Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2012 в 00:16, реферат
Онкологиялық ауруларға алаңдаушылық пен баса көңіл бөлу– қазіргі заманғы денсаулық сақтау саласының ерекшелігінің бірі болып табылады. Бүкіл әлемде, бәрінен бұрын елдің әлеуметтік-экономикалық саламаттылығының өсуіне байланыстыинфекциялық емес созылмалы аурулардан сырқаттанушылықтың өсуі, өмір сүру ұзақтығының ұлғаюы, онкологиялық ауруларды анықтауға бағытталған профилактикалық іс-шараларды жүргізу байқалуда. Сонымен бірге, созылмалы инфекциялық емес аурулар мүгедектік пен мезгілсіз қайтыс болудың маңызды себебі болып табылады, бәсекелестіктің жаһандық индексінің маңызды индикаторларының бірі болып табылатын өмір сүру ұзақтығының көрсеткішіне айтарлықтай әсер етеді. Онкологиялық аурулар созылматы инфекциялық емес аурулардың құрылымында негізгі болып табылады.
Кіріспе. Онкологиялық науқастарды оңалту.
Негізгі бөлім.
а) онкологиялық науқастарды оңалту мәселелері.
ә) онкологиялық аурулардың алдын алудың әлсіз және күшті
жақтарды, мүмкіндіктер мен қауіптері.
б) онкологиялық науқастарды оңалтудың жетістіктері.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Қазақстан
Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі
Оңтүстік
Қазақстан Мемлекеттік
Фармацевтика академиясы
СӨЖ
Тақырыбы:
Онкологиялық науқастарды оңалту.
Мәселелері мен жетістіктері.
Орындаған:
Тобы:
Қабылдаған:
Шымкент – 2012
Жоспар
а) онкологиялық науқастарды оңалту мәселелері.
ә) онкологиялық аурулардың алдын алудың әлсіз және күшті
жақтарды, мүмкіндіктер мен қауіптері.
б) онкологиялық науқастарды оңалтудың жетістіктері.
Онкологиялық ауруларды оңалту.
Онкологиялық ауруларға алаңдаушылық пен баса көңіл бөлу– қазіргі заманғы денсаулық сақтау саласының ерекшелігінің бірі болып табылады. Бүкіл әлемде, бәрінен бұрын елдің әлеуметтік-экономикалық саламаттылығының өсуіне байланыстыинфекциялық емес созылмалы аурулардан сырқаттанушылықтың өсуі, өмір сүру ұзақтығының ұлғаюы, онкологиялық ауруларды анықтауға бағытталған профилактикалық іс-шараларды жүргізу байқалуда. Сонымен бірге, созылмалы инфекциялық емес аурулар мүгедектік пен мезгілсіз қайтыс болудың маңызды себебі болып табылады, бәсекелестіктің жаһандық индексінің маңызды индикаторларының бірі болып табылатын өмір сүру ұзақтығының көрсеткішіне айтарлықтай әсер етеді. Онкологиялық аурулар созылматы инфекциялық емес аурулардың құрылымында негізгі болып табылады.
Қазақстанда онкологиялық аурулардан өлім халық өлімінің құрылымында екінші орынды алады. Жыл сайын обырдан әдетте 17000 адам, оның ішінде 42% еңбекке қабілетті жастағы тұлғалар қайтыс болады.
Ерлердің арасындағы сырқаттанушылық құрылымында алдыңғы орында кеңірдек, бронхтар, өкпе (20,4%), асқазан (12,0%), тері (9,6%), ісіктері алады, одан кейін қуықасты безінің (6%), пищевода (5,3%), гемобластоздар (4,9%), тік ішек (4,6%), тоқішек ішектің (4,1%), қуық (3,7%) ісіктері алады.
Әйелдер арасында обырдың таралушылығы бойынша бірінші орынға сүт безі ісіктері (21,4%), одан кейін тері ісіктері (11,6%), жатыр мойны (8,8%), асқазан (6,2%), аналық бездер (5,7%), жатыр денесі (5,5%), тоқішек (4,6%) ісіктері, гемобластоздар (3,9%), өкпе обыры (3,9%) тиісті. Жас адамдардың қатерлі ісктермен сырқаттанушылығы проблема болып отыр.
Қазақстанда кездесетін онкологиялық аурулардың басым бөлігі (сүт безі, жатыр мойны, өңеш, асқазан, бауыр, тоқ және тік ішектердің, қуықасты бездерінің ісіктері) скринингілік бағдарламаларды жүргізу арқылы ерте сатыларда диагностикаланатын болады. Сәйкесінше, осы орындағы ісіктерден өлімді төмендету онкологиялық аурулардан жалпы өлімді төмендету үшін резерв бола алады.
Алайда
қазіргі уақытта республикада скринингілік
бағдарламалар тек көзге
Онкологиялық ауруларды уақтылы және ерте диагностикалау емдеу нәтижесін айтарлықтай жақсартуға және науқастардың өмір сүруін арттыруға мүмкіндік береді. Осылайша, І сатыдағы сүт безі обырын анықтау емдеуге арналған қаржы шығыстарын 200 еседен астам қысқартуға және 5 жылдық өмір сүрушілікті жалпы екі есе (90-95% дейін) арттыруға мүмкіндік береді.
Онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің қазіргі заманғы технологияларын пайдаланудың жеткіліксіз деңгейі соңғы 3 жылдың ішінде науқастардың 5 жылдық өмір сүрушілік көрсеткішінің 50,2%-дан (2009 жыл) 51,4%-ға (2011 жыл) дейін аздап өсуіне ықпал етті. Бұл ретте 5 жылдық өмір сүрушіліктің ең төменгі көрсеткіші бауыр, ұйқы безі және өкпе обыры кезінде байқалады. 5 жылдық өмір сүрушіліктің салыстырмалы төмен көрсеткіші онкологиялық аурулармен ауыратын 46% науқас анықталып, асқынған сатыларда (III-IV сатыларда) емделуді бастайды.
Ядролық медицина (бұдан әрі – ЯМ) – ауруларды диагностикалау мен емдеу үшін радиофармацевтикалық препараттар (бұдан әрі – РФП) пайдаланылатын қазіргі заманғы медицинаның бағыты. Диагностикалық тиімділік, ең төменгі сәулелік жүктеме, зерттеудің қарапайымдылығы мен шектеусіздігі осы әдістерді стационарлық және амбулаториялық жағдайлар сияқты медцинаның барлық саласында кеңінен қолдануға мүмкіндік береді. Алайда ЯМ онкологиялық көмек элементтерінің бірі ретінде (жабдықтар, кадр ресурстары және басқалар) республикада жоқ. Радионуклидтік диагностика, бірфотондық эмиссиялық компьютерлік томография (бұдан әрі – БФЭКТ), позитрондық-эмиссиялық томография (бұдан әріе – ПЭТ) – қалыпты және ісіктік жасушалардың әртүрлі метаболизмін (ісіктердің мөлшеріне емес) анықтауға негізделген диагностика мен емдеу әдістері,бұл қандайда бір анатомиялық өзгерістер болмаған жағдайда қатерлі болу белгілерін анықтауға мүмкіндік береді. Қазақстанда тек Астана қаласында 1 ПЭТ аппараты бар, бұл республиканың бүкіл қажеттілігін қамтамасыз ете алмайды. Халықаралық деректер бойынша 1,5 млн. халыққа 1 ПЭТ-орталық құрылады.
Радионуклидтік диагностика мен радионуклидтік терапияны пайдалану қалқанша және қуықасты безінің обырын емдеу нәтижесін арттыруға және 5 жылдық өмір сүрушілікті 90%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Одан басқа, радионуклидтік терапия сүйектердегі және ішкі органдардағы метастатикалық зақымданумен ауыратын науқастарды сәтті емдеуге мүмкіндік береді. Көп жағдайда онкологиялық ауруларды емдеу сәттілігі радиохирургияның қазіргі заманғы әдістерін енгізумен анықталады, алайда қазіргі таңда республикада республикалықты қоса алғанда, бірде бір онкологиялық клиника жоғары технологиялық жабдықтардың болмауына байланысты осы сияқты әдісті қолданбайды.
Дамыған елдерде онкологиялық науқастарды аз инвазивтік диагностикалау мен емдеу кең таралушылыққа ие болды. Бұл бағытты дамытуға ерте диагностикалау ықпал етті. Республикада эндобейнескопиялық операциялар жүргізу үшін онкологиялық ұйымдарда жабдықтардың, үйретуші симуляциялық орталықтардың және робототехникалардың болмауына байланысты диагностика мен емдеудің аз инвазивтік әдістері мүлдем пайдаланылмайды. Пациенттерді мүгедектікке әкелетін кеңейтілген радикалдан тыс операциялар санының көптігі соның салдары болып табылады.
Онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету соңғы 10 жылда 800 млн. Теңгеден (2002 жыл) 13,7 млрд. Теңгеге дейін (2012 жыл) 17 есе ұлғайды. Дәрілік заттардың атауы 2,5 еседен астам ұлғайды. Қазіргі таңда онкологиялық науқастардың дәрілік препарттармен қамтамасыздығы қажеттіліктен 70%-ды құрады. Қатерлі ісіктердің дәрілік терапиясының ерекшелігі емдеу ұзақтығы мен үздіксіздігі болып табылады, бұл дәрі-дәрмектерді стационарда пайдалануды және емдеуді амбулаториялық жағдайда жалғастыруды көздейді. Емдеудің тағы да бір ерекшелігі «таргеттік» деп аталатын-тек ісік жасушаларына әсер ететін препарттарды пайдалану болып табылады. «Таргеттік» препараттармен қамтамасыз ету стационарлық деңгейде қажеттіліктен 40%-ды құрайды, сонымен амбулаториялық деңгейде қазіргі уақытқа дейін бұл препарттармен тек кейбір жағдайлар ғана қамтамасыз етілді, бұл қымбат тұратын ем сабақтастығының бұзылуына және тиімділігінің төмендеуіне әкелді. 2012 жылдан бастап пациенттер республикалық бюджет қаражатының есебінен «таргеттік» препараттармен қамтамасыз етіледі.
Ерте
диагностикалаудың, емдеудің қазіргі
заманғы әдістерін жеткіліксіз
пайдаланудың, онкологиялық көмекке
қолжетімділіктің жеткіліксіздігінің
салдарынан қазіргі таңда қатерлі
ісктермен ауыратын науқастардың тек
51-52% ғана мамандандырылған ем алады.
Онкологиялық науқастарды оңалту мәселелері.
Ерте диагностикалаудың қазіргі технологияларының жетіспеушілігі және халық пен дәрігерлердің онкологиялық сақтығы.
Қатерлі іскпен ауыратын науқастардың тек 46% ісік процесінің ерте сатыларында (I –II сатылар) анықталады. Бұл пациенттердің арасында анықтау диагностиканың қымбат тұратын әдістерін қолдануды талап етпейтін көзге көрінетін жерлердегі ісіктердің деңгейі жоғары. Обырдың осындай нысандарын анықтау сәттілігі бірінші кезекте онкологиялық сақтыққа және медицина қызметкері мен пациенттің білім деңгейіне, олардың онкологиялық аурулардың даму қаупіне қатысты мінез-құлқының өзгеруіне байланысты болады.
Онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің инновациялық, жоғары технологиялық әдістеріне қолжетімсіздік
Қазақстанның онкологиялық қызметі ерекше түбегейлі хирургиялық емдеу (90%-ға дейін) жүргізілетін ең жоғары деңгейге асқынған нысанмен ауыратын пациенттер жіберілетін медициналық көмек көрсету кезеңділігінің бұрынғы жүйесін сақтаған. Осы қағидат бойынша жаңа технологиялар тек республикалық денсаулық сақтау ұйымдарына топтастырылған, жаңа технологиялар трансферті шектелді. Осылайша, жиі жағдайда ерте сатыда түбегейлі емдеуге арналған қолайлы кезең пациенттің төмен тұрған деңгейлерде диагностика мен емдеудің барлық қажетті деңгейлерінен өтуіне байланысты өтіп кетеді.
Онкологиялық және амбулаториялық-емханалық ұйымдардың материалдық-техникалық базасының жеткіліксіздігі
Материалдық-техникалық база обырдың көптеген орындарын ерте анықтау жүргізуге мүмкіндік бермейді. Барлық онкологиялық ұйымдарда цифрлық маммографтар жоқ, компьютерлік томографтар, БФЭКТ және басқа да рентгенодиагностикалық жабдықтар жеткіліксіз. Эндоскопиялық, ультрадыбыстық жабдықтар жаңартуды талап етеді. Цитологиялық зертханаларды жағындыларды бояу үшін автоматтармен, сұйықтық цитология үшін аппараттармен, толықтыру, сондай-ақ иммундық-гистохимиялық диагностика жүйесін құру қажет.
Жыл сайын медициналық көмек көрсетудің әртүрлі деңгейлерінде қатерлі ісіктермен ауыратын науқастарға орындалатын диагностикалық зерттеулердің ұлайған көлемі, сондай-ақ бірнеше жылғы аурулардың даму динамикасына талдау жүргізу қажеттілігі медициналық ақпаратты сақтау мен өңдеудің электрондық орталықтарын құруды талап етеді.
Білікті медициналық және медициналық емес кадрлар тапшылығы
Онкологияда технологияның қарқынды өсуі медицина қызметкерлерінің тұрақты жетілуін және білімдерін жаңартуды талап етеді. Әлемдік практикадан білім мен дағдылардың «қалып қалуынан» басқа медицина қызмткерлерінің тәни жетіспеушілігі бар. Одан басқа, білікті медициналық емес кадрлардың – жаңа жабдықтармен жұмыс ісеу кезінде қажетті физиктердің, химиктердің, инженерлердің болмауына байлансты проблема қиындай түсуде.
Оңалту және паллиативтік көмектің іс жүзінде болмауы
Қатерлі
ісіктермен ауыратын науқастарға паллиативтік
көмек пен оңалту онкологиялық көмектің
маңызды элементі болып табылады.
Елдегі бар хоспистер тек 6 өңірде
ғана орналасқан және тек 5% мұқтаж науқастарға
ғана көмек көрсете алады. Оңалту көмегінің
болмауы науқастар өмірінің сапасын айтарлықтай
нашарлатады.
Онкологиялық аурулардың алдын алудың әлсіз және күшті жақтарды, мүмкіндіктер мен қауіптері.
Жүргізілген талдау бірқатар негізгі қиындықтарды анықтауға және Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек ұсыну жүйесіндегі проблемаларды шешу жолдарын белгілеуге мүмкіндік берді.
Әлсіз жақтар
Онкологиялық науқастардың профилактикасы, диагностикасы, емдеу және оңалту бойынша қазіргі заманғы клиникалық нұсқаулықтарды/хаттамаларды пайдаланудың жеткіліксіз деңгейі.
Балалар
сүйек кемігін транспланттауды
қоса алғанда қатерлі ісіктерді
диагностикалау мен емдеудің инновациялық
технологияларын енгізудің
Онкологиялық ауруларды ерте диагностикалау мен емдеу мәселелерінде (радионуклидтік диагностика мен терапия, ЯМ, аз инвазивтік технологиялар, брахитерапия және басқалар) даярланған медицина қызметкерлерінің және оларды даярлау үшін базаның мүлдем жетіспеушілігі.
ЯМ саласындағы мамандардың (медициналық физиктер, медициналық химиктер, инженерлер) жетіспеушілігі және және оларды даярлау үшін базаның жоқтығы.
Онкологиялық ұйымдардың материалдық-техникалық базасының жетіспеушілігі, онкологиялық диспансерлердің бейімделген ғимараттарға орналасуы.
Онкологиялық ұйымдардың төсек қорының белгіленген нормативтерге сәйкессіздігі.
Онкологиялық, маммологиялық және проктологиялық кабинеттер санының белгіленген нормативтерге сәйкессіздігі.
Қатерлі ісіктермен ауыратын науқастарға паллиативтік және оңалту көмегі жүйесінің болмауы.
Информация о работе Онкологиялық науқастарды оңалту. Мәселелері мен жетістіктері