Қазақстандағы жекешелендіру процесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 10:55, реферат

Описание работы

Елдегі дербес экономикалық саясатты жүргізудің басталуы құлдыраған тауар рыногы жағдайындағы кәсіпорындар арасында бірыңғай экономикалық кеңістіктің құлдырау, өндірістік байланыстың құру салдарына әкелген жүйелі дағдарыспен тұспа-тұс келді. Сол уақыттағы экономикалық жағдайға тән ерекшеліктер кәсіпорындардың өз жұмысын тоқтатуы, төлемдердің төленбеуі, дүкендердің босауы, инфляцияның басталуы болды. Халықтың саясаттандырылуы жоғары болды. Социализм кезеңінде ондаған жылдар бойы қалыптасқан халық менталитеті жеке меншікті теріске шығарды.

Работа содержит 1 файл

Қазақстандағы жекешелендіру процесі.docx

— 26.20 Кб (Скачать)

«Жұмсақ» жекешелендір ерекшелігі сол, бұл вариантта мемлекеттік секторды жылдам бұзу қарастырылмаған, қайта оның қызметін басқаша ұйымдастырып, ұзақ мерзімде жекешелендіру көзделген. Бұл іс – шаралар мемлекеттік кәсіпорынның экономикалық еркіндігін ақырындап ұлғайтумен, олардың баға саясатының бір бөлігін либерализациялаумен, арнайы «қатысу қоры» акционерлеп, бақылау пакет акциясын мемлекеттің сақтауы арқылы жүзеге асады.

Қазақстан тәжірибесі көрсеткендей, холдингтік – акционерлік қоғамды қолдану жекешелендірудің барлық мәселесін шешпейді.

Өтпелі экономикада мемлекетсіздендіру саясаты мен меншікті жекешелендіру  мемлекеттік меншіктің монполиялық  жағдайын бұзумен экономикаға нарықтық сыйпат беріп қоймай, сондай – ақ, экономикалық дамуды тұрақтандыру мен экономикалық өсуге жетіду көздейді:

- ұлттық экономикаға шетел инвестициясын тарту;

- мемлекеттік субсидияны тарту  есебінен мемлекеттік қарызды  қысқарту және жеке кәсіпорындар  мен тұрғындардың табысын ұлғайту, нәтижелік мақсат – тұрғындардың өмір деңгейін көтеру;

- бәсекелестік нарықтық орта жасау.

Жекешелендіру дегеніміз – кең  мағынасында алғанда, мемлекеттің  экономикаға араласу процесін тұқырту, тікелей өнім өндірушіердің шаруашылық және технологияық бастамасына кең  өріс ашу, жеке (мемлекеттік емес) секторларды дамыту саясатын жүргізу. Осы тұрғыдан түсіндіргенде жекешелендіру экономиканы мемлекет қарамағынан алу дегенге келіп саяды. Тар және кең ұғымды алатын болсақ, жекешелендіру мемлекеттік мүліктің қожайынының ауысуы, мемлекеттің қолындағы және шаруашылық мақсатқа пайдаланып жүрген мүліктерді жеке адамдарға немесе олардың бірлестіктеріне сату (кейде беру) деген ұғымды білдіреді.

Жекешелендірудің негізгі мақсаты  – бір орталықтан жоспарланатын экономикадан нарықтық экономикаға көшуіне қажетті жағдайлар жасау болып табылаы. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін мына төмендегі міндеттерді шешу қажет болады:

- көптеген мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлеу, мемлекеттің меншігіндегі обьектілерді шағын және жаппай жекешелендіру арқылы бағытталған шаруашылық құрылымдарды рынокқа сәйкес қалыптастыруды жеделдету;

- шаруашылық жүргізуші субьект  ретінде жеке меншік топтарын  қалыптастыру;

- бәсекелестік ортаны құру және  өндірісті монополиясыздандыруды қамтамасыз ету;

- шағын және орта бизнесті дамыту;

- ірі және бірегей шаруашылық обьектілерін қайта құруды дербес жобалау арқылы іске асыру;

- жеке бизнестің артықшылығын  және шетелдік инвесторларды  тарту арқылы ұйымдастыру, шаруашылық  құрылымдарын қалыптастыру;

- құнды қағаздар рыногы ретінде инвестициялық құрылымдар жүйелерін нығайту және дамыту.

Жекешелендіру процесі мемлекет меншігінен шығару арқылы әрекеттерінен тұратын  күрделі жүйе болып табылады. Оның құрамына шаруашылықты басқарудың демократизация, мемлекет кәсіпкершілігін шектеу, жекеменшіккапиталын  жігерлендіру жатады. Жекешелендіру  – экономиканы күрделендірудің  соңғы мақсаты болып табылмайды, ол дегеніміз жаңа экономикалық жүйеге көшкенде болатын меншік қатынастарын өзгерту тәсілі.

Жекешелендіру жүргізген кезде  республика экономикасының ерекшеліктерін ескеру керек. Бұл ерекшеліктерге еліміздің  шикізаттық қоры, ауырмашина өндірістің сырттан әкелінетің шикізат пен  материалдарға байланысты әндірістік қаражат инжрақұрылымдарының әлсіз  дамуы т.б. кіреді.


Информация о работе Қазақстандағы жекешелендіру процесі