Халықты жұмыспен ұтымды қамту мен әлеуметтік қорғауды мемлекеттік реттеумен қолдау шаралары

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 17:02, реферат

Описание работы

2010 жылы Үкімет отандық экономиканың тұрақты өсуі мен дамуын қамтамасыз етуге,халықтың әл-ауқатының деңгейін арттыруға, экономикалық қауіпсіздікті нығайтуға,еліміздің әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған жұмысты жалғастырды. Жүргізіліп отырған экономикалық саясаттың нәтижелері мен экономика секторларының серпінді дамуы шынайы.

Содержание

I.Кіріспе ...............................................................................................................1
II. Негізгі бөлім.
2.1. Еңбек рыногын мемлекеттік реттеу.,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,2
2.2. Жұмыспен қамтамасыз етуді мемлеттік реттеудің бағыты мен негізгі әдістері.......................................................................................................
2.3.Әдеуметтік саясат ұғымы, міндеттері...................................................................................................
2.4. Әлеуметтік – экономикалық дамудың өзекті қырлары......................................................................................................
2.5. Халықты әлеуметтік қолдау, көші – қон және еңбек қатынастары...............................................................................................
III. Қорытынды.
IV. Пайданалынған әдебиеттер тізімі.

Работа содержит 1 файл

ЭМР реферат.doc

— 104.50 Кб (Скачать)
 
 
 
 

ҚР Білім  және Ғылым Министрлігі

Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті 
 
 

Кафедрасы: Экономиканы Мемлекеттік реттеу

РЕФЕРАТ 

Тақырыбы: Халықты жұмыспен ұтымды қамту мен әлеуметтік қорғауды мемлекеттік реттеумен қолдау шаралары 

Дайындаған:  Райымбекова Г.М.

                                                                 Мамандық: ӘМҚ 203 -топ

                                                            Тексерген: Альжанова А.З 
     
     
     
     

                                         
 
 
 
 
 
 
 

                                                  Алматы 2010 
 

                                                       Жоспар 

I.Кіріспе  ...............................................................................................................1 

II. Негізгі  бөлім. 

2.1. Еңбек  рыногын мемлекеттік реттеу.,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,2

2.2. Жұмыспен  қамтамасыз етуді мемлеттік реттеудің   бағыты мен негізгі әдістері.......................................................................................................

2.3.Әдеуметтік  саясат ұғымы, міндеттері...................................................................................................

2.4. Әлеуметтік  – экономикалық дамудың өзекті қырлары......................................................................................................

2.5. Халықты  әлеуметтік қолдау, көші – қон  және еңбек қатынастары............................................................................................... 

III. Қорытынды.

IV. Пайданалынған  әдебиеттер тізімі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                        

                                           

                                         I.Кіріспе 
 

           2010 жылы Үкімет отандық экономиканың тұрақты өсуі мен дамуын қамтамасыз етуге,халықтың әл-ауқатының деңгейін арттыруға, экономикалық қауіпсіздікті нығайтуға,еліміздің әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған жұмысты жалғастырды. Жүргізіліп отырған экономикалық саясаттың нәтижелері мен экономика секторларының серпінді дамуы шынайы. Алдын ала бағалау бойынша 2010 жылы ЖІӨ-нің жылдық өсімі болжамды мәннен 2,1 пайыздық пунктке арта түсіп, былтырғы жылғы деңгейге қарағанда 10,6%-ды құрады. Бұл ретте халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ  жылдың қорытындылары бойынша  5083 АҚШ долларын құрады. Жұмыспен қамту деңгейін арттыру және тиісінше жұмыссыздықты қысқарту жөніндегі іс-шараларға: қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, жеке кәсіпкерлікті ынталандыру және халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтуын көтермелеу, шағын бизнесті дамыту, жетіспейтін мамандықтар мен кәсіптер бойынша қайта дариялау және кәсіби даярлау.

      Мемлекет  атынан жұмыспен ұтымды қамтуды қамтамасыз ету мәселелерімен жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламалар департаменттері айналысады. Қ.Р «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес қызметтің міндетіне: жұмыс күшіне сұранысты және ұсынысты талдау, әрі болжау, бос орындарды және жұмысқа орналастыру мәселелері жөнінде өтініш жасайтын азаматтардың есебін жүргізу, жұмысқа орналастыру жөнінде қызмет көрсету, т.б кіреді. 
 
 
 
 
 

                                                                                                                            1 
 
 

                                  IІ. Негізгі бөлім. 

                       2.1. Еңбек рыногын мемлекеттік реттеу 

     Жұмыспен  қамтамасыз ету мен жұмысқа қабілетті  тұрғындардың жұмыссыздығының деңгейіне  мемлекеттік ықпал ету, реттеудің жалпы жүйесі мен әлеуметтік саясатының бөлінбейтін бөлігі болып табылады. Қазіргі заманғы еңбек рыногы өзінің стихиялы сипатын жоғалтып,мемлекеттік араласу обьектісі болып таблады.Сонымен бірге басқа тауарлардың рыногы тәрізді, іштен (жұмыс берушімен және кәсіподақтармен) және сырттан (мемлекетпен) реттелетін болды.

     Бұл үдерісте мемлекеттің рөлі екі жақты. Бір жағынан мемлекет жұмыс беруші ретінде, яғни өзінің мүддесін қорғап, еңбек рыногында дербес субъект ретінде көрінеді. Екінші жағынан мемлекет төреші (арбитр) – жұмыс беруші мен жалданушы жұмыскер арасындағы даулы мәселелерді реттеумен айналысуы тиіс. Еңбек  рыногының басқа рыногтардан айырмашылығы, адамдардың тұтыну мен мүдделерін есепке алу қажеттілігіне байланысты оныңң әлеуметтік табиғаты болады.

     «Еңбек рыногы - жұмыс күшіне сұраныс, оған қажеттілігінің болуы ,екінші жағынан – жұмыс күшін ұсынуды тұтынуды қанағаттандыратын мүмкіндігі бар араласатын қарама – қарсы келетін сала» (Лившиц).

     Еңбек рыногы - бұл рынок экономикасы құрылымының құрамдас болігі. Ол басқа да рыноктармен: шикі материалдар,халық тұтынатын тауарлар мен қызметтер, тұрғын үй, бағалы қағаздар және т.б рыноктармен қатар қызмет етеді. Еңбек рыногында бір тарап (сатушы) қолайлы жұмыс іздеуші  ретінде, екінші тарап (сатып алушы)-жұмыс берушілер:кәсіпкерлер немесе олардың өкілдері болады.Еңбек рыногы жұмыспен қамтамасыз етудің мемлекеттік және мемлекеттік емес жүйелерімен,сондай-ақ кәсіпорындар мен мекемелердің тікелей кадр қызметі арқылы немесе тікелей жұмысшы мен жұмыс беруші арасында жүзеге асады.

     Еңбек рыногында жұмыс күшінің құны бағаланады, оны жалға алу талаптары, оның ішінде еңбекақы көлемі, еңбек ету жағдайы, кәсібінің өсу мүмкіндігі, жұмыспен қамтамасыз ету кепілдігі анықталады. Еңбек рыногы-бұл тек қана жұмыс күшін сату және сатып алу емес, ол сандық және сапалық жағынан да, еңбек ресурстары мен жұмыс орындарының арасындағы теңдестік проблемаларын шешеді. Негізгі проблемалар – салалар мен кәсіптік біліктің теңдестірілмеуінде. 
 
 
 
 
 

                                                                                                                       2

             2.2. Жұмыспен қамтамасыз етуді мемлекеттік реттеудің бағыты мен негізгі әдістері. 

     Жұмыссыздық деп халықтың жеке және қоғамдық қажеттерін қанағаттандыратын және кіріс әкелетін қоғамдық пайдалы іс әрекеті түсіндіріледі. Жұмыспен қамтуды реттеуде экономикалық, ұйымдастыру, әкімшілік құқықтық әдістер қолданылады. Жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары мыналар болып табылады:

  • Жұмыс орындар жүйесінің дамуын реттеу;
  • Жұмыс орындарына сұранысты реттеу;
  • Мемлекеттің білім беру және қызметкерлерді кәсіби даярлау мен қайта даярлау жүйесін дамытуға мемлекеттің қатысуы.

     Баланстық құрылым жүйесі жұмыспен тиімді қамтуды  қамтамасыз етудің әдістемелік құралы болып табылады, оның құрамына еңбек  ресурстарының балансы мен оларды тиімді пайдалану балансы; халық  шаруашылығының аялары мен салалары бойынша нақты еңбек шығындарының бөліну сипатын бұдан да нақтырақ көрсететін еңбек балансы; шаруашылық қызметтің салалары мен аялары бойынша сипаттайтын жұмыс орындарының балансы кіреді.

     Бұрын айтылғандай, экономиканың кез келген саласының проблемаларын, оның ішінде жұмыспен қамту проблемаларын щещетін бағдарламалық мақсатты тәсілдеме бастапқы тармақ ретінде даму мақсаттары мен міндеттерін, сондай ақ оларды шешу жөніндегі іс шаралар белгіленуі тиіс. Мемлекет халықты жұмыспен өамту бағдарламаларын жасауда, лнжа еңбек ресурстарының сапасын арттыру, жұмыс күшінің бәсекеге жарамдылығын көтеру көзделген.

     Сараптау  бағалары бойынша Қазақстанда 2007 жылдың қаңтарында жұмыссыздар саны 635 мың  адамды, жұмыссыздық деңгейі –  экономикалық жағынан белсенді халық санының 8,0%-ын құрады. 2005 жылы еңбекке жарамды жастағы адамдардың саны – 7901,7 мыңды құрады, оның ішінде 7261,0 мың адамның жұмысы болды. Жұмыспен қамту деңгейі 91,6 %-ға, жұмыссыздар саны – 640,7 мың адамға жетті; жұмыссыздық деңгейі 8,1 %-ды құрады.

     Мемлекеттік органдар қызметтерді тегін көрсетеді. Сонымен бірге еңбек нарығында  коммерциялық бюролар, жеке агенттіктермен лицензиясы болса, ақылы негізде  жұмысқа орналастыру жөніндегі  қызметтер көрсететін басқа да ұйымдар  жұмыс істейді.

     Жұмыссыздықты сипаттайтын негізгі көрсеткіштер: жұмыссыздық деңгейі, жұмыссыздықтың табиғи деңгейі, жұмыспен қамту қызметі органдарына тіркелген, материалдық көмек тағайындалған жұмыссыздардың саны.

     Мемлекет  тарапынан жұмыссыздық проблемасына жете назар аударылады. Бұл әрқашанда осылай болған және көз жетерлік келешекте де қандай да болмасын түбегейлі өзгерістер орын алуы екіталай.

                                                                                                                      3

     Кейнсиандық жұмыспен қамту теориясының қорытындыларына сәйкес, нарықтық экономика жағдайында толықтай жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін, әрі оған кепілдік беретін тетік жоқ.

     Бұдан басқа, нарықтық жүйе өзін-өзі реттейтін  жүйе болып саналмайтыны және жоспарлы әрі мақсатты мемлекеттік реттеуді қажетсінетіні жөніндегі негізгі ереже осы теорияның қорытындысының бірі болып табылады.

     Алайда  мемлекеттің араласуы жұмыспен қамту, еңбекке қабілеті әрбір азаматты жұмыс орнымен қамтамасыз ету мәселелерін шешеді дегенді білдірмейді. Мемлекеттің араласуы мына негізгі 2 бағытты: жұмыссыздықтың деңгейі мен оның ұзақтығын реттеу және одан зардап шеккен адамдарды әлеуметтік қорғауды топтастырады.

     Бірінші бағытты таңдау кезіндегі мемлекет міндеті нақты жұмыссыздықты  деңгейі жағынан да, ұзақтығы жағынан да табиғи жұмыссыздыққа айналдыру болып табылады. Сөз жұмыссыздықтың әлеуметтік жарамды деңгейі туралы болып отыр.

     Егер  ағымдағы жұмыссыздық табиғи жұмыссыздық деңгейінен төмен түсіп кетсе, мемлекет ешқандай да реттеу жүргізе алмайды. Демек, еңбек рыногына жасалатын кедергілерді доғару қажет,»толық жұмыспен қамтымлуды» орнатудың бос әурешілік әрекеттерін тоқтату керек. Мәжбүрлі жұмыссыздықтың технологиялық, құрылымдық, өңірлік, кезеңдік және басқа да түрлеріне мемлекет енді басқаша қарай бастады. Міне, осы жерде ол жұмыссыздық деңгейін табиғи норма деңгейіне дейін төмендетіп, өз реттеу әлеуетін толық түрде іске асыра алады. Алайда, мұны ұйымдастыру оңай шаруа емес.Себебі   мемлекеттің жұмыспен қамыту саласыналдыра араласуда ықпал етудің барлық әдістерін  түгел қолдануға құқығы жоқ. Негізгі талапты былайша  қалыптастыруға болады:реттеу әдістерінің кез келгенін қолдану олардың өз тиімділігін сақтай отырып, инфляциялық қатынастың бейтарап болған жағдайында немесе олар болмағанда ең төмен инфляциялық салдар тудыратын болса ғана мүмкін. Кері жағдайда, экономика құлдыраудың кері щеңберіне түседі.

     Мемлекет  адамдардың жұмыс іздеуге кетіретін  уақытын қысқартып, бос жұмыс орындары туралы ақпаратты ұйымдастыруда және жетілдіруде осы шартты толық сақтайды. 
 

                                  2.3. Әлеуметтік саясат ұғымы, міндеттері.

      

    Әлеуметтік  мәселелерді реттеу ең алдымен әлеуметтік саясатты қажет етеді. Әлеуметтік саясат – бұл барлық азаматтардың жан-жақты дамуы, тұрмыс жағдайы, әл-ауқатын жоғары деңгейде қамтамасыз етуге бағытталған экономиканы мемлекеттік реттеудің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Әлеуметтік саясаттың маңыздылығы жұмыс күшін ұдайы өндіру процесіне, еңбек өнімділігін арттыруға, еңбек ресурсының білім және

    4

    мамандық  деңгейін көтеруге, өндіргіш күштердің ғылыми техникалық                                                         деңгейіне, қоғамның мәдени және рухани өміріне байланысты анықталады. Әлеуметтік саясат адамдардың ауыруға шалдығу деңгейін төмендететіп өндірістегі экономикалық шығындарды қысқартады. Қоғамдық тамақтану, мектепке дейінгі білім беру сияқты әлеуметтік салалар халықтың басым бөлігін үй шаруашылығы салаларынан босатып, қоғамдық өндірістегі жұмысбастылықты көтеруге мүмкіндік туғызады. Әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаты - қоғам мүшелерінің материалдық, мәдени және рухани қажеттіліктерін қамтамассыз ету.

Информация о работе Халықты жұмыспен ұтымды қамту мен әлеуметтік қорғауды мемлекеттік реттеумен қолдау шаралары