Баға тұрақтандыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 17:08, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғалы бері өзі қатарлы ТМД мемлекеттері арасында экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени салаларында көш басшы атанып келеді. Бұл еліміздің қай саласын алып қарасақ та халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жасалынып жатқан игі істер мен экономикалық жағдайды көтеруде алдыңғы қатарлы озық ойлар мен пайдалы қадамдар жасалынып жатқандығын көрсетеді.

Содержание

КІРІСПЕ.......................................................................................................................
І. ЖАЛПЫ БӨЛІМ......................................................................................................
1.1. Бағаның қалыптасуындағы теориялар......................................................
1.2. Бағаның мәні мен атқаратын қызметтері.................................................
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ......................................................................................................
2.1. Бағаны мемлекеттік реттеу........................................................................
2.2. Баға, сұраныс және ұсыныс.............................................................. .......
2.3. Бағаны тұрақтандырудың Қазақстандық аспектілері............................
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................................
.

Работа содержит 1 файл

ЕРСУЛТАН Баға тұрақтандыру.doc

— 168.50 Кб (Скачать)

МАЗМҰНЫ 

КІРІСПЕ.......................................................................................................................

І. ЖАЛПЫ БӨЛІМ......................................................................................................

        1.1.  Бағаның қалыптасуындағы теориялар......................................................

        1.2.  Бағаның  мәні мен атқаратын  қызметтері.................................................

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ......................................................................................................

         2.1. Бағаны мемлекеттік реттеу........................................................................

         2.2. Баға, сұраныс және ұсыныс.............................................................. .......

         2.3. Бағаны тұрақтандырудың Қазақстандық аспектілері............................

 ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................

Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................................

. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

КІРІСПЕ 

         Қазақстан  Республикасы  өз  тәуелсіздігін  алғалы  бері  өзі  қатарлы  ТМД  мемлекеттері  арасында  экономикалық,  әлеуметтік,  саяси және  мәдени  салаларында көш басшы атанып  келеді.  Бұл еліміздің қай саласын алып  қарасақ та  халықтың  әлеуметтік  жағдайын  жақсарту  мақсатында  жасалынып жатқан  игі істер мен   экономикалық  жағдайды  көтеруде  алдыңғы қатарлы  озық  ойлар мен пайдалы қадамдар  жасалынып жатқандығын көрсетеді.

          Мемлекет  өзінің  ішкі  экономикасын  біршама  тұрақтылықта  дамытуда. Бағаны   тұрақтандыру  әр қашаан  алдын  ала  өз  жоспарлары  арқылы  есептелінетін  елдің  экономика  саласындағы ұтымды  қадамдарымен  қамтамасыз  етіледі.  Осы орайда  баға  мен елдегі  инфлиясия шараларының арасындағы  байланыстарды жүйелі  түрде шешу  мен мемлекеттің игілігіне қызмет  жасауын қадағалау негізгі бағыттардың біріне  саналады. 

      Бұл курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасының   экономика саласындағы ерекшеліктер мен бағаны  тұрақтандырудың   математикалық модельдеу әдістерін талқылау, ондағы  тиімді  модельдеу әдістерін таңдап  алу, мемлекеттің баға  тұрақтылығын  қалыптастырудағы, оны реттеудегі  өзіндік  ұстанымдарына  тоқталу  табылады.

         Жалпы курстық жұмыс негізгі екі бөлімнен тараудан тұрады.

         Бірінші бөлімде – баға  құрылымы  түсінігі,  бағаның қалыптасу теориялары,  бағаның негізгі  қызметтеріне тоқталдық.

       Екінші бөлімде – толығымен бағаны  тұрақтандырудың  Қазақстан  республикасындағы  модельдеу  үлгісіне,  баға  мен  сұраныс,  ұсыныс   түсініктері  арасындағы  байланыстарға  арналды. Қазақстан Республикасының  баға  жүйесі  мен  ондағы  модельдеудің  жеке  үлгілеріне  назар  аудардық.

   

І. ЖАЛПЫ  БӨЛІМ 

        1.1.  Бағаның қалыптасуындағы теориялар      

              Экономикалық  теория  классикалық   мектебінің  негізін  қалаушы   Адам  Смит   пен  Рикардоның  ойынша,  тауар құны  оған   жұмсалатын еңбектің  мөлшерімен  анықталады  деп есептеген.  Адам  еңбегі  тауар құнының субстанциясы,  қайнар  көзі.  Сондықтан да  классикалық мектептің өкілдері  еңбектің  құн теориясының негізін қалады.  Оны кейіннен К.Маркс  дамыта  түсті.

        Егер  К.Маркс  өзінің  барлық  зерттеуін  тауардың  еңбек   құнын талдауға  арналса, Батыс   елдердегі  экономикалық  ойдың   өкілдері:  мейлі либерализм,  неолиберализм, кейнстік, неокейнстік,  радикализм – барлығы  дерлік  бағаның  шығуын  зерттеді.

        ХІХ ғасырдың  аяғы  мен ХХ  ғасырдың  басында  Батыс   пен  Ресей   экономикалық  теория  өкілдері  ағылшын   эеономисі  Альфред Маршалл   және  ресей  ғалымы  М.И.Туган-Барановский   құндық  теорияны  шекті  пайдалылық  теориясымен  қосты.

         Осыдан,  құн  мен  баға  – ұқсас  ұғымдар,  алайда  біркелкі,  пара пар  деп   түсінуге  болмайды. Құн  тауар   өндірісінің  шығындарын  көрсетеді,  ал  жекелеген   тауардың  бағасы  нарықта  байқалады  және  ол  құннан  ауытқуы  мүмкін. Себебі  оған   сұраным  мен  ұсыным,  пайдалылық,   сиректік,  сән,  инфлияция  және  т.б.   факторлар  ықпал  жасайды.   Баға – тауар  құнының  ақшалай  өлшемінің  модификациясы.

      Ақша-несие   саясаты    мемлекетті   реттеу    саясатының   бір    бағыты    болып    табылады.    Соның    ішінде   төлем   балансын    іске    асырудағы    маңыздылығын    баса   айтып    өткен   жөн.   Ақша – несие     саясаты    -    нарықтық     экономиканың    тірегі    ретінде    экономикалық    дамудың     ажырамас     элементін     білдіреді.

          Ақша – несие   саясаты   Қазақстан   Республикасында    ҚР  Ұлттық    Банкімен    елдің     банктік    пайыздыі    ставкаларын,    валюта    курсын,    төлем    қабілеттілігін    анықтау    жолымен    іске    асады.   Сонымен    қатар    ақша    массасы   көлемінің    кеңеюіне    немесе    оның    қысқаруына    бағытталуы    мүмкін. 

              Ақша-несие    саясаты    бүгінгі    таңда    несиелеуге    болатын   экономика    секторын    дұрыс    таңдай   білуге,    сондай-ақ    несие    беру    мүмкіндігі    туралы,   төлем   балансы   сұрақтарын    шешуде    банк    үшін   бірінші    реттік   маңызы   бар    басқа   факторлар   мен    қарыз    алушының    несиелік    қабілетіне    қарап   өз   клиентін   таңдаудағы   біліктілігіне    негізделеді. Қазіргі кезде экономкалық ғылымда баға құралуы экономикалық теория, маркетинг және менеджмент ғылымдарының бір тарауы ретінде қарастырылады. Дегенменде, оны, өзіндік құралы мен әдісі бар ғылым ретінде жеке қарастыруымыз тиіс. Баға құралудың құрамы төмендегідей жайлардан құралады.

  • Баға теориясы;
  • Баға жүйесі;
  • Баға саясаты;

Баға  құрылу тәсілдері:

  • Индуктивті;
  • Дедуктивті;
  • Диалектикалық

Баға  құралу ғылымы – баға қозғалысы  мен оны қолдануды зерттеуші  ғылым.

     Баға  құралудың оқыту құралы-баға теориясы мен оның тәжірибеде қолданылуы болып табылады.

     Баға  механизімі, баға құралуы, баға саясаты  нарықтың өте күрделі және нәзік  құралы болып саналады және іс жүзінде  оның құрылуы өте қиын. Сондықтан  баға теориясы сұрағын бірінші қарасытуымыз керек.Оның ішінде қазіргі кезде кең таралған баға теориясының бірі шағындық баға теориясы. Бұл теорияның пайда болуы қазіргі заман экономикалық теориясының негізін қалаушылар – А.Смит, Д. Рикардо, К.Маркс ж.т.б. көзқарастарымен байланысты. 

      Шығындық  баға теориясы бойынша тауар құны тауар өндірушілер еңбегінің әлеуметтік жиынтығы ретінде, ал тауар құнының өзі сол өнімді өндіру үшін қажетті өндіріске кететін шығын ретінде анықталған. Соңғысы нақты тауарды дайындау үшін қажетті жұмыс уақытымен есептеледі. Бұл жағдайда нарықтық баға сол тауарларды өндіру үшін кеткен орташа шығындар бойынша құралады.Құн екі жақты сипатталады:

  • Сандық;
  • Сапалық;

Сандық  сипаттамада тауардың тұтынылуы  құндылығын құратын сол тауарға  кеткен еңбек мөлшерімен анықталады.

Сапалық сипаттамада, адамдар арасындағы тауар алмасуда өндірістік қатынастар ретінде көрсетілген. Осыған байланысты, басқа өнімге айырбастау мүмкіншілігі бар еңбек өнімі, құны бар болып есептеледі.

Егер  баға теориясын тереңінен қарастыратын болсақ, онда бұл жайында ежелгі кезеңдерде де көп көңіл бөлінгендігі байқалады.

      Нарықтық  экономикада бағаның құрылуы  тек қоғамдық қажетті еңбек шығындарымен ғана емес, ақшаның қайта үлестіру факторлары әсерінен де пайда болады. Оған жататындар:

  • Сұраныс    және ұсыныс қатынасы /бұл жағдайда бағаның құрылуы үшін қажет жайлардың бірі сұраным икемділігі/;
  • Әлеуметтік факторлар /бұл поблемаларды баға жүйесі арқылы шешу үшін мемлекеттің араласуы/;
  • Мода және тауар болашағы факторлары, /көбіне бұл жайлар монополиялық өндіріспен сәйкестенеді/;
  • Ұлттық және климаттық ерекшеліктер факторлары /кейбір ұлттардың тағамдық ерекшеліктеріне байланысты/.

    Бұданда басқа, солтүстіктегі суық климат оңтүстіктегі өндірістерден қарағанда жылу энергиясын көп қажет етеді.

    Бағаның құрылуы факторлары, көріп отырғанымыздай, әр түрлі және олардың баға көрсеткішіне әсерлері әр жақты. Бір тауарлар үшін модалық факторлар үшін артықшылық мағынада болатын болса, ал, екінші тауарлар үшін беделдік жайлар, ал , үшіншілерге ұлттық және климаттық ерекшеліктер болып табылады. Барлық факторлар бағаның құрылуына тек жеке-жеке әсер етіп қоймай, кейбір жағдайларда бірлескен жиынтық әсерлерінде тигізіп отырады.

          Баға туралы толық  түсінікті алу үшін оның мағынасын  тереңдете қарастырумыз қажет. Оны бағаның әр түрлі функцияларынан анықтап көруге болады. Бағаның мағынасын, оның функциясы ашып көрсетде -мынадай жайды есте ұстауымыз тиіс: баға функциясы ақша функциясымен ұласып жатыр, яғни, ақшасыз баға болмайды, ал бағасыз, ақша экономикалық мағынаға ие бола алмайды. Бағаға тән функциялардың тәжірибе жүзінде қолданылуына байланысты көптеген экономистер оның негізгі бес функциясын атап көрсетті:

    • Есептік өлшемдік;
    • Қайтаүлестіру;
    • Ынталандыру;
    • Баланыстық / теңестіру;
    • Өндірісті орналастыру.

     Есепетеу  және шығындарды өлшеу функциясын баға, әр түрлі шаруашылық үрдістерін, олардың көрсеткіштерін өлшеумен ұйымның құндық есепті орындауы бойынша жүргізеді. Мысалы, алдын ала дайындалған жағармай көлемі (көліктік дайындау шығындарын қоса алғанда) осы тауардың баға сомасына эквивалентті кәсіпорынның өндірген немесе сатып өткізген тауарлық өнімдерінің көлемі, оның өнімінің немесе қызмет көрсетуінің жиынтық құннына тең. Есептік-өлшемдік функцияны іс-жүзіне асыра отырып, тауарлар мен қызмет түрлерінің еңбек шығындарына байланысты әр түрлі тұтынушылық жайлардың салыстыруына мүмкіндік туындатады. Қоғамнның дайын тауарларға деген мұқтаждығының қамтамасыз етілуінің қаншаға түсетіндігін баға көрсетіп береді. Сонымен қатар өндірістік айналым шығындарын және пайда көлемін анықтайды.

     Баға  механизімінің көмегімен экономика  секторындағы пайда мөлшері жоғары өндірістерге капиталдың шоғырлануы іс-жүзіне асады. Осыған сәйкес баға өзінің өндірісті орналастыру функциясын жүргізеді.

     Сұраныс пен ұсынысты теңестіру функциясы (баланыстық), өндірістегі және айналымдағы  келісімсіздік ( диспропорциялық) жайлардың орнын толтыру есебінен немесе бағаның өзгеруі есебінен (немесе бұл екі шараны  бір кезеңде жүргізу арқылы) жүргізілуі мүмкін.

     Бағаның ынталандыру функциясының мәндік сипаттамасын төмендегідей сипаттауға болады: Яғни оның  өндіріске әсер етуі және әр түрлі тауарларда пайданың бекітілген деңгейі арқылы тұтынылуы.

     Бағаның көмегі арқылы, ғылыми техникалық прогресті, шығын үнемділігін қамтамасыз етуді, өнімдер сапасын жақсартуды, өндіріс  және тұтыну құрылымдарын өзгертуді  ынталандыруға немесе керісінше тоқтатуға мүмкіндік туындайды.

     Ынталандыру функциясы, бағадағы пайда деңгейін теңестіру жолымен бағаға қосымша  баға немесе жеңілдіктер беру жолымен  жүргізледі.

     Бағаның үлестіру және қайта үлестіру функциясы  да негізгі орындарға ие. Ол нарықтық факторлар іс-әрекеті шегінде бағаның құнынан ауытқуына байланысты. Баға үлестіру және қайта үлестіру экономика салалары арасындағы ұлттық түсімнің, оның секторларының, әр түрлі меншік формаларының, аймақтарының, қорлану және тұтынылу қорларының, әр түрлі әлеуметтік тұрғындар тобының арасында үлестіру құралы ретінде қолданылады. Мысалы: қымбат заттарға (алтын, күміс) және беделі имеджі жоғары тауарларға бөлшек сауда бағасының жоғарлауы халықтың бір бөлігінің әлеуметтік бағыттағы қорларды құруы үшін ақша түсімін үлестіруге көмектеседі. Бағаның  бұл функциясы нақты бір тауалар тобының аксизы , ҚҚС және басқа да салықтық сипаттағы алымдар, мемлекет халқының  әлеуметтік мұқтаждығын қанағаттандыруға бюджеттік аударымдар арқылы көрініп отырады.

Информация о работе Баға тұрақтандыру