Халықты жұмыспен ұтымды қамту мен әлеуметтік қорғауды мемлекеттік реттеумен қолдау шаралары

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 17:02, реферат

Описание работы

2010 жылы Үкімет отандық экономиканың тұрақты өсуі мен дамуын қамтамасыз етуге,халықтың әл-ауқатының деңгейін арттыруға, экономикалық қауіпсіздікті нығайтуға,еліміздің әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған жұмысты жалғастырды. Жүргізіліп отырған экономикалық саясаттың нәтижелері мен экономика секторларының серпінді дамуы шынайы.

Содержание

I.Кіріспе ...............................................................................................................1
II. Негізгі бөлім.
2.1. Еңбек рыногын мемлекеттік реттеу.,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,2
2.2. Жұмыспен қамтамасыз етуді мемлеттік реттеудің бағыты мен негізгі әдістері.......................................................................................................
2.3.Әдеуметтік саясат ұғымы, міндеттері...................................................................................................
2.4. Әлеуметтік – экономикалық дамудың өзекті қырлары......................................................................................................
2.5. Халықты әлеуметтік қолдау, көші – қон және еңбек қатынастары...............................................................................................
III. Қорытынды.
IV. Пайданалынған әдебиеттер тізімі.

Работа содержит 1 файл

ЭМР реферат.doc

— 104.50 Кб (Скачать)

      Балалы  отбасыларды әлеуметтік қолдау жүйесін  одан әрі дамыту мақсатында Үкімет оларға төленетін жәрдемақыларды ұлғайтуды, сондай-ақ балалы отбасыларды әлеуметтік қорғауды одан әрі жетілдіру жөнінде шаралар қабылдауды жоспарлап отыр.

      Сапалы  әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін  дамыту, оларды қоғамға кіріктіру  үшін пәрменді шаралар құру арқылы мүгедектерге ерекше назар аударылатын болады.

      Үкімет  жұмыссыздарды оқыту мен қайта  оқытудың, жұмыстан босатылған қызметкерлердің  біліктілігін арттыру мен оларды қайта даярлаудың, жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастырудың тиімді жүйесін қалыптастыруға, бизнестің жаңа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарын құруға қатысуына ықпал етуді ұйғарып отыр.Жергілікті мамандарды кәсіби даярлау мен қайта даярлауға  ерекше назар аудара отырып, шетелдік мамандарды қазақстандық кадрлармен алмастыру саясаты жүргізілетін болады.

      Бұдан басқа, Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жағдайында ішкі еңбек нарығын қорғауға бағытталған  тетіктерді қалыптастыру алда тұр.

      Көші-қон  ағындарын реттеу мақсатында Үкімет елдің еңбек ресурстарына қосымша  қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған  ұзақ мерзімді көші-қон саясатын әзірлеуді ұйғаруда.

      2008 жылы Оралмандарды бейімдеу және  кіріктіру орталықтары құрылады, оралмандарға әлеуметтік жалға  беру шарттарында тұрғын үй  беру, мемлекеттік көмек шараларын  оралмандардың өздерінің жеке  құрылыс салуын дамытумен ұштастыру мүмкіндігі қаралады.Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек кодексінің негізінде еңбек қатынастарын реттеудің жаңа моделіне көшу жүзеге асырылатын болады.Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қайта қарау және жаңаларын қабылдау көзделеді.Республика ұйымдарында қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету мақсатында еңбекті қорғауды басқару жүйесі жөніндегі халықаралық стандарттарды енгізу жөніндегі жұмыс жалғастырылады.Мемлекеттік еңбек инспекторларының қызметін жандандыру және олардың рөлін арттыру қамтамасыз етілетін болады.Республика ұйымдарында өндірістік жарақатты азайту жөніндегі ескерту, алдын алу шаралары, сондай-ақ қауіпсіздік нормаларының сақталуын мемлекеттік және ведомстволық бақылау күшейтіледі.Бюджет саласы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін олардың жұмысының сапасы мен тиімділігіне ден қоя отырып, одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады. 
 

                          

                                            III. Қорытынды. 

     Кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес бағдарламасы 1996- 1998 жылдарға есептелген болатын. Бұл бағдарлама мыналарға негізделген болатын:

     - Микрокредиттеу жүйесін енгізу;

     - Шағын және орта бизнесті дамыту;

     - Еңбекті көп қажет ететін салаларды  басым дамыту және оларға шетел инвесторларын, ұлттық капиталды белсенді тарту;

     - Қоғамдық жұмыстарды белсенді  дамыту;

     -Жеке  кәсіпкерліктің даму жолындағы  әкімшілік кедергілерді алып  тастау;

     - Қызмет көрсету және туризм  салаларын дамыту.

     Жұмыспен  қамту қызметінің аумақтық бөлімшелері  жұмыспен қамту проблемасын шешуде жыл сайын халықты жұмыспен қамту  бағдарламасын және ақы төленетін қоғамдық жұмыстар бағдарламасын әзірлейді.

      Жұмыссыздық деңгейін төмендету және халықты  жұмыспен қамтуға белсенді жәрдемдесу әдістерінің бірі – жұмыссыз азаматтарды  кәсіби дайындау,олардың біліктілігін арттыру және қайта дайындау. Ұлттық заңнаманы, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтік көмек, білім беру, банкроттық, лицензиялау, техникалық реттеу, бағалау қызметі, міндетті сақтандыру, жеке кәсіпкерлік, сондай-ақ қылмыстық, қылмыстық-іс жүргізу, азаматтық, әкімшілік, монополияға қарсы заңнама және басқа мәселелер бойынша одан әрі жетілдіру талап етіледі.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

           IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 

     1.Ихданов Ж.О, Орманбеков Ә.О «Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері »   Алматы 2002  

     2.М.Б.  Төреғожина «Экономиканы мемлекеттік реттеу»  Алматы 2008. 

     3.Назарбаев  Н.Қазақстан -2030. Ел Президентінің  Қазақстан халқына жолдауы.Қазақстандықтардың өсіп- өркендеуі. Қауіпсіздігі және әл –ауқатының артуы. Алматы, «Білім», 1998 

     4.Қазақстан  Республикасының Конституциясы.- Алматы: «Жеті жарғы»,2007  

     5.www.http.nur.kz. 

     6.Казахстан  1991 – 2001 годы: Информационно – аналитический сборник. Агенства РК по стстистике.- Алматы : Экономика, 1998 

     7.www.google.kz.

Информация о работе Халықты жұмыспен ұтымды қамту мен әлеуметтік қорғауды мемлекеттік реттеумен қолдау шаралары