Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2011 в 21:21, реферат
Қазақстан Республикасында өзінің тәуелсіздігін алуына байланысты кез-келген мемлекеттегідей бағалы қағаздар пайда болды. Бұл негізінен алғанда жекешелендіру процесіне және т.б. толып жатқан факторларға байланысты еді. Өйткені, жалпы экономика тарихында, үлкен алып социалистік державаның күйреуі және одан босап шыққан мемлекеттердің бір саяси жүйеден мүлдем қарама-қарсы жүйеге өтуі көп кездесетін жайт емес.
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Мемлекеттік бағалы қағаздар туралы түсінік
1.1. Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының экономикадағы рөлі, мәні
1.2. Мемелекеттік бағалы қағаздар функциялары
1.3. ҚР-дағы мемлекеттік бағалы қағаздар түрлері, оларға сипаттама
2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы
2.1. ҚР-да бағалы қағаздар нарығын реттеу
2.2. ҚР-да мемлекеттік бағалы қағаздар нарығына сараптама
2.3. Мемлекеттік бағалы қағаз шығарудың халықаралық тәжірибесі
2.4. «ҚР-ның бағалы қағаздар рыногын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын іске асырудың негізгі қорытындылары
3. Жалпы бағалы қағаздар нарығының мәні, функциялары және қатысушылары
III. Қорытынды
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Алматы
көсалалы техника-экономикалық колледжі
«Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы»
тақырыбында оқу тәжірибесінің
ЕСЕБІ
Тексерген:
Утеев Б.Ж
Алматы 2010
Жоспары
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Мемлекеттік бағалы қағаздар туралы түсінік
1.1. Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының экономикадағы рөлі, мәні
1.2. Мемелекеттік бағалы қағаздар функциялары
1.3. ҚР-дағы мемлекеттік
бағалы қағаздар түрлері,
2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы
2.1. ҚР-да бағалы қағаздар нарығын реттеу
2.2. ҚР-да мемлекеттік бағалы қағаздар нарығына сараптама
2.3. Мемлекеттік бағалы қағаз шығарудың халықаралық тәжірибесі
2.4. «ҚР-ның бағалы қағаздар рыногын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын іске асырудың негізгі қорытындылары
3. Жалпы бағалы қағаздар нарығының мәні, функциялары және қатысушылары
III.
Қорытынды
Кіріспе
Қазақстан Республикасында өзінің тәуелсіздігін алуына байланысты кез-келген мемлекеттегідей бағалы қағаздар пайда болды. Бұл негізінен алғанда жекешелендіру процесіне және т.б. толып жатқан факторларға байланысты еді. Өйткені, жалпы экономика тарихында, үлкен алып социалистік державаның күйреуі және одан босап шыққан мемлекеттердің бір саяси жүйеден мүлдем қарама-қарсы жүйеге өтуі көп кездесетін жайт емес.
Бағалы қағаздар нарығының ішінде өзіндік ерекшеліктеріне ие мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы да біздің мемлекетте өз бастауын алды. Елдегі инфляция халықтың әлеуметтік жағдайының төмендігі жалпы құлдырауы – бұл КСРО құрсауынан шыққан мемлекеттердің барлығының да өткізген жағдайы. Халықаралық тәжірибеде қабылданғандай мұндай жағдайда мемлекет қарыз алады. Ол қараздар бюджетті жабуға ішкі және сыртқы көздерден алынады. Осылайша қарыз алу барысында мемлекеттің қарыздық міндеттемелері пайда болады. Осыларды пайда болған бағалы қағаздар нарығының дамуы өзінің актуалдығын жойған жоқ. Менімше жойылмайды да, өйткені бұл жиналған қарызды қайтару, қайтадан керегіне алу бұлардың барлығы актуалды болып қала бермек.
Ілияс
Исаев, экономика ғылымының докторы:
-- Мемлекеттік бағалы қағаздардың
бірнеше жақсы жақтары бар. Біріншіден,
табысы аз болғанымен, тәуекелі төмен.
Екіншіден, банк банкроттыққа ұшыраса
да мемлекет ешқашан банкрот болмайды.
Демек, депозитті салғандағыдай іштей
үрейленіп жүрмейсіз. Бұл – тұрғындар
үшін тиімді жақтары. Макроэкономикалық
маңызы да бар. Аз да болса айналымда жүрген
ақшаны инвестициялайтын бос инструмент.
Инфляцияға тежеу салады. Мемлекеттік
бюджеттің қосымша көзі. Дағдарыс жағдайында
мемлекеттік бағалы қағаздар қажетті
қаржы инструменті болып табылады. Бос
ақшаны мобилизациялаудың қаржылық инструменті.
Айналысқа қосымша жүрген ақшаларды есепке
алуға жақсы.
«Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын іске асырудың негізгі қорытындылары»
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сəйкес əзірленген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасының (бұдан əрі - Бағдарлама) басты мақсаты Қазақстанның бағалы қағаздар рыногын одан əрі дамыту, оны ашық жəне тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, бағалы қағаздарды шығару үшін мүмкiндiктердi кеңейту, инвесторлардың құқығын қорғау жəне адал бəсекелестiктi қамтамасыз ету болып табылады. Бұл орайда Бағдарламаның мақсаттарымен міндеттерін негізге ала отырып мынадай негізгі іс-шаралар жүзеге асырылды.
1. Отандық инвесторларды дамыту. Отандық инвесторларды дамыту үшін жағдайлар жасау мақсатында инвестициялаудың ұжымдық нысандарын дамытуды жетілдіру жəне ынталандыру бойынша іс-шаралар жүзеге асырылды. Атап айтқанда, инвестициялық қорлардың активтерін сенiмгерлiк басқаруды құру, оларды есепке алу жəне сақтау, сондай-ақ олар шығарған бағалы қағаздарды орналастыру, айналысқа жіберу жəне сатып алу процесінде пайда болатын құқықтық қатынастарды реттеу мəселелерді қоса алғанда инвестициялық қорлар қызметін құқықтық қамтамасыз етудің мəселелері шешілді. Қажетті нормативтік құқықтық базасын жəне өзге жағдайларды құру инвестициялық қордың жоғары өсу қарқының қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен 01.01.05 жылы 2 инвестициялық пай қоры (ИПҚ) 389 млн.теңге активтер мөлшерімен қызмет етсе, 01.01.08 ж. жағдай бойынша бағалы қағаздар рыногында 183 ИПҚ (активтер – 199 527 млн.теңге) жəне 40 акционерлік инвестициялық қорлар (113 400 млн.теңге) қызмет етуде.
Инвестициялық қорлардың жəне олардың активтер санының өсуі ұжымдық инвестициялардың құралдарын жария етуін ғана емес, бірақ құралдарды оларды одан əрі инвестициялау мақсатында тартуға ниет білдіретін жаңа инвестициялық компаниялардың рынокқа шығуын куəландырады. Инвестициялық қорларын белсенді дамытуға тұрғындардың инвестициялық мəдениетін жəне қаржылық сауаттылығын арттыруға, инвесторлардың құқықтарын қорғауға бағытталған іс-шаралары да ықпал етті. Атап айтқанда International Council of Securities Associations (ICSA) инвесторларды оқытудың ең үздік практикасының қағидаттарын енгізуге жəне пайдалануға жəрдемдесу шеңберінде Агенттік бағалы қағаздар рыногының негіздеріне инвесторларды оқытудың кеңейтілген бағдарламасы 2 жүзеге асырды жəне оны бұқаралық ақпарат құралдарында (баспа басылымдарында жариялау, тақырыптық теле- жəне радиохабарларда қатысу, шығарылымдар жəне басқалар) жариялады. Бұл мақсаттарда электронды технологиясының мүмкіндіктері пайдаланылды. Атап айтқанда Агенттіктің веб-сайтында «Қаржы сөздігі», «Эмитентке арналған жол көрсеткіші», «Қаржы сауаттылығының негіздері». Бағдарламаны іске асыру шеңберінде инвесторларды қорғау мəселелеріне əсіресе миноритарлық мəселелеріне ерекше назар аударылды. онымен 2007 жылы «Кейбір заңнамалық актiлерiне миноритарлық
инвесторлардың
құқықтарын қорғау мəселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы» Заңы қабылданды, онда атап
айтқанда: - қор биржасының ресми
тізімінің ең жоғарғы санатының
бағалы қағаздарға жəне олардың эмитенттеріне,
оның ішінде институционалды инвесторлар
не миноритарлық акционерлер арасындағы
акциялардың айналысы бөлігінде
қосымша талаптар белгіленді. - «инсайдерлік
ақпарат» жəне «инсайдер» деген түсініктер
енгізілді, инсайдерлік мəмілелер
туралы ережелер реттелді; - акционерлік
қоғамдардың менеджментінің оның акционерлері
алдындағы міндеттері анық айқындалды,
сондай-ақ олардың орындалуына
Ақпаратты
алуға инвесторлардың құқығын қорғаудың
негізгі назары 2005 жылы қабылданған
«Қазақстан Республикасының кейбір
заңнамалықактілеріне бағалы қағаздар
нарығы жəне акционерлік қоғамдар мəселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы» Заңында да алынып
тасталды. Атап айтқанда осы заңмен
бағалы қағаздар эмитенті лауазымды
адамдарының бағалы қағаздарды ұстаушыларға
не эмитентке iрi зиян келтірген, мүліктік
пайда табу мақсатында бағалы қағаздарды
ұстаушыларға ақпарат бермеуі не
көрінеу жалған мəліметтер беруіне
қылмыстық жауапкершілік
Елдің қаржы секторына халықты тарту бойынша міндеттерді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы № 536 қаулысымен Қазақстан Республикасы халқының инвестициялық мəдениеті мен қаржылық сауаттылығын арттырудың 2007- 2009 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді. Осы бағдарлама халықтың өзінің ақша қаражатын инвестициялау жөнінде шешімдер қабылдауына əсер етудің оңтайлы шараларын таңдау үшін қор нарығы қызметтерін тұтынушылардың нысаналы топтарын анықтауды, Қазақстан халқының арасында қаржы құралдарының инвестициялық мүмкіндіктерін кеңінен насихаттауды, азаматтарға бағалы қағаздарға инвестициялау мүмкіндіктері туралы ақпарат берудің жалпыға қол жетімді жүйесін құруды көздейді. 3 2007 жылдың соңында АӨҚО жобасы шеңберінде мамандарды даярлау жəне біліктілігін арттыру арқылы бағалы қағаздар рыногы үшін жоғары кəсіби кадрлардың жетіспеушілігі мəселелерін шешуге бағытталған «АӨҚО академиясы» қор рыногының институты бір жаңа институт пайда болды. Ең танымал білім беру орталығының оқытушылары оқытады.
2. Эмитенттерді дамыту жəне нығайту Екінші басымдылық – эмитенттерді дамыту жəне институционалды нығайтудың негізгі механизмдерінің ретінде эмитенттер қызметінің айқындылығын арттыру, бағалы қағаздардың жаңа түрлерін шығару үшін мүмкіндіктерін кеңейту жəне бағалы қағаздар рыногын ырықтандыру бойынша шаралар анықталды. Бағдарламаны іске асыру шеңберінде эмитенттер қызметінің айқындылығын арттыру бойынша шаралар кешені жүзеге асырылды. Атап айтқанда бағалы қағаздар рыногының кəсіби қатысушылары меншікті веб-сайттарда (болған кезде) ақпаратты ашып
жариялауды реттейтін нормативтік құқықтық актілер əзірленді жəне қабылданды. Бұдан басқа электронды нысанда эмитенттерінің проспектілерін беруді жəне есеп беруді қамтамасыз етілді.
Сонымен,
Агенттіктің веб-сайтында «Эмитенттер
жəне эмиссиялық бағалы қағаздар» бөлігінде
акционерлік қоғамдарының аффилиирленген
тұлғалар туралы мəліметтерді жариялайды.
Заңнамалық деңгейде шетел ұйымдары
арқылы жасырын номиналды ұстау
мүмкіндігі жойылды жəне номиналды
ұстауда тұрған өзі туралы ақпаратты
жарияламаған АҚ акциялары иелері қоғамды
басқару жөніндегі құқығы шектелді.
«Қазақстан Республикасының кейбір
заңнамалық актілеріне бағалы қағаздар
нарығы жəне акционерлік қоғамдар мəселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы» Заңымен бағалы қағаздар
ұстаушылар – өз клиенттері туралы
ақпаратты Орталық
Заңнамалық деңгейде біздің елімізге корпоративті одан əрі дамыту үшін «корпоративті басқару кодексі» сияқты маңызды түсінігі бекітілді. Корпоративті басқару дегеніміз бұл бірінші кезекте басқару органдары, директорлар кеңесі жəне акционерлер арасындағы қатынастар жүйесін құру. Бағалы қағаздар эмитенттерін үйлестіру, бірлескен міндеттерді шешу, эмитенттердің мүддесін ұсыну жəне қорғау мақсатында үнемі қызмет ететін консультативтік-кеңес беру органы – Эмитенттер кеңесі құрылды.
Эмитенттер
кеңесі 2005 жылғы 21 ақпанда Корпоративті
басқару кодексін қабылдады. Кодекс
кəсіпорындарға жəне қаржы компанияларға
жəне 4 эмитенттердің нақты
Атап айтқанда Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп беру туралы»
Заңына сəйкес акционерлік қоғамдарының 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап МСФО көшуі көзделді (қаржы ұйымдарының МСФО көшуі 01.01.03ж. бастап жүзеге асырылды). Бағалы қағаздарды шығару үшін мүмкіндіктерді кеңейту мақсатында мемлекеттік бағалы қағаздардың қайталама рыногын дамытуға, жаңа қаржы құралдарын енгізуді ынталандыруға, корпоративті бағалы қағаздарды шығару жəне айналысқа жіберу мəселелері бойынша нормативтік құқықтық базасын жетілдіруге, институционалды инвесторлардың активтерін инвестициялау мүмкіндігін кеңейтуге жəне басқаларға бағытталған іс- шаралар жүргізілді. Бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылған МБҚ рыногын дамыту бойынша іс-шаралар əр түрлі құралдарды шығаруға бағытталған (көлемі бойынша, мерзімі бойынша, өтеу шарты бойынша), оның ішінде бағалы қағаздар рыногында шаманы (benchmark) белгілеуге, орналастыру рəсімдерінің айқындылығын белгілеу, міндеттемелерді орындамау тəуекелін төмендету.