Бәсекелестік – рынокты байытудың өркениетті жолы

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2011 в 15:00, реферат

Описание работы

Әділ де өркениетті бәсекелестік – қоғамның экономикалық дамуын қамтамасыз ететін қозғаушы күш. Әлем таныған реформатор, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ел болашағының баянды әрі бай-қуатты болуы – экономикамыздың да, адам капиталының да бәсекеге қабілеттілігін арттыруға тікелей байланысты екенін үнемі атап көрсетіп келеді. Сондықтан бәсекелестікті қорғау және дамыту Қазақстан экономикасын өркендету жөніндегі 2020 жылға дейінгі стратегиялық бағдарламаның басым бағыты, түйінді темірқазығы болып отыр.

Работа содержит 1 файл

Бәсекелестік.docx

— 24.01 Кб (Скачать)

Жуырда Мемлекет басшысы сауда қызметін реттеу жүйесін  барынша жетілдіруге бағытталған  «Сауда қызметін реттеу мәселелері жөніндегі  Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне өзгерістер мен  толықтырулар енгізу туралы» Заңға  қол қойды. Бұл дер кезінде  қабылданған маңызды заң болып  табылады. Енді біз әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын  реттеу тетіктеріне қол жеткіздік. Бұл өз кезегінде алыпсатарлардың  ашылған аранын тежейді. Алыпсатарлардың  басым көпшілігі бағаны негізсіз қымбаттатып, барынша мол пайда  тауып қалуды көксейді. Жаңа құжаттың бұл проблеманы шешуге жағдай жасайтындығына сенімдімін. 

Енді рыноктағы  ахуалды жергілікті атқарушы органдар зерттеп отыратын болады. Бағаның  белгілі бір өңірде не себептен қымбаттап  кеткені жергілікті органдарға барынша  түсінікті. Сондықтан, бұл жағдайға бақылау жасау тетігі артады. Мәселен, белгілі бір өңірде қант бағасы 40 пайызға өсіп кетті делік. Бұл  ақпарат дер кезінде жұмыс  тобына белгілі болады. Олар жергілікті жердегі қалыптасқан жағдайға байланысты бұл өңірде алдағы 90 күн ішінде қант бағасын 220 теңгеден асырмау туралы шұғыл шешім қабылдайды. Егер, белгілі  бір азық-түлік өнімі шикізаттың немесе электр қуаты тарифтерінің қым­баттауына  байланысты орын алатын болса, заң жобасында  бұл айырманы мемлекет есебінен өтеу шаралары қарастырылған. 

Жоғарыда атап кеткенімдей, біздің бірқатар рыноктарымызда бірнеше  баға көрсеткіштерін қолдану тәсілі орын алған. Бұл жағдай да заңда ескерілген. Егер, алыпсатарлар қосарланған бірнеше  баға көрсеткіштерін қолданатын болса, олар әкімшілік жазаға тартылып, кінәлілерге 100 мың теңгеден 400 мың теңгеге  дейін айыппұл салынады. Бұл шара араны ашылған алыпсатарлардың  тәбетін тежейді ғой деп ойлаймын. Сондай-ақ, заң бойынша қандай азық-түлік  түрлері импортталатынына, олардың  қандай бағамен жеткізілетіндігіне, бұл тауарлар қай өңірлерге және қандай базарларға түскендігіне, оларға қанша дәрежеде үстеме сауда бағасы белгіленгендігіне тұрақты мониторинг жүргізу шаралары белгіленген. Яғни, рынокта қалыптасқан жағдайлардың ашықтығын арттыруға көңіл бөлінеді. Рыноктар мен базарларда ашықтық  пен жариялылық орын алса, саудагерлердің де жүгенсіздігіне тосқауыл қойылады. 

«Астық туралы»  заңға сәйкес облыс әкімдері мемлекет қоры және мемлекеттік тұрақтандыру қорындағы астықтан алынған ұн және нан өнімдерінің шекті бағасын  бекіту өкілеттігіне ие болды. Қолда  бар деректер көрсетіп отырғанындай, биылғы жылы елімізде ешқандай азық-түлік  тауарларының тапшылығы болмайды. 2010 жылы агенттік тарапынан азық-түлік рыногының 289 субъектісінің қызметіне тексеріс жүргізілді. Рыноктағы басымдық жағдайын пайдаланып, жең ұшынан жалғасқан 64 субъектінің үстінен әкімшілік іс қозғалды. Оның ішінде ұн және нан бағасын негізсіз қымбаттатқан 25 делдал бар. Өсімдік майы, қарақұмық және құс етін негізсіз қымбаттатуға жол берген 39 субъектінің үстінен агенттік әкімшілік іс қозғады. Сонымен бірге, қаржы полициясы Батыс Қазақстан облысының екі ұн шығаратын кәсіпорнының үстінен қылмыстық іс қозғады. 

Ішкі рыноктағы  азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында Үкімет та­рапынан, оның ішінде, агенттік ықпалды шараларды жүзеге асыруда. Алайда, бағаны жалаң бұйрықпен  бір деңгейде ұстап тұруға болмайды. Бұл рыноктағы әділ де еркін бәсекелестікпен  реттелуі тиіс. Инфляция кез келген экономикалық көрсеткіш сияқты реттелетін құбылыс. Дегенмен, оны біліктілікпен  реттеп отыру керек. Міне, біздің орталық  және жергілікті атқарушы органдардың  негізгі міндеті осы тұрғыдан айшықталады. 

– Мәжит Төлеубекұлы, агенттіктің алдағы қызметінің ауқымы мен перспективалары туралы не айтар  едіңіз? 

– Менің ойымша, агенттіктің  болашағы зор. Әлемнің барлық дамыған  елдері экономикадағы жоғары жетістіктерге  әділ бәсекелестікті дамыту нәтижесінде  қол жеткізді. Қазақстан да экономикалық зор табыстарға осы өркениетті жолмен жетуді мақсат етіп отыр. 2011 жылы агенттік алдында бірқатар нормативтік мақсаттардағы  міндеттер тұр. Бұл бәсекелестіктің  бірыңғай үдерістері мен ережелері  туралы келісімдер жасау, мемлекеттік  монополия мәселелері бойынша заңнамалық актілерге түзетулер енгізу жөніндегі  жұмысты аяқтау, сондай-ақ еліміздің  «Бәсекелестік туралы» заңына тиісті өзгертулер мен толықтырулар енгізу мәселелері болып табылады. 

Біздің жұмысымыздағы  тағы бір маңызды бағыттарға жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып өңірлік бәсекелестікті дамыту, бәсекелестікке қабілетті орта қалыптастыру үшін өңірлердегі  тауар рыноктарының ахуалын зерттеу  жатады. Сонымен бірге, өздеріңізге  белгілі, агенттік еліміздегі тұтынушылар  құқығын қорғау саласындағы өкілетті орган болып табылады. Осыған байланысты тиісті мемлекеттік органдармен  бірлесе отырып тұтынушылар құқығының  барынша қорғалуын қамтамасыз ету  аясында бірқатар кешенді шараларды  жүзеге асырмақпыз. Негізінен, біздің атқаратын міндеттеріміздің барлығы  дерлік отандық тұтынушылардың құқығын  қорғауға бағытталған. Мәселен, агенттік Ресейдің федералдық агенттігімен бірлесе  отырып рынокта қалыптасқан монополиялық үстемдігін пайдаланып қызмет бағасын  шексіз көтеріп жіберген ірі ұялы телефон операторларының жұмысына жан-жақты тексеріс жүргізіп, заң  бұзушылық оқиғаларын анықтады. Нәтижесінде, елімізде жұмыс істейтін бірқатар операторлар  ұялы телефон байланысының тарифін  төмендетуге мәжбүр болды. Мұндай мысалдарды қаржы рыногындағы және тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылық саласында атқарылған жұмыстардан  да көптеп келтіруге болады. 

2011 жыл – барыс  бейнелі еліміздің тәуелсіздігінің  20 жылдығы аталып өтілетін жыл.  Қазақстанның монополияға қарсы  күрес органдарының құрылғанына  да 20 жыл толады. Осыған байланысты  үстіміздегі жылы еліміздің монополияға  қарсы күрес саясатын одан  әрі жетілдіру мақсатында бірқатар  ықпалды шараларды жүзеге асырмақпыз. Осы мақсат аясында ТМД мемлекеттерімен  тәжірибе алмасу жұмыстары да  жүргізіледі. Агенттік алдында  тұрған басты міндет – елімізді  әлемдегі ең дамыған 50 елдің  қатарына қосу мақсатындағы экономикалық  зор жетістіктерге жету жолында  әділ әрі өркениетті бәсекелестікті  дамыту болмақ.

Информация о работе Бәсекелестік – рынокты байытудың өркениетті жолы