Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 16:42, отчет по практике
.Экономикалық талдау басқару шешімдерін қабылдайтын ғылыми база болып табылады. Оны негіздеу үшін потенциалды мәселелерді, қаржылық және өндірістік тәуекелділікті көрсету және болжау, шаруашылық субъектінің табыс пен тәуекелділік дәрежесіне қабылданатын шешімдердің әсерін анықтап, шаруашылық қызмет нәтижесіне талдау жүргізу қажет.
1. Экономикалық талдау мазмұны, пәні мен әдісі.
2. Кәсіпорынның өндірістік қызметін экономикалық талдау.
3. Кәсіпорын табыстылығын талдау.
4. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау.
5. Қаржылық жоспарды талдау.
Осылайша, шаруашылық қызметті талдау әдісі өндіріс тиімділігін арттыру мақсатымен жоспар, есеп, есептілік және басқа да ақпарат көздерінен көрсеткіштер жүйесінің арнайы қабылдауларын өңдеу жолымен кәсіпорын қызметінің нәтижелеріне факторларды әсерін өлшеу және жалпыландыру, жүйелі, кешенді зерттеуді көрсетеді.
Шаруашылық қызметті талдау әдісін қолдану аналитикалық зерттеудің нақты әдістемелерінің қатарыларынан кейін көрінеді. Ол шаруашылық қызметтің бөлек жақтарының зерттеу әдістемелері немесе кешенді талдау әдістемелері болуы мүмкін. Айта кететін, әрбір талдау түріне өзінің әдістемесі сәйкес келеді. Жалпы әдістеме қандай да бір жұмыстың неғұрлым мақсатқа сай орындалу ережелерінің, тәсілдерінің жиынтығы дегенді білдіреді. Экономикалық талдауда әдістеме айқын бейнемен талдау мақсатына жетуге бағытталған, кәіспорын экономикасын зерттеу ережелері мен аналитикалық тәсілдердің жиынтығын білдіреді. Жалпы әдістеме – ұлттық экономиканың түрлі салаларында экономикалық талдаудың түрлі объектілерін зерттеу кезінде бірыңғай қолданылатын зерттеу жүйесі деген түсінікті береді. Жеке әдістеме жалпыны экономиканың арнайы салаларына, өндірістің арнайы түріне немесе зерттеу объектісіне қатысты айқындайды.
Талдаудың кез келген әдістемесі аналитикалық зерттеуді орындау бойынша әдіснамалық нұсқаулар немесе талаптар көрсететін болады. Ол мысалы келесідей жағдайларды қамтиды:
а) талдау мақсатының мәселелері мен құрылымы;
б) талдау объектілері;
в) әрбір талдау объектісі зерттее үшін көмектесетін көрсеткіштер жүйесі;
г) аналитикалық зерттеуді жүргізудің кезеңділігі мен үздіксіздігі бойынша кеңестер;
д) оқытылатын объектілерді зерттеу тәсілдерінің сипаты;
е) талдау жүргізу үшін негіз болатын алу көздері;
ж) талдауды ұйымдастыру бойынша нұсқаулар (қандай тұлғалар, қызметтер зерттеудің бөлек бөліктерін жүзеге асырады);
з) ақпаратты аналитикалық өңдеу үшін мақсатқа сай пайдаланылатын техникалық құралдар;
к) талдау нәтижелерін рәсімдеуге қажет құжаттардың сипаты;
л) талдау нәтижелерін тұтынушылар.
Шаруашылық қызметті талдау әдістемесінің екі элементіне тоқталып кетейік:
аналитикалық жұмысты орындаудың кезеңділігі;
оқытылатын объектілерді зерттеу тәсілдері.
Кешенді шаруашылық қызметті талдауды орындау барысында келесі кезеңдер анықталады:
Бірінші кезеңде талдау объектілері, мақсаты мен мәселесі нақтыланады, аналитикалық жұмыс жоспары құралады.
Екінші кезеңде талдау объектісі сипаттауға көмектесетін синтетикалық және аналитикалық көрсеткіштер жүйесі жасалады.
Үшінші кезеңде талдауға қажетті ақпарат жиналып дайындалады (онық нақтылығы тексеріледі, салыстырмалы түрге келтіріледі және т.с.с.).
Төртінші кезеңде шаруашылықтың нақты нәтижелерін есепті жылдың жоспарындағы көрсеткіштермен, өткен жылдардың нақты берілгендерімен, басқарушы ұйымдардың жетістіктерімен, саланы түгелдей салыстырады және т.с.с.
Бесінші кезеңде факторлық талдау жүргізіледі: факторлар алынады және олардың нәтижеге әсері анықталады.
Алтыншы кезеңде өндіріс тиімділігін арттырудың пайдаланылмаған және перспективалы резевтері анықталады.
Жетінші кезеңде анықталған қолданылмаған резервтердің және түрлі факторлар әрекеттерінің есебімен шаруашылық нәтижелерін бағалау жүзеге асырылады, оларды қолдану бойынша шаралар жасалады.
Аналитикалық зерттеуді орындаудың мұндай кезеңділігі шаруашылық қызметті талдау теориясы мен тәжірибесі жағынан анағұрлым мақсатқа сай болып табылады.
Шаруашылық қызметті талдау әдістемесінің маңызды элементі ретінде талдаудың техникалық қабылдаулары мен тәсілдері шығады. Бұл тәсілдерді қысқаша талдау құралдары деуге болады. Олар зерттеудің түрлі кезеңдерінде мыналар үшін қолданылады:
- жинақталған ақпараттарды алғашқы өңдеу үшін (тексеру, топтастыру, жүйелендіру);
- зерттелетін объектілердің жағдайы мен заңдылығын оқып білу;
- факторлардың кәсіпорын қызметінің нәтижелеріне әсерін анықтау;
- өндріс тиімділігін арттырудың перспективті және пайдаланылмаған резервтерін есептеу;
- Кәсіпорынның қызметін кешенді бағалау және талдау нәтижелерін жалпылау;
- Басқарушылық шешімдердің, әртүрлі шаралардың, экономикалық және әлеуметтік дамудың жоспарларын негіздеу.
Шаруашылық қызметті талдаудың көптеген әдістері қолданылады. Олардың ішінен дәстүрлі әдістерді анықтауға болады, олар басқа да салаларда ақпаратты зерттеу және баптау (салыстыру, графикалық, баланстық, орташа және қатысты сандар, талдамалық топтар) үшінкеңінен қолданылады.
Сурет 2 - Кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау әдістері
Шаруашылық нәтижелерге және резервтерді есептеуге әсер ететін факторларды зерттеу үшін талдауда келесідей әдістер пайдаланылады: цептік, абсолютті және қатысты айырмашылық, интегралдық әдіс, корреляциялық, компоненттік, сызықты әдісі, бағдарламалау, массалық қызмет көрсету теориясы, ойын теориясы, операцияларды зерттеу сияқты әдістері, интуиция негізінде, өткен тәжірибесіне, мамандардың эксперттік бағалауы арқылы экономикалық мәселелерді эвристикалық шешімдер әдісін қолданады (сурет 2). Әдістерді таңдау - талдаудың мақсаты мен тиімділігіне, зерттеу объектісіне, есептеудің техникалық мүмкіндіктеріне байланысты болады.
Ғылыми зерттеудің құралдардың жаңартылуы, талдау жұмысының тиімділігінің және жарқындылығының негізі болып табылады. Неғұрлым адам зерттейтін құбылыстың мәнін терең түсінсе, соғұрлым оған нақты зерттеу әдістері қажет болады. Бұл барлық ғылымдар, салалар үшін қажет. Барлық ғылымдар салаларында соңғы жылдар ішінде зерттеу әдістемелері нақтылана түсті. Экономикалық ғылымның аса маңызды құндылығы болып, экономикалық зерттеулерге математикалық әдістерді қолдану болып табылады. Ол талдауды одан ары терең әрі дәлді етеді.
Салыстыру – тәсілдердің бір түрі, оның көмегімен адам қоршаған ортаны тани білді. Қазіргі заманда біз бұл амалды атоматты түрде кейде байқамай күнделікті қолданамыз. Ерекше маңыздылығына көңіл аударсақ «Бәрін салыстырғанда түсінесін» деген мәтелге сілтеуге болады. Ол экономикалық құбылыстарды зерттеуде де кеңінен тарады. Бақылау мен болжауды бағалағанда қолданатын әр көрсеткіш пен әр санның салыстырмалы түрде ғана мәні болады.
Бұл әдістің мәні келесі түрде ашылуы мүмкін. Салыстыру – бұл танымның ғылыми әдісі, мұнда белгісіз құбылыстар, заттар бұрын зерттелген белгілі құбылыспен салыстырылады, бұл олардың арасындағы айырмашылықтарды айқындау мақсатымен жасалады. Салыстырудың көмегімен экономикалық құбылыстардың жалпы және спецификалық, зерттеліп жатқан объектілердің өзгерісі, даму тенденциялары мен заңдылықтары анықталады.
Экономикалық талдауда салыстыру барлық есептерді шешуде негізгі немесе көмекші әдіс ретінде қолданады. Салыстыруды қолдана отырып жетістікке жететін қарапайым жағдайлар мен мақсаттарды айта кетейік.
1. Жоспардың орындалу дәрежесін бағалау үшін жоспарлы және нақты көрсеткіштерді салыстыру.
2. Нақты көрсеткіштер мен нормативтік көрсеткіштерді салыстыру шығындарды бақылауға және ресурсты сақтаушы технологиясын енгізуге мүмкіндік береді.
3. Нақты көрсеткітерді өткен жылдар көрсеткіштерімен салыстырып экономика процесстерінің даму тенденциясын анықтау.
4. Кәсіпорынның талдамалы көрсеткіштерін ғылыми жетістіктермен және басқа кәсіпорындар немесе бөлімшелер жұмысының алдыңғы қатарлы тәжірибесімен салыстыру қорларды іздеуге қажет.
5. Талдамалы шаруашылық көрсеткіштерді жеткен нәтижелерді бағалау және қолданылмаған қорды анықтау үшін аудан, аймақ, облыс бойынша орташа көрсеткішітерімен салыстыру.
6. Зерттеліп жатқан көрсеткіштердің өзара байланысын анықтау үшін параллельді және динамикалық қатарларды салыстыру. Мысалы, бірмезгілде жалпы өнімнің өндірістік колемінің өзгеріс динамикасын, негізгі өндірістік қор және қайтарым қорын талдағанда бұл көрсеткіштердің өзара байланысын дәлелдеуге болады.
7. Басқарушылық шешімдердің әртүрлі нұсқаларын салыстыру мақсатымен ең қолайласын таңдау.
8. қызмет нәтижесін кез келген фактордың өзгерісіне дейін және кейін салыстыру, факторлар әсерін есептеген кезінде және қорларды есептегенде қолданылады.
Салыстырудың әр түрін толығырақ қарастырайық.
Бұрынырақ белгілеп кеткендей, шаруашылық қызметін талдау міндеттерінің бірі, бақылау жүйесінің құрылымы және кәсіпорын қызметінің экономикалық және әлеуметтік дамуын жан жақты талдау. Нақты мәліметтерді жоспарлымен салыстыру міндетті шарт болып табылады. Бұндай салыстыру жоспарды орындау дәрежесінің ай, тоқсан немесе жыл бойынша анықталуына мүмкіндік береді. Жоспарлы көрсеткіштердің дәлілденгенін тексеру үшін де нақты мәліметтерді жоспарлымен салыстыруы мүмкін. Ол үшін нақты орташа үш-бес өткен жылдар мәліметтері ағымдағы жылдың жоспарлы мәліметтерімен салыстырылады. Көрсеткіштердің нақты деңгейін жоспарлымен салыстыру өндірістік резервтерді айқындау үшін керек. Осы мақсатпен келтірілген шаралардың көлемі туралы нақты мәліметтер жоспарлымен салыстырылыды. Егер жоспар белгілі бір шаралармен орындалмаса, онда өнім өндірісінің ұлғаюын қолданылмаған резерв түрінде қарастыруға болады.
ШҚТ-да болашақ жоспардың мәліметтерімен осы немесе басқа көрсеткіштер бойынша жеткен деңгейді салыстыру маңыздылығы аз емес. Бұндай салыстыру болашақ жоспар мен алдыңғы кезең тапсырмалардың орындалу жолын көруге мүмкіндік береді. Аналитикалық жұмыстардың тәжірибесінде бекітілген нормаларды салыстыру да қолданылады (мысалы: шикізат, материал, энергия су және т.б. шығындар). Бұндай салыстыру өнім өндірісіне қорларды артық шығындау немесе үнемдеу үшін,оларды өндіріс процесінде тиімді қолдануын бағалау және өзіндік құнын төмендету мен өнім шығарылысы ұлғаюының жоғалған мүмкіндіктерін анықтау үшін қажет.
ШҚТ-да алынған нақты нәтижелерді өткен жылғымен салыстыру жиі қолданылады. Бүгінгі күнгі нәтижелерді кешегімен, ағымдағы ай, тоқсан, жылды бұрынғымен салыстырады. Бұл экономикалық процестердің даму заңдылықтары мен тенденцияларын анықтау және алынған көрсеткіштердің өзгеру қарқынын бағалау мүмкіндіктерін береді.
Келесі түрі – ең жақсы нәтижелермен салыстыру, яғни алдыңғы қатарлы тәжірибе, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктері және ең артық еңбек үлгісімен салыстыру. Бұндай салыстырулар зерттелетін кәсіпорын шегінде және одан тыс жерлерде жүргізілуі мүмкін. Кәсіпорын ішінде жалпы коллективпен алынған көрсеткіштердің орташа деңгейі алдыңғы қатарлы учаскелер, жұмысшылар мен бригадалар көрсеткіштерімен салыстырылады. Ол өндірістің жаңа мүмкіндері мен алдыңғы тәжірибені көрсетуге мүмкіндік береді.
Шаруашылықаралық салыстырмалы талдау – талдамалы кәсіпорынның көрсеткіштерін шаруашылықтың бірдей жағдайындағы ең жақсы нәтижелерге ие басқа кәсіпорын көрсеткіштерімен салыстыруда жоғары мәнге ие. Мұндай талдау алдыңғы тәжірибені үйрену мен өндірістің жаңа мүмкіндіктерін іздеуге және кәсіпорынның жұмыс тиімділігін арттыруының қорларын анықтауда маңызды тәсіл болып табылады.
Талдауда өте жиі зерттеліп отырған кәсіпорын көрсеткіштері ортасаладағы мәліметтермен немесе министрлік, топтасу, концерн бойынша мәліметтермен салыстырылады. Мұндай салыстыру талдалмалы кәсіпорынның қызметін толық әрі объективті бағалау үшін және оның шаруашылық қызметінің нәтижелерін анықтайтын жалпы және ерекше факторларды үйрену үшін қажет.
Сонымен қатар шаруашылық қызметті талдау – да өндіріс мүмкіндіктерін тиімдірек таңдаумен оны толығырақ пайдалануға мүмкіндік беретін экономикалық тапсырмаларды шешудің әртүрлі нұсқаларын салыстыру қолданылады. Әсіресе ол алдыңғы талдауда басқару шешімдері мен жоспарларды негіздеу кезінде кеңінен қолданылады.
Параллельді және динамикалық қатарларды талдау әртүрлі көрсеткіштер арасындағы байланыс бағыттары мен формаларын анықтау мен негіздеу үшін қолданады. Осы мақсатта көрсеткіштердің бірін сипаттайтын сандарды ұлғаймалы немесе кемімелі ретте орналастыруы керек және осыған байланысты басқа зерттелетін көрсеткіштердің өзгеруін қарастырады: ұлғая ма, кеми ме және қандай деңгейде.
Экономикалық талдауды салыстырмалы талдаудың келесі түрлері ажыратылады: көлденең, тігінен, трендтік, сонымен қатар бір шамалы және көп шамалы. Көлденең салыстырмалы талдау зерттелетін көрсеткіштердің нақты деңгейдегі абсолютті және қатысты ауытқуларды базалықтан (жоспарлы, өтке кезеңдегі, орташа шамалы, ғылыми жетістіктер және алдыңғы тәжірибелі) анықтау. Тігінен салыстырмалы талдау көмегімен экономикалық процесстер мен құбылыстардың құрылымы жеке бөліктердің үлес салмағын, бір бүтіннің бөліктері арасындағы өзара қатынасын (Мысалы: меншікті және қарыздық капитал, негізгі және айналым капиталы) есептеу жолымен анықталады. Сонымен қатар сәйкес фактордың өзгерісіне дейінгі және кейінгі олардың шамаларын салыстыру жолымен нәтижелік көрсеткіштердің деңгейіне факторлар әсерін зерттейді.
Информация о работе Экономикалық талдау мазмұны, пәні мен әдісі