Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2013 в 12:53, реферат
Ісік, тін өсіндісі, бластома (tumoz) – өзінің қалыпты пішіні мен қызметін жойған, организмнің түрі өзгерген клеткаларынан құралған тіндердің патологиялық жайылып өсуі. Ісік жасушалары ісікке шалдықтырған себептер тоқтаса да өсе береді. Көпшілік жағдайда ісік кәрі адамдарда пайда болатыны белгілі. Себебі адамның жасы ұлғайған сайын, оның иммундық жүйесінің жұмысы төмендеп, қауіпті ауруларға қарсы тұра алмайды. Көптеген онколог ғалымдар ісік аурулары өзінің өсу жолында екі сатыдан өтетінін дәлелдейді. Біріншісінде, канцерогендік заттардың әсерінен таза жасуша ісік жасушасына ауыса бастайды, бірақ ол белсенділік көрсетпей тыныш жатады. Екіншісінде, нағыз ісік түйіні пайда болып, ол өніп-өсе бастайды. Бұл екі сатының әрқайсысы организммен екі жақты қарым-қатынаста болады.
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1.Бет - жақ қатерлі ісігінің этиологиясы
2.Бет - жақ қатерлі ісігінің жіктелуі
3.Бет қатерлі ісігінің клиникалық көріністері
4.Бет қатерлі ісігінің диагностикасы
ІІІ Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Жақтың қатерлі ісігін емдеу қиындық тудырады және нәтижелігі аз. Қазіргі уақытта тек хирургиялық ем қолданып қоймай, сонымен қатар әртүрлі сәулелік және комбинерленген терапия қолданылады. Комбинирленген емдік әдісті қолдану әсерлі болып табылады. Жақ сүйегінің саркомасында сәулелік терапияның әсері аз болады. Полиморфты және ұршық тәрізді жасушалы саркомада сәулелік терапия жақсы әсер береді. Остеосаркома, хондросаркома сәулелік терапияға сезімтал емес. Жақтың қатерлі ісігін емдеудегі жалпы және аймақтық химиотерапияны көп жылдар бойы зерттеуде. Қорта келгенде жақтың қатерлі ісігі химиопрепараттарға сезімтал болмайтындығы анықталған. Жақтың қатерлі ісіктері гистологиялық және басқа ерекшеліктеріне байланысты кейбір химиопрепараттарға сезімтал болады. Бұл бағыттағы зерттеу жұмыстары әліде жалғасуда.
Саркома айналасында орналасқан лимфа түйіндеріне метастаз береді. Полиморфты – ұршықтәрізді жасушалы саркома жиі жағдайда мойын лимфа түйіндеріне метастаз береді. Жақ ісіктері гематогенді жол арқылы жиі өкпеге, сүйекке, аналық безге, плевраға, бауырға және т.б. мүшелерге метастаз береді.
Жақтың қатерлі ісігінің болжамы нашар. Хирургиялық және комбинирленген емнен кейін науқастар 5 жыл көлемінде өмір сүреді, 20-30 пайызын құрайды. Радикальды операциядан кейін жұмысқа қабілеттілік төмендейді науқастар бірнеше айдан кейін жұмысқа оралуы мүмкін. Операциядан кейін жақ пластикасын орнату туралы сұрақ қояды, бірақ бұл сұраққа жауап беру қиындық тудырады. Себебі 2 жылдан кейін ісіктің қайталануы жіне метастаз беруі мүмкін.
Жоғарғы жақтың қатерлі ісігі көбінесе жоғарғы жақтың кеңсірігінің шырышты қабатынан дамиды. Жоғарғы жақтың таңдайлық немесе альвеоларлы өсіндісінің мұрын қуысының шырышты қабаттары обырымен зақымдалсада ісіктің дамуына әкелуі мүмкін. Онгрен ісіктің әртүрлі клиникалық көріністеріне, өсу түрлеріне, орналасуына байланысты жіктеген. Жоғарғы жақтан арнайы сызықты көздің ішкі бұрышынан төменгі жақ бұрышына жүргізіп, екіге бөлеміз: артқы – жоғарғы және алдыңғы-төменгі бөлікке, арқайсысының медиальды және латеральды беттері болады. Артқы –жоғарғы аймақтарда орналасқан ісіктердің болжамы қауіпті, себебі ісіктердің қанаттәрізді-таңдай шұңқырында, көз алмасында, тор сүйекте және бас миының қуысында орналасатындығына байланысты. Сондықтан Онгрен сызығы *қатерлі сызық *деген атқа ие болды. Жоғарғы жақ ісігі төменгі лимфогенді жол арқылы, -төменгі жақ асты лимфа түйіндеріне, ал жоғардан жұтқыншақ арты және мойынның терең лимфа түйіндеріне метастаз береді. Жоғарғы жақ ісігі тұйықталған сүйек қуысында дамиды, оның ерекшелігі ұзақ уақыт симптомсыз ағымда болады. Алдыңғы және төменгі ісіктерде ерте одонталгия пайда болады. Альвеолярлы өсіндінің ісігі үлкейіп өскенде, ауыздың жоғарғы кіреберісі инфильтрацияланады, патологиялық қозғалыстар, тістердің түсуі байқалады. Жұлынып тасталған немесе түскен тіс орнының беттері төмпешікті немесе ісікті масса дамиды, кейде некрозды жабындымен жабылады. Артқы жоғарғы аймақта орналасқан ісіктер көзге және тор сүйекке өскендіктен көз алмасының ығысуынан, қозғалысының шектелуін туындатады. Қатерлі ісік кеңсірігінің медиальды бөлігінен дамыса онда мұрын қуысына дейін өседі. Осының нәтижесінде мұрын арқылы тыныс қиындайды. Мұрын қуысындағы ісіктің өсуіне байланысты қуыс тарылып, сонымен қатар шырышты қыбықшасының қабынуы болса полиптер байқалады. Мұрыннан шірік иісті, іріңді бөлініс бөлінеді. Мұрынның қанағыштығы ісіктің алғашқы белгісі болып табылады. Жоғарғы жақ ісігінің соңғы сатысында жұмсақ тіндерге, бет терісіне, мұрын жұтқыншақ, бас қуысына өсуі байқалады.
Жоғарғы жақ қатерлі ісігінің жіктелуі.
Жоғарғы жақ
ісігінде процестің кеңсірігінде дамығандықтан
алғашында анықтау қиындық
Ажыратпалы диагностика.
Жоғарғы жақ
ісіктері осы аймақта орналасқан
созылмалы қабынулық
Қатерлі ісіктердің шекарасы анық болады, сонымен қатар сәкесінше рентгенологиялық көріністер байқалады. Жоғарғы жақ ісігінде біртоп жергілікті тістер босауы байқалады. Бірақ ол қызыл еттің ісінуімен, парадонтальды қалталармен қызыл ет қалталарының ісінуімен қатар жүреді. Жоғарғы жақ саркомасында ондағы ісіктің өсуінен ондағы қысым күшейеді. Тістердің босаңсуы болады. Спецификалық аурулар өзіне тән клиникалық көріністермен ерекшеленеді.
Жоғарғы жақ ісігіне комбинирленген ем қабылдаған жөн. Алғашқы этабында қашықтық гамматерапия немесе жоғары энергиялы тежегіш сәуле қолданылады. Операция алды сәулеленудің суммарлы доза 40гр. Жергілікті және жалпы реакцияларды ескере отырып сәулелік терапияны екі этаппен 7-10 күн аралығында қолданамыз.
Екінші этап. Сәулелік терапия ликвидацияланып, үш апта өткеннен кейін операция жасалады. Жоғарғы жақ резекциясы наркозбен жасалады. Кірпікшелі қырынан тілік жасап содан кейін мұрынның бүйір қабырғасына, қанатшаның орталық сызығына дейін жеткіземіз. Жоғарғы еріннің тілінуімен аяқталады. Ауыз қуысының шырышты қабығының ортаңғы сызығы бойынша алвеолярлы өсінді және қанаттаңдай, содан кейін жұмсақ және қатты таңдай шекарасына тілік жасалады. Соңғы тістің артқы жағынан ауыз қуысының өтпелі қатпарына дейін тілік жасалады. Жұмсақ тіндерді сүйек қабығынсыз жоғарғы жақпен бірге алып тастайды. Қажеттілік туындаса жұмсақ тіндерді жақпен бірге алып тастайды /блоктық резекция/.
Долоттың көмегімен, жіпті&nbs