қатынастағы потенциалын анықтайды, кәсіпорынның өзінің және оның серіктестерінің қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағы экокомикалық қызығушылықтары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгенін бағалайды.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының объективті дұрыс бағасын алудың ең жақсы тәсілі, бұл - талдау, ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның ша-руашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәспорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызмет атқарады.
Информация о работе Экономикалық талдау мазмұны, пәні мен әдісі