Кәсіби бронх демікпесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2012 в 20:48, реферат

Описание работы

Аллергоздың классикалық түрі-бронх демікпесі. Бұлар кәсіби аурудың арасында кең тараған. Кәсіби аллергендердің спектірінде кәсіптік бронх демікпесі жиі кездеседі және едәуір орын алады.

Этиологиясы. Аурудың дамуына себепші әртүрлі аллергендер: өсімдік, ағаш, темекі, перламутр, дән, ұн шаңдары.

Работа содержит 1 файл

ЕСБОЛ.РЕФЕРАТ.docx

— 27.68 Кб (Скачать)

  Диагноз қою және диагностикасы. Уланудың диагнозын қою үшін, ең алдымен науқастың осы заттармен жанасуын көрсететін мәлімет болуы қажет. Метгемоглобин түзуші заттармен уланудың негізгі симптомы тері жабындылары мен шырышты қабаттардың сұр-көк түске боялуы болып табылады. Кейде теріге нүктелі қан құйылулар, сирек бірлі-жарым жаралар шығады. Қанда Гейнц денешіктері табылады, базофильді түйіршікті эротроцит мөлшері көтеріледі, ретикулоцитоз, лейкоцитоз формуласының солға жылжуы көрінеді.

  ОНЖ зақымдануы шаршағыштықпен, бас ауруымен, лоқсумен, тырысумен,  естен танумен, есін жоғалтумен  көрінеді кейде кома дамиды. Созылмалы  улану астениямен немесе астеновегетативті  синдроммен сипатталады.

   Зәр шығару жүйесі  зақымдалуының негізгі симптомы  микро және макрогематура болып  табылады, онымен қоса уремия  мен жедел бүйрек жетіспеушілігі  де даму мүмкін. Кейде созылмалы  улану кезінде қуықтың шырышты  қабатының созылмалы қабынуы,  қатерсіз папилломасы және қатерлі  ісігі дамиды.

  Созылмалы улану оң  қабырға астының ауруы және диспепсиялық бұзылыстармен өтеді, барлық науқаста бауыр ұлғаюы байқалады. Сарғыштану сирек кездеседі.

  Ем және жедел көмек. Жедел уланудың бензолдың амино және нитроқосындыларының жоғары концентрациясы бар ғимараттан жәбірленушіні алып шығуы қажет. Тері арқылы сіңуін тоқтату үшін ластанған киімді шешу және терінің ластанған бөлігін жылы сумен жуу ұсынылады. Ыстық ванна немесе душ қарсы көрсеткіш болып саналады.

  Уланудың алғашқы  сағаттарында ОНЖ және тыныс  орталығы зақымдалғанда лобелин,  цититон енгізеді. Көрсеткіш бойынша  жүрек қантамырлық заттарды тағайындайды: камфора, кофеин, кордиамин және т.б.

  Жедел кезеңінде гемолитикалық  кризге бағытталған емдік шаралар  өмірге қауіпті жағдайларға, оның  ішінде коллапс пен анурияны  жою үшін жүргізіледі.

  Емдеуде оксигенотерапия маңыздысы болып саналады. Газдық қосылыстарды тағайындағанда метгемоглобиндік гипексомиямен қатар жүретін гипокапнияны ескеру керек. Көмір қышқыл әсер етуінен тыныс орталығының қызметі жақсарады, өкпе вентиляциясының күшеюіне әкеледі. Нәтижесінде удың бөлінуі және қанның оттегімен қанығуы жылдамдайды, оттегіні пайдалану жоғарылайды. Тамыр ішіне 10-20мл 1% метилен көгі ерітіндісін, 10-20 мл 30% натрий тиосульфат ерітіндісін енгізеді. Бұл шаралар жүргізу нәтижесінде 30 минут ішінде қандағы метгемоглобин деңгейі және цианоз азаяды. Қанның тұтқырлығын төмендету үшін вена ішіне 20-30 мл 40% глюкоза ерітіндісін енгізеді.

   Созылмалы уланудың  емі аурудың клиникалық көрінісін  және синдромның айқындылық дәрежесін  есептеумен өткізеді. Орталық және  шеткі нерв жүйесі зақымдалғанда глюкозаны С және В тобы витаминдерімен қосып қолдану көрсетілегн, физиотерапиялық, бальнеологиялық ем тағайындалады.


Информация о работе Кәсіби бронх демікпесі