Баға тұрақтандыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 17:08, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғалы бері өзі қатарлы ТМД мемлекеттері арасында экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени салаларында көш басшы атанып келеді. Бұл еліміздің қай саласын алып қарасақ та халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жасалынып жатқан игі істер мен экономикалық жағдайды көтеруде алдыңғы қатарлы озық ойлар мен пайдалы қадамдар жасалынып жатқандығын көрсетеді.

Содержание

КІРІСПЕ.......................................................................................................................
І. ЖАЛПЫ БӨЛІМ......................................................................................................
1.1. Бағаның қалыптасуындағы теориялар......................................................
1.2. Бағаның мәні мен атқаратын қызметтері.................................................
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ......................................................................................................
2.1. Бағаны мемлекеттік реттеу........................................................................
2.2. Баға, сұраныс және ұсыныс.............................................................. .......
2.3. Бағаны тұрақтандырудың Қазақстандық аспектілері............................
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................................
.

Работа содержит 1 файл

ЕРСУЛТАН Баға тұрақтандыру.doc

— 168.50 Кб (Скачать)

     Баға  үлестіру құралы ретінде активті түрде қолданылады. Көбіне мемлекеттік немесе реттеуші бағаны қолданғанда бұл жайлар байқалады. Дегенменде, баға-үлестіру мен қайта үлестірудің жалғыз ғана құралы емес. Бұл жерде қаржы-несие жүйесі және еңбек ақы да үлкен роль атқарады.

     Бағаның әр түрлі функцияларының арасында тығыз  байланыс бар. Олар кейде бір бағытты нұсқаса, келесіде бір-біріне қарама-қайшы жағдайда болуы мүмкін. Мысалы: бағаның ынталандыру функциясы сұраным мен ұсынымды теңестіру функциясын іс-жүзіне ауыстыруға көмектеседі, сұранымға ие тауарлар өндірісін өсіруге жол ашады. Ал, бағаның төмендеуі ұсыным көлемін төмендетеді.

     Бағаның үлестіру функциясы өндірісті оңтайлы  орналастыру функциясымен бірге  іс-әрекет жасайды, яғни жоғарғы сұранымға  ие тауарлар өндірісі сферасына капиталдың жинақталуын іс-жүзіне асырады.

     Есептік-өлшемдік баға сферасы көп жағдайларда  өзінің басқа функцияларымен қарама-қайшы  жағдайда болады, себебі, нарықтық жағдайда баға, өндірістік шығындардан көп  ауытқуларға ие. Баға функцияларының бір-бірімен байланысын айта келсе, оның арнайы маркетингтік зерттеулер құралы болып табылатындығын ұмытпауымыз тиіс.  
 
 
 

   1.2.  Бағаның мәні мен атқаратын қызметтері 

         Нарықтық   экономикада баға  негізінен бес қызмет  атқарады.

  1. Есеп-қисап қызметі. Бұл өнім  өндіргенде  қоғамдық  қажетті еңбек шығыны  процесінің  өзгеруінде  байқалады және  әр  түрлі өнімді өндіру  қалай немен жүзеге  асқанын көрсетеді.
  2. Ынталандыру  қызметі. Бұл  кезде  баға  өндіріс  тиімділігіне  әсер  етіп, өнім  ассортиментін  жаңғыртуға,  өнім  сапасын  арттыруға  күш  салады. Бағаның  осы  қызметі   біріншісімен  етене  байланысты.
  3. Бөлуші  реттеуші  қызмет.  Нарық  жағдайында  бағаның   бөлуші қызметі  сұраным  мен  ұсынымды  реттеу  және  тұтынушы  мәртебесінің өзгеруі  кезінде байқалады. 
  4. Бағаның  бұл  қызметі нарықтың,  тепе-теңдік  сақтағанда, тұтыным  мен өндірісті  теңгергенде  байқалады. 
  5. Ақпараттық.  Баға  тұтынушыға  сатушылар  тарапынан  тауар  ұсынымы  туралы  белгі  береді  және  олар  өз  өнімі  үшін   қанша  алғысы  келетіндігін  баяндайды.  Екінші  жағынан  сатушылар  сатып  алушылардың  төлем  қабілеттігін  немесе  өндіріс  ресурстарының  қорын  байқайды. 

        Қазақстанда ТМД елдері бойынша  банктік қызмет көрсету жүйесін  әлемдік стандарттар бойынша жүзеге асыруға және қаржы экономикалық дағдарысқа қарсы тұруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін төлем жүйесі (О.А. Жандосов  пікірінше, нақты жағдайда есеп айырысуды жүргізетін ірі                    төлемдер жүйесі; әр жолғы төлемдер клиенттік аударымдар, карточкалық төлемдер және т.б. келесі күнге есеп  айырысумен; бағалы қағаздар бойынша есеп айырысу, корпоративті   қоса   алғанда)   әрекет етеді.

         Банк функциясының ішкі нысаны  – төлем айналымы  бойынша  әсері – банктердің халықаралық  төлемдер және ақша аудару операцияларын жүргізуден тұрады, сондықтан аталған функция  халықаралық құқық     аясында қарастырылады. Төлем балансы төмендегідей тармақтардан құралады:

      1) ағымдағы операциялар: сауда,  табыс қозғалысы, аударымдар (мемлекеттік  және жеке тұлғалардың);

           2) капитал қозғалысының балансы: ұзақ мерзімдік инвестициялар   - тікелей және қоржындық, қысқа мерзімдік капиталдар қозғалысы;

             3) тұрақтандырушы тармақта қорларды  қайта бағалау және қозғалысы,  ХВҚ (халықаралық валюта қоры) қаражатын қолдану, басқа да қаржы көздері;

           4) қорлардың соңғы өзгерісі: алтын,  шетел валютасының, несиелердің  өзгерісі.

        Қазақстанда ақшалардың төлемдері  және аударымдары негізінен банктер  арқылы жүзеге асырылады, сонымен  бірге  бұл қатынастар Қазақстан Республикасының банктік заңнамасымен реттеледі. Соның мысалы ретінде, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Заңы жеке және заңды тұлғалардың, оның ішінде банктік корреспонденттердің олардың банктік шоттары бойынша тапсырмасымен есеп айырысуды жүзеге асыру белгіленген және аударым операциялары банк операцияларын жатқызады. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңында Қазақстан Республикасында төлемдер мен аударымдарды жүзеге асырудың тәртібін, жүйесін және нысанын айқындайды, ұйымдастырады, сондай-ақ Қазақстандық теңге мен банктер арасындағы аударымдардың  уақытылы және кідіріссіз жүргізілуін қамтамассыз ететін төлем жүйелерінің жұмыс істеуіне бақылауды жүзеге асырады, банктердің қолданылатын автоматтандырылған жүйелерінің сенімді әрі қауіпсіз болуын және банк ақпаратының қорғалуын қамтамасыз ету бойынша ең төменгі талаптарды белгілейді.

          Қазақстанда төлемдер мен аударымдарды  жүзеге асырудың тәсілдің заңнама  актілермен және олардың негізінде қабылданған құқықтық актілермен, оның ішінде Қазақстан Ұлттық банкі актілерімен белгіленеді. Ақша төлемі мен аударымын Қазақстан Республикасынан  аумағынан тыс жерде ұлттық валютамен де, шетелдік валютамен де жүзеге асыру кезінде, сондай ақ Қазақстан Республикасы аумағында валюталық   заңнама талаптарын сақтаумен шетелдік валютамен ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру кезінде белгіленген нысандағы бланктерде ақша аударуға өтініш пайдаланылады, ол ақша аудару туралы қызмет көрсететін алушы банкке жөнелтушінің төлем тапсырмасы болып табылады. Ақшаны аудару өтінішіне банктің аталған  өтінішті өңдеу не Қазақстан Республикасы заңнамасы талап ететін жағдайлар үшін оған қажетті деген  жөнелтуші    туралы   қосымша мәліметтерді қосуға   болады. 

     Экономикадағы іс-әрекет жасаушы барлық бағалар  бір-бірімен байланысты және өз-ара  жеке жүйе құрады. Бұл жүйе көптеген нарықтық фактордың әсерінен әр уақыт  қозғалыста болады. Баға жүйесі жеке өзара  байланысты баға блоктарынан құрылады. Барлық бағалардың байланыс негізін, қан тамырлары қызметіне ұқсас байланыстық принципі құрады, бір жүйедегі баға қозғалысы басқа да барлық жүйеге автоматты түрде өзгертулер енгізіледі.

Баға  жүйесінің маңызды және негізгі  блоктары төмендегідей:

    • Көтерме сауда бағасы;
    • Сатып алу бағасы;
    • Бөлшек сауда бағасы;
    • Жүк көлік қызмет көрсету тарифі;

Бағаның негізгі блоктары бірнеше блокасты бөліктерден тұрады. Мысалы ретінде: көтерме сауда бағасы блогы екі блокасты тобына бөлінеді, кәсіпорындардың көтерме сауда /босату/ бағасы және өнеркәсіп көтерме сауда бағасы. Жүк көлігі тарифтер блогы мынадай блокасты бөліктерінен тұрады: темір жол жүк көлігі тарифі, теңіз жүк көлігі тарифі, өзен жүк көлігі, әуе жолымен тасымалдау, автожүк көлігі, құбыр байланысы жүк көлігі тарифтері.

      Барлық  бағалар жүйелерінде анықтаушы және негіздеуші роль атқаратын, бұл –базалық өнеркәсіптік салалар өнімдерінің бағасы, яғни, отын – энергетикалық кешендерінің, металлургия саласының өнімдері, себебі, бұл өнімдер экономиканың барлық салаларында қандайда болмасын бір көлемде тұтынылады немесе қолданылады. Энергетикалық өнімдер бағасының өзгеруі барлық өнімдер мен қызмет түрлерінің баға деңгейіне тез арада өзгерістер енгізетіндігі айқын.

      Жоғарыда  аталып өткендей баға жүйесіндегі барлық бағалар бір-бірімен тығыз байланысты. Өзара жеке жүйе құрушы бағалар байланысы және өзарар тәуелділігі төмендегідей екі жағдайға негізделген:

  • Құн заңы, сұраным мен ұсыныс және де басқа экономикалық заңдарды қолданана отырып, жекеше әдістемелік негізде бағаның құралуы;
  • Бағаның әсерінен өндірістік кәсіпорындар мен салалардың шаруашылық қызметінің байлаыстылығы.

   Бұл байланыспен тәуелділікті агроөнеркәсіптік, орман және басқа да кешендік кәсіпорындар мен салалар мысалында көруге болады. Бұл жағдайда айтатынымыз, соңғы  өнімнің бағасы, келесі және аяқтаушы кезең үшін қолданылатын шикізат ретінде бастапқы кезең өнімінің баға деңгейімен анықталады.

         Баға байланысы  тек қана кәсіпорындар арасындағы технологиялық  байланыс кезінде ғана емес, оның жоқ  кезінде де болатындығы байқалады. Себебі, жеке салалардағы және жеке категориялық жұмысшыларға еңбек ақы деңгейінің өзгеруі, зергерлік бұйымдардың, әдет-ғұрыптық қызмет түрлерінің және т.б. арзандап немесе қымбаттап кетуіне әсер етуі ықтимал.

         Жеткілікті түрде  күрделі баға жүйесінде бағыт-бағдарды таңдау үшін баға жіктемелері қолданылады. И.Жельтякова, Г.Маховикова, Н. Пузыния бағаның келесідей жіктемесені атап көрсетеді.

    А. Айналымды  қамтамасыз ету сипаттамасы бойынша:

    • Көтерме сауда бағасы –кәсіпорынның өндірген тауарын басқа кәсіпорынға немесе сатып-өткізу ұйымына сату үшін қолданылатын баға.
    • Бөлшек сауда бағасы-сауда –саттық ұйымының халыққа өнімдерді сатып өткізуі үшін қолданылады.
    • Сатып алу бағасы- ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер өз өнімдерін келесі өңдеулер үшін мемлекетке, фирмалар мен кәсіпорындарға сату бағасы.
    • Сметалық құн – құрылыс өнімдеріне (ғимараттар мен құрылғылар,) төлеу үшін баға.
    • Халыққа қызмет көрсету бағалары мен тарифтері – бөлшек сауда бағаларының негізгілерінің бірі.

Б. Мемлекет тарапынан реттелу әсерлері, нарықтық бәсекелестікке байланысты:

    • Еркін нарықтағы баға- нарық коньюнктурасына сәйкес сұраным мен ұсыныс негізінде өнімдерге өндірушілердің қойған бағасы.
    • Реттелуші баға- арнайы басқару органдарының қойған бағасы, олар көбіне жоғарғы дәрежелі әлеуметтік бағыттағы өнімдер, тауарлар мен тарифтерге байланысты қойылады.
    • Париттетік баға – бағаның бұл түрі АҚШ –да мемлекеттік органдар, ауылшаруашылық өнімдері бағасы мен басқа да тауарлар және қызмет түрлері бағасының қатынасын реттеу үшін қолданылады.

В. Бағаның  қойылу әдісі бойынша:

    • Қатаң (тұрақты) баға  - келісім шарттарда қолданылады және оның аяқталуына дейінгі кезеңде өзгеріссіз қалады.
    • Ағымдағы баға - әрбір кезеңдегі баға деңгейі. Олар бір келісім шегінде өзгеруі мүмкін және баға жағдайымен айқындалады.
    • Қозғалмалы баға – келісімде белгіленген баға, екі жақтың келісімі бойынша нарықтық бағаның өзгеруіне байланысты келісімнің орындалуы кезінде болашақта өзгеріске ұшырайтын баға.
    • Сырғымалы баға  - бағаның бұл түрі ұзақ уақыт дайындалу кезеңін қажет ететін өнімдерге қойылады. Өнімді дайындау үшін қажетті, сол уақыт кезеңінде өндіріс шығындарының өзгерісін есепке ала отырып алғашқы келісім бағаны келісім-шарттың орындалуы кезінде қайта қарастыру жолымен анықталады.

Г. Уақыт  әсерлерін есепке алу бойынша:

  • Тұрақты
  • Маусымдық
  • Баспалдақты.

Д. Баға деңгейі туралы мәліметтерді алу  әдісі бойынша:

    • Анықтамалық
    • Прейскуранттық
    • Есеп айырысу бағасы

Е. Нарық  түрлеріне байланысты:

    • Аукциондық
    • Биржалық котировка –биржа арқылы сатылатын стандартталған бір түрлі ұқсас тауарлардың бағалары
    • Сауда бағасы – мамандандырылған сауда бағасының негізгі бір түрі. Бағаның бұл түрі тауарларды жеткізуге тапсырыстар беруге негізделеді.

Ж. Фирма  ішінде қолданылатын баға түрлері:

    • Трансферттік баға- бір фирма бөлімшелерінің арасында немесе бір ассоциацияға кіретін әр түрлі фирмалар арасында өнімдерді сатып-өткізу кезінде қолданылатын баға.

З. Жеткізіп беру және сату жайлаы бойынша:

    • Баға нетто –сатып алу-сату орнындағы баға.
    • Баға брутто – сатып алу – сату жайларын есепке ала отырып анықталады. (Франко) – бұл термин, тауарлардың қозғалыс кезінде сатушыдан сатыпалушыға дейін қайсы пункт аралығында бағаға транспорттық шығындардың енгендігін көрсетеді.

Баға  құралу үрдісі өте күрделі және бірнеше  бөлімнен құралады. Осыған сәйкес ол мақсатты таңдап алудан басталады. Кез келген фирмалар үшін негізгі мақсаттар төмендегідей:

Информация о работе Баға тұрақтандыру