Қазақстандағы жекешелендіру процесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 10:55, реферат

Описание работы

Елдегі дербес экономикалық саясатты жүргізудің басталуы құлдыраған тауар рыногы жағдайындағы кәсіпорындар арасында бірыңғай экономикалық кеңістіктің құлдырау, өндірістік байланыстың құру салдарына әкелген жүйелі дағдарыспен тұспа-тұс келді. Сол уақыттағы экономикалық жағдайға тән ерекшеліктер кәсіпорындардың өз жұмысын тоқтатуы, төлемдердің төленбеуі, дүкендердің босауы, инфляцияның басталуы болды. Халықтың саясаттандырылуы жоғары болды. Социализм кезеңінде ондаған жылдар бойы қалыптасқан халық менталитеті жеке меншікті теріске шығарды.

Работа содержит 1 файл

Қазақстандағы жекешелендіру процесі.docx

— 26.20 Кб (Скачать)

         Қазақстандағы жекешелендіру процесі

 

Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру  процесі республикамыздың тәуелсіздік  пен егемендікті алуымен 1991 жылы басталған болатын.

Елдегі дербес экономикалық саясатты жүргізудің басталуы құлдыраған тауар  рыногы жағдайындағы кәсіпорындар арасында бірыңғай экономикалық кеңістіктің  құлдырау, өндірістік байланыстың құру салдарына әкелген жүйелі дағдарыспен  тұспа-тұс келді. Сол уақыттағы экономикалық жағдайға тән ерекшеліктер кәсіпорындардың өз жұмысын тоқтатуы, төлемдердің төленбеуі, дүкендердің босауы, инфляцияның басталуы болды. Халықтың саясаттандырылуы жоғары болды. Социализм кезеңінде ондаған жылдар бойы қалыптасқан халық менталитеті жеке меншікті теріске шығарды. Бұл ретте, көп деңгейлі нарықтық экономиканың негізін құратын процес ретінде мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіруді халық ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы ретінде танылған басқарушы элита да қабылдаған жоқ.

Осы дағдарыс кезеңінде қоғамды, қоғамдық прогресті дамытудың диалектика заңдылықтары білімі бар Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жеке ерлігі, саяси  даналығы, қайтпас жігері республикамызда  мемлекет иелігіне алу мен жекешелендірудің жоспарлы, кезең-кезеңді процесін бастауға мүмкіндік берді.

Мемлекеттік меншік реформасын өткізу үшін ұйымдық негізі – 1990 жылдың 20 желтоқсанында  уәкілетті мемлекеттік орган  – Мемлекеттік мүлікті басқару  жөніндегі Қазақ ССР Мемлекеттік  комитетінің құрылуы болды, кейіннен «Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі  Қазақ ССР Мемлекеттік комитетінің  мәселелері» туралы Қазақ ССР  Президентінің 1991 жылы 22 сәуірдегі  Жарлығымен комитеттің өкілеттіктері  нақтыланды және анықталды, ал 1991 жылғы  тамызда мемлекеттік мүлік жөніндегі  аумақтық органдар ұйымдастырылды. Кейіннен республикадағы экономиканы қалыптастырудың әртүрлі кезеңдерінде және тиісінше мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың әртүрлі кезеңдерінде орта мерзімді бағдарламалар мен Үкімет міндеттемелеріне байланысты мемлекеттік басқару органдарының жүйесіндегі құрылымдық өзгерістер кезінде Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитет қайта ұйымдастырылды. 1995 жылы сәуірде оның базасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру жөніндегі Мемлекеттік комитеті құрылды. 1997 жылдың аяғына дейінгі кезеңде мемлекеттік басқару органы жүйесінде республикамызда мемлекеттік мүлікті басқару және оны жекешелендіру жөніндегі 2 Мемлекеттік комитет жұмыс істеп тұрды. 1997 жылдың күзінде Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитет пен Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру жөніндегі мемлекеттік комитет Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне біріктіру арқылы қайта ұйымдастырылды. Аталған құрылым қазірде жұмыс істеп тұр.

1991 жылдан бастап мемлекеттік  мүлікті басқару тиімділігін  қамтамасыз ету және оны жекешелендіру  процестеріндегі заңдық және  нормативтік-әдістемелік базаны  реторспективті талдау олардың  заңды және нормавтивтік-әдістемелік  актілермен біршама ретке келтірілгендігі  туралы қорытынды жасауға мүмкіндік  береді. Бұл мемлекеттік меншікті құруда, жеке меншік институтын, нарықтық экономика негіздерін құру мен дамытуда және мемлекеттік меншікті басқару тиімділігін одан әрі арттыруға ықпал ететін базалық реформаларды жүргізуде өз өкілеттіктерін қамтамасыз еткен заңды және атқарушы билік тармағы ретінде жүйелі жұмыс нәтижесі болып табылады.

Жоғарыда айтылғандарды дамыта отырып, мемлекет иелігінен алу мен  жекешелендіру процесін заңды қамтамасыз етуде бірінші негіз 1991 жылы 22 маусымда қабылданған «Мемлекет иелігінен  алу мен жекешелендіру туралы»  Қазақ ССР-нің Заңы болғандығын  атап өткен жөн, ол республикадағы мемлекеттік  меншікті қайта құрудың құқықтық негіздерін, ережесі мен процедурасын анықтады. Осы Заңды іске асыру  мақсатында Қазақ ССР Президентінің  қаулысымен бірінші бағдарлама – 1991-1992 жылдарға арналған Қазақ ССР-да мемлекеттік  меншікті мемлекет иелігінен алу  мен жекешелендіру бағдарламасы (1991 жылғы 13 қйркүйектегі № 444) әзірленді  және бекітілді.

Келесі кезеңде 1993 жылы наурызда қабылданған  «1993-1995 жылдарға арналған Қазақстан  Республикасында мемлекет иелігінен  алу мен жекешелендірудің ұлттық бағдарламасы» қабылданды.

1996 жылы ақпанда бекітілген 1996-1998 жылдарға арналған Қазақстан  Республикасында мемлекеттік меншікті  жекешелендіру мен құрылымын  өзгерту бағдарламасына сәйкес  жекешелендірудің жаңа, үшінші кезеңінің  бастауы болған, Жекешелендіру процесінің  қолданыстағы заңды базасын дамытуда 1995 жылы желтоқсанда заң күші  бар Қазақстан Республикасы Президентінің  «Жекешелендіру туралы» Жарлығы  қабылданды. Бұл кезеңнің ерекшелігі экономиканың әлеуметтік, сондай-ақ стратегиялық салаларында секторлық бағдарламаларды іске асыруға өту болды.

1999-2000 жылдарға арналған жекешелендіру  және мемлекеттік мүлікті басқару  тиімділігін арттыру бағдарламасы  жекешелендіру саясатын іске  асырудағы кезекті, төртінші кезеңін  білдірді.

Бұл жерде мемлекеттік мүлікті  басқару және оны жекешелендіру  процесінің нормативтік базасы жаңа экономикалық шындықтарды ескере отырып тұрақты жетілдірілгендігін, дамытылғандығын  және толықтырылғандығын атап кеткен дұрыс. Бұдан басқа, барлық заңды және нормативтік-әдістемелік база 6 томдық жинаққа жүйелендірілді және шығарылды, ол республикадағы мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру мәселелерімен айналысатын барлық қызметкерлер үшін оқу және әдістемелік құралға айналды, онда Қазақстандағы мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің бірегей және теңдессіз тәжірибесінің барлық кезеңдері көрсетілген.

2000 жылдан бастап республикамызда  жүргізіліп отырған реформалардың  қайта орнына келмейтіндігі айқын  болғанда және позитивтік экономикалық  дамулар орын алғанда реформаларды  одан әрі тереңдету қажет болды,  оның ішінде мемлекеттік меншік  мәселелерінде. Бұл оларды қосымша заңды, нормативтік-құқықтық және әдістемелік қамтамасыз етуді талап етті.

2000 жылдан бастап қазіргі күнге  дейін Қазақстан Республикасында  мемлекеттік мүлікті басқару  және жекешелендіру тұжырымдамасы, 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттік  мүлікті басқару тиімділігі және  жекешелендірудің салалық бағдарламасы  бірінші рет әзірленді және  бекітілді, «Мемлекеттік мүлік  мәселелері жөніндегі Қазақстан  Республикасының кейбір заң актілеріне  өзгерістер мен толықтырулар  енгізу туралы», «Экономиканың  стратегиялық маңызы бар салаларындағы  меншіктің мемлекеттік мониторингі  туралы» Қазақстан Республикасының  заңдары қабылданды. Бұл ретте Мониторинг туралы заң республикадағы жекешелендірудің барлық жылдарында бірінші рет қабылданғандығын атап өткен жөн, ол стратегиялық маңызы бар салаларда меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды ретке келтіреді, сондай-ақ оны өткізу негізі мен шарттарын анықтайды. Заң елдің экономикалық даму процестерін ретке келтіру мен болжауда мемлекет рөлін күшейту үшін, республика экономикасын басқаруда тиімді шешімдер қабылдау үшін объективті ақпаратпен мемлекеттік басқару органдарын қамтамасыз ету үшін құқықтық негіз болып табылады.

Мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендіру мәселелері жөніндегі  бағдарламалық, заң актілерін қабылдау осы процестерді реттейтін заңнамалық нормативтік құжаттардың бірқатар комплексін әзірлеу арқылы жүргізілді. Жоғарыда айтылғандар Қазақстан Республикасында мемлекеттік мүлікті басқару мен оны жекешелендіру мәселелері ең басынан бастап уақыт шындықтары мен елдің әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларын ескере отырып республика дамуының стратегиялық жоспарларына сәйкес тексерілген негізді, кешенді концептуалды, бағдарламалық, заңдық, нормативтік-әдістемелік қамтамасыз етуі бар екендігіне сену үшін негіз береді.

 

Өтпелі кезеңде нарықтық экономикаға өту мемлекет үшін қиын мәселелерді көлденең тартады: меншік қатынастарын өзгерте, қайта құру, жалпы жаппай мемлекеттік меншіктен өндіруші мен меншіккердің жақындасу түрлерін табу, тіпті олардың толық бірігуін қамтамасыз ету. Демек, мемлекеттік меншікті реформалау, оны жекешелендіру, мемлекеттік мүліктің жеке обьект және жеке ұжымдық (ұжымдық – топтық) иелігіне ауыстыру мәселесі туындайды. Мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру ғана кәсіпорынның экономикалық еркіндігі мен жауапкершілігін органикалық түрде ымырластыра алады.

Бұрынғы кейбір социалистік елдерде мемлекеттік меншік басқа меншік түрлерінің жалпы құрылымына қарағанда артықтау болады. Осы жағдай ел экономикасында бәсекелестіктің болмауына, алып келіп, өндіріс тиімділігін төмендеуіне, өндіруші кәсіпорындар тұтынушыны билеп төстеуіне және тапшылық экономикасының пайда болуына алып келді.

Осылардың барлығы бәсекелестік нарықтық ортаны құру үшін мемлекеттік меншікті реформалау қажеттілігін анықтады. Осыны жүзеге асыру өндірушінің тұтынушыға өктемділігін жоюға, өндіріс тиімділігін арттыруға, нарықты жоғары сапалы тауар мен қызмет көрсетумен барынша толтыра түседі.

Өтпелі экономика кезіндегі  мемлекеттік қатынастарды басқаша  құрудың халықаралық тәжірибесі меншік түрлерін өзгертудің эволюция – реформаторлық тәсілін, жекешелендіру  тәсілін кеңірек қолдануды дәріптейді.

Экономикалық әдебиеттерде мына екі  терминді: «мемлекеттен алу» мен «жекешелендіруді»  бір-біріне теңестіріп қарайды.Алайда «мемлекетсіздендіру» термині мемлекеттен тікелей басқару қызметін алып тастауды түсіндіреді. Басқаша айтқанда, мемлекеттік кәсіпорынға өзінше еркіндік беру меншік түрін ауыстырумен байланысты емес. Мемлекетсіздендіру мемлекеттік кәсіпорындардың толық коммерциялық есепке көшуін білдіреді. Мемлекетсіздендіру – жекешелендіруге дейінгі аралық баспалдақ.

Ал «жекешелендіру» мемлекеттік меншіктің жеке меншікке өтуін білдіреді.

Жекешелендірудің мақсаты:

- өтпелілік мақсатты алға тартып, жеке меншік топтарын құру;

- мемлекеттік кәсіпорын мүліктерін жеке адам мен коммерциялық

құрылымдарға мемлекеттік бюджеттітолтыру үшін сату.

Мемлекеттік меншікті жекешелендірудің халықаралық практикасы көрсеткендей, жекешелендірудің екі варианты бар:

- «қатаң» вариантты жекешелендіруді  қарқынды жүргізу;

- «жұмсақ» вариантты жекешелендіруді ақырындап жүргізу.

Жекешелендіру – мемлекеттік меншіктің  жеке меншікке өзгеру ретінде өтпелі экономика кезінде ТМД елдерінде  ғана, Шығыс Еуропа және нарықтық экономикасы  дамыған елдерде: Ұлыбритания, Франция, Германия мен АҚШ- та кеңінен қолданылады. Алайда, жекешелендірудің мақсаты нарықтық экономикасы дамыған елдер мен нарықтық экономикаға түскен елдерде әртүрлі. Егер нарықтық экономикасы дамыған елдерде жекешелендіру мемлекеттік бюджетке қосымша қаржы тартуды мақсат етсе, өтпелі экономика елдерінде жеке меншікті құру құралы болып, соның негізінде бәсекелестік нарықтық ортаны қалыптастырады.

Дамыған елдерде жекешелендіру  негізінен жекешелендірудің бір моделінде жүзеге асты. Ол модель мемлекеттік кәсіпорындарды банк, сақтандыру компаниялары, кейде тұрғындардың сатып алуына негізделген еді.

АҚШ-да мемлекеттік кәсіпорындарды сату ұзақ мерзімде – 5 жылдың аумағында жүргізіледі. Бір мезгілдегі (бірден төленетін ) төлем жалпы төленетін соманың 20 пайызынан аспауы керек. ТМД мен Шығыс Еуропа елдерінде жекешелендірудің өте күрделі моделі қолданылды.

Венгрияда кәсіпорындарды олардың  жұмыскерлері сатып алды. Онда жұмыскерлердің қаржылары ғана емес, кәсіпорынның тапқан пайдасы мен банк несиелері қолданылад.

Чехославакияда шағын кәсілорындар аукцион арқылы сатылса, ірі кәсіпорындар тұрғындар қаржысын, банк несиелерін және шетел капиталын тарту арқылы жекешелендірді. Сондай – ақ Чехославакияда кәсіпорындар сатп алу үшін тұрғындарға купон мен чектер тегін таратылады. Чек пен купондар жекешелендірілген кәсіпорынның акциясына айырбастау үшін берілген.

Ресейдегі жекешелендірудің басты  мақсаты – мемлекеттік мүлікті сатып алу негізінде меншіккер топтарын тезірек қалыптастыру болды. Тұрғындар үшін біркелкі мүмкіндіктер жасалды.Осыны жүзеге асыру үшін барлық тұрғындарға жекешелендіру чегі ваучерді берді Олардың әрқайсысының құны 100 рубль болды. Иегелері оны еркін қолдана алды: ваучерді сатуға, жекешелендірілетін обьект акциясын сатып алуға, өз ваучерін 600 – дей жекешелендіру қорының кез келген салуға мүмкіндік жасады.

Қазақстандағы жекешелендіру процесі  Чехославакияда қолданылған моделге  ұқсастықпен жүзеге асырылды.

Жекешелендіру екі кезеңмен жүргізілді: бірінші кезеңде тұрғындардан қайтаруды қажет етпейтін тұрғын – үй купонын қолдана отырып, үйлерді (пәтерді ) жекешелендіру жүзеге асты; екінші кезеңде тұрғындар қайтарылмайтын жекешелендіру купонын алды. Оларды тек қана инвестициялық жекешелендіру қоры арқылы қолдану мүмкіндігі жасалды. Ондай қор Қазақстанда 120 – дай болды.

Жекешелендірудің бұл тәсілінің кемшілігі сонда, жекешелендіру инвестициялық купон иесінің өз бетінше шешім қабылдау құқы жоқ, тек қана оны инвестициялық қорына сала алды. Бұл адамның нақты кәсіпорынды жекешелендіруге қатысуына тікелей кедергі жасады.

Жекешелендіру процесі кәсіпорынды жұмыскерлердің сатып алу мүмкіндігін қарастырып, ашық және жабық типтегі акционерлік қоғамда, акционерлік қоғам – шаруашылығын құрып, олардың акциясының 51 процентін мемлекетке жатты.

Бірақ мемлекеттің холдинг типіндегі  акционерлік қоғамға қатысуы  айтырлықтай нәтиже бермеді, әлсіз, банкрот болған кәсіпорындар тіріле алмады. Мемлекеттің координациялық, басқару қызметі кәсіпорын басшыларын бекітумен, өндіріс өнімін үйлестірумен және пайданы холдинг қажеттілігіне қолданумен шектелді. Бұл айналым қорын жоюға және кәсіпорынды банкроттыққа алып келді.

Нарықтық экономикасы дамыған  елдерге қарағанда, ТМД мен Шығыс  Еуропа елдерінде, « үшінші әлем»  дамушы елдерінде «жұмсақ жекешелендіру» варианты қолданылды. Бұл вариант  – Чили, Индонезия, Индия, Алжир, Марокко, Мексика, Туркия, сондай – ақ жаңа индустриалды екі елде – Оңтүстік Корея мен Тайванда қолданылды.

Информация о работе Қазақстандағы жекешелендіру процесі