Муколитикалық препараттар

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2012 в 17:31, реферат

Описание работы

Қақырық түсіретін әсері бар өсімдік текті препараттардың әсер ету механизмі;
Кақырық түсіретін дәрілік заттар тобына бронхиалды бездермен өндірілетін шырыштың бөлінуін жеңілдету үшін белгіленген. Қақырық түсіретін заттардың екі түрі бар: 1)рефлекторлы әсер ететін; 2)тікелей әсер ететін. Рефлекторлы әсер ететіндер – ипекакуана препараттары және термопсис шөбінің препараттары (сығынды). Олардың құрамындағы алкалоидтар (ал термопсистегі сапониндер де) ішке енгізгенде асқазан рецепторларының тітіркенуін шақырады. Осы кезде бронхиалды бездердің секрециясы рефлекторлы түрде артады, кірпікшелі эпителийдің белсенділігі жоғарылайды, бронх бұлшықеттерінің жиырылуы күшейеді. Қақырық көбейеді, тұтқырлығы азаяды және оныі жөтелмен бөлінуі жеңілдейді.

Содержание

І. Өзектілік;
І. Негізгі бөлім:
А) Қақырық түсіретін әсері бар өсімдік текті препараттардың әсер ету механизмі;
Б)Жөтелге қарсы әсері бар фитопрепараттар. Әсер ету механизмі. Жағымсыз әсерлері.
С)Бронхолитиктік әсері бар фитопрепараттар. Әсер ету механизмі
ІІІ.Қорытынды.
ІУ.Пайдаланған әдебиеттер.

Работа содержит 1 файл

фарм 1.doc

— 418.50 Кб (Скачать)

Бронхоспастикалық жағдайдың даму үрдісінде, соның ішінде  бронхиалды демікпеде, бронхоспазмның дамуына әкелетін әр түрлі қоздырғыштарға бронхтардың гиперреактивтілігі дамиды. Олардың қатарына аллергендер,  инфекция, химиялық заттар, суық ауамен тыныс алу, стресс т.б жатады.

Бронхтардың гиперреактивтілігі қалыптасуының негізінде жатқан қабыну реакциясының дамуында, қабыну медиаторлары  үлкен рөл атқарады. Олар бронх эпителийінің жасушаларында, мес жасушаларда, альвеоланың макрофагтарында, нейтрофилдерде, эозинофилдерде, моноциттерде өндіріледі. Әдетте, өкпенің мес жасушаларының құрамында гистамин, аденозин, нейтрофилдер мен эозинофилдер үшін хемотаксистік факторлар бар. Қабыну үрдісі көптеген басқа қабыну медиаторларының – лейкотриендердің, простагландиндердің , тромбоксанның тромбациттерді активтейтін факторлардың  өндірілуін ынталандырады.

Жөтелге қарсы заттардың  екі тобын ажыратады. 1.Орталыққа  әсер ететін заттар: А.Наркотикалық типті  әсерлі (кодеин, этилморфин гидрохлориді). Б.Наркотикалық  емес препараттар (глауцин  гирохлориді, тусупрекс). 2.Шетке әсер ететін заттар (либексин).

Практикалық  медицинада сопақша мида орналасқан жөтел рефлексінің  орталық тармағын тежейтін орталық  әсерлі заттар өте кең таралған. Бұл топқа жақсы белгілі кодеин және этилморфин гидрохлориді жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ.Қорытынды.

 

 

Қақырық түсіретін заттарға құлқайыр (алтей) тамырының, истод тамырының, қызыл мия тамырының (солодка) препараттары, терпингидрат, натрий бензоаты жатады.

Бронхтың шырышты қабатының  құрғауында, бронхиалды бездердің  тұтқыр және қою секретінде  жөтелді бронх шырышты қабатының секрециясы Қақырық түсіретін заттарға құлқайыр (алтей) тамырының, истод тамырының, қызыл мия тамырының (солодка) препараттары, терпингидрат, натрий бензоаты жатады.

Бронхолитик ретінде  кейде симпатомиметик эфедрин қолданылады. Белсенділігі жағынан адреналиннен төмен, бірақ ұзағырақ әсер етеді. Әдетте алдын алу үшін қолданылады. Жанама әсерлерінен адреналин үшін көрсетілгеннен басқа ОЖЖ-нің қозуы байқалады. Егер ол едәуір айқын дәрежеде байқалса, оны тыныштандыратын немесе ұйықтатқыш заттарды қолданып азайтуға болады. Эфедринге дәріге тәуелділік дамитынын ескерген жөн. 

Сонымен бронхоспазмды  жоюдың тағы бір жолы, жасуша ішінде цАМФ мөлшерінің жоғарылауына әкелетін бронхтың β2-адренорецепторларын және соған байланысты аденилатциклазаны белсендіру және бронхтың тегіс салалы бұлшық етінің тонусын төмендету болып табылады.

Болашақ дәрігерлер науқасын емдеу кезінде осындай тыныс  жүйесі ауруларында тағайындалатын дәрі-дәрмектерден қателеспеуі керек. Себебі, бұл жүйе тіршіліктің бірден бір белгісі болып табылады.


Информация о работе Муколитикалық препараттар