Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2011 в 14:27, диссертация
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертацияда Қазақстанның өнеркәсібінің даму проблемалары, ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен 1940 жылдағы оның қалыптасуының негізгі бағыттыры мен дамуына тарихи-сын тұрғысынан талдау жасалған. Қазақстанды өнеркәсіптік игеруге байланысты патша өкіметі мен Кеңес мемлекетінің саясаты анықталып, талданып, өнеркәсіп құрылымының негізгі қайшылықтары мен өзгерістері, қарастырылған кезеңдегі жаңа өнеркәсіп өндірістері мен салаларының пайда болуы туралы баяндалған.
3. 1917-1940 жылдардағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы Кеңестік экономикалық саясатқа сай іске асты. Негізгі өнеркәсіптің даму бағыттары жаңа экономикалық саясат пен социалисттік индустриаландыру кезеңінде жүзеге асты.
4. 1940 жылдары
Қазақстанда революцияға дейін
болмаған өнеркәсіп
Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері. Диссертация жұмысының хронологиялық шеңбері ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен 1940 жылдар аралығын қамтиды, өйткені Қазақстанның өнеркәсібінің құрылуы мен дамуы әртүрі саяси режим тұсында: Ресей империясы мен Кеңес мемлекеті кезінде болды. Осы кезеңдегі Қазақстанның өнеркәсібінің дамуындағы негізгі бағыттары қарастырылады.
Зерттеу жұмысының ғылыми және тәжірибелік құндылығы. Диссертациялық жұмыстың тақырыбын ашуда бірінші рет ғылыми айналымға шыққан үлкен көлемде деректі материалдар тартылған. Нақты тарихи деректердің негізінде талдау жасалынды және қарастырылып отырған кезеңдегі Қазақстанның өнеркәсібінің дамуы туралы негізгі көзқарастар кеңейтілді. Жұмыстың тәжірибелік бағалылығы сол бұнда нақты тарихи мағлұматтар беріліп, ғылыми ізденістер басшылыққа алынған, сондықтан оның Қазақстан тарихын кеңейтіп жазуда, арнайы курстар мен арнайы семинарлар өткізуде көмегі болуы мүмкін.
Зерттеу жұмысының нысаны. Осы диссертацияның зерттеу нысаны болған өте күрделі тарихи құбылыс болып есептелетін қарастырылып отырған кезеңдегі өнеркәсіптің дамуының негізгі бағыттарының тарихы болып табылады.
Зерттеу жұмысының пәні. Диссертациялық жұмыста қарастырылған кезеңдегі Қазақстандағы өнеркәсіптің негізгі бағыттарын зерттегенде біздің еліміздің тарихындағы маңызды кезеңдегі: Қазақстанның Ресей империясы мен Кеңес мемлекетінің құрамында қалыптасуы мен дамуындағы негізі қайшылықтары мен қайнар көздері жан-жақты қарастырылады.
Зерттеу жұмысының сыннан өтуі. Диссертациялық жұмыс Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтында Жаңа кезеңдегі Қазақстан және Кеңестік дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің кеңейтілген отырысында талқыланды және қорғауға ұсынылды. Диссертацияның тақырыбы бойынша 3 ғылыми мақала жарияланды. Диссертацияның негізгі ойлары мен нәтижелері 4 халықаралық және республикалық ғылыми–практикалық конференцияда баяндалды.
Диссертацияның құрылымы.
Зерттеудің құрылымы ғылыми еңбектің
мақсаты мен міндеттеріне сай түзілген.
Диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі
тараудан және соған сай тараушадан, қорытындыдан
және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен
тұрады.
ЗЕРТТЕУДІҢ
НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ
Жұмыстың кіріспесінде ғылыми зерттеудің жалпы сипаттамасы, тақырыптың өзектілігі көрсетіледі, сонымен қатар зерттелу деңгейі қарастырылып, зерттеудің мақсаты мен міндеттері айқындалады. Диссертацияның қол жеткізген ғылыми жаңалықтары көрсетіліп, қорғауға ұсынылатын негізгі ғылыми тұжырымдар келтіріледі, зерттеудің теориялық және методологиялық негіздеріне тоқталып, оның практикалық маңыздылығы мен құрылымы баяндалады.
«ХІХ ғасырдағы екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы» атты бөлімнің бірінші бөлімшесі «ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы жалпы Ресейдегі капитализмнің дамуы (проблемалар мен қайшылықтар)» деп аталады.
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басы Ресей империясының тарихындағы өтпелі кезең болды. Империя аса үлкен көлемдегі саяси сілкіністерге тап болды және оның себебі бірнеше ғасырдан бері қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық дамуымен тығыз байланысты еді.
Ресейдегі басыбайлылық құқық жойылғаннан кейін капитализмнің дамып, орын алғаны көрінді және ХІХ ғасырдың соңына қарай оның монополистік дәрежеге өтуінің белгілері көріне бастады. Бірақ Ресейдегі капиталистік дамудың Батыс Европадағы буржуазияның құрылыстың орнауы мен классикалық капитализмнен өзіндік ерекшеліктері болды. Сондықтан қазіргі ғылыми әдебиеттерде капитализмнің дамуы туралы үш үлгіні ұсынады:
Бірінші үлгідегі елдерге Батыс Европа мемлекетімен бірге оған мұхиттың арғы бетіндегі (Канада, Австралия) мемлекеттер де ене алады. Бұл аймақтағы қоғамға ертеректегі өзгешелік, өздігінен пайда болған капиталистік қатынастар, олардың табиғи дамуы, капитализмге өтудегі экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, саяси және мәдени алғы шарттарының қалыптасуы.
Екінші үлгідегі елдерде бұл жағдай басқаша қойылған (Ресей, Жапония, Түркия, Балқан мемлекеттері тағы басқа). Бұл мемлекеттерде бірінші үлгідегі буржуазиялық құрылыстың қалыптасуы мемлекеттерге қарағанда кейін бастады, бірақ қарқынды жүрді, (ішкі және сыртқы себептердің ықпалымен, сол мезеттегі ішкі қауіп-қатер салдарынан және Батыс қоғамынан артта қалуда жоюға ұмтылумен байланысты болды).
Екінші үлгідегі елдерде капиталистік үрдістің дамуы осы қоғамдағы көптеген ескі қалдықтарды сақтау шартында өтті. Батыс көптен күткен нәрсеге бірден қол жеткізеді (теміржол, ауыр өнеркәсіп). Осындай негізде екінші үлгідегі елдерде капитализм дамыды. Экономикалық артта қалу- шылықты жылдамдата билеу қажеттілігі салықтық қанау мен әлеуметтік шиеленісушілікке алып келді. Шаруашылық өмірде ұлттық негізге көшу, ұдайы өндіріске жеткіліксіз дайындық, екінші үлгідегі елдерде ұлттық құндылықтар мен буржуазиялық құндылықтар, өнеркәсіптік қоғамға Батыс елдеріне қарағанда табиғи түрде құрылған жоқ. Әрине екінші үлгінің қоғамындағы капиталистік үрдіс барысында туындаған қиыншылқтарды жою мүмкін еді, оған мысал ретінде Жапонияны алуға да болады.
«Ертедегі капитализмдегі» елдердің бір-бірімен тәжірибе алмасуы тек қана проблема тудырып қана қоймай, өзіндік артта қалушылық басымырақ болды. Үшінші үлгідегі қоғамның буржуазиялық өзгерісіндегі күрделі табысы көптеген өзіндік факторларға қатысты болды және жергілікті мәдени салт-дәстүрлерден жаңа құндылықтарды қабылдауға дейінгі сатылардан өтті, ақырында жергілікті мәдени әдеп – ғұрыптардан енді жаңа бір буржуазиялық құрылымды қабылдаған Азия, Африка және Латын Америкасының кейбір елдері болды.
Ресейдің ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы экономикалық дамуында шетелдіктердің инвестиция салуы аса үлкен рөл атқарды. Батыс Европада салатын жер іздеген көптеген бос капитал қорлары болды. Ресей өзінің экономикалық даму ерекшелігіне қарай капиталды шетке шығарудан гөрі шеттен көп енгізді. Шетел кәсіпкерлері өз капиталдарын Ресей өнеркәсібіне салуға құштар болды, өйткені елдегі жұмыс күшінің арзандығы оларға пайда табуға мүмкіндік берді. Патша өкіметі Ресей экономикасына шетелдік ақша салушыларға бар мүмкіндікті жасай отырып, жетіспей жатқан Отандық капиталдың орнын жабуға тырысты. Шетелдік капитал екі мақсатта: өндіргіш күштерді дамыту үшін (халық шаруашылығына қаржы салды) және бюджеттегі жетіспеушілікті жабу үшін (мемлекеттік займ) пайдаланылды. Осының негізінде өндіріске салынатын қаржы екі түрде: кәсіпкерлікке (акционерлік) және ссуда (облигация) түрінде жүзеге асты.
Ресейге негізінен Франциядан, Англиядан, Германиядан және Белгиядан капитал енгізілді. Монополистік капитализм дәуірінде отар елдер мен тәуелді мемлекеттер бірінші кезекте үстемдік етуші метрополияның өнеркәсіп тауарларын өткізу және капитал салу көзі болып қалды. Бұл шетелде монополистерге құлдыққа түскен елдердің экономикасын толық өз қолына алып, бақылау жасауына мүмкіндік берді. Метрополиялар отарлар мен тәуелді елдерге экспортқа тауар шығаруды олардың капиталын салу негізінде ғана жүрді, себебі қажетті мөлшерде пайда түсіру үшін емес, бұл елдерді арзан шикізат көзі мен жері, үнемі болып тұратын жұмыссыздыққа байланысты болатын арзан жұмыс күші, жалпы бұқара халықтың қайыршылығы мен кең көлемдегі пайдаланылатын күшпен жұмыс жасату, соның ішінде әйелдер мен балалардың арзан еңбегін пайдалану үшін салынды.
Жалпы алғанда ХІХ ғасырдың
соңы мен ХХ ғасырдың
Екінші бөлімше «Қазақстан өнеркәсібін игеруге қатысты патшалық саясат» деп аталады. Патшалық Ресей әр түрлі халықтарды отарлық қанау мен оның экономикасына негізделген аса үлкен империяға біріктірді. Патша өкіметі мен помещиктер, капиталистер жергілікті халықты ұлттық езгіге салу мен құлдықта ұстауда әр түрлі әдістер мен тәсілдерге сүйене отырып, жүзеге асырды. Ұлттық аймақтарда әдейі феодалдық-патриархалдық қалдықтарды сақтап, көпшілік бұқараны құлдық пен езгіде ұстады. Осындай патшалық самодержавиенің отарына айналып, құлдыққа түсіп, езілген, өте төмен шаруашылық және мәдени дамуымен ерекшеленген ел – Қазақстан болды.
Қазақстанның капиталистік өнеркәсібі басынан-ақ нақты отаршылдық сипатта болды. Отарланған Қазақстандағы капиталистік өнеркәсіптің дамуының екі ерекшелігін атап көрсетуге болады: біріншіден, аймақтағы өнеркәсіптің негізінде табиғи капиталистік қатынастар дамыған жоқ, сырттан келген көпестердің капиталының базасында пайда болды. Екіншіден, қазақтың ұлттық капиталы өнеркәсіптің дамуы мен құрылуына ешқандай қатыспады. Ұлттық сауда-өсімқор буржуазиясы тек өнеркәсіп капиталы мен жерлікті рынок арасында дәнекер болды. Осындай жағдайда өнеркәсіп пролетариатының ұлттық кадрлары орыс өнеркәсіпшілері басып алған сауда өнеркәсібі базасында қалыптасты [2].
Патша өкіметінің Қазақстанның өндірісін игерудегі саясатына талдау жасай отырып, оның бірнеше бағытын атап өтуге болады. Бірінші бағыт- орыстың сауда капиталының Қазақстан өндірісінен игерудегі орны мен осыған байланысты, бірінші кезекте, белгілі Сібір саудагері С.И.Поповқа патша өкіметінің берген мүмкіндіктері мен жеңілдіктерін атап өту қажет. Ол Қазақстанның тау- кен ісіндегі монополиялардың қожайыны болды десе де болады. Оған тау-кен орындарын қамтыған 1500кв. шақырым үлкен аумақ тиесілі болды. Павлодар уезіндегі Александровск кенінде С.И.Поповтың өнеркәсібі 1870 жылы қара мысты тазалап, 930 пұт көмір пайдалана отырып, 1180 пұт мыс алған [3].
Орыс
капитализмі Қазақстанға
Ең бірінші Қазақстандағы мұнай алу өнеркәсібіне бастама болған және барлау алаңы болған 1899 жылы Қарашұңғылда, 1911 жылы Доссорда екінші мұнай көзі ашылды. Революцияға дейін кезеңде Қазақстан өндірісінде 117 іске асқан бұрғылау орындары және 166 барлау бұрғылары болды, соның ішінде бұрғылау жұмыстарының жартысына жуығы Доссорда жүргізілді.
Доссорды
да аяусыз тонап, мұнай алуда қарапайым
ережелер сақталмады, сондықтан да
кен орнындағы байлықтың
Патша өкіметі шетелдік капиталистердің Қазақстан өнеркәсібіне емін-еркін енуіне мүмкіншілік берді. Қазақстандық зерттеуші Ц.Л.Фридман былай деп жазды: «ХІХ ғасырдың сонымен ХХ ғасырдың басында шетелдік капиталистер сол кездегі бар мыс, полиметалл кендері мен көмір кен орындарын қолына алды. Сонымен қатар мынаны аса айтып көрсету қажет: Шетелдік капиталистер геологиялық барлау жұмыстарына ешқандай ақша шығарған жоқ, дайынға ие болып, патша өкіметінің белсенді ат салысуы нәтижесінде аса бай кен көздерін тиынға сатып алып, жергілікті халықпен орыс кәсіпкерлері ашқан жерлерге иелік етті» [4]. Жергілікті халықтың аңқаулығы мен байлардың кен көздерін арзанға сатуынан шексіз байлыққа белшесінен батты.
ХІХ ғасырдың ортасында Оңтүстік Қазақстанда орталық Ресейдің ұсақ өнеркәсіп иелері мен қолөнершілері келіп орналаса бастады. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ресейдің келген кәсіпкерлер екі көмір бассейіні – Боралдай мен Леңгірді ашты. 1866 жылы Орынбор әскери округінің әскерінің бастығы Түркістан облысына тапсырмамен жіберілген бас инженер подполковник Татаринов Шымкент пен Ташкенттің ортасынан өте жақсы сападағы көмір қорынан тапқанын хабарлайды. 1868 жылы өндіру қарқыны өте төмен Боралдай көмір бассейінінің негізін салды (Татаринов атындағы көмір кені). Ал Шымкенттің оңтүстік шығысында 30 шақырым жерде орналасқан Леңгір көмір бассейіні Шымкент пен Ташкенттің өндірістерін көмірмен қамтамасыз етіп отырды [5].