Жақ - бет аймағының өспелерінің этиологиясының патологиялык өзгерістері. Бет ісіктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2013 в 12:53, реферат

Описание работы

Ісік, тін өсіндісі, бластома (tumoz) – өзінің қалыпты пішіні мен қызметін жойған, организмнің түрі өзгерген клеткаларынан құралған тіндердің патологиялық жайылып өсуі. Ісік жасушалары ісікке шалдықтырған себептер тоқтаса да өсе береді. Көпшілік жағдайда ісік кәрі адамдарда пайда болатыны белгілі. Себебі адамның жасы ұлғайған сайын, оның иммундық жүйесінің жұмысы төмендеп, қауіпті ауруларға қарсы тұра алмайды. Көптеген онколог ғалымдар ісік аурулары өзінің өсу жолында екі сатыдан өтетінін дәлелдейді. Біріншісінде, канцерогендік заттардың әсерінен таза жасуша ісік жасушасына ауыса бастайды, бірақ ол белсенділік көрсетпей тыныш жатады. Екіншісінде, нағыз ісік түйіні пайда болып, ол өніп-өсе бастайды. Бұл екі сатының әрқайсысы организммен екі жақты қарым-қатынаста болады.

Содержание

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1.Бет - жақ қатерлі ісігінің этиологиясы
2.Бет - жақ қатерлі ісігінің жіктелуі
3.Бет қатерлі ісігінің клиникалық көріністері
4.Бет қатерлі ісігінің диагностикасы
ІІІ Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

20.doc

— 147.50 Кб (Скачать)

            АСТАНА МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

         

 

 

 Кафедра:  «В.Г.Корпачев атындағы патологиялық  

                                                                    физиология» кафедрасы

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Жақ -  бет аймағының өспелерінің этиологиясының патологиялык өзгерістері. Бет ісіктері

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                     

                                                                       

 

 

 

                                                                         Орындаған:Қайырғалиева Құралай

                                                                                              301 стоматологи тобы

                                                                         Тексерген:  Ерментаева Ляззат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                    Астана . 2013 жыл

 

  

 

  Жоспар:

       І Кіріспе

      ІІ Негізгі бөлім

        1.Бет - жақ қатерлі ісігінің этиологиясы

  2.Бет - жақ қатерлі ісігінің жіктелуі

  3.Бет қатерлі ісігінің  клиникалық көріністері

  4.Бет қатерлі ісігінің диагностикасы

 ІІІ Қорытынды

 Қолданылған  әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                  

 

 

 

 

 

 

 

 

    

 

     Ісік, тін өсіндісі, бластома (tumoz) – өзінің қалыпты пішіні мен қызметін жойған,  организмнің түрі өзгерген клеткаларынан құралған тіндердің патологиялық жайылып өсуі. Ісік жасушалары ісікке шалдықтырған себептер тоқтаса да өсе береді. Көпшілік жағдайда ісік кәрі адамдарда пайда болатыны белгілі. Себебі адамның жасы ұлғайған сайын, оның иммундық  жүйесінің жұмысы төмендеп, қауіпті ауруларға қарсы тұра алмайды. Көптеген онколог ғалымдар ісік аурулары өзінің өсу жолында екі сатыдан өтетінін дәлелдейді. Біріншісінде, канцерогендік заттардың әсерінен таза жасуша ісік жасушасына ауыса бастайды, бірақ ол белсенділік көрсетпей тыныш жатады. Екіншісінде, нағыз ісік түйіні пайда болып, ол өніп-өсе бастайды. Бұл екі сатының әрқайсысы организммен екі жақты қарым-қатынаста болады. Организмнің күш қабілеті, І-ке деген төзімділігі өте жоғары болса, онда бірінші саты ұзаққа созылып, екіншісінің болмауы да мүмкін. Кейде екінші саты біріншіге көшіп, кері процесс жүруі, сондай-ақ канцерогендер тікелей иммунитетке зиянды әсерін тигізіп, І. ауруына әкелуі мүмкін.   

     Қатерлі ісік қалыпты жасуша қатерлі трансформация нәтижесінде пайда болады, ол бақылаусыз көбейеді, апоптозға қабілеттілігін жоғалтады. Қатерлі трансформация бір немесе бірнеше мутация кесірінен пайда болады, жасушалардың шекарасы анықталмаған жағдайда апоптоз механизімі бұзылуына алып келеді. Егер де ағзаның иммундық жүйесі мұндай трансформацияны анықтамаса, ісік ары қарай өсіп сонында метастаз береді. 

     Бет - жақтың қатерлі ісігі соңғы 10 жылда өсуде. Ісіктердің ішінде жақтың қатерлі ісіктері 1-4 пайызды құрайды. Бет -жақ саркомасымен барлық жастағылар ауырады. Бірақ жиі ауыратындар жастар және орта жастағы адамдар /10-40/. Жоғарғы жақ саркомасымен жиі әйел адамдарда еркектерге қарағанда 1:2 қатынасында болады. Төменгі жақ обырымен 40-60 жас аралығындағы ерлер жиі ауырады. Төменгі жақ қатерлі ісігі жоғарғы жақ ісігіне қарағанда жиі кездеседі.

 

 

 

 

 

 

                                              

                                  Этиологиясы.

 Зертханалық  жануарлардың сүйегіне химиялық  және физикалық концерогендермен /радиоактивті стронции, метилхолантрен, 3.4бензпирен, әртүрлі иондаушы сәуле көзі/ немесе ісікті вирустарынан /папилома вирусы/, сонымен қатар дисэмбрионалды бұзылыстар әсер еткенде ісіктердің пайда болуы анықталған. Ізашар қатерсіз ісіктерден сүйек шеміршекті экзостаз, фиброздаушы дисплазия, педжет ауруы /деформирлеуші остеоз/ осы аурулар салдарынан қатерлі ісіктер дамиды. Ісіктің дамуы туа және жүре пайда болған аурулар, дисплазия салдарынан болады. Тіс және тіс маңы тіндерінің патологиялық процестердің нәтижесінде жақ ісігі дамиды. Тіс жегісі, тістің қосарламалы реактивті созылмалы қабыну аурулары, гранулема, ауыз қуысының гигиенасын дұрыс сақтамау да ісік ің дамуына себеп болады.

     Ісіктің этиологиясында  жарақаттардың болатындығын Н.Н. Перов айтып өткен.

     Жіктелуі: жақ ісігін екі топқа бөлеміз: одонтогенді және одонтогенді емес.

 

Одонтогенді емес ісіктер                                               

 

Қатерсіз ісіктер

Қатерлі ісіктер

Шеміршек тінінен

 

Хондробластома

Хондросаркома

Хонрома-энхондрома

 

Остеогенді

 

Остеобластокластома

Остеосаркома

Остеоит

Қатерлі остеобластокластома

 

Паростальды саркома

Хорда тінінен 

 

Қатерсіз хондрома

Қатерлі хордома

 Дәнекер  тінінен 

 

Фиброма

Дәнекер тінінен

Май тінінен 

Фибросаркома

Липома

 

Ретикулярлы тіннен

Липосаркома

   
 

Ангиосаркома

 

Қатерлі гемангиоэндотелиома

Генезі анықталмаған ісіктер

 
 

Ретикулярлы саркома

Жүйкелік тіннен

Миелома

Неврофиброма

Лимфагранулематоз

Неврилеммона

Лейкоздар

Шектелген аурулар

 

Сүйек-шеміршекті экзостаз

Юинг ісігі

Сүйектің хондроматозы

 

Фиброзды дисплазия

Қатерлі неврилеммона

Педжет ауруы

 

 

Одонтогенді ісіктер

 

  1. Одонтогенді аппаратпен байланысты ісіктік және ісік тәріздес процестер:

 

А. Қатерсіз ісіктер

1.амилобластома

2. әктелінетін  эпителилі одонтогенді ісік

3.амилобластикалық  фиброма

4. аденоамилобластома

5.әктелінетін  одонтогенді киста

6. дентинома

7.амилобластикалық  фибро-оденома

8.одонто-амилобластома

9.күрделі одонтома

10. аралас одонтома

11. фиброма/одонтогенді  фиброма/

12.миксома/миксафиброма/

13.цементомалар

а. Цементтелген фиброма

в. Периапикалды цементті дисплазия

г. Гигант пішінді  цементома

14. жаңа туған  нәрестенің меланотикалық нейроэктодермальды  ісіктер

Б. қатерлі 

   1. одонтогенді обыр 

а. Қатерлі амилобластома

б.біріншілік сүйек ішілік обыр

в. Одонтогенді  эпителиден дамитын басқада карциномалар

   2. одонтогенді саркомалар

а.амилобластикалық фибросаркома

б. амилобластикалық одонтосаркома

2. Cүйек  тінімен басқада неоплазмды ісіктер:

А. Остеогенді неоплазма

1.остиофитті  фиброма

Б. сүйек тінінің  ісіктік емес зақымдалуы

1. фиброзды дисплазия

2. черубизм

3. орталық гигантжасушалы  гранулема

4. аневризматикалық  сүйектік киста

5. қарапайым  сүйек кистасы

3 .Эпителиалды  киста

А. Дамушы ісіктер 

1. одонтогенді

а. Примординальды киста

б. гингивалды киста

в. Кесіп шығатын  киста 

д. Денталды/фоликулярлы  киста/

2. одонтогенді  емес ісіктер 

а. Мұрын –таңдай  өзекшесінің кистасы

б. маңдай-жақтың кистасы

в. Мұрын алвеоларлы киста

Б. Қабынулық

           1.радикулярлы киста

4. Жіктелмеген зақымдалулар 

 

                  Жақтың қатерлі ісігінің клиникалық көріністері.

Симптоматология: бірнеше симтомдармен немесе симптомдық топтармен көрініс береді.

  1. Ауырсыну. Жақтың қатерлі ісігіне үнемі ауырсыну тән. Ауырсыну сұғып, сындырып, тұйық түрде болады. Ісік дамыған сүйектің зақымдалуына байланысты сындырып аырсынса, ал сұғып ауырсыну жүйке бағаналарынан дамыған ісіктерде болады. Тістердің экстракциясы ауырсынуды баса алмайды. Әртүрлі жылулық және физиотерапевтік ем шаралар тыныштандырмайды, қайта одан ары өршітіп отырады. Ісіктік процестер үнемі ауырсынумен жүретіндіктен, олар осылай қабыну процестерімен ерекшелінеді.
  2. Мұрын жолдарының патологиялық өзгерістері.

Мұрын жолдары  арқылы тыныс алудың болмауы немесе қиындауы, сонымен қатар әртүрлі  бөліністердің бөлінуімен жүреді. Ерте сатысында шырышты бөлініс бөлінеді, кейіннен бөлініс іріңдіге айналады, ісіктің ыдырауы кезінде шірікті түрге ауысады. Мұрыннан көп мөлшерде қан аққанда, онда ісіктік дамып жатқанына күмән тудырамыз. Жоғарғы жақ ісігімен науқастарда ісіктің ыдырау процесі кезінде алвеолярлы өсінді немесе қатты таңдай аймағында шіріктік иіс мұрын-ауыз қуысынан шығады.

  1. Ауызды ашудың қиындауы. Бұл симптом самай -төменгі жақ байламына жақын орналасқан ісіктер кезінде байқалады. Шайнау бұлшықеттеріне ісіктік процестердің жайылуына байланысты ауыздың ашылуы қиындайды.
  2. Офтальмологиялық симптом. Біржақты жас ағу, көз қуысының тарылуы, қабақтың ісуі, көз алмасының әртүрлі бағыттағы ығысуы, оның қозғалысының бұзылуы, көру өткірлігінің төмендеуі, бірақ бұл симптомдар жиі көрініс бермейді.
  3. Ісік немесе шырышты қабықшаның ыдырауы. Ісіктің көп бөлігі аумақты болып келеді, жақ сүйегінің бүкіл қабаттарын зақымдай отырып оның қабырғасының деформациясына алып келеді. Ауыз қуысы жаққа қарай өскен ісіктер кезінде жұмсақ таңдайдың және альвеолярлы төмпешік тәрізді деформациялануын туғызады. Көз қуысының тарылуы, төменгі қабақтың ісінуі, ауыз бұрышының түсуі, мұрын- ерін қатпарының тегістелуі, бет жұмсақ тінінің ісінуі нәтижесінде пайда болатын беттің ассиметриясы, осының барлығы жоғарғы жақ деформациясы кезінде анықталады. Кейіннен жақ аймағында көзге байқалатын ісік анықталады, терісі созылып және офтальмологиялық, басқада симптомдар көрініс береді. Саркома жұқа сүйекті капсуламен қоршалып, оған пальпация жасағанда пергаментті сықыр естіледі. Карцинома қоршап жатқан сүйек тінін талқандай өседі. Ерте кезден бастап көп көлемді зақымдалулардан, тістің босауы және түсуі, көп көлемдегі тіс түбірінің қанағыштығы болады, ал саркомада тіс түспейді.

Науқастың жалпы  жағдайы. Аурудың ерте сатысында науқастың жағдайы бір қалыпты болады. Жақтың деформациялануынан және шайнау бұлшықетінің қызыметінің бұзылуынан науқас салмақ жоғалтады. Көп мөлшерде қан жоғалту және ісіктің ыдырауы салдарынан дамыған интоксикация, науқастың анемизациясына және салмақ жоғалтуына алып келеді.

                              Диагностикалық әдіс.

Жақтың ісігінің ерте диагностикасын анықтау өте  қиын, әсіресе жоғарғы жақ ісігі  кезінде. Ісіктің қиын аймақта орналасуыда  қиындық тудырады. Ісіктің диагностикасы, клиникалық, рентгенологиялық және морфологиялық зерттеулерге негізделген.

  1. Анамнезді бағалау: жақ ісігімен ауратын науқастардың анамнезін дұрыс жинау және талдаудың маңыздылығы зор. Қабынулық процестер /температураның көтерілуі, бірден ауырсыну, жұмсақ тіннен тез дамитын/ сияқты жақтың қатерлі ісігі ешқашан жедел басталмайды. Науқас қандай ем қабылдағанын анықтау: мұрын қуысының жуылуы, шырышты қабат жараларының күйдірілуі болғандығын анықтау, тіс протезін қолданатындығын анықтау. Зиянды әрекеттердің, әсіресе темекі шегудің болуы. Зиянды химиялық және радиоактивті заттармен әсерлерінің болуын анықтау. Науқастың өмір тарихын зерттей отырып – жанұясында және туыстарында бұл аурумен аратындығын немесе  ауырмайтындығын анықтау қажет.
  2. Науқасты объективті зерттеу. Науқасты қарауда пальпациялау, перкуссиялау, ауырсыну нүктелерін анықтау, көру өткірлігін, есту қызыметін анықтайды. Ең алдымен науқастың жалпы көрінісіне назар аударады. Сыртқы қарау: бет аймағын, тері түсін, бет ассиметриясын, сопақ тесігінен басталады. Патологиялық ошақ орналасқан аймақты сау аймақпен салыстыру, ондағы көз алмасының ығысуын, қимылының шектелуін, мұрын арқылы тыныс алуының дұрыстығын анықтайды. Ауыз қуысын және мұрын қуысын қарау. Бимануальды әсер ету арқылы бет қаңқасының екі жақты симметриялығын анықтау.
  3. Диафоноскопия- ауыз қуысы және мұрын – жұтқыншақ арқылы гаймор қуысына шамды түсіру, ондағы қараю интенсивтілігі карцинома және қабыну процестері кезінде анықталады.
  4. Реноскопия. Бұл құрал мұрыннан қайталамалы қан ағуда, іріңді бөліністің бөлінуінде, мұрын арқылы тыныстың қиындауы кезінде қолданылады.
  5. Аускультация. Егер гаймор қуысында патология болмаса, науқасты тындағанда амфорикалық шуыл естілгенде қолданамыз. Егер шырышты қабат қалыңдаса, онда шуыл бәсеңдейді. Гаймор қуысының ісігі кезінде  шуыл естілмейді
  6. Перкуссияда. Соққылау арқылы ауырсыну нүктелерін зақымданудың белгілі аймақтарға таралуын анықтаймыз.
  7. Сынамалы диагностикада ашу тәсілі: гамор қуысынан биопсия және пункция алу. Мұндай жағдайда абластика және асептиканы қатаң сақтау қажет. Осы мақсатта электро- және термокоагуляционды құралдарды қолданамыз.
  8. Биопсия – ең маңызды диагностика болып табылады. Ісіктің ешқандай клиникасы байқалмағанда, тек биопсия арқылы анықтауға және ем тағайындауға болады.
  9. Цитологиялық зерттеу – бағалы мәлімет алуы мүмкін.
  10. Радиоизотопты зерттеу. Жақтың қатерлі ісігінде фосфор 25-100 пайыздан көп жиналса, ал қатерсіз ісік кезінде 25 пайыздан аз фосфор жиналады.
  11. Рентгендік зерттеу: жақ ісіктерін анықтауда маңызды әдістердің бірі болып табылады. Бұл диагностикалық әдіс ісіктердің табиғатын, орналасуын, оны қоршаған сүйек тінін, басқада тіндерге тигізетін әсерін анықтайды.
  12. Контрастты рентгенография
  13. Томография

Информация о работе Жақ - бет аймағының өспелерінің этиологиясының патологиялык өзгерістері. Бет ісіктері