Бәсекелестік – рынокты байытудың өркениетті жолы

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2011 в 15:00, реферат

Описание работы

Әділ де өркениетті бәсекелестік – қоғамның экономикалық дамуын қамтамасыз ететін қозғаушы күш. Әлем таныған реформатор, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ел болашағының баянды әрі бай-қуатты болуы – экономикамыздың да, адам капиталының да бәсекеге қабілеттілігін арттыруға тікелей байланысты екенін үнемі атап көрсетіп келеді. Сондықтан бәсекелестікті қорғау және дамыту Қазақстан экономикасын өркендету жөніндегі 2020 жылға дейінгі стратегиялық бағдарламаның басым бағыты, түйінді темірқазығы болып отыр.

Работа содержит 1 файл

Бәсекелестік.docx

— 24.01 Кб (Скачать)

Бәсекелестік –  рынокты байытудың өркениетті жолы 

Әділ де өркениетті бәсекелестік – қоғамның экономикалық дамуын қамтамасыз ететін қозғаушы күш. Әлем таныған реформатор, Елбасы Нұрсұлтан  Назарбаев ел болашағының баянды әрі бай-қуатты болуы – экономикамыздың  да, адам капиталының да бәсекеге қабілеттілігін арттыруға тікелей байланысты екенін үнемі атап көрсетіп келеді. Сондықтан  бәсекелестікті қорғау және дамыту Қазақстан  экономикасын өркендету жөніндегі 2020 жылға дейінгі стратегиялық бағдарламаның  басым бағыты, түйінді темірқазығы  болып отыр. Міне, осы бастаманы  өрістету мақсатында елімізде Бәсекелестікті қорғау агенттігі (монополияға қарсы  агенттік) құрылып, жаңа мемлекеттік  құрылымның жұмысын қалыптастыру және басқару міндеті білікті экономист, кезінде Қаржы министрлігін басқарған  білімді қаржыгер әрі тәжірибелі менеджер Мәжит Есенбаевқа тапсырылған  болатын. Бүгін біз еліміздегі еркін  бәсекелестіктің ахуалымен және оны дамытудағы агенттік атқарып  отырған жұмыс ауқымымен оқырмандарымызды таныстыру мақсатында Мәжит ЕСЕНБАЕВТЫ әңгімеге тартқан едік. 

– Мәжит Төлеубекұлы, республикамызда Табиғи монополияларды реттеу агенттігі және Бәсекелестікті қорғау агенттігі, басқаша айтқанда, Монополияға қарсы агенттік жұмыс  істейді. Осы екі мемлекеттік  құрылымның басты айырмашылығы неде? 

– Бұл екі агенттіктің  өкілеттігі мен атқаратын міндеттерінің  ауқымы арнайы қабылданған заңдармен  нақты белгіленіп берілген, осы заңдарға сәйкес бұл қос мемлекеттік органның атқаратын жұмыс ауқымының ара  жігі жан-жақты айқындалған. Қазақстан  Республикасының Бәсекелестікті қорғау агенттігі еліміздің «Бәсекелестік  туралы» заңының аясында бәсекелестікті қорғау мақсатында қоғамдық қатынастарды реттеу, монополиялық қызмет түрлерін шектеу және тұтынушылардың заңды құқықтарын қорғау міндетімен айналысады. Осы  заң шеңберінде тауар рыногындағы  басымдық пен монополиялық жағдайларды  теріс пайдалануға жол бермеу және оның алдын алу агенттікке жүктелген  басты міндеттердің бірі болып саналады. 

Ал өз кезегінде  Табиғи монополияларды реттеу агенттігі  Қазақстанның «Табиғи монополиялар және реттелетін рынок туралы» заңына сәйкес таби­ғи монополиялар саласындағы  және реттелетін рыноктағы реттеу қызмет­терімен айналысады. Осы заң шеңберінде ол атқаратын тағы бір басты мәселе, реттелетін рыноктағы бағаның қалыптасуын  мемлекеттік реттеу және бақылау  болып табылады. Сонымен бірге  бұл агенттік табиғи монополия субъектілерін  және реттелетін рыноктағы басым  жағдайларға ие болған субъектілердің қызметін техникалық реттеу, баға мәселесіне тұрақты түрде мониторинг жүргізу  міндеттерін жүзеге асырады. 

Реттелетін рынок  дегеніміз – бұл тиісті заңнамаларға сәйкес баға мәселесіне мемлекеттік  реттеу жүргізілетін тауар рыногы болып  табылады. Реттелетін рынок субъектілері үшін баға мәселесіне мемлекеттік реттеу жүргізу «Табиғи монополиялар және реттелетін рынок туралы» заңмен айқындалған. Реттелетін рынокқа темір  жол көлігін, электр энергетикалық  және жылу энергетикалық, мұнай және газ өнімдері, мұнай тасымалдау, азаматтық авиация, теңіз айлағының  қызметі, телекоммуникация және пошта  байланысы салаларындағы рыноктар кіреді. Осы аталған рыноктардың  субъектілерін Бәсекелестікті қорғау агенттігі белгілеген Мемлекеттік  реестрге енгізуге байланысты олардың  қызметін реттеу міндетін агенттіктің  реттеуші органдары жүргізетін болды. 

Міне, осындай нақты  міндет бөлінісі экономиканы реттеудің  мемлекеттік жүйесінде монополияға  қарсы күрес жөніндегі және реттеуші органдардың орны мен қызмет рөлін  жіті айқындап берді. Бұл екі құрылым  бір-бірінің қызметін қайталамайды, қайта рыноктағы жағдайды жан-жақты  реттеп отыруда әрқайсысы өз міндеттеріне сәйкес тиімді жұмыс атқарады. Өкінішке орай, құқықтық сауатының төмендігіне  байланысты тұрғындарымыздың кейбір бөлігі тарифтік бағаларды реттеу қызметін Бәсекелестікті қорғау агенттігі өкілеттігіне жатқызып, табиғи монополия субъектілері қызметтері тарифтерінің қымбаттауын  монополияға қарсы күрес органдарының олқылығы деп есептейді. 

– Әділ бәсекелестікті қорғау және дамыту Қазақстан экономикасын дамытудың басты бағыттарының бірінен  саналады. Ал бәсекелестікті өрістету ішкі рыногымызда тауар түрлерін аттыруда, тауарлардың сапасын көтеруде, бағаны ырықтандыруда қандай нақты  тиімділік берді? 

– Бәсекелестік рынокқа  ықпал жасаудың өркениетті күрес  жолы болып табылады. Яғни, тауарлардың  және қызметтің бағасын арзандату, олардың сапасын арттыру және рынокты тиімді тауарлармен толықтыру  – бұл ұзақ мерзімде қалыптасатын әділ де оңтайлы бәсекелестік қатынас. Соңғы уақыт­та мемлекетіміздің  тарапынан бәсекеге қабілетті тауар  рыногын қалып­тастыру мақсатында ауқымды шаралар жүзеге асырылуда. Бәсекеге қабілетті рынокты және монополияны реттеудің сенімді  тетіктерін қалыптастыру біздің монополияға  қарсы саясатымыздың негізі болып  табылады. Жекелеген рыноктарда әділ бәсекелестікті қалыптастыру, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын  тұрақтандыру мақсатында біз ықпалды  жұмыстар жүргізіп келеміз. Халықтың әл-ауқатын  жақсартудың басты шара­ларының бірі еркін бәсекелестікті дамыту екендігі айқын. Бұл – бүгінгі өмір талабы, уақыт тудырған өміршең міндет. 

Соңғы уақытта монополияға  қарсы күрес органдары азық-түлік  рыноктарын­дағы, мұнай өнімдері және цемент рыногындағы бағаның негізсіз қымбат­тауына және тауар тапшылығына  жол бермеу үшін қолдан келгеннің  бәрін жасап келеді. Жан-жақты  сараптамалар жүргізу нәтижесінде  импорттық дәрі-дәрмектер сататын  бастапқы рыноктың 23 субъектісі және азық-түлік  тауарлары рыногының 180 субъектісі «доминанттар-реестрі» атты тізімге  енгізілді. Бұл өз кезегінде осы  субъектілердің қызметтерін реттеп, бағаның негізсіз шамадан тыс  қымбаттап кетуіне жол бермеді. Сонымен бірге доминаттар-реестріне  Интернет жүйесіне қосылудың бастапқы рыногының операторлары да кіргізілді. Бұл өкілетті орган тарапынан  провайдерлердің қызметін ретке  келтіріп, Интернет қызметі үшін тарифтердің  төмендеуіне ықпал етті. Қазіргі  таңда бәсекелестікті одан әрі дамытудың  маңызды факторларының бірі 2014 жылға  дейін бәсекелестікті дамыту жөніндегі  бағдарлама болып отыр. Бұл бағдарламаның  ерекшелігі, бір жағынан, оның кешенді  мәселелерді қамтуында болса, екінші жағынан, оның міндеттері мен принциптерін барлық мемлекеттік басқару дәрежелерінде  іс жүзіне асыру болып табылады. 

– 2009 жылдан бері «Бәсекелестік  туралы» Заң күшіне енді. Осы заң  кәсіпкерлердің белсенділігін арттырып, шағын және орта бизнес қауымдастығының  жұмысына игі ықпал тигізе алды ма? 

– Сөзсіз. Ол сол  үшін де қабылданды ғой. Монополияға  қарсы күрес саласы экономикамыздың  дамуымен және қайта жаңғыруымен  бірге жетілдіріліп келеді. Республикамыздың рыноктарындағы бәсекелестіктің дамуы  өз-өзінен болып жатқан шаруа емес, бұл 2009 жылы түбегейлі жетілдірілген  монополияға қарсы жүргізіліп отырған  мақсатты мемлекеттік саясаттың  нәти­жесі екендігі даусыз. Аталмыш  заңның жобасын қалыптастыруға еліміздің  қо­ғамдық ұйымдары және бизнес өкілдері белсене араласты. Сондықтан да, бұл заң еліміздегі бәсекелестікті дамытудың тиімді құралына айналды. Соны­мен бірге заң шеңберінде кәсіпкерліктің белсенділігін арттыру, шағын және орта бизнес субъектілерін қолдаудың  маңызды тетіктері енгізілген. Менің  ойымша кәсіпкерлер үшін инвестициялық  тұрақтылықтың кепілі болып табы­латын ұзақ мерзімді инвестициялық немесе концессиялық келісім-шарттарды қолдауға арналған заң нормаларының маңызды  болып отырғандығы даусыз. 

Сондай-ақ, аталмыш  заң мемлекеттік органдардың  кәсіпкерлік қызметке араласа беруіне  тосқауыл қойып, монополияға қарсы  органдардың кез келген тексеріс жүргізуіне тыйым салды. Бұл органдар тарапынан тексеріс жүргізу мәселесі заңмен нақты айқындалып, монополияға  қарсы күрес заң­дылықтары бұзылған кезде басты 4 бағыт бойынша ғана тексеру жүргізу тәртібі белгіленді. 

– Жалпы, біздің елімізде өркениетті, халықаралық стандарттарға  сай бәсекелестік бар деп айта аласыз ба? Қазақстанның ішкі рыногы монополистік топтардың қолында, әділ бәсекелестікке жол бермейді деген пікір бар. Оған қалай қарайсыз? 

– Қалыптасқан объективті жағдайларға байланысты бүгінде  кейбір эконо­мика құраушы салалар  монополиялық болып қалуда. Оған темір  жол саласы, отын-энергетикалық кешені және телекоммуникациялық жүйе кіреді. Жалпы алғанда рынок субъектілерінің  басым ықпалы монополияға қарсы  күрес органдарының бақылауында  болып саналады. Бұл 2011 жылдан бері қа­лыптасқан экономикалық топтастыру жүйелерін тәртіпке келтіру механизмдері арқылы реттеліп келеді. Осы орайда мына мәселені ерекше атап айтқым келеді. Агенттік экономикалық топтастыру мәселесін  қараған кезде бәсекелестікті шектеу мүмкіндіктерін ғана қарастырмайды, сонымен  бірге осындай шаралардан экономикамыз үшін өте қажетті экономикалық тиімділік  алуға да аса көңіл аударды. Себебі, рыноктағы монополиялық субъектілердің экономикалық пайда әкелетін көптеген артықшылықтары бар. Мәселен, бұл кеңінен  инвестиция тарту мүмкіндіктеріне, өнім өндіру көлемін арттыру есебінен инновациялық жаңалықтарды өндіріске  енгізу, бағаны арзандату жағдайларымен  сипатталады. Сонымен бірге, бұл  арқылы тұрғын­дардың жұмыспен қамтылу  деңгейі артып, әртүрлі төлемдер есебінен бюджет қоржыны да толығады. 

Біздің Конституциямызға сәйкес монополиялық қызметке тыйым  салынбаған, тек оны жүргізуді  шектеу ғана қарастырылған. Мұндай шектеулер  рынокта басым және монополиялық артықшылықтарға ие субъектілердің ортақ іске кесірін тигізбеу жағдайын реттейді. Ел Үкіметі соңғы уақытта  салаларды монополиядан арылту және бәсекелестікті дамыту мәселелеріне ерекше көңіл аударып келеді. Алайда, бүгінгі  таңда қалыптасқан ахуалды түбірімен  жаңарту үшін біраз уақыт, айтарлықтай  тер төгу керек. Бұл көп күш-жігер  жұмсауды қажет ететін ауқымды жұмыс  екендігі белгілі. Сондықтан, бәсекелестікті барынша кеңінен орнықтыру 2014 жылға  дейін бәсекелестікті дамыту бағдарламасында, сол сияқты салалар мен өңірлердің басқа да даму бағдарламаларында  ерекше орын алған. 

– Еліміздің ішкі азық-түлік рыногы импортқа тәуелді. Бәсекелестікті дамытатын отандық  тауарлар қайда? Сауда және коммуналдық  салаларда заңдар тиімді жұмыс істемейді. Тауарлар мен қызмет түрлерінің бағасы тым жоғары, сапасы сын көтермейді… 

– Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы Үкіметтің тұрақты бақылауында. Агенттік өткен жылдан бастап азық-түлік  тауарлары бойынша арнайы құрылған жұмыс тобына жетекшілік жасап келеді. Бұл комиссия азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, оның тапшылығын болдырмау мақсатында бірқатар ықпалды  шараларды жүзеге асырды. Сонымен  бірге бұл ретте жергілікті атқарушы органдардың және өңірлік штабтардың да азық-түлік тауарларының бағасын  тұрақтандыру мәселесіндегі жұмыстарын атап өткен жөн. 

Қазіргі таңда азық-түлік  өнімдерін сақтау инфрақұрылымдары мен логистика­лардың тапшы екендігі жасырын емес. Бұл өз кезегінде  жиналған өнімнің сақталуын және оны тұтынушыларға жеткізудің қиындықтарын туғызады. Мамандандырылған мал сою  пункттерінің, көкөніс қоймаларының, тауар­ларды сақтау және қайта өңдеу  орталықтарының жетімсіздігі ішкі рынокта  импорттық тауарлардың үстемдік құруына әкеліп соқтырды. Әсіресе, бұл  жағдай маусымдық кезеңдерде шиеленісіп кететіндігін тәжірибеден көріп  жүрміз. 

Дегенмен, бұл мәселе шешілу үстінде. Елімізде қолға алынған  үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде де осы  бір қор­даланған проблеманы шешуге барынша көңіл бөлінген. Тек 2010 жылы ғана бұл проблеманы шешу мақсатындағы жалпы құны 95,8 миллиард теңгені құрайтын 87 инвестициялық жоба жүзеге аса  бастады. Оның ішінде 42 нысан қазірдің өзінде пайдалануға берілді. Ал 2011 жылы жалпы құны 55,5 миллиард теңгені құрайтын 45 жоба пайдалануға берілмек. Менің  ойымша, енді бір 2-3 жылдан кейін еліміздің  барлық өңірлеріндегі көкөніс қоймалары­ның  жүйесі көбейтіледі. Сөйтіп, бұл азық-түлік  түрлерінің тапшылығы жойы­лады. Қазір  қолға алынып отырған шаралар  еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін  қамтамасыз етуге елеулі үлес қосады. 

Сараптаулар көрсетіп отырғанындай, азық-түлік рыноктарындағы бағаның күрт қымбаттауы әдетте жыл  басында және мерекелер қарсаңында орын алатындығы дүркін-дүркін болып  тұратын құбылысқа айналды. Көп  ретте азық-түлік бағаларының  қымбаттауы табиғи монополия және реттелуші  ры­нок субъектілерінің өнімдері мен  қызметтері тарифінің көтерілуіне  де тәуелді болып келеді. Мәселен, мұнай өнімдері және электр қуатының тарифтері көтерілсе болғаны, бірқатар тауарлардың өзіндік құны артып  шыға келеді. Бұл өз кезегінде инфляцияның  өсуіне әкеліп соқтырады. Мәселен, мұнай  өнімдерінің бағасын Ресей Федерациясындағы бағамен біршама теңдестіру үшін биылғы жылдың басында еліміздегі бензин және дизель отынының бағасын 14,6 пайыздан 22,6 пайызға дейін көтеруге мәжбүр болдық. 

– Мәжит Төлеубекұлы, біздегі базарлар мен сауда орындары делдалдардың қолында. Жалпы, біз қашан  осы делдалдар мен алыпсатарлардан  құтылып, өркениетті рынокқа көшеміз? Агенттік тұтынушылар мүддесін қорғау мақсатында не тындырды? 

– Біз экономика  бос кеңістікті көтере алмайды деген  экономикалық қара­пайым қағиданы түсінуіміз керек. Егер рынокта қалыптасқан  қандай да бір бос кеңістікті кәсіпкерлер  немесе мемлекеттік кәсіпорындар толтырмайтын болса, оны сөзсіз алыпсатарлар мен  саудагерлер толтырады. Олар қалыптас­қан жағдайдан мүмкіндігінше молырақ  пайда тауып қалу үшін ештеңеден  тайынбайды. Мемлекеттік органдар бұл  мәселеде жедел де жүйелі шаралар  қабылдауда. Қолданыстағы заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде. Азық-түлік  рыноктарын жүгенсіз кеткен делдалдардан арылту мақсатында да тиімді шаралар  жүргізілуде. 

Информация о работе Бәсекелестік – рынокты байытудың өркениетті жолы