Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2012 в 00:16, реферат
Онкологиялық ауруларға алаңдаушылық пен баса көңіл бөлу– қазіргі заманғы денсаулық сақтау саласының ерекшелігінің бірі болып табылады. Бүкіл әлемде, бәрінен бұрын елдің әлеуметтік-экономикалық саламаттылығының өсуіне байланыстыинфекциялық емес созылмалы аурулардан сырқаттанушылықтың өсуі, өмір сүру ұзақтығының ұлғаюы, онкологиялық ауруларды анықтауға бағытталған профилактикалық іс-шараларды жүргізу байқалуда. Сонымен бірге, созылмалы инфекциялық емес аурулар мүгедектік пен мезгілсіз қайтыс болудың маңызды себебі болып табылады, бәсекелестіктің жаһандық индексінің маңызды индикаторларының бірі болып табылатын өмір сүру ұзақтығының көрсеткішіне айтарлықтай әсер етеді. Онкологиялық аурулар созылматы инфекциялық емес аурулардың құрылымында негізгі болып табылады.
Кіріспе. Онкологиялық науқастарды оңалту.
Негізгі бөлім.
а) онкологиялық науқастарды оңалту мәселелері.
ә) онкологиялық аурулардың алдын алудың әлсіз және күшті
жақтарды, мүмкіндіктер мен қауіптері.
б) онкологиялық науқастарды оңалтудың жетістіктері.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Онкологиялық
науқастарға медициналық-
РФП өндіру үшін жеке техникалық базаның және мамандардың, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің «Ұлттық ядролық орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ядролық физика институтының Ядролық медицина және биофизика орталығын құрудың іске асырылатын жобасының болуы.
Күшті жақтар
Қатерлі ісіктерді ерте диагностикалау бойынша ұлттық скринингілік бағдарламаларды жүргізудің оң тәжірибесі.
Мамандандырылған онкологиялық көмектің иерархиялық құрылған желісінің болуы –аудандық (бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарындағы онкологиялық кабинеттер), -өңірлік (облыстық және қалалық онкодиспансерлер) деңгейден республикалық деңгейге (ҚазОРҒЗИ).
Республикалық
бюджет қаражатының есебінен қатерлі
ісіктерді емдеу және онкологиялық
бейін ұйымдарын материалдық-
Мүмкіндіктер
Пациенттің онкологиялық стационарларды еркін таңдауы және шетелден пациенттерді тарту есебінен ұсынылатын қызметтердің сапасын жақсарту.
Шетелден қазіргі заманғы технологиялар трансферін жүзеге асыру және «Назарбаев Университет» автономдық білім беру ұйымының, «Ұлттық медициналық холдинг»акционерлік қоғамы клиникаларының, ҚазОРҒЗИ базасында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу.
Әлеуметтік елеулі мәні бар ауру болып табылатын обырдың профилактикасы мен емдеуін басымдықты бюджеттік қаржыландыру.
Халықтың ақпараттандырылуын арттыру мен мінез-құлқын өзгертудің есебінен қатерлі ісіктерді ерте диагностикалауды жақсарту.
Сектораралық өзара іс-қимылды күшейтудің есебінен қатерлі ісіктерден өлімді төмендету.
Қауіптер
Дүниежүзілік қаржы дағдарысының қойылған міндеттерді іске асыру үшін жоспарланған іс-шараларды қаржыландыруға әсері.
Қатерлі
іскетрдің өсуіне әкелуі мүмкін табиғи
және техногендік сипаттағы төтенше
жағдайлардың туындауы.
Онкологиялық науқастарды оңалтудың жетістіктері.
Ерте диагностика (скринингтер) бағдарламаларын дамыту арқылы онкологиялық аурулардың профилактикасын жетілдіру:
2012 жылға – 6 скринингілік бағдарламаны іске асыру: сүт безі обырының, жатыр мойны обрының, колоректальдық обырдың скринингін іске асыруды жалғастыру, Шығыс Қазақстан облысында қуықасты безі обырының скринингі бойынша пилоттық жобаны енгізу;
2013 жылға – 6 скринингілік бағдарламаны іске асыру: сүт безі обыры, жатыр мойны обыры, колоректальдық обыр бойынша, Қызылорда, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында қуықасты безі обырының скринингі бойынша пилоттық жобаны кезең-кезеңмен кеңейту, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарына бауыр обыры, өңеш және асқазан обыры скринингін кезең-кезеңмен енгізу;
2014 жылға – 6 скринингілік бағдарламаны іске асыру: сүт безі обыры, жатыр мойны обыры, колоректальдық обыр бойынша, қуықасты безі обырының, бауыр обырының, өңеш және асқазан обырының скринингін Ақмола, Атырау, Жамбыл, Қарағанды және Қостанай облыстарында кезең-кезеңмен кеңейту;
2015 жылға – 6 скринингілік бағдарламаны іске асыру: сүт безі обыры, жатыр мойны обыры, колоректальдық обыр бойынша, қуықасты безі обырының, бауыр обырының, өңеш және асқазан обырының скринингін Алматы, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында , Астана және Алматы қалаларында кезең-кезеңмен кеңейту;
2016 жылы – ұлттық деңгейде 6 скринингілік бағдарламаны іске асыру: сүт безі обыры, жатыр мойны обыры, колоректальдық обыр бойынша, қуықасты безі обырының, бауыр обырының, өңеш және асқазан обырының скринингі.
Ғылыми-негізделген тиімділігімен диагностика мен емдеудің жоғары технологиялық әдістеріне қолжетімділікті арттыру:
2013 жыл – өңірлік онкологиялық диспансердің базасында Семей қаласында сәулелік терапия жүргізу бойынша жоғары технологиялық радиологиялық орталықты құру. Алдыңғы қатарлы шетелдік клиникаларда онкологиялық қызмет үшін 62 маман даярланды;
2014 жыл – Алматы қаласында ҚазОРҒЗИ базасында және Қарағанды облысының облыстық онкодиспансерінде, сондай-ақ ҚазОРҒЗИ базасындағы ядролық медицина орталықтарында және семей қаласының өңірлік онкологиялық диспансерінде сәулелік терапия жүргізу бойынша жоғары технологиялық радиологиялық орталықтар құру. Алдыңғы қатарлы шетелдік клкникаларда онкологиялық қызмет үшін 105 маман даярланды;
2015 жыл – Астана қаласында қалалық онкологиялық диспансердің және Ақтөбе қаласындағы М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің медициналық орталығының базасында жоғары технологиялық радиологиялық орталықтар құру. Алдыңғы қатарлы шетелдік клкникаларда онкологиялық қызмет үшін 113 маман даярланды;
2016 жыл – Астана қаласында Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықты құру.
Астана, Ақтөбе, Қарағанды, Семей қалаларының онкологиялық диспансерлеріне және ҚазОРҒЗИ-ға магниттік-резонанстық томографтар қондыру.
Онкологиялық практикаға жер-жерлерде аз инвазивтік эндобейнескопиялық операцияларды енгізу.
Медициналық ақпараттарды сақтау мен өңдеудің электрондық орталықтарын құру.
Онкологиялық диспансерлерде радионуклидтік диагностика бөлімшелерін құру.
Онкологиялық науқастарға оңалту және паллиативтік көмектің қазіргі заманғы жүйесін құру:
2012 жыл – Алматы қаласындағы хоспитың базасында паллиативтік көмек орталығын ашу, Павлодар қаласында, Қарағанды қаласында, Өскемен қаласында, Қостанай қаласында, Семей қаласында мемлекеттік-жеке серіктестік шеңберінде онкологиялық науқастарға паллиативтік көмекті ұйымдастыру;
2013 жыл –Астана қаласының, Петропавл қаласының онкологиялық диспансерлерінің базасында, Ақтөбе қаласындағы Батыс Қазақстан медициналық академиясының медициналық орталығының базасында, Қызылорда қаласының көпбағдарлы ауруханасының базасында паллиативтік көмек орталықтарын ашу;
2014 жыл – Талдықорған қаласының көпбағдарлы ауруханасының базасында, Алматы қаласының өңірлік онкологиялық диспансерінің базасында, Ақтау қаласының онкологиялық диспансерлерінің базасында паллиативтік көмек орталықтарын ашу;
2015 жыл –Орал қаласының, Атырау қаласының онкологиялық диспансерлерінің базасында паллиативтік көмек орталықтарын ашу;
2016 жыл
–Шымкент қаласының, Тараз қаласының
онкологиялық диспансерлерінің базасында
паллиативтік көмек орталықтарын ашу.
Қорытынды.
Бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарындағы профилактикалық бағыттылықты күшейту мыналарды қамтиды:
медицина
қызметкерлерінің онокологиялық сақтығын
арттыру жөніндегі
оқыту модулдерін әзірлеу және оқытудың әртүрлі түрлерін (көшпелі өңірлік семинарлар, каскадтық әдіс, on-line, оның ішінде телемедицинаны пайдалана отырып) пайдалана отырып скринингілік тексерулерді енгізудің әртүрлі бағыттарына БМСК және мамандандырылған қызмет мамандарын оқыту);
2012 жылдан
бастап Шығыс Қазақстан
сүт безінің, жатыр мойнының, тоқішектің, қуықасты безінің, өңештің, асқазанның, бауырдың қатерлі ісіктерін ерте анықтау бойынша скрнигілік бағдарламаларды енгізу монитрингін жүргізу;
жасөспірім қыздарды жатыр мойны обырының алдын алу мақсатында адам папиломасы вирусына қарсы вакцинациялау жүргізу;
скринингілік бағдарламаларды жетілдіру және сапасын арттыру;
қатерлі ісктерді профилактикалау туралы халықты ақпараттандыруды арттыру арқылы жеке денсаулығы үшін азаматтардың ортақ жауапкершілігін қалыптастыру;
бұқаралық ақпарат құралдарын саламатты өмір салтын насихаттау, қалыптастыру және қатерлі ісіктердің профилактикасында белсенді пайдалану;
қатерлі ісіктердің бастапқы профилактикасы, ерте белгілері бойынша халықтың арасында брошюраларды, буклеттерді, парақшаларды әзірлеу, көбейту және тарату;
көрсетілген диагностикалық қызметтердің сапасын арттыру және спектрін кеңейту үшін қазіргі заманғы эндоскопиялық, рентгенологиялық, ультрадыбыстық және зертханалық жабдықтармен қамтамасыз ету.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Информация о работе Онкологиялық науқастарды оңалту. Мәселелері мен жетістіктері