Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2013 в 06:38, реферат
Эндокриндік бездерді реттеудегі гипоталамустың маңызы өте ерекше.Оның шеткіэндокриндік бездерді реттеуінің бұзылуы көптеген себептерден болуы мүмкін. Оларға: инфекция, қабыну, қан құйылу, тромбоз, жарақаттану, еспе дамуы жатады.Гипофизді алып тастаса (гипофизэктомия) өсімтал жас бала өспей қалады, жыныс бездері кеш жетіледі, ал ересек адамның бездерін алып тастаса, жыныстық шабыты төмендейді. Белок, май, көмірсу алмасуы бұзылады, қалқанша без, бүйрекүсті бездер кішірейеді, қызметі нашарлайды. Несеп бөлінуінде тәуліктік диурез күшейіп, шыжындық белгілері пайда болады (полиурия). Сырттан тиетін зиянды әсерлерге деген төзімділігі кемиді.