Бағдарламалық оқыту технологиялары

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 20:41, реферат

Описание работы

Ақпараттық технология жеке тұлғаның өз шығармашылық потенциясын толық аша алатын, өз мүмкіндіктерін дамытып, өз білімін үздіксіз шындай алатын жағдайлар жасалуда оқыту үрдістегі жемісті нәтижелерге жетелейді. Оқытудың ақпараттық технологиялары ақпаратты бейнелеу, тасымалдау және жинақтау, оқушының танымдық әрекетін бақылау мен басқару сияқты педагогтың кейбір функцияларын модельдейтін компьютерлік техника, телекоммуникациялық байланыс құралдары және интерактивті бағдарламалық өнім негізінде жұмыстың педагогикалық шарттарын жасау тәсілдері, әдістері, құралдарының жиынтығы.

Содержание

Кіріспе
1.Оқытудың ақпараттық технологиясы
2.Оқыту технологиясы
3. Компьютерлік технология
4.Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін
ұйымдастырудың ережесі
5. Әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

ғылыми зерттеу жұмысы.doc

— 849.00 Кб (Скачать)


Қорқыт  Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік  университеті гуманитарлы-педагогикалық  институты

 

 

 

 

 

 

 

 

ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ  ЖҰМЫСЫ

 

 

 

Тақырыбы: «Бағдарламалық оқыту технологиялары»

Орындаған: Өмірзақ Анар

Тобы:            ПО-09-7

Қабылдаған: Таубаев С

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызылорда,2013ж

 

 

 

Жоспары:

 

Кіріспе

1.Оқытудың ақпараттық технологиясы

2.Оқыту технологиясы

3. Компьютерлік  технология

4.Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін 
ұйымдастырудың ережесі

5. Әдебиеттер  тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып өзектілігі: Қазіргі әлемнің өркениетті елдерінде қоғамды ақпараттандыру барынша кең өріс алуда. Осыған байланысты жаңа ақпараттық технологиялар кәсіби қызмет пен адамзат мәдениетінде де, арнаулы білім беру үрдісінде де ерекше мәнгн ие болып отыр.

Қазақстан Республикасы президентінің жоғарғы білім беру жүйесін ақпараттандыру және жаңа ақпараттық технологилар көмегімен білім берудің тиімділігі мен сапасын көтеру мақсатында ұсынған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру педагог-ғалымдардың алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Қазіргі кезде ақпараттық -коммуникациялық технологиялар ақпараттың кез-келген көмегін орналастырудың, сақтаудың, өндеудің және кез-келген қашықтарға тасмалдаудың шексіз мүмкіндіктерін береді.

Ақпараттық технология жеке тұлғаның өз шығармашылық потенциясын толық аша алатын, өз мүмкіндіктерін дамытып, өз білімін үздіксіз шындай алатын жағдайлар жасалуда оқыту үрдістегі жемісті нәтижелерге жетелейді. Оқытудың ақпараттық технологиялары ақпаратты бейнелеу, тасымалдау және жинақтау, оқушының танымдық әрекетін бақылау мен басқару сияқты педагогтың кейбір функцияларын модельдейтін компьютерлік техника, телекоммуникациялық байланыс құралдары және интерактивті бағдарламалық өнім негізінде жұмыстың педагогикалық шарттарын жасау тәсілдері, әдістері, құралдарының жиынтығы. Ақпараттық технологиларды пайдалану оқыту процесінтолық өзгертуге, оқытудың жеке тұлғаға бағытталған модеьін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазіргі оқыту құралдары: компьютерлер, телекоммуникациялық байланыс құралдары, қажетті интерактивті бағдарламалық және әдістемелік жабдықтар, әртүрлі оқыту формаларын жетілдіруге мүмкіндік береді, оған қоса олардың білімгерлердің өздігінен білім алуын ұйымдастырудағы өздік жұмыстарды орындататын әдістемелік құрал ретінде атқаратын жұмысының маңызы өте зор. Оқытудың ақпараттық технологиялары білім берудегі субъекті мен объекті шығармашылық қасиеттерін дамытуға үлкен мүмкіндіктер береді.

Ақпараттық технологияның  теориясы мен тәжірибесіне өз үлесін қосқан ғалымдар: А.П. Беляева, В.П. Беспалько, А.П. Ершов, М.И. Жолдак, В.М. Зеленин, В.А. Извозчиков, А.Е. Морон, И.В. Марусева және т.б. Осы ғалымдардың жұмыстары оқытудың тиімді өткізу жолына бағытталған. Бақылау жұмысын құру үшін электрондық техниканы қолдану, биологиялық процестер мен құбылыстарды моделдеу, өзін өзі бақылау және білімнің стандартын бақылау болып табылады. Мектеп жағдайында ақпараттық технологияны қолдану биологиялық құбылыстарды тереңірек зерделей отырып, үрдістерді сенімді түрде жүзеге асыруға, тәжірибелерді тезірек әлі дәлірек жүргізуге, оларды түрлі мәліметтер арқылы бірнеше рет қайталауғаи мүмкіндік береді.

Зерттеу мақсаты: Биология пәнің ақпараттық технологияны қолдана оқыту үрдісінде оқушыларды жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, олардың шығармашылықтарын арттырып, жоғарғы интелектуалды жастар                                                                 

     тәрбиелеуге  үлес қосатын Ақпараттық технологияның  тиімділігіне бас назар        аудару, дәлелдеу және оны дамыту.

Зерттеу міндеттері:

- Ақпараттың комуникативтік технологиялардың тиімділігін анықтау.

- Мәтіндік редактор, электрондық  кесте басқа да тәжірибелік  қосымшаларды пайдалана отырып, оның тиімділігін дәлелдеу.

- Бағдарламалау дағдыларын  дамыту.

- Желіден, СD-ROM-нан  ақпарат іздеуге үйрету.

- Желі көмегімен қарым қатнас жасауға үйрету.

-Мемлекеттік педагогикалық  практикада ақпараттық коммуниктивтік  технологияның биология пәнінде  қолайлығын анықтау. 

Зерттеу гипотезасы: Оқытуда Ақпараттық технологияны пайдалану арқылы мұғалім оқушының белсенділігін, шығармашылық ізденісін арттыруға, пәнге деген қызығушылығын оятады, бірақ оқыту барысында қолданылып жүрген көптеген технологиялар жеке тұлғаның жетілуіне, оқытудың тиімділігінің негізін құруға бағытталған. Сондықтан, технологиялар ішінен Ақпараттық технологиясы оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына зор ықпалын тигізеді деп ойлаймын. Ақпараттық технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалдық кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына үлесін қосары сөзсіз.

Зерттеу әдісі: Ақпараттық коммуникативтік технологияларды болашақ ұстаздардың меңгеруі.

Зерттеу пәні: Қолданылатын Ақпараттық технологиялар.

Зерттеу объектісі: Мектептегі оқу тәрбие үрдісі.

Жұмыстың жаңашылығы: Ақпараттық технологиялар қарқынды дамуда бір жағынан, ол көптеген түсініктердің тұрақты бола алмауын көрсетсе, екінші жағынан, осындай динамизм бұрынғы тұрақты деп саналатын түсініктерді қайта қарап, соларды толықтыруды талап етеді.Білім саласындағы ақпараттық технологияларды қарастыру кезенде ғылым тілінің осындай проблемалары өзекті мәселеге айналып отыр.Оқытудың компьютерлік технологияларды ақпаратты бейнелеу,тасымалдау,және жинақтау,оқушының танымдық әрекетін бақылау мен басқару сияқты педагогтың кейбір функцияларын модельдейтін компьютерін техника,телекоммуникалдық байланыс құралдары және интерактивті бағдарламалық өнім негізінде жұмыстың педагогикалық шарттарын жасау тәсілдері,әдістері,құралдарының жиынтығы.Білім беруге ақпараттық технологияларды пайдаланды оқыту процесін толық өзгертуге,оқытудың жеке тұлғаға бағытталған моделін жүзеге асыруға мүмкіндік береді .Қазіргі оқыту құралдары:компьютерлер,телекоммуникациялық байланыс құралдары, қажетті интерактивті бағдарламалық және әдістемелік жабдықтар,әр түрлі оқыту формаларын жетілдіруге мүмкіндік береді, оған қоса олардың білімгерлердің өздігінен білім алуын ұйымдастырудаға өзіндік жұмыстарды

орындататын әдістемелік  құрал ретінде атқаратын жұмысының  маңызы өте зор.

Практикалық маңыздылығы

  Жаңа компьютерлік  талдауының құрылуы және бақылаудың  автоматты жүйесі.Құралған программалар  арқылы өткізуде әдістілігін  нұсқауларды қолдану.

Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер).

Оқытудың ақпараттық технологиясы – білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық  іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек.

Білімді ақпараттандырудың  негізгі мақсаты – «оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру» болып табылады.

Төмендегі қасиеттер  білім жүйесінің өзіндік ерекшелігі болып саналады.

·  Тұтынушының қолдану сапасында;

·  Нәтижесінде әр түрлі салаларда қолданылатын, ақпараттық технологияларды жасаушы сапасында.

Бірақ компьютер мүмкіндіктерін асыра бағалауға болмайды, өйткені  ақпарат беру – бұл білім мен  мәдениетті беру емес, сондықтан ақпараттық технологиялар педагогтарға тек қосымша тиімді құрал ретіндеқызмет атқарады.

Көптеген елдердің ғылыми орталықтары мен оқу орындарында нақ осы білім қажеттілігі үшін мамандандырылған компьютерлік жүйелер саны дайындалды, олар оқу-тәрбие үрдісінде әр түрлі жағынан қолдауға бағытталды. Бұл – жүйелердің негізгі түрлері болып табылады.

·  Компьютерлік бағдарламаланған оқыту – бұл сәйкесінше, компьютерлік бағдарламалардың көмегімен бағдарламалық оқыту механизмдерін жүзеге асыратын технология;

·  Материалды компьютердің көмегімен оқу – оқушының жаңа материалды әр түрлі құралдардың, оның ішінде компьютердің көмегімен өз бетінше оқуын болжайды. Бұл жерде оқу іс-әрекетінің сипаты айтылмайды, оқу нұсқауларының жиынымен іске асырылуы мүмкін. Мұның өзі бағдарламалық оқыту әдісінің мәнін ашады;

·  Материалды компьютер қоры негізінде оқу – алдыңғы технологиялар, технологиялық құралдардың алуан түрін (оның ішінде дәстүрлі оқулықтар, аудио және видеожазбалар және т.б.) қолданумен айрықшаланатын болса, мұнда бағдарлама құралдарын, оқушылардың өз бетінше тиімді оқуын арттыратын бағдарламаларды басымырақ қолдану жүргізіледі;

·  Компьютер қорымен оқыту – білім берудің барлық мүмкін боларлық формаларын қолдану (мұғалімнің қатысуымен), шын мәнінде, жоғарыда айтылғандармен сәйкес келеді;

·  Компьютердің көмегімен бағалау – өз бетінше оқыту технологиясы деп қарастырылады, дегенмен ол практикада басқаларға құрамдас элемент болып кіріп жүр. Мұндай жүйе оқылатын пәннің мазмұны мен дәстүрлі оқытуда қолданылатын немесе оқыту бағдарламаларында жүзеге асырылатын әдістерге тәуелсіз;

·  Компьютерлік коммуникация – білім беру және оны жеткізумен қамтамасыз ете отырып, жоғарыда аталған технологиялардың барлығының ажырамас құрамы болып табылады. Жергілікті, аймақтық және басқа компьютерлік желілерді қолдану үшін жұмсалады. Компьютерлік коммуникация жекелеген оқу орындарының, қаланың, аймақтың, елдің ақпараттық білім жүйесінің мүмкіндіктерін көрсетеді.

Оқытудың ақпараттық технологиялары осы ақпараттық білім  жүйесінің шегінде жүзеге асырылатын болғандықтан, осы білім технологиясына ақпараттық және бағдарламалық қолдаумен  көрсететін құралдар бір ғана компьютермен, оған енгізілген бағдарламамен шектеліп қалмауы керек. Шын мәнінде бәрі керісінше, оқытудың ақпараттық технологияларының бағдарламалық құралдары және білім технологияларының өздері ақпараттық білім ортасына – ақпараттық білім жүйесінен бөлінген жүйешелер түрінде қосылады.

Оқытудың ақпараттық технологиясында қолданылатын бағдарламаны қамтамасыз етуді бірнеше категорияға  бөлуге болады:

·  Оқытатын, бақылайтын және үйрететін жүйелер;

·  Ақпарат іздеу жүйесі;

·  Модельдеу бағдарламалары, микромирлер;

·  Танымдық сипаттағы инструменттік құралдар;

·  Әмбебап сипаттағы инструменттік құралдар;

·  Коммуникацияны қамтамасыз етуге арналған инструменттік құралдар.

Модельдеу бағдарламалары мен микромирлер – бұл ерекше аз мамандандырылған бағдарламалар, оларды компьютерде арнайы қолдану және оның кейбір мәселелерін зерттеуге тура келеді.

Инструменттік құралдар деп – жаңа электрондық ресурстар жасауды қамтамасыз ететін бағдарламаларды атайды:

·  әр түрлі форматты файлдар;

·  мәліметтер қоры;

·  бағдарламалық модульдер;

·  жекелеген бағдарламалар мен бағдарламалар жиыны.

Мұндай құралдар пәндік-бағытта  болуы мүмкін, сол секілді нақты  міндеттер ерекшелігі мен қолдану  саласына тәуелді болмауы да мүмкін. Білім үрдісінде қолдануға негізделетін бағдарламалық құралдарда сақталатын негізгі талаптар – бұл жеңілдік пен табиғилық, оқушының оқу материалымен жеңіл танысуына мүмкіндік жасау. Бағдарламаларға сай келетін талаптар мен сипаттамаларды HCI (ағылшын тілінде “Human – Computer Interface” – «Интерфейс-адам-компьютер») аббревиатурасымен белгілеу қабылданған. Бұл сөзбе-сөз аударуды «адаммен сұхбаттасуға арналған компьютерлік бағдарламалар» деп түсінуге болады.

Білімді ақпараттандыру жағдайында болып жатқан кемшіліктерге  қарамастан, оны «ақпараттық революция» деп атауға болады, өйткені қол жетерлік табыстар мыналар:

·  ақпаратты ұсынудың жаңа формасы. Қызықты, жанды немесе алдын ала жазылған мультимедиалық ақпарат тек текстен емес, графикалық бейнелерден, анимациядан, дыбыстан және видеоүзінділерден құралып, Internet желісі арқылы беріледі немесе басқа телекоммуникациялық құралдар арқылы компакт-дискілерге жазылады;

·  жаңа кітапханалар. Интеллектуальдық ресурстар көлемі және табыстары өседі. Internet злектрондық кітапхана каталогтарымен бірігіп, жер қашықтығы мен уақыт айырмашылығына қарамастан, зор ақпараттар көлемін жинауға қол жеткізеді. Әрине, мұндай кітапханалар онда сақталатын ақпараттарға толық жол аша бермейді;

·  оқу сабақтарының жаңа формалары. Студенттер мен оқытушылардың виртуальды семинарлар және лабораториялар режімінде бірігіп жұмыс жасауы, сонымен бірге жаңа синхрондық мүмкіндік пайда болды. Бірқатар студенттер үшін мұндай жұмыс формалары анағұрлым ыңғайлы, өйткені дәстүрлі оқытуға қарағанда, оларға өз мүмкіндіктеріне қарай, өздеріне қолайлы графикпен жұмыс жасау және артық ескертулермен кездеспей отырып ашу қызықты;

Информация о работе Бағдарламалық оқыту технологиялары