Бағалы қағаздар нарығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2011 в 21:21, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасында өзінің тәуелсіздігін алуына байланысты кез-келген мемлекеттегідей бағалы қағаздар пайда болды. Бұл негізінен алғанда жекешелендіру процесіне және т.б. толып жатқан факторларға байланысты еді. Өйткені, жалпы экономика тарихында, үлкен алып социалистік державаның күйреуі және одан босап шыққан мемлекеттердің бір саяси жүйеден мүлдем қарама-қарсы жүйеге өтуі көп кездесетін жайт емес.

Содержание

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Мемлекеттік бағалы қағаздар туралы түсінік
1.1. Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының экономикадағы рөлі, мәні
1.2. Мемелекеттік бағалы қағаздар функциялары
1.3. ҚР-дағы мемлекеттік бағалы қағаздар түрлері, оларға сипаттама
2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы
2.1. ҚР-да бағалы қағаздар нарығын реттеу
2.2. ҚР-да мемлекеттік бағалы қағаздар нарығына сараптама
2.3. Мемлекеттік бағалы қағаз шығарудың халықаралық тәжірибесі
2.4. «ҚР-ның бағалы қағаздар рыногын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын іске асырудың негізгі қорытындылары
3. Жалпы бағалы қағаздар нарығының мәні, функциялары және қатысушылары
III. Қорытынды

Работа содержит 1 файл

Бағалы қағаздар нарығы(реферат).docx

— 37.91 Кб (Скачать)

    Атап  айтқанда Бағдарламаны іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Қаржы  министрлігі 2005-2007жж. МБҚ шығарылымы 419 млрд.теңге сомасына жүзеге асырылды, оның ішінде мемлекеттік ұзақ мерзімді жинақ қазына міндеттемелері (МЕУЖКАМ) айналысқа жіберу 10-15 жыл мерзімімен – 137,5 млрд.теңге. МЕУЖКАМ орналастыру  жинақтаушы зейнетақы қорлар арасында жүзеге асырылады. Қаржы министрлігінің веб- сайтында мемлекеттік қазына міндеттемелерін  орналастырудың жылдық жоспары жарияланады. Республикада мемлекеттік емес бағалы қағаздарды дамыту мақсатында тиісті нормативтік базасы жетілдірілді. Атап айтқанда жоғарыда 5 көрсетілгендей секьюритилендіру, концессия, корпоративтік басқару  мəселелері бойынша нормативтік  құқықтық базасы қабылданды. Атап айтқанда Қазақстан Республикасының «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Заңына коммерциялық қағаздар шығарылым тəртібін көздейтін тиісті түзетулер енгізілді. Бағалы қағаздар рыногының кəсіби қатысушыларының тəуекелдерін хеджирлеуді ынталандыратын тиісті нормативтік құқықтық базасы дайындалды, қаржы құралдары бойынша хеджирлеу операциясын жүзеге асыратын тəртібі белгіленді, онда инвестициялық зейнетақы активтерін жүзеге асыру рұқсат етілді жəне хеджирлеу құралдарын пайдалану тізбесі мен шамасы көзделді. Тармақтық жəне валюталық тəуекелдерді хеджирлеу құралдарының рыногын дамыту сондай-ақ институционалдық инвесторлардың тəуекелдерін төмендетуге мүмкіндік туғызды. Бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында бағалы қағаздардың өтімділігін өсіру үшін, тиiстi бағалы қағаздар рыногына тəн ықтимал ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында сатып алуға осы бағалы қағаздарды міндетті ұсыну бөлігінде осы бағалы қағаздарды орналастыру бағасын айқындаудың шарты оларды шет мемлекет аумағында орналастыру кезінде бірдей шарттарын шет мемлекет аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару жəне орналастыру тəртібі бойынша эмитенттерге қойылатын талаптар бөлігінде белгілейтін өзгерістер енгізілді.

    Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған  бағалы қағаздар рыногында сатып  алу үшін ұсынылуға тиіс акциялардың саны, орналастырылатын

                                                                                                                                       7

акциялардың жалпы санының 20% кем болуы тиіс. Мемлекеттік – жеке серіктестігінің  міндеттерін шешу үшін Қазақстан Республикасының «Концессиялар туралы» Заңы қабылданды, сондай-ақ берілген кепілгерліктер шеңберінде мемлекет кепiлгерлiктерiнiң жəне мемлекеттік жауапкершілікті ұсыну бөлігінде Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне тиісті өзгерістер енгізілді.

    Осы заңдарды қабылдау инвесторлардың Қазақстанның инфрақұрылымын дамыту бойынша шығынды  жəне көп еңбекті жобаларда мемлекеттік  – жеке серіктестігі бағдарламасын  іске асыруында қатысу мүмкіндігін  тудырады. «Досжан темір жолы»  АҚ жəне «Батыс-транзит» АҚ мемлекеттік  кепілдеме шығарылған инфрақұрылымдық облигациялардың бірінші эмитенттері болды. Қазақстан үшін инвесторлардың əр түрлі санаттар тұтынушыларына байланысты тəуекелді бөлуімен құрылымдық негізде жаңа қаржыландыру нысанын дамыту үшін 2006 жылы «Секьюритилендіру туралы» Заң қабылданды жəне қажетті нормативтік құқықтық актілер əзірленді.

    Секьюритилендіру  түрінде қаржыландырудың құрылымдық нысаны қажетті капиталды экономиканың нақты секторына қамтамасыз ететін механизмі болып табылады. Бағалы қағаздар рыногында жаңа инвесторлар болып жылжымайтын мүлік қоры болып табылады, олардың пайда болуы 2006 жылы «Кейбір заңнамалық актiлерiне тұрғын үйдің жалға берiлетiн секторын 6 дамыту мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»Заңының қабылдауымен байланысты. Жылжымайтын мүлік қоры қызметiнiң айрықша түрі осы қоғамның акционерлері оның акцияларын төлеу үшін қосқан ақшаны, сондай-ақ осындай инвестициялау нəтижесінде алынған активтерді, мүлiктi жинақтау мен инвестициялау болып табылады. Жылжымайтын мүлік қоры тұрғын үйдің жалға берiлетiн секторын дамытуын көздейтін 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылыс мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға мүмкіндік береді. Бағалы қағаздар рыногын дамытуында жағымды кезеңі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаржы рыногына ұлттық компаниясының бағалы қағаздарды шығару туралы шешім болып табылды.

    Бұл мақсатта «Қазақтелеком» АҚ жəне «Транстелеком» АҚ қор рыногында акциялар пакетін  іске асыруды көздейтін тиісті іс-шаралар  жоспары əзірленді («Қазақтелеком» АҚ акция пакетінің 4,6% жəне «Транстелеком» АҚ дауыс беруші акциялар 49%). Сонымен жоғарыда көрсетілген жоспарға сəйкес «Қазақтелеком» АҚ акцияларының 0,9% Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңында жинақтаушы зейнетақы қорларының портфеліне іске асырылды. Акциялардың қалған бөлігі республика халқын тартуымен инвесторлар тобы арасында орналастырылды. Қазақстанның ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында сатуға ниет білдірген  эмитент – резидент еместерге талаптар белгілейтін қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге жəне олардың бағалы қағаздарына қойылатын талаптар бөлігінде нормативтік базасына өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда эмитенттер резидент еместер кеңейту мақсатында Қазақстанның қарызға беру рыногына эмитенттер резидент еместерінің қол жеткізу мақсатында листингтің ең жоғары санаты бойынша

                                                                                                                                       8

сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізіміне енгізуіне  жататын шетел бағалы қағаздары  үшін белгілі рейтинг бағасының  болуына талаптар азайды. Туынды бағалы қағаздарды дамыту бойынша, оның ішінде борыштық міндеттемелерге құрылымдық жəне гибридті туынды құралдарының пайда болуын жəне тұруын ынталандыру бойынша іс-шаралар іске асырылды. Зейнетақы активтерін инвестициялау тəртібіне қойылатын талаптарды анықтау үшін рейтингтерді пайдаланудың спектрі кеңейтілді, сондай-ақ бағалы қағаздарды сауда-саттықты ұйымдастырушысы ресми тізіміне енгізу. Салық заңнамасын жетілдіру бойынша жұмыс шеңберінде елдің қор рыногын дамытуды ынталандыратын салық режимін құру бойынша іс- шаралар қабылданды.

    3. Бағалы қағаздар  рыногының инфрақұрылымын  дамыту. Бағдарламаны табысты іске асырудың ең маңызды құрамының бірі толық бағалы жəне тиімді қызмет ететін қор рыногының инфрақұрылымын қалыптастыру болып табылады. Қазақстанның бағалы қағаздар рыногының негізгі институты болып оның техникалық инфрақұрылымының қажетті деңгейін қамтамасыз ететін 7 «Қазақстан қор биржасы» АҚ, «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ, сондай-ақ брокерлер-дилерлерді, тіркеушілерді жəне банк- кастодиандарды қоса отырып рыноктың кəсіби қатысушылары.

    Сонымен қатар бағалы қағаздар рыногында  зейнетақы активтерін инвестициялық басқарушылар, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушылар кəсіби қызметін жүзеге асырады. Бағдарламаның іс-əрекеті кезіңде бағалы қағаздар рыногының инфрақұрылымын жетілдіру мақсатында ұйымдық-құқықтық нысанға, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногының лицензиаттарды оларды оңтайландыру мақсатында капиталдандыруға қойылатын талаптарды қайта қарау жүзеге асырылды, бағалы қағаздар рыногының кəсіби қатысушылары орындауға міндетті пруденциалдық нормативтері белгіленді.

    Бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуге жəне бағалы қағаздар рыногы кəсіби қатысушыларының бағдарламалық  қамтамасыз етуді сертификациялауға  талаптар əзірленді жəне енгізілді. БҚР кəсіби қатысушыларының қызметіне  мониторинг жүйесін жетілдіру, құжат айналымын жəне халықтың хабардар болуын арттыруды оңтайландыру мақсатында электрондық нысандарын енгізу жəне бағалы қағаздар жəне олардың эмитенттері туралы ақпаратты жалпы көпшілікке орталықтандырылған ашып жариялау мəселелері бойынша нормативтік құқықтық базасы қабылданды. Бағалы қағаздар рыногында халықтың жұмысына қажетті тиісті инфрақұрылым құрылды.

    Сонымен «Казпочта» АҚ БҚР кəсіби қатысушылары жəне олардың клиенттері арасындағы құжаттарды (ақпаратты) қабылдау жəне тапсыру бойынша қызметтер көрсететін трансфер-агентті құру бойынша жобасы іске асырылды. Кеңейтілген филиалдық почта байланысы Қазақстанның барлық азаматтарына қор рыногына қол жетімділігін қамтамсыз етуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта трансфер-агенттік қызметін жүзеге асыруға лицензиясы сондай-ақ «C-n-D Express» АҚ жəне «ДОС Финанс» ЖШС бар. Бағдарламаны қолдану кезеңде «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) қызметін жетілдіру бойынша кешенді іс

                                                                                                                              9

шаралары  жүзеге асырылды.Сонымен заңнамаға  енгізілген түзетулермен биржаны коммерциялау көзделді, сондай-ақ биржаның акцияларын сатып алу құқығы бар тұлғалардың тізбесі кеңейтілді.

    2007 жылғы 1 қазаңнан бастап KASE жаңа  индекс – KASE акциялар рыногының  индексін енгізді. Индекс өкілдік тізіміне олардың эмитенттерінің жəне еркін айналыстағы (free float) акциялар үлесін капиталдандыру деңгейін есептеген кезде енгізілген акциялар бағасының өзгеруін көрсетеді. Қазақстан рыногын өтімді бағалы қағаздармен толтыру мақсатында жоғары халықаралық рейтингі бар компаниялардың бағалы қағаздар эмиссиялары проспектілерінің ықшамдалған тіркеу тəртібі енгізілді.

    Бағалы  қағаздар рыногында лицензиялау  жүйесін жетілдіру жəне бағалы қағаздар рыногында жұмыс істеу үшін мамандарды аттестациялау шеңберінде уəкілетті  орган бағалы қағаздар рыногында  жұмыс істеу үшін 8 мамандарды даярлау  бойынша қызметін жүзеге асыруға  рұқсатын беру рəсімін жоюды, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногының қатысушылар  рыногында қызметті ырықтандыруға  бағытталған бір қатар талаптарын көздейтін нормативтік құқықтық актілер қабылданды.Бағалы қағаздар рыногын дамытуында маңызды қадамы болып инвестициялық банкинг институтын енгізу болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына, Қазақстан қаржыгерлерінің IV конгресінде мəліметтеріне сəйкес оларды бағалы қағаздар рыногында қызметі шеңберінде («маржиналдық» мəмілелерді жүзеге асыру) жүзеге асырған жағдайда жекелеген банк операцияларының түрлерін брокер-дилер жүзеге асыралатыны көзделді.

    Ірі оқиға болып салық жеңілдіктері, лицензиялаудың қысқартылған рəсімі жəне арнайы сауда алаңына айналысқа  жіберуге қаржы құралдарының қол  жетімділігі түрінде экономикалық ынталандыруды құру арқылы резидент еместерді қоса отырып инвесторлар  мен эмитенттердің көп санын  белсенді тарту бойынша стратегиялық мемлекеттік жобасы ретінде Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын  құру болып табылды.

    4. Бағалы қағаздар  рыногын мемлекеттік  реттеуді жетілдіру. Бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеу акционерлік қоғамдарды (АҚ) реттеу жəне БҚР кəсіби қатысушыларының қызметін реттеу бөлігінде басты бағыты бойынша. Бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру бойынша іс-шаралары жоғарыда айтылғандай негізінен кəсіби қатысушыларының қызметінің айқындылығын арттыруға, акционерлердің жəне клиенттердің құқықтарын қорғауға, қаржы ұйымдарын институционалды нығайтуға, құқықтық, салық жəне қор рыногын дамытуды ынталандыру үшін өзге жағдайлар жасауға бағытталған. Мемлекеттік реттеуді жетілдіру бойынша қызметінің бір бағыты ӨРҰ қызметінің принциптерін жетілдіру болды. Қолданыстағы бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасымен сол бір түрін жүзеге асыратын немесе бағалы қағаздар рыногында кəсіби қызметін өзара түрін қосарлап атқаратын ұйымдарының өзін-өзі реттейтін ұйымды (ӨРҰ) құру мүмкіндігі көзделді жəне ӨРҰ құру жəне қызмет еті тəртібі белгіленді.

    Бұрын қолданыстағы заңнамасымен ӨРҰ-да мүшелігінің  болуы туралы

                                                                                                                                     10

талаптар  лицензия алу үшін міндетті шарт сияқты көзделді, бірақ оның салдарынан осы  талап рынок қатысушыларының  ұсынысы бойынша жойылды. Қазіргі уақытта өзін-өзі реттейтін ұйымының функцияларын міндеті қаржы рыногын дамыту мен қаржы ұйымдарының қызметін реттеуіне қатысты заңнаманы жетілдіруге жəрдемдесу, сондай-ақ жалпы алғанда қаржы ұйымдарының мүддесін қорғау болып табылатын Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы орындайды. 9 Бұдан басқа KASE мүшелерінің жалпы жиналысының шешімі адал бəсекелестікте негізделген сауда-саттықта қатысу принциптері мен ережелері белгіленетін, тыйым салынған іс-əрекеттер жəне оларды жасауға жауапкершілігі айтылатын қор биржасының барлық мүшелері сақтайтын KASE мүшелерінің Этика кодексі бекітілді. Сонымен қатар, 2005-2007 жылдар ішінде бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеудің толық жүйесі құрылды, қажетті құқықтық, институционалды жəне техникалық инфрақұрылым қалыптасты.

    Қазіргі уақытта елдің қор рыногы экономиканың барлық секторларымен өзара байланысты. Бағдарламаны іске асыру қазақстандық бағалы қағаздар рыногын жандандыруға, оның өтімділігін арттыруға, мемлекеттік бағалы қағаздар секторын сапалы жəне санды дамытуға мүмкіндік туғызды. Бағдарламаны қолданысқа енгізу нəтижесінде мыналар күтілуде: Ұйымдастырылған рыногының ресми тізімінің ішкі корпоративті облигацияларында капиталдандыру 2003 жылымен салыстырғанда 2007 жылы 2,5 есеге өсіп жəне 375 млрд.теңгеге жуық құрайды – нақты 01.01.08 жылға облигациялар бойынша KASE капиталдандыру 1 788,6 млрд.теңге құрады (11,9 есеге өсуі); мемлекеттік емес бағалы қағаздардың биржалық айналымы бұл кезеңде 2 еседен астам өседі жəне 300 млрд.теңгеге жуық құрайды – нақты 01.01.08 жылы осы көрсеткіш 1 920,1 млрд.теңге құрады (12,8 есеге өсуі); Бағдарламаны қолдану кезеңде ұйымдастырылған рыногының ресми тізімінің ішкі корпоративті облигациялар рыногын капиталдандырудың жалпы ішкі өнімге қатынасы үнемі өсіп тұрады жəне 2007 жылы 5% құрайды (2004 жыл басында 3,5% құрады)- облигациялар бойынша KASE капиталдандыру ЖІӨ-ге қатысы 01.01.08 жылы 14% құрады; Бағдарламаны қолдану кезеңде ұйымдастырылған рыногының ресми тізімінің мемлекеттік емес бағалы қағаздарын биржалық сауда көлемінің жалпы ішкі өнімге қатынасы 2007 жылы 4% дейін өседі (2004 жыл басында 2,9% құрады) – нақты осы қатынас 01.01.08 жылы 15% құрады. Қосымшада республиканың қор рыногының жекелеген көрсеткіштері келтірілген. Қор рыногының сандық көрсеткіштері туралы егжей-тегжейлі ақпараты Агенттіктің сайтындағы (www. afn.kz) «Бағалы қағаздар рыногы» - «Ағымдағы жағдайы» бөлігінде орналасқан. 
 

Информация о работе Бағалы қағаздар нарығы