ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен 1940 жылдағы Қазақстан өнеркәсібінің дамуындағы негізгі бағыттар: тарихи-салыстырмалы талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2011 в 14:27, диссертация

Описание работы

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертацияда Қазақстанның өнеркәсібінің даму проблемалары, ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен 1940 жылдағы оның қалыптасуының негізгі бағыттыры мен дамуына тарихи-сын тұрғысынан талдау жасалған. Қазақстанды өнеркәсіптік игеруге байланысты патша өкіметі мен Кеңес мемлекетінің саясаты анықталып, талданып, өнеркәсіп құрылымының негізгі қайшылықтары мен өзгерістері, қарастырылған кезеңдегі жаңа өнеркәсіп өндірістері мен салаларының пайда болуы туралы баяндалған.

Работа содержит 1 файл

avtoref-tini.doc

— 210.50 Кб (Скачать)

        Қорыта келгенде 1936 жылы Қазақстан  индустриалды аграрлы республикаға  айналды. 1922 жылмен салыстырғанда  өнеркәсіп өндірістері ауыл шаруашылығынан 7 салаға асып, көлемі 14 есеге көбейді, әсіресе халық шаруашылығында маңызды орын алатын көмір, мұнай, түсті металл, электроэнергия саласының өнімдері өсті. Халық шаруашылығы өндірісі ұлғайып, пайдалынатын темір жол желісі 2 есеге өсіп, қоғамдық өндірісте жұмыс істейтін жұмысшылар саны 4,5 есеге көбейді. Республикада еңбекшілердің мәдени-техникалық өмірінде үлкен өзгерістер мен алға жылжулар болды.

        Екінші бөлімше «Қазақстандағы негізгі өнеркәсіп салаларының дамуы» деп аталады. Қазақстанда өндірістің дамуында келелі өзгерістер 1940 жылдан бастап көріне бастады. Басты кезекте оған тиек болған «А» тобының дамуы болды, сонымен қатар өте биік дәрежеде өскен электр саласы (200-ден аса есе), металл өңдеу (150 есе), химия саласы (130 есе) қарқынды дамып, республикадағы өндірістің кешенді өсіп, іргетасының қалануына себеп болды [17].

        Қарағандының көмір  бассейні туралы 1933 жылғы Орталық  Комитетке берілген  есепте: Есептегі жыл бойында тресте барлығы 7 кен  орнына біріктірілген 20 шахта жұмыс  істеді. Олардың ішінде 13-і ғана тазаланған көмір берді, қалғандары күрделі жұмыстың нәтижесінде берді немесе мүлдем бере алған жоқ. Осы берілген мәліметтер әлі де болса техникалық жабдықтаудың төмен екендігін көрсетті. Техникалық жағынан қайта жабдықтау, желдеткіштердің орнатылуы, шахта ішінде жүретін транспорттың кешенді құрылуы еңбек өнімділігін арттырып, 1941 жылы көмірдің өндірілуі жылына 7 млн. тоннаға жетті. Осы кезеңде Қарағанды көмір бассейіні елдің экономикасын көтеруде үлкен рөл атқарды. Қарағандының көмірін Оралға, Орта Повальжеге, Орынборға, Куйбышев облысына, Башқұртстанға шығарылды, Қарағандының кокстелген көмірін Магнитогорскінің комбинаты пайдаланды.  1937 жылы Қарағанды көмірінің 1 тоннасы 7 сом болды. [18]  Бірінші бесжылдыққа дейін негізгі мұнай өндіру орталығы болған Доссор мен Мақат елді мекені болды, бірақ барлау жұмыстары жүргізіліп жатты. Доссорда өндірілген мұнай екі құбыр арқылы теңіз жағасында орналасқан Ракуша станциясына айдалды. Бұл жерде 9 миллион пұт мұнай құйылатын қойма бар. Одан әрі мұнай ұзындығы 15 шақырым мұнай құбыры арқылы тереңдетіп отырғызылған кемеге жеткізілді. Бұл процесс өте қымбатқа түсті, сондықтан Орал өзенінің сағасынан Гурьевке келетін жағдай жасап, темір жол салу туралы ұсыныстар жасала бастады [19].  Ембінің  мұнайын өңдеу дәл қазіргі уақытта Волга бойындағы зауыт трестерінде: Ярославль қаласына жақын жердегі Константиновскіде, Новгородқа жақын жердегі Варинскіде өңделеді. Константиновскідегі зауытқа 1926-1927 жылдары жаңа, қуаттылығы 12 миллион пұт, Варинскіде қуаттылығы 8 миллион пұт керосинді батарея орнатылған. Осылайша Ембі мұнай зауыты 1928-1929 жылдың соңында жылына 20 миллион пұт мұнай өндіре алады. Ембі ауданның жағдайы туралы Ф.И.Голощекинге өнеркәсіп комитетінен мынадай мәлімет жіберілген: Орал, Ембі ауданданындағы 1928-1933 жылдардағы терең барлау бұрғылау жұмыстарының көлемі 1928-1929 жылмен салыстырғанда, бұрғыланатын жер көлемі ұлғайтылып, барлау белсенді жүргізілген [20]. Түсті металлургия саласын дамытуда алғашқы кезеңде елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени артта қалуынан көп қиыншылықтарға кездесті. Оның бір мысалы ретінде Риддерді алуға болады:  1932 жылы Риддердің тау-кен шаруашылығы апат жағдайына жетті. Риддердің кен байыту фабрикасы 50% өнім шығаратын дәрежеде ғана жұмыс істеп тұрды. Фабриканың құрал-жабдықтарының 1 бөлігі әбден ескірді. Кен байыту процесі өте төмен сапаны көрсетті және металл бөліп алу көлемі де төмендеді [21]. Ащысайдағы полиметалл комбинаты іске қосылып жатқан жылдарда елдегі ең ірі Шымкент қорғасын зауытының құрылысы басталды. 1934ж қаңтар айында зауыт іске қосылды. Шымкент қорғасын зауытын аз уақыт ішінде іске қосып, өндірісті жоғары механикаландырылған жабдықтармен қамтамасыз етіп үлгерді. Мысалы, 16,5м2 жерді алып турған ені 1,5метр машиналарға дүние жүзінде бірде-бір қорғасын зауытында тең келетіні болмады. Өзі сияқты отандық өндірістердің ішінде Шымкент қорғасын зауыты алдыңғы орындарды иеленді.

    1929-1930 жылдары елдегі ең ірі мыс орны – Қоңырат кені ашылып, іске қосылды және өте үлкен кен орны мен кеннің аса терең емес жерде орналасуы оны ашық түрде алуға мүмкіндік берді, сонымен бірге  Балқаштағы мыс қорыту зауытын салудың негізі болды. Бұл кенді 1929-1930 жылдары геолог М.П.Русаков ашқан. Алғашында бұл кен орнының қоры 350000 тонна деп анықталған. Басқа  кен  орындарынан Қоңырат кен көзінің жұпынылығымен ерекшеленді [22].

      1940 жылы аса маңызды бай ресурстарды  игерудің көзі болған Жезқазған  комбинаты іске қосылды. Риддер  комбинатында металл өндіру қолға  алынып, Зырянов комбинатын кеңейтті, 1938 жылы ұзақ жылдар бойғы құрылыс  жұмысы мен қайта салулардан кейін Ертіс мыс қорыту зауыты іске қосылып, Березов кенішінің қуаттылығы кеңейді.

     Қазақстан сирек кездесетін металл жағынан  КСРО-да: хромнан І орын, никельден  ІІ орын, марганецтен ІІІ орын, вольфрамнан IV орын, молибден, мышьяктан  біршама қоры бар. Бұрынғы артта қалған аудандарда түсті металлургия өндірістерінің салынуы Қазақстандағы терең әлеуметтік-экономикалық қайта құрулардың іске асуына негіз болды және  жаңа өндірістік, мәдени орталықтардың өсуіне, жұмысшы табының қалыптасуына, техникалық интелегенцияның пайда болуына себеп болды. Қазақстан өнеркәсібінің барлық негізгі өндірістік қоры 1932-1939 жарты жылдық аралығында 322 есе өсті. Алматыда, Семейде, Шымкентте тағы басқа қалаларда бірнеше кірпіш зауыты, алғашқы тігін, аяқ киім фабрикалары, тері, қант, жеміс, ет зауыттары мен комбинаттары, Балхаш пен Шымкентте мыс және қорғасын зауыттары салынды. Бірақ олар Қазақстанға индустриялы елдің кейпін беруі үшін металл балқытатын өнеркәсіптер ғана емес, ауыр өнеркәсіптік машиналар, неше түрлі приборлар және күрделі технологиялық жабдықтар жасайтын орындарда болуы керек еді. Мұндай өнеркәсіп орындары Қазақстанда Ұлы Отан соғысы жылдарында ғана батыстан шығысқа өнеркәсіпті көшірумен байланысты амалсыздан пайда бола бастады. Оның өзінде олар негізінен қару-жарақ жасайтын кәсіпорындар ретінде пайда болды.

         Халық шаруашылығы комиссариатының химия өнеркәсібін дамыту жоспары бойынша: «Ақтөбеде комбинат салу, Қандыағаш станциясында фосфор руднигінен кен шығару, 1931 жылы Ақтөбеде жылына 200 тонна өнім шығаратын күкірт қышқылы зауыты мен 40 тонна перецемитат өндіретін цех салу қолға алынды».

      Қазақстанда құрылыс материалдарын жасайтын өндіріс құру Кеңес үкіметі кезінде  жүзеге асты. Кеңес өкіметінің алғашқы  жылдарында құрылыс материалдары  көбейтуді еш қажет деп есептемеді. Индустриаландырудың бас кезінде барлығы небәрі 3 кірпіш зауыты жұмыс істеді. Қазақстанда құрылыс материалдарын шығаратын өндіріс орындарын салуды ұйымдастыру 1931 жылдан басталды. Ірі кірпіш зауытының құрылысы Алматыда, Шымкентте, Петропавлскіде, Семейде және басқада қалаларда шикізатты дайындайтын механикалық пресс орнату мен кірпішті күйдіретін сақиналы пештерді салудан басталды. Содан кейін әк, гипс және басқа да құрылыс материалдарын шығаратын өндірістер салынды. 1935 жылдың өзінде 50 кірпіш, 30 алебастр, 30 әк, 14 қамыс дайындайтын зауыт жұмыс істеді. 1939 жылы кірпіш шығару 1932 жылмен салыстырғанда 4 есе, ағаш өңдейтін өндірістердің қуаттылығы 2,7 есеге өсті [23].

      Осылайша  Қазақстан өнеркәсібінің отарлық  дәуірде негізі қаланып, кейін жалғастырылған бір жақты дамуы тарихта ізін қалдырмай қойған жоқ. Елдің өндіріс ошақтарының барлығы тікелей Орталыққа бағынышты болды.  Соғысқа дейінгі кезеңде Қазақстанда негізгі транспортқа енген үлкен тасымалдау жүйесі құрылды. Темір жолдардың, су жолдарының, автокөлік, әуе және тағы да басқа транспорт жолдарының өзара байланысы мен әрекеті өсіп келе жатқан халық шаруашылығы мен халықты тасымалдауды қамтамасыз етуге тиіс болды. Темір жол транспорты өндірістік құрылымның аса маңызды салаларының бірі болды және халық шаруашылығының дамуы онымен тікелей байланысты еді. Түрксібтің салынуы,  Рубцовск-Защита-Риддер темір жолының үнемі пайдалануға берілуі, Гурьев-Қандыағаш желісі, жол төсеніштерінің жасалуы, әуе, су жолы өнеркәсіптің өркендеуіне жол ашты. Ал бұл өз кезегінде жұмысшы санының өсуіне себеп болды. Бірақ жергілікті ұлттан кадрлар дайындау мәселесі ұзақ уақыт бойы күн тәртібінен түскен жоқ.         

     Екінші  бөлімнің үшінші бөлімшесі «КСРО-ның өндірістік дамуындағы Қазақстанның алатын орны» деп аталады.

     Еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған  индустриаландырудың әлеуметтік –  экономикалық мақсаттары КСРО-ң үлкен  аумағында азды, көпті бірдей шешіліп  жатты. Сондықтан оны бөліп - жарып  қарамау қажет,  өйткені индустриаландыру үрдісі КСРО аумағында тұтас үрдіс ретінде жүрді. Оған «А» және «Б» топтарына жататын өндірістердің дамуы, яғни өндіріс құрал-жабдықтарын шығаратын және өндіретін, өңдейтін өндіріс салалары кіреді. Бұл жағдайда өндірістің салаларында сан мен сапаның үйлесімділігі үлкен рөл атқарады: Салааралық және өндіріс ішіндегі тепе-теңдік, үнемділік, өндіргіш күштердің жағдайы, қор жинаудың қарқындылығы мен республикадағы тұтыну қажеттілігінің деңгейі маңызды  болды. Осы сұрақтар төңірегіндегі зерттеулер индустриаландыру үрдісінің күрделілігі мен жекелеген республика мен аудандардағы оған тән ерешеліктеріне сай заңдылықтарды ашып берді.

        1940 жылы Алматы облысында 2 ауыр өнеркәсіп, 37 жеңіл және тамақ өнеркәсібі, 58 өнеркәсіп кооперативтері, 4 облыстық кеңсе болды. Солтүстік Қазақстан облысында 2 ауыр өнеркәсіп өндірісі, 8 тамақ, 4 жергілікті өнеркәсіп, 2 транспорт бөлмесі, 4 облыстық кеңсе болса, Оңтүстік Қазақстан облысында 13 ауыр өнеркәсіп, 18 тамақ, 5 жеңіл өнеркәсіп, 6 жергілікті, 4 транспорт бөлімшесі, 47 өнеркәсіп кооперативтері және 4 облыстық кеңсе құрылған. Ақтөбе облысында 4 ауыр өнеркәсіп, 7 тамақ, 1 жергілікті, 6 транспорт бөлімшесі, 15 кооперативтік өнеркәсіп, 4 облыстық кеңсе жұмыс істеген. Қарағанды облысында 18 ауыр өнеркәсіп, 11 тамақ, 1 жергілікті, 3 транспорт бөлімшесі, 19 өнеркәсіп кооперативі,    5 облыстық кеңсе, Қостанай облысында 1 ауыр өнеркәсіп, 4 тамақ, 1 жергілікті өнеркәсіп, 13 өнеркәсіп кооперативі, 4 облыстық кеңсе  ұйымдастырылған. Батыс Қазақстан облысында 3 ауыр өнеркәсіп (Мақат, Доссор, Байшұнас, Қосшағылда мұнай), 2 тамақ, 2 жергілікті, 1 жеңіл өнеркәсіп, 34 өнеркәсіп кооперативі, 2 транспорт бөлімшесі 4 облыстық кеңсе болса, Шығыс Қазақстан облысында 16 ауыр өнеркәсіп (8 кен орны), 7 орман өнеркәсібі, 14 тамақ, 1 жеңіл, 1 жергілікті өнеркәсіп ошағы, 3 транспорт бөлімшесі, 58 кооперативтік өнеркәсіп, 4 облыстық кеңсе болды [24].

       Қорытындылай келгенде, 40 жылдарда пайда болған өнеркәсіп ошақтарының  басым көпшілігі , соның ішінде  ауыр өнеркєсіп  салалары Орталық Қазақстанда және  Шығыс Қазақстанда, Қарағанды облысында,  ал тамақ өнеркәсіп орындары Оңүтүстік Қазақстанда, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарында шоғырланса, жеңіл өнеркәсіп салалары Алматы, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстанда орналасты.  

ҚОРЫТЫНДЫ 

       Бүгінгі күні Қазақстан экономикасында үлкен орын алып, мемлекеттің гүлденуіне үлес қосып отырған өнеркәсіп салаларының бұрынғы қалыптасуы мен дамуы тарихын зерелеп қарайтын болсақ, оның бірнеше кезеңнен өткенін көруге болады.

        Қазақ даласы, оның қазба байлығы  туралы деректерді жинаған Ресей империясының мақсаты біреу ғана - елді арзан шикізат көзіне айналдыру, емін-еркін пайдалану болды. Арнайы экспедициялар жабдықтап, барлау жұмыстарын жүргізе отырып, қазына байлықтың шоғырланған жерін игеру үшін орыс және шетел кәсіпкерлерінің еркін кіруіне мүмкіндік берді. Қазақстанның капиталистік өнеркәсібі басынан-ақ нақты отаршылдық сипатта болды. Монополистік капитализм дәуірінде отар елдер мен тәуелді мемлекеттер бірінші кезекте үстемдік етуші метрополияның өнеркәсіп тауарларын өткізу және капитал салу көзі болып қалды. Бұл шетелде монополистерге құлдыққа түскен елдердің экономикасын толық өз қолына алып, бақылау жасауына мүмкіндік берді. Метрополиялар отарлар мен тәуелді елдерге экспортқа тауар шығаруды олардың капиталын салу негізінде ғана жүрді, себебі қажетті мөлшерді пайда түсіру үшін емес, бұл елдерді арзан шикізат көзі мен жері, үнемі тұратын жұмыссыздыққа байланысты болатын арзан жұмыс күші, жалпы бұқара халықтың қайыршылығы мен кең көлемдегі пайдаланылатын күшпен жұмыс жасату, соның ішінде әйелдер мен балалардың арзан еңбегін пайдалану үшін салынды.

         Қазақстанның өнеркәсібі Ресей империасы  тұсында да, Кеңес өкіметінің кезінде де Отандық өнеркәсіптің дамуы мен гүлденуіне қызмет еткен жоқ. Екі билік дәуірінде де Қазақстан арзан шикізат көзі болып қала берді. Соншама байлықтың табыс кілтін қолына ұстаған Орталықтан аса алмай, Қазақстан түскен пайданың болмашы бөлігіне ғана ие болды. Басқару жүйесіндегі әкімшілдік пен әміршілдіктің лебі өнеркәсіп саласына да тиді. Бұл жүйе жеке ұйым, кәсіпорын, тұтас өнеркәсіп аймағының мүддесімен санаспады. Шикізаттың бағасы да, дайын өнімнің де құны төмен болды, әрі қазба байлығын игеруші өндіріс орнының да, еңбек еткен мыңдаған адамдардың да алған пайдасы шамалы болды. Қалыптасқан жоспарлы экономиканың талабы бойынша Одақтық және Республикалық бюджеттен тиімділігі аз, тоқырау жағдайындағы өндіріс орындарына қаржы бөлініп, сақталынса, керісінше жақсы көрсеткіштерге жетіп, сапалы өнім алған кәсіпорындардың тапқан табысын өз қажетіне жаратуға құқығы болмады. Ынталандыру мүмкіндігінен айрылған өнеркәсіп өндірістері құлдырап, дағдарысқа ұшырады. Демек Қазақстанның өнеркәсібінің дамуы туралы мынадай тұжырым жасауға болады:

1.  ХІХ  ғасырдың екінші жартысында Ресей  империясының боданында бола отырып, Қазақстанға біртіндеп капиталистік қатынастар енді және отарлаушы елдің арзан шикізат көзіне айналды.

2.  Патшалық  Ресей қазақ жеріне орыс және  шетел капиталын өз мүддесі  үшін енгізді.

3.  Ал 1917-1940 жылдары да өнеркәсіптің  дамуы Кеңес өкіметінің экономикалық саясатына сай жүзеге асты. Индустриаландыру процесінің нәтижесінде өнеркәсіпте алға жылжулар болды. Соған қарамастан Қазақстан шикізат көзі болып қала берді. Өйткені жетекші өндіріс салалары қарыштап дамымады.

4.  Соған  қарамастан Қазақстанда революцияға дейін бой көтермеген өнеркәсіп салаларының тармақтары пайда болды және  ол индустриаландыру үрдісінде  оның құрамдас бөлігіне айналды. 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

1 Геллер М. История Российской империи. М., 1997. 3 т. - с.174.

2 Нусупбеков А.Н. Формирование и развитие Советского рабочего класса в Казахстане. Алма-Ата, 1966.- с.18.

3 ҚР  ОММ, қ-12, 1-т, 9-іс, 5-п.

4 Фридман Ц.Л. Иностранные капиталы в промышленности дореволюционного Казахстана. Алма-Ата: Казгосиздат, 1960.- с.14.

5 Обзор Сырдаринской области за 1895г. Ташкент ,1896, с.26.

6 Коншин Н. Краткий статический очерк промышленности и торговли в Акмолинской области за 1880-1894 года, Омск, 1896. Табл.4.

7 Голубев П.А. Историко-статические таблицы по Оренбургской губернии за 1862-1893 годы. 

8 Календарь для Киргиз на 1897 год. Оренбург, 1897, с.61.

9 Заорская В.В., Александер К.А. Промышленные предприятия Туркестанского края. Пг., 1915.- с.221.

10 Материалы для статистики Туркестанского края. Под ред. Маева Н.А. Вып. 3. Спб. 1874.- с.281-285.

11 Статистический очерк кожевенной промышленности и торговли./ сост. В.И. Шарый. Пг, 1917.- с.10.

12 Локшин Э.Ю. Промышленность СССР 1940-1963 г.г.  М., 1964.- с.16.

13 ҚР ПМ, қ-139, 2-т, 44-іс, 16-п.

14 ҚР ПМ, қ-141, 1-т, 13335-іс, 3-п.

15 Народное хозяйство СССР. 1922-1972. с.560.

16 Развитие народного хозяйства Казахстана за 50 лет Советской власти. Алма-Ата. 1967- с.77.

Информация о работе ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен 1940 жылдағы Қазақстан өнеркәсібінің дамуындағы негізгі бағыттар: тарихи-салыстырмалы талдау