Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 08:57, реферат
Білімділік мақсаты: Қазақ халқының музыкалық мұрасы- домбыраның түрлері, домбыраның құрылысы жөнінде мағлұмат бере отырып, домбыраны жазықтықта салып үйрену.
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың халық мұрасын танып бейнелеп, үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Домбыраны дұрыс жазықтықта бейнелеуді қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты: домбырының үні құпия, сиқырлы, әсем болса, оны бейнелеп, жасау соншалықты сан алуан шеберлік пен қажырлы еңбек етудің нәтижесі екенін ұғындыру арқылы оқушылырдың ұлттық сана – сезімін оятып, қазақтың қара домбырасының асыл қасиетін қастерлей білуін ұғындыру.
“Қазақтың ұлттық аспабы – домбыра”
Астана қаласы, № 68 орта мектептің
технология пәні мұғалімі,
Аға тәлімгер Есенберлина Сағыныш
Білімділік мақсаты: Қазақ халқының музыкалық мұрасы-
домбыраның түрлері, домбыраның құрылысы
жөнінде мағлұмат бере отырып, домбыраны
жазықтықта салып үйрену.
Дамытушылық мақсаты:
оқушылардың халық мұрасын танып бейнелеп,
үйренуге деген қызығушылығын арттыру.
Домбыраны дұрыс жазықтықта бейнелеуді
қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты:
домбырының үні құпия, сиқырлы, әсем болса,
оны бейнелеп, жасау соншалықты сан алуан
шеберлік пен қажырлы еңбек етудің нәтижесі
екенін ұғындыру арқылы оқушылырдың ұлттық
сана – сезімін оятып, қазақтың қара домбырасының
асыл қасиетін қастерлей білуін ұғындыру.
Сабақтың түрі:
Экскурция сабағы.
Өтілетін орны:
Қазақ Ұлттық Академиялық кітапханасы,
өнер бөліміне экскурция жасау.
Сабақтың көрнекілігі:
Домбыра, оқулықтар, СD дискісіндегі “Балалық
шақ” күйі. Слайд.
Сабақты басталмас бұрын
кітапханаға экскурция жасалады. Оқушылар
танысып болғаннан кейін, өнер залына
өтеді.
Сабақтың жүру барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: (3 мин)
І. Оқушылармен амандасу! Сабаққа дайындығын
байқау. (3 мин) Осы жерде “Балалық шақ”
күйі орындалады.(3минут)
Бабамыздың мұңысың сен домбыра,
Анамыздың сырысың сен, домбыра,
Қазағымның жүрегінен жаралған,
Даламыздың үнісің сен, домбыра!
І. Жаңа сабақ:
Бүгін біз домбыра туралы білімімізді
толықтыратын боламыз.
Ең алдымен домбыраның шығу тарихы мен
таныстырайын. (мұғалім оқушыларға домбыраның
шығу тарихы мен аңызы туралы айтып береді.Домбыраның
суреті слайдтта көрсетіледі.)
Домбыра – ерте заманнан бері халқымызбен
бірге келе жатқан, оның рухани жан серігіне
айналған музыкалық аспаптардың бірі.
Домбырыда күй, терме, ән қосылып орындалады.
Күй,терме – қазақ халқының музыкалық
мұраларының бірі. Ол әр түрлі аспапта
орындалуына байланысты қобыз, сыбызғы
және домбыра күйлері деп аталады. Домбыра
екі, кейде үш шекті шертіп немесе қағып
ойнайтын музыкалық аспап ретінде танымал.
Қазақ жерінін әр өлкелерінде тұратын
халық шеберлері домбыраны өз қалауынша
әр түрлі үлгіде жасады. Оған қайың, қарағай,
жөке, шырша, үйеңкі ағаштарын пайдаланған.
Домбыраның шанағын бөлшек ағаштардан
ойып жасады. Алғашқы кезде перне саны
5-7 дейін болса, кейін 9- 19 дейі жеткен. Қазақстан
жерінде домбыра пішіні түрлі болған.
Мысалы: Оңтүстік пен батыс өлкелерінде
сопақшаланып немесе дөңгеленіп келсе,
ал орталық, сол түстік және шығыс өлкелерінде,
көбіне домбыра шанағының бұрыштары үшкірленіп
жасалынған.
6000 жылдық тарихы бар аспапты қазіргі
таңда шеберлердің әр қайсысы өзінің білгенінше
дайындап жатыр дейді маман. Алайда оларға
ешқандай кінә таға алмайсын, себебі бұл
аспапты дайындаудың әлі күнге дейін мемлекеттік
стандарты жоқ. Ал стандарт болу үшін арнайы
зерттелуі қажет. Жұмагелді Нәжімеденов
егер зерттеу жұмыстары жүзеге асырылатын
болса, ежелгі домбыраның үні қайта оралар
дегенді айтады.
Домбыра аспабының шығу тегін зерттеуде
аңыз – әңгімелерге жүгінуге болады. “Ертеде
бір хан кедей жігітпен көңіл жарастырғанын
сезіп қалады да жігітті дереу дарға астырады.
Екі қабат болып қалған қыз мезгілі жетіп
босанады. Оны аңдыған мыстан кемпір егіз
баланы көз көрмес, құлақ естімес, алыс
жерге апарып, жап – жасыл үлкен бәйтерек
басына ұлды батысқа, қызды шығысқа қаратып
іліп кетеді. Сәбилердің көз жасы тамған
бәйтерек солады, жүрегі тоқтаған нәрестелермен
бірге ағаш та қуарады.
Қаңқу әңгіме халық арасында жата ма, оны
естіген ана егізін іздеп жолға шығады.
Жолдан шаршаған ана ағаш түбіне келіп,
демалады Құлағына күмбірлеген сарын
естіледі. Қайдан шығатын әуен екенін
білгісі келіп ағаш үстіне шығып тыңдаса,
жаңағы бәйтерек сынып кетеді. Ағаштың
түбінен басына дейін іші қуыс екенін
көреді. Екі басына бұтақтан – бұтаққа
керіліп қалған ішектерді көреді.Екі ішек
самал желмен тербеліп, одан әуен шығады
екен. “Егіз құлынымнан қалған жұрнақ
осы болар”деп сол ағаштан аспап жасап
алады. Батысқа қараған ішегі бостау, шығысқа
қараған ішегін қаттылау керілген екен.
“Астыңғы ішек – жіңішке дауысты қызым
Зарлық, ал үстіңгі ішек – бос қоңыр дауысты
ұлым Маңлық болсын” деп екі ішекке ат
қойып, домбырасын тартып, күй шығарып
кеткен екен” дейді аңыз – әңгіме туралы
еңбегінде этнограф Өзбекәлі Жәнібеков.
Зерттелген деректерге байланысты Кемел
Ақышев бастаған бір топ ғалымдар домбыраны
нелит д.д.4000 жыл бұрын тастарға сылынып,
ең алғаш қыпшақнотасымен таңбаланған
деседі.
Ол қазақтың этнограф - ғалымы Өзбекәлі
Жәнібековтың домбыра туралы зерттелген
еңбетерімен таныстырады….
Халқымыздың күйші – домбырашыларымен
және олардың шығармашылық өмір баянымен
танысады.
1. Құрманғазы
2. Дина
3. А. Мұсағалиев
4. А. Қоразбаев
Портреттері көрсетіліп, жалпы шолу жасау.
Олардың еңбегімен танысу және оқушылармен
әңгімелесу. Қазіргі XXІ ғасыр мукасымен
байланыстырып мысал келтіріп “Ұлытау”
тобы жайлы айтып кетуге болады. Оқушыларға
сұрақ қойылады.
Оқушылар бізді бүкіл әлемге танытып жүрген
қай топты білесіңдер? (оқушылардың жауабы
“Ұлытау” тобы.) Яғни олардың музыкалары
қазіргі заманға сай етіліп жазылған.
Орындалатын күйлерінде электрондық гитара,
скрипка және қазақтың ұлттық домбырасы.
Қорытынды:
Сұрақ – жауап арқылы бүгінгі сабақты
бекіту.
1. Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ
домбыра деп не атаған?
2. Домбыра жасау үшін қандай ағаштарды
пайдаланған?
3. Күйші кімдерді білесіңдер?
4. Домбыраның неше жылыдқ тарихы бар?
Сабақтан алған әсерін қағаз бетіне түсіріп
5 – 6 сөйлемнен тұратын эсее жазып береді.
(3 мин)
Диханбаев Еркінғали Боранқұлұлы, Шу қаласы, Төле би орта мектебі, Сызу-сурет пәнінің мұғалімі.
Ауыл мектептерінде көркемдік бағдарлы білім беру.
«Баланы бір затпен таныстырмақшы
болсаң сол зат туралы сөйлеп қана
қоймай, оны балаға алып келіп көрсет,
көрсетіп қана қоймай сол заттың суретін
салғыз, әрі суретпен ғана қанағаттанба,
балшықтан мүсін жасауға үйрет.
Мағжан Жұмабаев
Қай заманның болсын мұғалімі алдымен ұлы Абайдың «ұстыздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей тәлім-тәрбиесінен жалықпайтын, шығармашлылығы мол, еңбекшіл парасатты азамат болуы керек. өйткені баланы өзіне тарытп алатындай шын тәлімгерлігі бар адам ғана ұстаз деген атаққа ие боады. Елбасының білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ-съезінде «Болашақта еңбек етіп, өмңр сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүкетелетін міндет өте ауыр».
Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Сондықтан да «Білім беру мен ғылымды, мәдениет пен өнерді дамыта отырып, адамгершілік, зиялылық қасиеттерді қалыптастыру мәселесі негізінде еңбек етуге бет бұрған мектебіміз ғылым негіздерін, ана тілі мен шет тілін жетік меңгерген, өз халқының және өркениетті елдердің мәдениеті мен сусындап жоғары эстетикалық талғамдарға сәйкес тәрбие алған, өзінің жеке психологиялық қасиеттерінің дамуына сай шығарамашыл, қабілетті, дүние танымы мол, Отанына қалдықсыз қызмет жасай алатын саналы да парастатты азамат тәрбиелеу басты міндет, мақсат-мұратым деп санаймы.
Осыған байланысты оқуышыларға жаппай адамгершілік, ізгілік, эстетикалық тәлім-тәрбие беруді қамтамасыз ету үшін, бұған дейін орын алып келген эстетикалық пәндерге қосалқы сабақ ретінде қарайтын көзқарасты түбегейлі өзгерту шараларын қолға алайық.
Мектеп жасындағы балаларды өнерге баулу – басты міндеттердің біріне жатады. Өнердің негізгі саласының бірі – бейнелеу өнері. Бейнелеу өнері адамның өз оратасын түсінуіне, әдемілік пен әсемдікті, жақсы мен жаманды ажыратуға бағыттайтын білім сатысынң басы. Сурет саулды сүю – өнерді, табиғатты яғный қоршаған ортаны сүю. Ол адамның ақыл-ойын, парастын өсіреді, танымын кеңейтеді.
Бейнелу өнері сабағы мектеп қабырғасында жүргізілетіндіктен, өнерді үйретуге оның әсері мол. Қазақстанда бастауыш сыныптарға арналған бейнелеу өнерінің пәндері жарық көре бастады. Біздің балалардың салған суреттеріне көзқарас қалай?
Мысалы, балалар мен жасөспірімдер орталығы мен өнер мектебі бірлесе отырып шығрамшылық жұмыс нәтиежелері облыс, аудан көлемінде танымал болып қалған асфальтқа сурет салу байқауы «Менің Отыным» тақырыбында жылда өтеді. Оған аудан мен қала мектеп жасындағы балалары қатысады. Бұл байқау Қазақстан республикасының кешенді бағдарламасының отаншылыдыққа тәрбиелеу, салауатты өмір салтын сақтау, нашқорлықпен СПИД-ке қарсы кұрес акциясы ретінде өткізіледі.
Балалар шығармашылығын дамыту үшін «Таланттар шұғыласы» атты облыстық және аймақтық байқау жылда өткізіледі. Мұндағы мақсат талантты балалардың кәсіби деңгейінің көтерілуіне ықпал ету. Психологиялық тұрғыда баланың толыққанды өзінің жан сарайын ашуға көмекетесу. Оған мысал Алматы мемлекеттік Жүргенов атындағы академияда, көркемсурет колежінде, «Сымбат» академиясында мектеп шәкірттері оқуда. Мысалы Қазақстан жас суретшілер мүшесі Сауытбеков Нұржан, Нұхина Рахат т.б сияқты шәркірттер аталған оқу орындарын бітірген. Ауылдың мәдениетін дамытуға ұлес қосып және мектептердегі эстетикалық тәрбиені жүргізіп баларларды тәрбиелеуде. Сонымен қатар суретшілер мектебін бітірген Әбдіхалықова Аида – Өнер мектебінің директоры. Қоңырбаев Нұрлан – Балалар мен жасөспірімдер мектебінде «Мүсіншілер» үйірмесінің жетекшісі.
«Жақсы сурет мың сөздің орнын толтырады» деген қытайдың мақалында айтылғандай сурет өнерін жаңа инновациялық көзқараспен дамыту – компьютерлік графика, жаңа үлгідегі дизайнерлер ХХІ-ғасырдың талабы. Осы себепті баланың мектепке дейінгі білім беруде мектептен тыс мекемелердің маңызы зор екенін айтқым келеді.
Балалар суретттері – бір ғылыми негізі бар шығармашылық еңбек. Біз көбінесе бейнелеу өнерін ұлтық сана-сезімді қалыптастыратын бір ғана жол деп қараймыз. Бұл дұрыс емес. Оқуышлар мектепте дене шынықтыру пәнін қалай ұнатса, бейнелеу өнері пәніне де сондай қажеттілікті туғызуымыз керек. Сонда ғана бейнелеу өнері пәніне орта мектептерде, жоғарғы оқу орындарында жалпы қоғамдықұ дұрыс көзқарас қалыптастыра аламыз.
Эстетикалық қабілеттің бір кемшілігі оның ұлттық және аймақтық мәдениеттің ерекшелігіне, дәстүріне бағытталмауы. Сол себептен ол бір жағынан мектеп жасындағы балалардың өзіндік ұлттық танымының қуатты құралы бола алмаса, екіншіден оның жалпы азаматтық рухани құндылықтары мен мұраттарға белсенді жақындату факторы бола алмайды. Мектеп оқушылары халық өнерін жетік біліп, түсініп қана қоймай төл мәдениетінің белсенді жасаушысы иесі әрі жалғастыраушысы болу өте маңызды. Жалпыға бірдей көркем эстеиткалық білім және тәрбиені арнттыру үшін, жалпы білім беру үшін көркемдік стилдегі пәндерге көзқарасын өзгертуі тиіс. Өнер пәндері (қазақ әдебиеті, музыка, сәулет, бейнелеу және қолөнер, хореография, теятр және кино өнері, этка жэне эстетика) шығармашылық қабілентті оқу пәндерінің қатарына енуі қажет. Баланың мәдени өрісін кеңейту, сұлулықты қабылдау, әшекейлік өнері және бейнелеу өнерімен шұғылданудың рөлі өте зор. Мектептегі эстетикалық ұғым бейнелеу өнері көмегімен төмендегідей міндеттер арқылы жүзеге асады.
– Мектеп оқуышларының эстетикалық
талғамын шынайы заттар мен құбылыстар
арқылы жүзеге асыру. Мұндағы практикалық
сабақтарда мұғалімдерге көрнекті құралдырды
дұрыс пайдалануға, оқушылардың білім
дағдысын арттыруға, оларды көркем бейнелер
сомдауға, қиялын ұштауға көмектеседі.
– Оқушылардың өз елінің мәдениетіне,
дәстүріне деген сезімдік-эстетикалық
қарым-қатынас қалыптастыру ең алдымен
бейнелеу өнерін сапалы ұғынып қабылдау
деңгейін жоғарлату.
– Бейнелу өнерінің туындыларын талдау
мен түсіну барысын оқущылардың ізденістерге
ынталандыру, шығармашылық қабілеттерін
дамытудың педагогикалық тұрғыда негізделген
шарттарын жасау.
– Ұлттық салт-дәстүр, сәндік қолданбалы
өнер, көркемдік кәсіп, дизайн негіздері,
Қазақстан көркем мәдениеті бойынша факультативті
курстар, сондай-ақ өнерді тереңдетіп
оқытатын мектептер, оқу әдістемелік құралардары,
бағдарламалар жасау.
– Соңғы кезде бейнелеу құраладары арқылы
эстетикалық тәрбие беру саласында мектеп
оқушыларын, халықтың қолдланбалы көркемдік
өнеріне жақындату кең қанат жайып келеді.
Мысалға аудандағы Өнер мектебі, Балалар мен жасөспірімдер орталығын айтуға болады. Баланың жеке тұлғасын қалыптастыруда көркем шығарамашылықтың маңызы өте зор. Өйткені, бейнелеу шығармашылығы шындықты танудың тиімді құралы. Оқушылардың салған бейнелері олардың дүниесі қалай қабылдайтындығын көрсетеді. Бейнелеу өнері – эстетикалық тәрбиенің бір буыны, әрі көркемдік білім беру құралы.
Нұргүл ӘКIМҒОЖИНА: ҰЛТТЫҚ ӨНЕР ӨРКЕНДЕЙ БЕРУI ТИIС
Бүлдiршiндерден
құрылған "Арнау" фольклорлық
ұлт аспаптар ансамблi қазақ деп
соққан жүректердi таң-тамаша етпей қоймасы
сөзсiз. Бiрi – жетiгенде, бiрi – қобызда,
бiрi – домбырада, бiрi – сазсырнайда, ендi
бiрi – шаңқобызда ойнайтын бүлдiршiндер
қазақтың саз аспаптарының құдiретiн әлемге
әйгiлеп жүр. Бұл да болса – қазақтың қанында
бар өнерiнiң өлмегендiгiнiң нышаны. Ансамбльдiң
көркемдiк жетекшiсi Нұргүл Әкiмғожинамен
әңгiмелесудiң сәтi түстi.
– Баланы кiшкене
кезiнен өнерге баулу оның рухани дамуына,
болашақ өмiрiнiң дұрыс бағыт алуына жол
ашады деген ұстаныммен келiсесiз бе?
– Абай атамыз "Адам ата-анадан туғанда
естi болмайды: естiп, көрiп, татып ескерсе,
дүниедегi жақсы, жаманды таниды дағы,
сондайдан бiлгенi, көргенi көп болған адам
бiлiмдi болады. Естiлердiң айтқанын ескерiп
жүрген кiсi өзi де естi болады. Әрбiр естiлiк
өзi жеке iске жарамайды. Сол естiлерден
естiп бiлген жақсы нәрселерiн ескерсе,
жаман дегеннен сақтанса, сонда iске жарайды,
соны адам десе болады", – дейдi. Баланы
кiшкене кезiнде жақсы өнерге баулу – ата-ананың
мiндетi. Ал ұлттық өнердi бойына сiңiрiп
өскен бала өз жолынан ешқашан адаспайды,
бөтеннiң iзiн қуаламайды.
– Ойын жасындағы
баланы өнерге баулудың қиындықтары мен
қызығы туралы не айтар едiңiз?
– Шәкiрттерiмнiң көбiсi – қаланың балалары.
Қазақ мектебiнде оқиды деген аты болмаса,
ортасы орысша болғандықтан, орысша сөйлейдi.
Алғашында қазақ қылып тәрбиелеу қиынға
түсетiнi рас. Бiрiншi дәрiстi "Мынау домбыра,
ол – ата-бабамыздан қалған мұра" деп
түсiндiре бастаймын. Басында "ата-баба",
"мұра" дегендi ұға қоймайды. Уақыт
өте келе күй тыңдап, өздерi орындап үйрене
бастағаннан кейiн, ұмытылып қалған сезiм
оянады, жүрек жiбидi. Одан кейiн икемге
келедi, тез үйренiп, ұлттық дiлмен үндесiп
кетедi.
– "Тәрбиесiз берiлген
бiлiм – адамзаттың қас жауы" дептi әл-Фараби
бабамыз. Балаға бiрiншi бiлiм емес, тәрбие
беруiмiз керек деген пiкiрге қалай қарайсыз?
– Тәрбие отбасынан басталады. Отбасында
ата-анасы қазақша сөйлеп, халықтық тағылыммен
тәрбиелеу керек. Мектептегi тәрбиеден
гөрi үйдегi тәрбиенiң орны ерекше. Менiң
ансамблiмде ауылдан келген балалар да
бар. Әуелде көзқарастары басқа болғанымен,
араласа келе бiр-бiрiне етене жақын болып
кетедi. Бiрiншi домбыраны үйретемiз, игерiп
алғаннан кейiн басқа аспаптармен таныстыра
бастаймыз, мәселен қылқобыз, сазсырнай,
шаңқобыз, т.б. ұлт аспаптарын, сонымен
қоса сахна тәртiбiн үйретемiз.
– Ұлттық аспаптарды
нотамен үйренгеннен гөрi, құйма құлақпен
үйренген дұрыс деп жатады. Расында да
"нотамен үйренгендер белгiлi жүйемен
тартып, шынайы өнердi бере алмайды"
дейдi, осы оймен келiсесiз бе? Сiз қандай
әдiспен үйретесiз?
– Кейбiр балалардың қабiлетi төмен болады.
Бiр рет көрсеткенде құйып ала қоймайды.
Сондықтан балаларға нотамен үйрену әлдеқайда
жылдам болады. Бұл – менiң өз пiкiрiм. Кейбiр
балалар бiр естiп, көрiп алса, қағып алады.
Ондай талантты балаларға нотамен де,
құймақұлақпен де үйреткен дұрыс шығар
деп ойлаймын.
– Алғашқы сөзiңiздi
Абайдан бастадыңыз. Сiздiң Абайдың ұрпағы
екенiңiздi бiлемiз. Өнер жолына, ұстаздық
жолға түсуiңiзге Абайдың ұрпағы болғаныңыз
әсер еттi ме?
– Әсер еткен шығар деп ойлаймын. Бала
күнiмiзде ата-анамыз Абай атаның үйiне
апарып, аталарыңның домбырасы деп үш
шектi домбырасын көрсететiн. Бiз сол домбыраны
қолымызға ұстап өстiк. Абай атамыз қолданған
тоғызқұмалақ ойынын ойнайтынбыз.
– Абай атамыз ұстаған
үш шектi домбырада ән салып, күй шерту
жойылып бара жатқан жоқ па?
– Жойылып барады деуге болады, бүгiнде
оны насихаттап жүрген тек Жарқын Шәкәрiм
ағамыз ғана. Кезiнде Болат Сарыбаев ұлттық
аспаптарды үлкен iзденiспен жан-жақтан
жинап, қайта қауыштырған болатын. Болат
Сарыбаев Жарқын Шәкәрiмге үш шектi домбыраны
өз қолымен табыстаған екен. Содан Жарқын
ағамыз үш iшектi домбыраны елу жыл бойы
қолынан тастамай насихаттап келедi.
Абай атамыздан кейiн үш шектi домбырада
Шәкәрiм, одан кейiн Шәкер ата ойнаған.
Ол кiсiден iлгерiде арнайы дәрiс алып, күйлерiн
нотаға түсiрген болатынмын. Кейiн маған
үш шектi домбырасын сыйға тартты.
– Хәкiм Абайдың ғибратты
өлеңдерi мен қара сөздерiн шәкiрттерiңiзге
насихаттап отырасыз ба?
– "Мен жазбаймын өлеңдi ермек үшiн,
Жоқ-барды, ертегiнi термек үшiн.
Көкiрегi сезiмдi, тiлi орамды,
Жаздым үлгi жастарға бермек үшiн" –
деп, атамыз артына қаншама ғибратқа толы
өлеңдерi мен қара сөздерiн қалдырып кеттi.
Ретi келгенде шәкiрттерiме өлеңi мен қара
сөздерiнен мысал келтiрiп айтып отырамын.
– Домбыраны үйренгеннен
кейiн шәкiрттерiңiздiң мiнез-құлқында дүние
танымға деген өзгерiс байқала ма?
– Ұлттық аспаптарды игергеннен кейiн,
әр баланың бойында ерекшелiктер байқала
бастайды. Бiреуi төкпе күйге жақын болса,
екiншiсi шертпе күйге бейiм келедi. Шәкiрттерiм
жайлы айта кетсем, ансамбль құрамында
он үш бала бар. Ғалымбек Ақбота (домбыра),
Нұрлыбек Анель (домбыра), Хамзина Инна
(домбыра), Рамаданова Дидара (жетiген),
Жақсыбекова Камила (шiңкiлдек), Омаров
Салих (сазсырнай), Омаров Сырым (шаңқобыз),
Ардақ Амирлан (дауылпаз), Бисары Үмiт (қыл
қобыз), Жұмажанова Анель (қыл қобыз), Еркiн
Ернар (тұяқ) Сарсенбаева Адина (мүйiз)
Барлыбаева Адина (жетiген).
– "Арнау" ансамблi
шет елдерге барып, үлкен құрметке ие болып
жатқанын естiп жүрмiз. Ансамбльдiң өнерiн
елiмiзде қай деңгейде бағалайды?
– Өнер жолы – ауыр жол, сыншы көп, сондықтан
терең iзденiстi, қажырлы еңбектi қажет
етедi. Мақсатымыз – қазақтың өнерiн өлтiрмеу.
Осы мақсатпен шамамыз жеткенше жан-жақты
iзденiп жатырмыз.
"Ортеке" Бiрiншi Республикалық байқауы,
халықаралық фестивалiне қатыстық. Райымбергенов
ағамыз бас жүлде, "Тұран" этно-фольклорлық
ансамблi бiрiншi орын, "Арнау" ансамблi
екiншi орынды иемдендiк. Бұл – бiз үшiн
қуаныш, үлкен жетiстiк. Бұған дейiн "Астана-Мерей"
халықаралық байқауында, "Асыл мұра"
қалалық және "Ғұмырдария" республикалық
байқауында, поляк композиторы Александр
Затаевичтiң атындағы екiншi Республикалық
"жас музыканттар байқауында" бас
жүлденi иелендiк. "Ортеке" байқауынан
кейiн қуыршақтар өнерi қауымдастығының
бас директоры Род Петрович бүкiл әлемдiк
фестивальге шақырды. Бiз үшiн бұл үлкен
қуанышты жайт. Бiрақ ендi осыны қолдайтын,
қаржы мәселесiн шешiп беретiн адам табылмай
отыр. Чехияға баратын болғандықтан, қаражат
жағы қиын болып тұрғаны рас. Шындап келгенде,
бұл Қазақстан үшiн үлкен жетiстiк, қуаныш
болуы керек. Ол жерде өнер көрсететiн
қазақтың баласы болғандықтан, сол балалар
арқылы ұлтқа баға берiледi. "Атамұра"
корпорациясының президентi Рахымғали
Абрарұлы қолдау көрсетiп, қазақ жастарына,
өнерiне деген жанашырлығын танытып отыр.
Демеушi болатын басқа да өнер жанашырлары
шығып қалар деген үмiттемiз.
– Орта мектеп бағдарламасына
ұлттық аспаптарды үйрететiн арнайы дәрiс
енгiзу керек деген пiкiр айтылып жүр. Бұған
көзқарасыңыз қандай?
– Өте орынды пiкiр. Әндi айтқан бала домбыра
да тартады, домбыра тарта бiлген бала
әндi де айтады. Елiмiздiң барлық өңiрлерiнде
ұлттық аспаптарды үйретудi арнайы дәрiс
ретiнде сабақ кестесiне енгiзсе, онда мен
өнер iргесiнiң бiр тасы қаланды деп есептер
едiм. Оқушыларға бұл өмiр бойы рухани азық
болады.
– Ұлттық аспаптар
арасында домбыра ғана бренд бола ала
ма?
– Тек домбыра емес, ұлттық аспаптардың
барлығын жетiлдiрiп, жаһанға жария етiп
көрсеткен дұрыс деп есептеймiн. Сонда
қазақтың өнерiнiң бай болғаны, мәдениетiнiң
жоғары болғандығы аңғарылады. Бұл – аталарымыздың
кiм болғанын баяндайтын белгi. Жекелеп
алатын болсақ, көне аспаптарымыздың бiрi
– қыл қобыз. Мысалы Қорқыттың, Ықыластың
күйлерiн естiсең, тұла-бойыңды баурап
алады, бiр рахат сезiмге бөленесiң, тыңдай
отырып жан-дүниең емделедi. Шертпе күй
ойнап отырса, адам дем алады. Ал төкпе
күй ойнағанда шабытың келiп, жан дүниең
жанып, көңiл күйiң көтерiлiп қалады.
Мектеп бағдарламасы шеңберінде аспаптық музыканы қолданудың әдіс-тәсілдері [ 48 бет ]
Жоспар
Кіріспе
Өзектілігі. Бүгінде мектеп окушыларына
ұлттық музыка өнерін, әсіресе бастауыш
сынып окушыларына аспаптық музыкаға
қызығушылығын арттыру мен оның тәрбиелік
негізін тереңірек меңгеру қажеттігі
туындап отыр. Бұған негіз ретінде Р.Жәрдемәлиеваның,
М.Балтабаевтың, А.Райымбергеновтың, Ш.Құлманованың
бастауыш сыныптарна арналған әдістемелік
бағдарламасын атап өтуге болады. Ол оқушының
талғамын, эстетикалық тәрбиесін, көркемдік
қызығушылығы мен шығармашылық қатынасын
арттыруға ықпалын тигізуде.
Қазақ халық муызыкасы, дәстүрлі көркем
мәдениетін жетілдіру мақсатында пайдалану
жолын қарастырып, педагогикалық мүмкіндіктерін
ашып көрсеткен ғалымдарымыз- С.А.Ұзақбаева,
М.Х.Балтабаев, Т.А.Қышқашбаев, Ж.З.Өтемісов,
Р.К.Дүйсембінова, Ұ.А.Асанова, М.А.Оразалиева
және т.б.
Ұлттық музыка өнерінің бала тәрбиесіндегі
мүмкіндігіне ағарту ісінің көптеген
қайраткерлері - Н.К.Крупская, В.Сухамлинский,
К.Д.Ушинский ж.б. аса мән берген. Осы аспаптық
музыка негізінде орындалатын күйді тыңдатудың
тиімді тәсілдері қарастырылады. Күйдің
ерекше қасиеттерін ашып көрсеткен академик
А.Қ.Жұбановтың еңбектерін ерекше атап
өтуге болады.
Сонымен, оқушыларды аспаптық музыка негізінде
оқытудың педагогикалық проблемалары
және оны қолданудағы тәрбиелік сипатын
ашудың маңызы зор.
Мақсаты — бастауыш сынып окушыларын
аспаптық музыкаға қызықтыра отырып тәрбиелеудің
педагогикалық тиімді жолдарын теориялық
тұрғыда негіздеп, әдістемелік жағынан
қамтамасыз ету.
Объектісі — бастауыш сынып оқушыларымен
жүргізілетін тәрбие ісінде аспаптық
музыкалық тәрбиелік сипатын саралау.
Зерттеу пәні — бастауыш сынып оқушыларына
аспаптық музыканың тигізетін тәрбиелік
ықпалын қалыптастыру.
Зерттеудің міндеттері: - бастауыш сынып
оқушыларының тәрбиелік сипатын саралауда
ұлттық ойлау және болмысын қалыптастыру;
домбыра - кең таралған ұлттық музыкалық аспап
Домбыра - қазақ халқының өте ерте және кең тараған, нағыз табиғи ұлттық музыкалық аспабы. Көне Шумер тілінен аударғанда «кішкене садақ» деген мағына береді. Алматы облысы, Жамбыл ауданы аумағынан шамамен 2,5 ғасыр бұрын табылған таста қашалған суреті мен 16 ғасыр бұрын Мысыр еліндегі Нахт қабіріне салынған пішінінен еш өзгермеген. Қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспап ішекті, шертпелі аспаптар тобына жатады.
Аспап әр түрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып жасалады. Тоғыз, он бір, он төрт, жиырма төрт пернесі болады. Күй арнайы құлақтарымен келтіріледі. Аспап үні қоңыр, құлаққа жағымды әрі жұмсақ болып келеді.
Домбыра - сан ғасырлардан бері сырын сақтап, қазақ даласында кеңінен танымал аспап. Дегенмен домбыра әр аймақта әр түрлі болып келеді. Солтүстік, орталық, оңтүстік аймақтарда домбыра көлемі шағын, жеті-тоғыз пернелі болса, Батыс Қазақстан аумағында кездесетін домбыра шанағы жұмыр, мойны ұзын, он екі, он төрт пернелі болып келеді.