Бағдарламалық оқыту технологиялары

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 20:41, реферат

Описание работы

Ақпараттық технология жеке тұлғаның өз шығармашылық потенциясын толық аша алатын, өз мүмкіндіктерін дамытып, өз білімін үздіксіз шындай алатын жағдайлар жасалуда оқыту үрдістегі жемісті нәтижелерге жетелейді. Оқытудың ақпараттық технологиялары ақпаратты бейнелеу, тасымалдау және жинақтау, оқушының танымдық әрекетін бақылау мен басқару сияқты педагогтың кейбір функцияларын модельдейтін компьютерлік техника, телекоммуникациялық байланыс құралдары және интерактивті бағдарламалық өнім негізінде жұмыстың педагогикалық шарттарын жасау тәсілдері, әдістері, құралдарының жиынтығы.

Содержание

Кіріспе
1.Оқытудың ақпараттық технологиясы
2.Оқыту технологиясы
3. Компьютерлік технология
4.Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін
ұйымдастырудың ережесі
5. Әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

ғылыми зерттеу жұмысы.doc

— 849.00 Кб (Скачать)

Компьютерлік  технология.

Компьютер қолданылатын оқыту технологиясына «компьютерлік технология» термині дәл келді. Компьютерлік технологиялар программалап оқыту туралы идеяларды дамытады, Қазіргі компьютерлер және телекоммуникацияның бірегей мүмкіндіктерімен байланысты жаңа, әлі зертелмеген технологиялық оқыту түрлерін ашады. Мультимедия  - компьютерде дыбысты ақпаратты тұрақты және қозғалыстағы бейнелерді біріктіріп көрсету үшін жинақталған компьютерлік технология

1.Желілік технология – білім алушы, оқытушылар әкімшілік арасындағы интерактивті өзара әсері мен оның оқу – әдістемелік құралдармен жабдықталуын қамтамасыз етуде коммуникациялық желіні қолдануға негізделген.

Оқытудың желілік технологиясына жатады:

  • Интернет желісін пайдалану
  • Электрондық поштаны пайдалану
  • Телекоммуникация құрылғыларын пайдалану
  • Мультимедиямен жабдықталған интернетке шығу мүмкіндігі бар желілік компьютерлік класс

2.Интернет сөзі Interconnected networks (байланысқан жүйелер) терминінен  шыққан, яғни техникалық көзқараспен  – бұл кіші және ірі желілер  бірлестіктері. Кең мағынасында - бұл бір бірімен мәліметтермен алмасатын жер жүзіндегі миллиондаған компьютерлер арасында бөлінген ақпараттық кеңістік. Көбіне Интернет сөзімен Желінің информациялық құрамын түсінеді. Интернет – бұл өзіне уникальды жетістіктерді толығымен жинаған технология.

3.Қашықтықтан оқыту  технологиясы  оқытушының студентпен оқыту құралдары арқылы интерактивті қарым – қатынас әрекет үрдісін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін жаңа ақпараттық – педагогикалық технология.

4.Интерактивті оқыту  технологиясы деп нәтижесінде оқу әрекеті барысында олардың өзара мотивациялық, интеллектуалды, эмоциялық және басқа да жақтарынан жетістіктерге жетуді сезіну сетуациясын тудыра алатын, оқушыларға педагогикалықәсерлі танымдық қарым – қатынас құруға кепілдік беретін, мұғалім мен оқушының іс – әрекетін оқу ойындары түрінде ұйымдастыру тәсілдерін айтамыз.

Білімді ақпараттандырудың  негізгі мақсаты – «оқушыларды  ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне  толық, тиімді араластыру» болып  табылады.Төмендегі қасиеттер білім жүйесінің өзіндік ерекшелігі болып саналады.Тұтынушының қолдану сапасында.Бірақ компьютер мүмкіндіктерін асыра бағалауға болмайды, өйткені ақпарат беру – бұл білім мен мәдениетті беру емес, сондықтан ақпараттық технологиялар педагогтарға тек қосымша тиімді құрал ретінде қызмет атқарады.Көптеген елдердің ғылыми орталықтары мен оқу орындарында нақ осы білім қажеттілігі үшін мамандандырылған компьютерлік жүйелер саны дайындалды, олар оқу-тәрбие үрдісінде әр түрлі жағынан қолдауға бағытталды. Бұл – жүйелердің негізгі түрлері болып табылады.

Компьютерлік бағдарламаланған оқыту – бұл сәйкесінше, компьютерлік бағдарламалардың көмегімен бағдарламалық  оқыту механизмдерін жүзеге асыратын технология; Мысалға  электронды есептеуіш машинада  есеп шығарудың кезеңдері» (9 сынып). Бұл сабақ оқушылар бағдарламалау тілін меңгергеннен кейін өтіледі. Математикда есептің формулалық құрылымын информатикда есептің алгоритмдік құрылымын, бағдарламашы есеп бағдарламасын оператор есепті компьютерге енгізедіМатериалды компьютердің көмегімен оқу – оқушының жаңа материалды әр түрлі құралдардың, оның ішінде компьютердің көмегімен өз бетінше оқуын болжайды. Бұл жерде оқу іс-әрекетінің сипаты айтылмайды, оқу нұсқауларының жиынымен іске асырылуы мүмкін. Мұның өзі бағдарламалық оқыту әдісінің мәнін ашады; Мәселен, романды оқуға екі немесе үш  сағат берілсе, білімді бекіту сабағында электронды оқулық бойынша тест және т.б. бақылау түрлерін өткізу, оқушылармен пікірталас жүргізуге болады. Үй тапсырмасы ретінде шығармашылық топ құрып, соларға осы роман немесе әңгімеден үзіндіні кино қылып түсіріп, келесі сабақта интерактивті тақта арқылы сол киноны сыныпқа көрсетуге болады. Міне, осындай ақпарат құралдарының көмегімен сабаққа қатысу белсенділігі төмен оқушылардың да қызығушылығын арттыруға болады.Материалды компьютер қоры негізінде оқу – алдыңғы технологиялар, технологиялық құралдардың алуан түрін (оның ішінде дәстүрлі оқулықтар, аудио және видеожазбалар және т.б.) қолданумен айрықшаланатын болса, мұнда бағдарлама құралдарын, оқушылардың өз бетінше тиімді оқуын арттыратын бағдарламаларды басымырақ қолдану жүргізіледі.    Компьютер қорымен оқыту – білім берудің барлық мүмкін боларлық формаларын қолдану (мұғалімнің қатысуымен), шын мәнінде, жоғарыда айтылғандармен сәйкес келеді; “Windows  жүйесінде мәліметтер алмастыру” 11 сынып осы технологияның ой шақыру, ой қозғау түртіп алу, топтау, жұптау, мағынаны тану стратегияларын қолдау тиімді. Paint – та салған суретті Word – та да салу керек болғандай жағдай туғызу керек. Сонда оқушы жаңа сабақ мағынасын өзі ашып береді. Мысал үшін, Paint – та салған суретті пайдалануға бола ма, яғни Word – қа әкелуге болмас – па екен деген сияқты сұрақтар қойып, бір бағдарламадан екінші бағдарламаға ауысу мүмкіндігін  қарастырып  пікірлеседі.Компьютердің көмегімен бағалау – өз бетінше оқыту технологиясы деп қарастырылады, дегенмен ол практикада басқаларға құрамдас элемент болып кіріп жүр. Мұндай жүйе оқылатын пәннің мазмұны мен дәстүрлі оқытуда қолданылатын немесе оқыту бағдарламаларында жүзеге асырылатын әдістерге тәуелсіз; Осы мәселенің шешуін де ақпараттық технологиялар көмегімен табуға болады.Компьютерлік коммуникация – білім беру және оны жеткізумен қамтамасыз ете отырып, жоғарыда аталған технологиялардың барлығының ажырамас құрамы болып табылады. Жергілікті, аймақтық және басқа компьютерлік желілерді қолдану үшін жұмсалады. Компьютерлік коммуникация жекелеген оқу орындарының, қаланың, аймақтың, елдің ақпараттық білім жүйесінің мүмкіндіктерін көрсетеді.

Оқытудың ақпараттық технологиялары осы ақпараттық білім жүйесінің шегінде жүзеге асырылатын болғандықтан, осы білім технологиясына ақпараттық және бағдарламалық қолдаумен көрсететін құралдар бір ғана компьютермен, оған енгізілген бағдарламамен шектеліп қалмауы керек. Шын мәнінде бәрі керісінше, оқытудың ақпараттық технологияларының бағдарламалық құралдары және білім технологияларының өздері ақпараттық білім ортасына – ақпараттық білім жүйесінен бөлінген жүйешелер түрінде қосылады.Компьютермен оқытудың өз мақсаты, мазмұны, формасы және ерекше өткізу тәсілі бар екені белгілі. Осындай сабақ жасаудың мынадаай негізгі  кезеңдері:оқыту  мақсатын  анықтау;өтілетін  тақырыптың, бөлімінің материалдарын талдау, керектілерін таңдап алу және тиісті құрлымын жасау;

  • оқыту тәсілдерін таңдау;
  • сабақты жобалау, яғна оның сценарийін құрастыру,
  • сабақты жүргізудің программасын жасау;

Білім беру  мақсатын жүзеге асыру  нәтижесінде  оқушылар оқу материалдарының жаңа көлемін игереді, оның  сапасын арттырады, деңгейін өсіреді.            Бұл мақсат екі топқа бөлінеді:

  • оқушыларды білім негіздерімен, нақты  фактілермен, түсініктермен, заңдармен,  теориялармен  таныстыр;
  • жалпы әлеуметтік пәндіу және  пәнаралық біліктілікті, соларды игереді қалыптастыру, яғни  алдыңғы білімді қолдану тәсілдерін меңгеру.

Дамыту мақсаттары жеке тұлғаның бойындағы сапалық қасиеттері дамытудан тұрады. Бұл мақсатың да үш атап өтуге өтуге болады:

  • ойлау аймағына жататын әс-әрекеттерді табысты түрде орындау;
  • іздеу әрекеттері;

кейбір интеграциялық  әрекеттерді табысты түрде орындау, есте сақтау, пайымдау түрлерін  игеру. Электрондық оқулық  оқушыларды даралай оқытуда жаңа информацияларды жеткізуге, игерілген білім мен  біліктерді тестік бақылауға арналған  программалақ құрал.  Оқу процесінде жаңа  информациялық технологияларды енгізуге ісі де  информатика пәні мұғалімді компьютерлік техниканы меңгеріп қана қоймай, оны өз пәндерінде кеңінен қолдануда.Оқу материалының мазмұнын талдау мен таңдап алу кезінде алдымен пән бағдарламасына сәйкес оқушылардың игеруге тиісті теорилық сұрақтарын, білімдерін анықтап қарап шығып, оған арналған сағаттар санына да көңіл бөлу керек.  Бағдарламаны талдау кезінде пәнаралық байланысты есепке алып отыру ұмытылмауы тиіс. Бейсик программалау тілінде есептерде шығарғанда немесе шеңбер, доға, эллипс салу  операторларын өткенде сабақты дәстүрлі емес түрде өткізуге болады. 9 сыныпта  графикалық  операторларды пайдаланып геометриялық әртүрлі фигураларды, әртүрлі құрал жабдықтардың бейнелерін салудың программалық құрала білуге үйрете отырып, олардың компьютермен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында сабақты теориялық білімдерімен практикалық машықтарын байланыстыра отырып өткіземін.Білім беру жүйесін ақпататтандыру ісін әрі  қарай дамыту,  оқу процесіне енгізу арқылы оқу жүйесін жаңа сатыға көтеру болып табылады.  Қашықтан оқыту спутник арасының педагогикалық мүмкіндіктері қашықтан оқыту жүесі  ұсынатын мынадай шарттарды неғұрлым толық  пайдалануға жол ашады деп есептеймін.Оқушы мен мұғалімнің оқу мақсатында өзара  белсенді қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін ұйымдық техникалық және технологиялық және  технологиялық деңгей, әсіресе бейне дыбыстық конференция  ұйымдастыру  кезінде.Оқушыларды  әр  түрлі шығармашылық әрекетке  тарататын және сан қырлы педагогикалық  функцияларын жүзеге асыратын оқу жұмысы  бағдарламасын жасау.  Ендігі бағыт-  компьютерлік техниканы тұрақты жұмыс істейтін күйде ұстап, білім саласындағы жаңа технологияларды пайдаланып, қолдану ісін жұмылдыру ісімен жалғастыру.

Қазақстан Республикасы Президентінің жоғарғы білім  беру жүйесін ақпараттандыру және жаңа ақпараттық технологиялар көмегімен білім берудің тиімділігі мен сапасын көтеру мақсатында ұсынған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, педагог – ғалымдардың алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі болып табылады.

       Қазіргі  кездегі ақпараттық – коммуникациялық технологиялар ақпараттың кез келген көлемін орналастырудың, сақтаудың, өндеудің және кез келген қашықтарға тасымалдаудың шексіз мүмкіндіктерін береді.

       Оқытуды ақпараттандыру  ісі жаңа оқыту технологияларын  дайындауды талап етеді. Бірінші  кезекте оларға электрондық оқулықтар, мультемедиялық оқу құралдары мен электрондық жазбалар жатады. Бұрынғы оқыту технологиялары негізінен сөз арқылы мәлімет беруге негізделгені белгілі. Осыған орай болашақта электрондық кітапханалар ұйымдастырылып, онда оқыту процесінде қолдануға ұсынылған электрондық басылымдар, арнайы әзірленген оқу құралдары мен әдістемелік нұсқаулары болуы тиіс.

      Оқу – тәрбие  үрдісінде ақпараттық технологияны  пайдалану қажеттілігі бүгінгі  күннің әлеуметтік – экономикалық  талаптарынан туындап отыр.

Көп жылдан бері қалыптасқан дәстүрлі сабақ беру әдісіне ақпараттық технологияның  жаңаша өзгерістер мен идеологияларды қосатынына сенім мол.

      Бағдарламалық  оқыту – тақырыпты оқыту бағдарламасы  бойынша арнайы құралдар (оқулық, ЭЕМ) көмегімен оқушының өз бетімен меңгеруі. Бағдарламалық оқытудың негізгі ұғымы оқытатын бағдарлама. Бағдарлама үш бөлімнен тұрады: оқу ақпараттарының үзінділері, онымен жұмыс істеу операциялары – тапсырма, меңгеру үшін істелетін жұмыстар, бақылау тапсырмалары, жаттығуларды қайталау немесе келесі бөлікке өту туралы нұсқаулар.Қазіргі қолданыста ақпараттық технологияның тиімділігі оқушының тұлғалық қасиеттерін дамыту, ақпараттың қоғамды өздігінен жемісті нәтижелі ақпараттан іс – әрекетке дайындауын іске асыруға байланысты айқындауға болады.Қазақстан Республикеасында оқыту процесін автоматтандыру электрондық оқулық тарала бастады. Электрондық оқулықтар интерактивті – әдістерге негізделген білім беру процесінің субъектілерінің өзара қарым – қатынасының автоматтандырылған оқыту процесі.Сабақ үстінде электрондық оқулықты қолдану мақсатында мәліметтер қорын яғни, (білім, ақпарат) терминдер, ұғымдар, кестелер, графиктер, диаграммаларды, суреттерді қолданылады

ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕ  АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ             ҚОЛДАНУ

Білім беруді ақпараттандандыру  процесі пән мұғалімдеріне, әдіскерлерге, білім мекемелерін басқарушыларға жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне жан-жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды. Ақпараттық технология бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты. Сондықтан білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін арттыру процесі қазіргі заман міндеті. Оқу үрдісінде ғылыми-зерттеу және басқару қызіметінде ЖАТ-ді енгізу, дамыту және жүргізудің кешені іс-шараларын жақсарту, әлемдік білім кеңестігіне толығымен ену, білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруде білім беру үрдісінде АТ-дың жетістіктерін енгізу қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Оқыту үрдісінде АТ –ны кең көлемде енгізу педагогикалық еңбектің тиімділігін жоғарлатып, әдістемелік тәсілдерді қолданудың артуына алып келеді. Сондықтан  оқушының танымдық іс-әрекеттерін күшейтіп, өздік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктерін арттыру мақсатында дыбыстық, графикалық, видео, мультимедиа, электрондық оқулық, интернет, гипермәтіндік элементерімен қашықтықтан оқытудың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану. Ақпараттық –технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.Ақпараттық технологиялардың келешек ұрпақтың жан - жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Ақпараттық біліктілікті қалыптастыру  мектептің материалдық - техникалық базасына; ақпараттық қоғам саясатының мақсаты мен міндеттеріне; оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жүйесіне; Оқушылардың жас ерекшеліктері мен меңгеру қабілеттеріне, педагог мамандардың информатикадан білім деңгейлерінің сапасы мен шеберліктеріне, оқу - тәрбие бағытының ақпараттық қоғам бағытымен өзара байланысына тәуелді. Заман ағымына қарай ақпараттық технологияларды қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. қазіргі қоғамның ақпараттануымен байланысты пайда болатын әлеуметтік тапсырысты өткізу. Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар, олар ( электрондық оқулықтар, интерактивті тақталар, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, кейс технологиясы, слайд леция, тесттік бағдарлама, интранет, интернет бағдарламасы және  телекоммуникациялық  желілер ) [5]  Электрондық оқулық - бұл дидактикалық әдiс-тәсiлдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негiзделген түбегейлi жүйе. Электронды оқулықпен оқыту, оқытушының оқушымен жеке жұмыс iстегенiндей болады. Дәстүрлi оқытуда кейбiр оқушылар түсiнбей қалған материалды оқытушыдан қайталап сұрай беруге кейде қысылады, сол себептi жаңа тақырыпты дұрыс қабылдай алмауына әкеп соғады. Ал электронды оқулықпен жеке жұмыс iстеуiнiң арқасында сол тақырыпты бiрнеше қайталап оқуына, тыңдауына, тiптi түсiнбеген сөздi бөлiп анықтама бөлiмiнен қарауға, сол сөздiң түсiндiрмесiн бiлуiне, оның грамматикалық жасалу жолдарын бiлуiне көптен-көп көмегiн тигiзедi. Электронды оқулықтар оқушының бiлiм сапасын бақылау жүйесiн өзгертуге мүмкiндiк жасайды. Дәстүрлi оқытуда әр оқушы оқытушы тарапынан бақылау өте жиi болмай қалуы да кездеседi, ал электронды оқулықтың көмегiмен оқыту үрдiсiнiң әр тарапын бақылай алады. Тiптi кейде тапсырманың дұрыс орындалуын ғана қадағалап қоймай, қате орындаған жағдайда оқулықтың тарауына, керектi тақырыбына немесе қажет ақпараттық сiлтемелер берiп отырады. Бұл оқушы үшiн, бiрiншiден үлкен көмек, жеңiлдiктер туғызса, екiншiден, сол материалды автоматты түрде бақылап, әдiл бағасын беруге, оқушыға қажетiне қарай кеңес беруге, сол жайында барынша мәлiмет алуға мүмкiндiк жасайды. Сонымен қатар оқушы грамматикалық анықтамаларды оқи отырып бiлiмiн тереңдете алады. Мiне, осындай мүмкiндiктердiң барлығы оқудың мотивациясын күшейтедi, оқушылардың тiлге деген қызығушылығын арттырады, оқуға деген белсендiлiгiн арттырады, оқытудың дәстүрлi ұйымдастыру формасынан шығып, оқытуды даралауды күшейтуге көп көмегiн тигiзедi. Электронды оқулықта берiлген мәтiндiк материалдар белгiлi бiр қатынас жағдаяттарында қолданылатын сөйлемдердi құрайды. Сұхбаттар көлемi жағынан шағын және жеңiл жатталады. Сұхбаттық жағдайлар қазақ тiлiнде бiр-бiрiне сұрақтар қойып және жауап қайтара алуға үйретедi. Сонымен қатар берiлген тақырып төңiрегiндегi сөйлемдер мен әңгiмелердi микрофонның көмегiмен компьютерге басып, өздерi тыңдап, өзiн-өзi тексеруге, дұрыс сөйлеуге көмектеседi. Мысалға, электронды оқулықты сабақты түсіндіру барысында электрондық оқулықтың тиімділігі аса зор болды:

1. осы тақырып бойынша  оқушы  тыңдайды, оқиды, тест, бақылау  сұрақтарына жауап береді..

2. жаңа  физикалық терминдерді  түсініп,теориялық білімін практика  жүзінде қолдануға негіз қаланады.

3. берiлген тақырып көлемiнде түрлi демонцрациялық зертханалық жұмыстарды жасайды. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады

Электронды оқулықтар  оқушылардың

- бiлiм тереңдетуге;  деңгейiн жоғарлатуға; 
-  ауызекi тiлде сөйлей бiлу дағдыларын қалыптастыруға;  
-  өз бетiнше iздену қабiлетiн қалыптастыруға;  
-  ойларын дамытуға;  
-  студенттер немесе оқушылардың сөздiк қорының молаюына;  
-  тiлдi үйренуге деген ынтасы мен сол пәнге деген қызығушылығының артуына;  
-  сабақта өзiн еркiн ұстап, өз мүмкiншiлiгiн кеңiнен пайдалана алуына;  
-  өз iсiне талдау жасай алуға көптен-көп көмегiн тигiзедi.

Электрондық оқулықпен  оқытудың негізгі мақсаты: оқыту  үрдісін үздіксіз және толық деңгейде бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту. Әрі  осы ақпараттық құралдарды қолданудың негізгі қолы компьютерді оқу үрдісінде жақсы пайдалану. Ол үшін төмендегі  ЭО  құрлымдық сызбасын қарастырайық.


1-сурет  ЭО –ты  оқуыту  үрдісіндегі құрлымдық  сызбасы

Оның құраушы элементтері  мұғалім, оқушы, дидактикалық материалдар  мен дербес компьютер. (1-сурет ) Осы элементтердің барлығы да бір-біріне өзара әсер ететін ақпараттар ағынымен байланысқан. Осы құрылымда алғашқы маңызды аспект ролін мұғалім мен оқушының компьютерлік сауаттылығын қамтамасыз етуі, яғни олардың компьютермен және оның сыртқы құрылымдарымен жұмыс істей білу деңгейлері, компьютердің жалпы қызмет ету принциптерін түсінуі, осы жүйенің жалпы мүмкіндіктерін ұғынуы саналады.

Оқушылар электронды оқулықтан оқығанын, көргенін елестете отырып тақырыпқа берілген тест  сұрақтарын шешеді. Ал электронды оқулықта тест сұрақтары күрделенген тест және жеңілдетілген тест түрінде болады. Қорыта

1. қарастырылып отырған  тақырыптың мағынасын терең түсінеді; айтқанда қортындылау сабақта  қолдану барысында оқушылар:

2. оқушы жұмысты орындау барысында ғылыми зерттеу жұмысына тартылады, оның бойында зерттеушілік қабілет пен ынта қалыптаса бастайды.

Электрондық оқулықты пайдаланудың тиімді және тиімсіз жақтары:

Тимді жақтары:

- ҰБТ-ге даярлаудағы  тиімділігі жоғары

- оқушының уақытын  үнемдейді, оқу материалын іздеп отырмайды.

Информация о работе Бағдарламалық оқыту технологиялары