Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Января 2012 в 15:13, биография
Кракие ғұмырнаманың деректерлерінің туралы өмір және ұлы қазақ әншінің және сазгердің шығармашылығының кезеңдерінде Мұса Байжанұлы.
Жаяу Мұса
Мұса Байжанұлы (1835-1929) - композитор, ақын. Балалық шағында Мұса домбырада, қобызда, сырнайда, скрипкада ойнаған. Жаяу Мұсаның шығармашылығы халық музыкалық дәстүрімен тығыз байланыста дамыған. Жаяу Мұсаның көптеген өлеңдері автордың азаматтық поэзиясына сәйкес келеді. “Ақсиса”, “Хаулау”, “Толғау”, “Сүйіндік” т. б, композитор шығармашылығында лирикалық әндер де жоқ емес. “Шолпан”, “Сәлем, қыздар”, “Гаућар Қыз” сол топқа енеді, туған жер табиғатына арналған әндері: “Баян ауыл”, “Ұлытау”, “Қаршыға”, “Көгершін” жӘне т. б. Жаяу Мұса сондай-ақ, “Қыз күйі”, “Қызбаланың күйі”, “Қамшылау” сияқты күйлердің авторы. Ол, сонымен қатар, бізге бай әдеби мұра қалдырды. Бүгінгілерге танымал “Олжабай батыр” лирикалық поэмасынан басқа көптеген өлеңдері бар. Халық арасында Мұсаның көптеген қанатты сөздері бар. Жаяу Мұсаның бейнесі З.Ақышевтың осы аттас романында толық ашылған.
Жаяу Мұса – қазақтың ақын сазгері. Халық арасында танымал көптеген әннің авторы. Оның ерекше тағдыры, түрлі музыкалық аспапта ойнау өнері – көптеген зерттеушілерді қызықтыратын.
Қазақтың
белгілі халық сазгері, әншісі мен
әндердің авторы Мұса Байжанұлы 1835 жылы
Семей губерниясы Павлодар уезінің
Баянауыл ауданында туған. Мұсаның әкесі,
Байжан, қарапайым бірақ ауқатты малшы
болатын. Ол тәуелсіз, еркін, өткір тілді
және беделді кісі болған. Кішкентай Мұса
жастайынан араб хатын таныған, себебі
оны әкесі молдаға оқуға берген, бірақ
молданың оқуы қабілетті зерек бала үшін
жеткіліксіз болатын. Ол әкесінің үзілді-кесілді
тыйым салуына қарамастан, нағыз мектепте
оқу туралы армандайтын. Бірақ әкесінің
баласымен ісі болмай қалды, Байжан екінші
рет үйленіп, баласы мен әйелін тастап
кетеді.
Он бес жасында Мұса Петропавл қаласына
барады. Көпес татарға жұмысқа тұрып, бос
уақытында өз бетінше оқи бастайды. Ол
тез арада орыс тілін үйреніп, орыс жазушыларының
шығармашылығымен, қаланың музыкалық
өмірімен танысады. Бозбала өзінің білімінің
жеткіліксіз екендігін, әрі қарай оқу
қажеттігін түсінді. Аз-маз қаражатын
жинап, ол Омбыға аттанады.
Бұл туралы Ахмет Жұбанов былай деп жазады:
«Ресейдің шеткері қалаларының бірі болған
Омбы секілді қалада ең болмағанда бастапқы
музыкалық білім алудың өзі орындалмас
арман болатын. Дегенмен, Омбы Мұсаның
музыка мектебіне айналады: ол орыс классиктерінің
шығармашылығын мұқият зерттеп, сыни әдебиет
оқып, концерттерге қатысты. Бұл қалада
Мұса бірінші рет үрмелі аспаптар оркестрінің
ойынын естиді, орыс халық аспаптары оркестрімен
танысып, кәсіби музыка туралы алғашқы
мәлімет алады. Егер ол бұған дейін тек
ән мен күйді ғана есітсе, енді басқа музыка
жанрлары – марш, вальс, мазурка және т.б.
болатындығын білді».
Мұса Омбыда көп жаңа нәрсемен таныс болды,
ол үшін би музыкасы үлкен жаңалыққа айналды.
Сазгер ақын керемет шығармашылық шабытты
сезінді. Домбыра мен қобызбен қатар, скрипка
мен сырнайды игеріп алды.
Осы жылдары Мұса тек Ресейде болып жатқан
толқулар туралы ғана емес, әлемдегі барлық
маңызды оқиғалар туралы өз түсінігін
қалыптастырды. Ол байлар мен кедейлердің
жолдары бөлек болатындығын нақты түсінді.
Жазда ауылға келген кезінде Мұса ауыл
адамдарына Омбыда көргені жайлы әңгімелеп
беретін. Оның даңқы далаға жайыла бастады.
Қазақтың әндері мен күйлерін тамаша орындаумен
қатар, ол орыстың, башқұрттың, татардың
сазды аспаптарын шеберлікпен игерді.
Мұса өз тыңдармандарын орыс музыкасының
кейбір үлгілерімен таныстырды. Оның сырт
бейнесі де дала тұрғындарына ерекше әсер
ететін: қалалық киімі мен жүріс-тұрысы,
гармония мен скрипкадағы ойыны, орыс
ақындары туындыларының аудармалары оны
ерекше ететін.
Ол ауылының қоғамдық өміріне де белсене
қатысатын. Өзінің сүйікті атына мініп
алып, ауылдарды аралап, адамдарға газеттер
мен журналдардан, кітаптардан оқығаны
туралы әңгімелеп, жаңа әндер орындап,
домбыра, скрипка мен гармоньда ойнап,
халықтың көңілін көтеретін. Өнерпаздың
айналасына қашанда халық көп жиналатын.
Ән мен күй, ойын-сауық, әзіл мен сықақ
оның ажырамас серіктері болатын. Осының
барлығы жергілікті феодалдар – ағайынды
Мұса мен Мұстафа Шормановтардың ызасына
тиетін. Қайдағы бір кедейдің атағы олардан
асып түсті! Шормановтарға Мұса олардың
атағын тартып алғандай көрінетін. Бір
күні Мұса әнін айтып Шормановтардың ауылынан
өтіп бара жатқан жерінен, олар оның жалғыз
атын алып қояды. Себебі, олардың ойынша,
Мұса ауылдан өткен кезде қазақ даласының
беделді тұқымдарына құрмет көрсетіп,
атынан түсуі тиіс еді. Шормановтар далада
тек жалғыз Мұса – Шорманов Мұса болуы
тиіс деп сенетін.
Құдіретті Шормановтарға қарсы кедей
Мұса шарасыз болатын. Сазгер әнші енді
ауылдарды жаяу аралай бастады. Сөйтіп
халық арасында ол «Жаяу Мұса» атанып
кетті. Мұстафа Шорманов әншіні қорлау
үшін оның атын тартып алған болатын. Қазақ
үшін жаяу қалу – қорлық. Бірақ Мұса, енді
Жаяу Мұса, уайымға батпай, баяғыдай ауылдарды
аралап, әнін айтып, скрипка мен гармоньда
ойнап, халықтың көңілін көтеретін.
Дегенмен Шормановтардың әлімжеттігі
Мұсаның намысына тиді. Ол тек өзінің өнерімен
ғана кек қайтара алытындығын түсінді.
Әнші Шормановтардың дөрекілігіне өнердің
жеңілмес күшін қарсы қойды. Осылайша,
бүлік пен күрестің гимніне айналған оның
атақты әні– «Ақ сиса» пайда болды. Ән
тек Шормановтарды ғана әшкерелеп қоймай,
қазақ даласындағы феодалдық өмір салтын
сынайтын.
Тағдыр әмірімен, баяғы кедей енді ауылнайға
айналады. Ол ауыл старшинасы болып сайланды.
Аз уақыт ішінде өз шаруасын ретке келтіріп,
үйленуді шешеді. Оның таңдауы Қыпшақ
руынан Құлбайдың қызы Сапарға түседі.
Бойжеткен Сапар Мұсадан едәуір жас болатын.
Бұл кезең ақынның өміріндегі ең тыныш,
бейбіт кезі болатын.
Мұсаның халық арасында танымал әндерінің
бірі – «Құлбай» – оның қайын атасына
арналған. Әнде кекесін де, қулық та, ойнақы
әзіл де бар. Қайын атасының және оның
үйіндегілерінің мәдениетсіздігі мен
ұқыпсыздығын әшкерелей отырып, Мұса оның
қызы Сапарға жылы лебізін айтады.
Мұса жайбарақат ауыл өмірінен ләззат
алып, жұбайы, балалары мен жолдастарының
арасында өмір сүріп жатты. Бірақ бұл жайбарақат
өмір ұзаққа созылмады. Көп ұзамай отыз
жеті жасында Сапар қайтыс болады. Мұса
әйелінің өліміне қатты қайғырды. Бұл
кезде сазгер мен қайын атасы Күлбайдың
арасындағы қырғи қабақтық өрши түсті.
Аңыз бойынша, Мұса, әйелі Сапарды жерлегеннен
кейін, қайын атасының табалдырығынан
аттамаған. Өз жарының бейітіне балаларымен
бірге келіп, қайғырып ұзақ отыратын. Ол
қайтыс болған әйеліне «Сапар» әнін арнады.
Жаяу Мұсаның музыкалық шығармашылығы
пішіні жағынан да, мазмұны жағынан да
көп қырлы, әрі бай. Оның шығармашылығына
атақты әнші сазгерлер Біржан мен Ақанның
және үздік «қалалық» әуен үлгілерінің
ықпалы тиген. Ақын өзінің «Гаухар қыз»
туындысын Біржанның, Ақан Серінің ықпалымен
шығарған. Бұл азаматтық сезімдерге толы
нәзік лирикалық ән. Алғашқы ноталарынын-ақ
ән тыңдарманның жүрегін баурап алады.
А.Затаевичтің жинағына кірген «Тұрымтай»
әні сазгердің бұған дейінгі әндеріне
қарағанда кеңірек келеді, сондықтан ол
кейіннен марш ретінде орындалатын болды.
Қазан қаласында Жаяу Мұса ондаған беттен
тұратын өмірбаянын жазып шықты. «Қазан
дәптері» аталған бұл дерек композитор
өмірінің белгісіз құпияларын ашады. Қолжазбада
автордың Кострома мен Ярославль арқылы
Петербургке аттанып, одан әрі қарай Польшаға,
Литваға, ежелгі Владимир қалсына сапары
туралы, одан кейін Черняев отрядына тұтқынға
түсіп, Әулиеатаға барар жолда одан қашқаны
туралы баяндалады.
Жаяу Мұса басқа қазақ халық сазгерлерінен
ерекше тұрады. Ол қалада білім алып, Шоқан
Уәлихановпен таныс болған, Ыбырай Алтынсариннің
«Кел, балалар, оқылық» атты өлеңіне әуен
жазып, күнделік жазбаларын өлең түрінде
жүргізген, Абай Құнанбайұлына ән арнаған.
Жаяу Мұсаның әндеріне тән ерекше белгі
- оларда халықтардың түрлі әуендерінің
мотивтері сезіледі. Жаяу Мұса көптеген
күйдің авторы. А.Затаевич, А. Жұбанов,
Б. Ерзакович және басқа да зерттеушілер
Жаяу Мұсаның әндері мен күйлерінің ноталық
жазбаларын жасаған. Орыс тілін біліп,
орыс халқының музыкалық мәдениетімен
таныс болуы оның шығармашылығын байыта
түсті. Дегенмен ол қазақ халқының ерекше
сазгері болып қалады, оның әндерін қазақ
музыкасынан бөліп қарау мүмкін емес.
Ал оның өз әндерін скрипкамен және гармоньмен
сүймелдеп, аспаптық аккомпанементке
жүгінуі қазақ музыкасының «рухын» еш
бұрмаламайды, тек Жаяу Мұсаның шығармашылығын
байытып, әсемдей түседі. Жазбалар
Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік
мұражайының қорларында Жаяу Мұсаның
сазды аспаптары сақталуда. Олардың ішінде:
әншінің өмірлік серігіне айналған ХХ
ғасырдың бас кезінде Мұсаның өз қолымен
қарағайдан жасаған қос ішекті домбырасы.
Бұл аспапты Мұсаның ұлы Садық сыйға тартқан.
Жаяу Мұса қобызда да керемет ойнайтын
болған, оның қобызы да мұражайда сақталған.
Бұл аспаптың тарихы бір ғасырдан асады.
Кейбір мәліметтер бойынша, Жаяу Мұса
қобызды 1912 жылы Петропавл қаласынан сатып
алған. Орталық мұражайда аспап 1955 жылдан
бері сақталуда.
Көптеген қалаларға барып, түрлі халықтардың
әуендерін естіген Жаяу Мұса, скрипкаға
әуестенген. Ақынның скрипкасы мұражайда
күні бүгінге дейін сақталған. ХХ ғасырдың
бас кезінде жасалған бұл аспап өзінің
қабында сақталуда. Аспаптарды қолға алған
кезде ерекше сезім мен жанды жылуды сезінесің.
Олар әлі де сазды әуен бергендей, өйткені
Жаяу Мұсаның әндері мен күйлері халық
арасында әлі де тірі.