Муколитикалық препараттар

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2012 в 17:31, реферат

Описание работы

Қақырық түсіретін әсері бар өсімдік текті препараттардың әсер ету механизмі;
Кақырық түсіретін дәрілік заттар тобына бронхиалды бездермен өндірілетін шырыштың бөлінуін жеңілдету үшін белгіленген. Қақырық түсіретін заттардың екі түрі бар: 1)рефлекторлы әсер ететін; 2)тікелей әсер ететін. Рефлекторлы әсер ететіндер – ипекакуана препараттары және термопсис шөбінің препараттары (сығынды). Олардың құрамындағы алкалоидтар (ал термопсистегі сапониндер де) ішке енгізгенде асқазан рецепторларының тітіркенуін шақырады. Осы кезде бронхиалды бездердің секрециясы рефлекторлы түрде артады, кірпікшелі эпителийдің белсенділігі жоғарылайды, бронх бұлшықеттерінің жиырылуы күшейеді. Қақырық көбейеді, тұтқырлығы азаяды және оныі жөтелмен бөлінуі жеңілдейді.

Содержание

І. Өзектілік;
І. Негізгі бөлім:
А) Қақырық түсіретін әсері бар өсімдік текті препараттардың әсер ету механизмі;
Б)Жөтелге қарсы әсері бар фитопрепараттар. Әсер ету механизмі. Жағымсыз әсерлері.
С)Бронхолитиктік әсері бар фитопрепараттар. Әсер ету механизмі
ІІІ.Қорытынды.
ІУ.Пайдаланған әдебиеттер.

Работа содержит 1 файл

фарм 1.doc

— 418.50 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

Жоспар 

 

 

І. Өзектілік;

ІІ. Негізгі бөлім:

А) Қақырық  түсіретін  әсері бар  өсімдік  текті препараттардың әсер ету механизмі;

Б)Жөтелге  қарсы  әсері бар фитопрепараттар. Әсер ету механизмі. Жағымсыз әсерлері.

     С)Бронхолитиктік әсері бар фитопрепараттар. Әсер ету механизмі

ІІІ.Қорытынды.

ІУ.Пайдаланған  әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Негізгі бөлім:

 

А) Қақырық  түсіретін  әсері бар  өсімдік  текті препараттардың әсер ету механизмі;

 

Қақырық түсіретін  дәрілік заттар тобына бронхиалды бездермен өндірілетін шырыштың бөлінуін жеңілдету үшін белгіленген. Қақырық түсіретін заттардың екі түрі бар: 1)рефлекторлы әсер ететін; 2)тікелей әсер ететін.           Рефлекторлы әсер ететіндер – ипекакуана препараттары және термопсис шөбінің  препараттары (сығынды). Олардың құрамындағы алкалоидтар (ал термопсистегі сапониндер де) ішке енгізгенде  асқазан рецепторларының тітіркенуін шақырады. Осы кезде бронхиалды бездердің секрециясы рефлекторлы түрде артады, кірпікшелі эпителийдің белсенділігі жоғарылайды, бронх бұлшықеттерінің жиырылуы күшейеді. Қақырық көбейеді, тұтқырлығы азаяды және оныі жөтелмен бөлінуі жеңілдейді.

Аталған препараттар  үлкен мөлшерде рефлекторлы түрде  құсу шақырады, бірақ олар бұл мақсатта қолданылмайды.

Тікелей әсер ететін қақырық түсіруші  заттарға секретті сұйылтатын (муколитикалық заттар) жатады.

Ацетилцистеин (бронхолизин, мукосольвин) белсенді муколитикалық  зат. Әсері молекуласында  протеогликандардың дисульфидті  байланыстарын үзіп, қақырықтың деполимеризациясын  шақыратын  және тұтқырлығын төмендететін бос сульфгидрилді топтың болуына байланысты. Қақырықтың сұйылуы және көлемінің көбеюі оның бөлінуін жеңілдетеді. Ацетилцистеинді ингаляциялық жолмен, кейде парентеральды қолданады. Ішке енгізуге арналған әсері ұзартылған препараттар да алынған (АЦЦ-100, АЦЦ-200, АЦЦ-лонг). Ацетилцистеин ішектен толық сіңіріледі, бірақ оның биожеткіліктілігі төмен (шамамен 10%), себебі, препараттың үлкен бөлігі бауырдан біріншілік өткенде метаболизмге ұшырайды. Құрылысы және әсері бойынша ұқсас препараттар карбоцистеин (бронхокол, мукодин) болып табылады.

Тиім ді муколитикалық  және қақырық түсіретін заттарға химиялық құрылыстары ұқсас амброксол (амбробене) және бромгексин жатады. Препараттардың муколитикалық әсері қақырықтың сұйылуына әкелетін, оның мукопротеиндері мен мукополисахаридтерінің деполимеризациясына байланысты. Екі препараттың  фармокотерапиялық әсері альвеолярлық жасушаларда түзілетін, эндогенді беткейлік-белсенді зат (сурфактанттың) өндірілуінің ынталануына байланысты деп те есептейді. Бұл кезде бронхиалды бездердің секрециясы қалыпқа келеді, қақырықтың реологиялық қасиеті жақсарады, оның тұтқырлығы азаяды, бронхтардан қақырықтың бөлінуі жеңілдейді. Әсері 30 минуттан кейін басталады және 10-12 сағат сақталады. Препараттарды ішке енізеді. Жанама әсерлерінен кейде лоқсу, құсу, аллергиялық реакциялар байқалады.

Бұл топқа  протеолитикалық ферменттердің  препараттары да – кристалдық трипсин, кристалдық химотрипсин, дезоксирибонуклеаза (ДНҚ-аза) жатады. Рекомбинатты α-ДНҚ-аза  препараты пульмозим деген атпен шығарылады. Муколитик ретінде муковисцидозда қолданылады. Ингаляциялық жолмен енгізіледі. Бронхтың шырышты қабатының бездеріне тікелей әсер көрсететін  және олардың секрециясын күшейтетін препараттар да қолданылады, мысалы, калий йодиді.

Натрий гидрокарбонаты  да қақырықты сұйылтады, бронхиалды секрецияны біршама жоғарылатуы да мүмкін. Калий йодиді мен натрий гидрокарбонатын ішке және ингаляциялық жолмен (аэрозоль түрінде), ал кристалдық трипсин, кристалдық химотрипсин ерітінділерін, ДНҚ-азаны ингаляциялық жолмен (аэрозоль түрінде) тағайындайды.

Қақырық түсіретін заттарға құлқайыр (алтей) тамырының, истод тамырының, қызыл мия тамырының (солодка) препараттары, терпингидрат, натрий бензоаты жатады.

 

Б)Жөтелге  қарсы  әсері бар фитопрепараттар. Әсер ету механизмі. Жағымсыз әсерлері.

    

Жөтелге қарсы заттардың  екі тобын ажыратады. 1.Орталыққа әсер ететін заттар: А.Наркотикалық типті әсерлі (кодеин, этилморфин гидрохлориді). Б.Наркотикалық  емес препараттар (глауцин гирохлориді, тусупрекс). 2.Шетке әсер ететін заттар (либексин).

Практикалық  медицинада сопақша мида орналасқан жөтел рефлексінің  орталық тармағын тежейтін орталық  әсерлі заттар өте кең таралған. Бұл топқа жақсы белгілі кодеин және этилморфин гидрохлориді жатады.

Кодеин (метилморфин) фенантрен қатарына жататын апиынның  алкалоиды (морфин тобы). Жөтелге қарсы айқын белсенділігі бар. Сонымен қатар, ол әлсіз ауыру сезімін басатын әсер   көрсетеді. Кодеин емдік мөлшерде  тыныс орталығын тежемейді немесе бұл әсері аз дәрежеде байқалады. Препаратты жүйелі қолданғанда іш қату сияқты жанама әсері болуы мүмкін. Кодеинді ұзақ қолдану бейімделу және кейбір жағдайда дәріге тәуелділік (психикалық және физикалық) дамумен жүреді.

Препарат ретінде кодеин (негіз) және кодеин фосфаты шығарылады. Сонымен қатар, кодеин бірқатар жұптастырылған препараттар құрамына кіреді. Бехтерев микстурасы (құрамына жанаргүл шөбінің тұндырмасы, натрий бромиді және кодеин), «Кодтерпин» таблеткасының (кодеин қақырық түсіруші заттар – натрий гидрокарбонаты және терпингидратпен бірге) және т.б.

Бұл топ заттарына сонымен  қатар, синтетикалық жолмен морфиннен  алынатын этилморфин гидрохлориді (дионин) де жатады. Этилморфин  гидрохлоридінің  жөтел орталығына әсері кодеинге ұқсас, бірақ оған қарағанда белсенділеу.

Опиоидты анальгетиктердің (морфин гидрохлориді және т.б) жөтелге қарсы әсері күшті. Бірақ олар тыныс орталығының тежелуін шақырады. Сонымен қатар, бұл препараттар дәріге тәуелділік  дамуы жағынан қауіпті. Сондықтан оларды кодеин және басқа жөтелге  қарсы заттар тиімсіз болғанда тек анда-санда қолдануға болады.

Жөтел орталығын таңдамлы тежейтін және дәріге тәуелділік шақырмайтын  бірқатар препараттар алынған. Оларды жөтелге қарсы наркотикалық емес заттар деп атайды. Оларға глауцин гидрохлориді (глаувент), окселадин цитраты (тусупрекс) жатады. Глауцин өсімдік тектес алкалоид болып табылады, тусупрекс синтетикалық жолмен алынған. Препараттар науқастармен жақсы көтеріледі. Глауцин бастың айналуын, лоқсу шақыруы мүмкін.

Шетке әсер ететін жөтелге  қарсы заттарға либексин жатады. Оның әсер ету механизмін жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабатына анестезиялаушы   әсерлерімен және біршама бронхолитикалық қасиеттерімен байланыстырады. Ол ОЖЖ-не әсер етпейді. Либексин дәрісіне тәуелділік дамымайды. Сонымен, либексин де жөтелге қарсы наркотикалық емес заттарға жатады.

Бронхтың шырышты  қабатының құрғауында, бронхиалды бездердің  тұтқыр және қою секретінде  жөтелді  бронх шырышты қабатының секрециясы Қақырық түсіретін заттарға құлқайыр (алтей) тамырының, истод тамырының, қызыл мия тамырының (солодка) препараттары, терпингидрат, натрий бензоаты жатады.

 

С)Бронхолитиктік әсері бар фитопрепараттар. Әсер ету механизмі

 

Қалыпты жағдайда бронх  бұлшық еттерінің тонусы холинэргиялық  жүйкемен ұсталынып тұрады, оның қозуы  бронхоспастикалық әсерге әкеледі. Бронхтарда симпатикалық иннервация жоқ. Бірақ бронхтарда айналымдағы адреналин және сырттан енгізілетін адренотропты заттар әсер ететін иннервацияланбайтын β2-адренорецепторлар бар. β2-адренорецепторлардың ынталануы бронходилатациялық әсерге әкеледі.

Бронхоспастикалық жағдайдың  даму үрдісінде, соның ішінде  бронхиалды демікпеде, бронхоспазмның дамуына  әкелетін әр түрлі қоздырғыштарға бронхтардың  гиперреактивтілігі дамиды. Олардың  қатарына аллергендер,  инфекция, химиялық заттар, суық ауамен тыныс алу, стресс т.б жатады.

Бронхтардың гиперреактивтілігі қалыптасуының  негізінде жатқан қабыну реакциясының дамуында, қабыну медиаторлары  үлкен  рөл атқарады. Олар бронх эпителийінің жасушаларында, мес жасушаларда, альвеоланың  макрофагтарында, нейтрофилдерде, эозинофилдерде, моноциттерде өндіріледі. Әдетте, өкпенің мес жасушаларының құрамында гистамин, аденозин, нейтрофилдер мен эозинофилдер үшін хемотаксистік факторлар бар. Қабыну үрдісі көптеген басқа қабыну медиаторларының – лейкотриендердің, простагландиндердің , тромбоксанның тромбациттерді активтейтін факторлардың  өндірілуін ынталандырады. Бұл заттар бронхоспастикалық әсер көрсетеді, бронхтың шырышты қабатының ісінуін шақырады, қан тамырларының өткізгіштігін жоғарылатады, шырышты қабаттың лейкоциттермен инфильтрациялануына ыықпал етеді, шырыштың гиперсекрециясын шақырады. Осының бәрі бронхоспазмдардың өтуін ауырлатады. Сондықтан оларды емдеудің амалы тек оның дамуын ынталандыратын факторларды (егер олар белгілі болса) жою және бронхолитикалық емдеу ғана емес, қабыну үрдісін де  басу болып табылады. Бар мәліметтерге сүйене отырып, бронхиалды демікпені және басқа бронхоспастикалық жағдайларды емдеу үшін қолданылатын препараттарды төмендегідей топ түрінде көрсетуге болады.

І. Бронхтарды кеңітетін заттар (бронхолитиктер).

1. β2-адренорецепторларды  ынталандыратын заттар (сальбутамол,  фенантерол, тербуталин, изадрин, орципреналин сульфаты, адреналин гидрохлориді).

2. М-холиноблокаторлар  (атропин сульфаты, метацин, ипратропия  бромиді).

3. Миотропты  әсері бар спазмолитиктер (теофиллин,  эуфиллин).

ІІ. Қабынуға қарсы  және бронхолитикалық белсенділігі бар заттар.

  1. Қабынуға қарсы стероидты заттар (гидрокартизон, дексаметазон, триамцинолон, беклометазон).
  2. Аллергияға қарсы заттар (кромолин-натрий, кетотифен).
  3. Лейкотриендер жүйесіне әсер ететін заттар.

А. 5-липоксигеназаның тежегіші (зилеутон).

Б. Лейкотриендік рецепторлардың тежегіштері (зафирлукаст, монтелукаст).

Бронхолитиктер  тобынан β2-адренорецепторларды  айрықша қоздыратын заттар –сальбутамол (вентолин, сальбен, сальгим, сальтос), фенотерол (беротек Н) қолданылады. Олар таңдамасыз әсер ететін β2-адреномиметиктерге қарағанда тахикардияны едәуір аз дәрежеде шақырады. Оларды әдетте ингаляциялық жолмен  қабылдайды. 

β2-адреномиметиктер жылдам әсер ететін бронходилататор болып табылады. Сонымен қатар, олар қақырық бөлінуіне ықпал етеді.

Соңғы жылдары  ұзақ әсер ететін β2-адреномиметиктер сальметарол (серевент), формотерол (форадил) және т.б алынған. Мысалы, сальметеролмен ингаляциядан кейін бронхты кеңейтетін әсері 12сағ жуық сақталады, ал сальбутамол үшін ол 4-6 сағ шектеледі. Бронхиалды демікпені емдеу үшін құрамына сальметерол және жергілікті әсер ететін глюкокортикоид флутиказон пропионаты (фликсотид) кіретін препарат ұсынылған. Мұндай жұптастырылған препарат серетид мультидиск деп аталады. Аталған жағдайда сальметеролдың бронхты кеңітетін әсері флутиказонның қабынуға қарсы әсерімен бірігеді және де бронхиалды  демікпені емдеу үшін қолайлы.

β2-адреномиметиктер тремор, тахикардия, мазасыздық, аритмия  және басқа жанама әсерлер шақырады. Осы топ препараттарының бірі, β1- және β2-адренорецепторларды ынталандыратын  изадрин (изопреналин гидрохлориді). Ол бронхоспазмды жою үшін қолданылады. Осы мақсатта оны ерітінді түрінде ингаляциялық жолмен тағайындайды.  Жүректің β-адренорецепторларына әсер ететіндіктен изадрин жүректің жиырылуын жиілетеді және күшейтуі мүмкін. Изадринді осылай қолданғанда артериялық қысымды мүлдем өзгертпейді.

Орциприналин  сульфаты (алупент) бронхтың адренорецепторларына біршама айқындау тропты әсері бар, β2-адреномиметик, бронхолитикалық  тиімділігі изадринге ұқсас, бірақ  ұзағырақ әсер көрсетеді. β1- және β2-адренорецепторларға әсер етеді. Орципреналинді парентеральды, ішке және аэрозоль түрінде ингаляциялық жолмен енгізеді.

Бронхоспазмда α- және β- (β1 және β2)-адренорецепторларға  әсер ететін адреналин жиі қолданады. Тері астына енгізгенде ол әр түрлі себеппен шақырылған бронхтың спазмын тез қайтарады, шырышты қабаттың ісінуін азайтады. Қысқа уақыт әсер етеді. Жанама әсерлерінен артериялық қысымның жоғарылаауы, тахикардия, жүректің минуттық көлемінің артуы болуы мүмкін.

Бронхолитик ретінде кейде симпатомиметик эфедрин қолданылады. Белсенділігі жағынан адреналиннен төмен, бірақ ұзағырақ әсер етеді. Әдетте алдын алу үшін қолданылады. Жанама әсерлерінен адреналин үшін көрсетілгеннен басқа ОЖЖ-нің қозуы байқалады. Егер ол едәуір айқын дәрежеде байқалса, оны тыныштандыратын немесе ұйықтатқыш заттарды қолданып азайтуға болады. Эфедринге дәріге тәуелділік дамитынын ескерген жөн. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефератты бағалау  критерийлері

(бағалау парағы)

 

Орындау критерийі

0-0,1

0,2-03

0,4-0,5

1

Рефератты рәсімдеу

     

2

Рефераттың жоспары

     

3

Иллюстративті материал

     

4

Өзектілігі 

     

5

Мазмұны

     

6

Қорытынды/ұсыныстар

     

7

Әдебиеттер

     

8

СӨЖ кестесіне сай  тапсыру дер кезінде тапсырылуы

     

9

Қорытынды

     

 

 

 

0-0,1 Критерий орындалмаған

     0,2-03 Критерий ескертулермен орындалған

0,4-0,5 Критерий орындалған

 

 

 

 

 

 

 

І. Өзектілік

 

Тыныс мүшесіне әсер ететін дәрілік заттарға: тынысты ынталандыратындар; жөтелге қарсы заттар, қақырық түсіретін заттар, бронхоспазмда қолданылатын заттар; жедел тыныс жетіспеушілігінде қолданылатын заттар жатады.

Қақырық түсіретін дәрілік  заттар тобына бронхиалды бездермен  өндірілетін шырыштың бөлінуін жеңілдету  үшін белгіленген. Қақырық түсіретін  заттардың екі түрі бар: 1)рефлекторлы  әсер ететін; 2)тікелей әсер ететін.           Рефлекторлы әсер ететіндер – ипекакуана препараттары және термопсис шөбінің  препараттары (сығынды). Олардың құрамындағы алкалоидтар (ал термопсистегі сапониндер де) ішке енгізгенде  асқазан рецепторларының тітіркенуін шақырады. Осы кезде бронхиалды бездердің секрециясы рефлекторлы түрде артады, кірпікшелі эпителийдің белсенділігі жоғарылайды, бронх бұлшықеттерінің жиырылуы күшейеді. Қақырық көбейеді, тұтқырлығы азаяды және оныі жөтелмен бөлінуі жеңілдейді.

Информация о работе Муколитикалық препараттар