Суррогаттық азық-түліктер

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 16:14, творческая работа

Описание работы

Біздің күнделікті тұтынып жүрген тағамымыздың сапасы кім-кімді де ойландырмай қоймайтыны анық. Сондықтан да, ең бастысы, бұл тұрғыда адамның денсаулығы қымбат. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің тұрақтылық көрсеткіші –
тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі, яғни, тамақ өнiмдерiнiң оларды әдеттегi жағдайда пайдалану кезiнде зиянды болып табылмайтындығы, қазiргi және келешек ұрпақтың денсаулығына қауiп туғызбайтындығына негiзделген сенімділік пен сапаның болуы.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Суррогатты азықтар
Қауіпті тағам
Жалған өнім түрлері
Фальсификация
Жалған өнімнің зияндылығы
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізім

Работа содержит 1 файл

суррогаттық.pptx

— 402.71 Кб (Скачать)

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлтық Медицина Университеті

 

Кафедра:Нутрициология

 

 

Презентация

 

Тақырыбы: Суррогаттық азық -түліктер

 

Орындаған:Габдуллина М.С

Факультет:  ҚДС

Курс:             ІV

Топ:               409-01

Тексерген:   Хасенова Г.Х

Жоспар

 

    • І. Кіріспе
    • ІІ. Негізгі бөлім
    1. Суррогатты азықтар
    2. Қауіпті тағам
    3. Жалған өнім түрлері
    4. Фальсификация
    5. Жалған өнімнің зияндылығы

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

 

    • Біздің күнделікті тұтынып жүрген тағамымыздың сапасы кім-кімді де ойландырмай қоймайтыны анық. Сондықтан да, ең бастысы, бұл тұрғыда адамның денсаулығы қымбат. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің тұрақтылық көрсеткіші –

    тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі, яғни, тамақ өнiмдерiнiң оларды әдеттегi жағдайда пайдалану кезiнде зиянды болып табылмайтындығы, қазiргi және келешек ұрпақтың денсаулығына қауiп туғызбайтындығына негiзделген сенімділік пен сапаның болуы.

СУРРОГАТТЫ АЗЫҚТАР - сапалы тауардың орнын уақытша ауыстыратын өнім немесе жалған өнімнің түрі.

Қауіпті тағам

 

    • Бірінші кезекте қауіпті азық-түлікке суррогаттық азық- түліктер жатады,яғни негізгі тағамға қатысы жоқ,тек көшірмесі. Нақтырақ айтқанда, өнімнің құрамын арзанқол затармен алмастыру арқылы жүзеге асырылады.
    • Бұларға: маргарин,шұжық, йогурттәрізді азықтар (йогурт емес), консервленген суп,бульонды кубиктар,калориясы жоғары азықтар,сүт,кофе, т.б.
    • Құрамында рафинирленген қант бар азықтарды жиі қолданудан аулақ болу керек.Олар: лимонад,кампот,қантталған азықтар,печенья.
    • Жоғары тұздылықты азық-түлікті қолдану да денсаулыққа зиянды.
    • Қауіпті кептірілген азық-түліктер: балық, ет, шұжық,ветчина.

 

 

Жасанды сүт немесе «құрғақ ұнтақ»

 

    • Сүт өнімдері бүгінде үлкен сұранысқа ие. Кейбір сүт өнімдері жүз пайыз жасанды болып шығады. Табиғи сүт ұзағанда 3-4 күннен соң ашып кетуге тиіс. Ал, сауда орындарында тұрған «табиғи сүттер» алты айға дейін дымы құрымай сақталады.Мәселен сүт сүттің құрамына қосылған консерванттар мен сүт сақталатын «сиқырлы» қорапта тұр. Сүт ашып кетпеуі үшін бұл қорапқа антибиотиктер сіңіріледі. Металлдық қоспалармен өңделеді. Мұндай қорапта көп сақталған сүт өнімдері адам ағзасына өте қауіпті азыққа айналып кетуі мүмкін.
    •  Сапасыз да жасанды сүт сатудың ең көп тараған  түрі – оған су қосудан басталады. Бұл кезде сүттің тығыздылығы өзгереді. Татымын жоғалтқан мұндай сүтке халық сенімін жоғалтпас үшін алып сатарлар оған ұн, яки аздаған тұз да қосады деседі.

 

Жасанды теңіз өнімдері

 

    • Теңіз өнімдерінде ақуыз мөлшері көп болғандықтан, олар өте бағалы болып табылады. Себебі ақуыздық калориялығы аз.
    • Кейбір теңіз өнімдері арнайы су қоймаларда  ынталандырушылар, бояғыштар мен  антибиотиктердің қолдануымен өсіріледі. Мұндай теңіз өнімдерін жиі тұтыну адам денсаулығына айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін. Себебі ондағы залалды нәрселер ағзада жиналу қабілетіне ие.

 

Шұжық емес,тері-терсек жеп жүрсіз!

 

    • Соңғы жылдары арық малдың етіне соя ақуызын, өнімнің сапасын жасанды түрде арттыратын басқа да химиялық заттар қоса салып, әп-әдемі шұжықтардың түр-түрін жасай береді. Дүкен сөресіндегі шұжықтардың іші адам ағзасына өте зиянды соя концентратына, дәмдегіш, салмақ көбейткіш, ет дәмін беретін түрлі химиялық қоспаларға толы. Солай бола тұра, ет өнімін шығарушылар жұрттың бәрін «өнімнің құрамындағы химиялық қоспалар өте аз мөлшерде, зияны жоқ» деп алдайды.

 

    • Ал,сіз өзіңіз жақсы көретін жіңішке шұжықтың (сосиска) құрамында не бар екенін білесізбе?

        Оның 25 пайызы – соя ақуызынан, 15 % – құс етінен, 7 % – мал етінен,

5 % – крахмал  ұнынан, ал 45 % – малдың терісінен, тарамыс-тамырлары мен бүйрек-бауырларынан жасалған қоспадан тұрады.  Міне, елдің ең көп жейтін тағамның  түрі осындай.

    • Ең сорақысы – өтпей  қалған шұжық өнімдері ет комбинатында екінші рет өңдеуден өтіп, сауда нүктелеріне қайта әкелінеді. Мұндайда бұрынғысы аздай, оның құрамына қайтадан азықтық қоспалар қосылады.

 

Жалпы жалған өнімді жасалу тәсіліне қарай:

Ассортименттік

Сапалық,сандық

Бағалық

Жалған  өнім

 

Ассортименттік жасандылық өнімнің ұқсас белгілерін сақтай отырып, оның құрамын жартылай немесе толықтай өзгертеді. Нақтырақ айтқанда, өнімнің құрамын арзанқол затармен алмастыру арқылы жүзеге асырылады. Бұны көбінесе сұйықтық өнім өндірушілер қолданады. Атап айтқанда, спирт, арақ, шарап, минералды сулар, қымыз, шұбат т.б сусындардың құрамын өзгеру арқылы жасалады. Сондай-ақ, табиғи сұйық өнімнің құрамдас бөлігін сандық фальсификаттау кезінде де қолданылуы мүмкін.

Мысалы, қант, тұз қатарлы өнімдерді дымқыл, ылғалды орында сақтау арқылы олардың салмағын ауырлатады. Осыдан кейін өнімнің сапасы өзгереді. Алайда кез келген тұтынушы мұндай өнімнің жалғандығын аңғара бермейді.

    • Фальсификация - [ лат. falsificare - қолдан жасау] - қолдан жасау; нақтылы, шынайы мәліметті жалған, өтірікпен алмастыру,тағам өнімін бұрмалау.

Тағамдық  май өнімдерін бұрмалау түрлері:

 

       1) өсімдік майларын, маргарин және майонез өнімдерін түр-түрлілік бұрмалау - қымбат және бағалы майларды (зәйтүн, жүгері) арзан маймен (соя, рапс) алмастыру, іс жүзіндегі рецептік құрамның берілген құрамға сәйкессіздігі не айрықша сапалы өнімді алмастыру және қарапайым май өнімін белгілеу;  
      2) сапалы бұрмалау - неғұрлым аз тазартылған майларды пайдалану, сүт майын өсімдік майларымен алмастыру. 

Жалған  өнімнің зияндылығы

 

    • Жалған өнім жасаушылар тұтынушыларды алдап қана қоймайды, сол  өнімдері арқылы адам денсаулығына аса зиян келтіреді. Әсіресе тамақ өнімдерінің құрамына сапасыз қоспалар араластыру арқылы  олардың санын көбейтіп немесе салмағын молайту, сыртқы қап-қорабына жалған ақпарат жазып қойу етек алып барады. Мысалы, табиғи емес өнімді табиғи етіп көрсету т.с.с. Сондықтан мұндай әрекеттердің жолын кесу үшін үкімет пен тұтынушы қауым күш біріктіруі қажет.

 

Қорытынды

 

    • Біз көзіміз бен асқазанды тамақтандырғанда емес, ағза жасушаларын дұрыс қоректендіргенде ғана деніміз сау болады. Казіргі танда елімізде кең етек алған алаяқтық пен парақорлық сияқты жаман қасиеттерді бойына сіңіріп өскен адам ақша табудың неше түрлі арам жолдарын ойлап табады. Соның бірі жалған өнім жасап өткізу. Сондай алаяқтықтың жолын кесу үшін үкімет тарапынан тиісті заң актілері қабылданып, бақылау, қадағалау іс шаралары күшейе түсуде. Әйтседе тәрбие әлсіз болса заң да әлсіз болмақ. Жасушалы тамақтану үшін өз рационыңа қажетті заттарды, тағамдық қоспалар (халықаралық стандартқа сай, жоғары сапалы (БАД), (GMP, FDA және т.б.)  немесе нутрицевтиктер деп аталатын байытушы тағамдарды енгізуі қажет. Олардың ҚР ДСМ тіркелуі және сертификатталған болуы, арнайы тағайындалған орындарда алынып, ең бастысы кәсіби дәрігермен, әсіресе, емдәмші- нутрициологпен ұсынылуы қажет.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

    • www.google.kz интернет сайты
    • «Заң газеті»
    • ↑ Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3

 


Информация о работе Суррогаттық азық-түліктер