Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 16:25, лекция
VI ғасырдың басында бүгінгі қазақ жерінде аса күрделі бетбұрыстар болған. Алтай-Сібір, Моңғолия жерінде түрік тайпаларының үстем тап өкілдері бірігіп, әскер күшіне сүйенген Түрік қағанаты атты ерте феодалдық мемлекет құрды. Олардың жері шығыс Кореядан бастап, Орта Азияның жерінде қамтылған. Қазақстанда бұл қағандықтың құрамына кірген.
Түркі жазуында бір – бірімен қосылмай жазылатын 38 әріптерден тұратындығы белгілі.
Түркі дәуірінен қалған атақты «Күлтеген», «Білге қаған» сияқты тасқа жазылған дастандар қазақ тіліне аударылып, біздің оқырмандарымыздың қолына тиіп отыр. Қазақ халқы ол дастандарды өздерінің төл дүниесіндей қарсы алды. Оған басты себеп, ондағы жазылған әдет – ғұрып, салт – сана, діни – наным, сенім, мақал – мәтел, батырлық жырлардың үлгілері бәрі, халқымыздың тірлік – тіршілігінен алынғандай ұқсас. Бұл мұралар қазақ халқының ертеден келе жатқан бастауы.
Х ғасырдан бастап ислам дінінің қазақ жерінде етек жая бастауы араб жазуының түркілер арасында ене бастағандығын көрсетеді.
Түркілер арасынан шыққан атақты ғалымдар, ақын–жазушыларымыз Әл – Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашғари, Ахмет Яссауилер өз шығармаларын араб жазуымен түркі тілінде жазған. Ал ХІІ ғ. бастап түркі жазуы жазылуы жағынан өмірден шыға бастайды. Дүние жүзіне әйгілі болған жерлесіміз Әл – Фарабидің көптеген еңбектері араб тілінде жазылған.
Діни нанымдар.
VI–XII
ғасырлардағы Қазақстан
Түркілердің
көкке немесе аспан әлеміне сиынушыларын
күлтегін жазуындағы мына шумақтан анық
байқалады:
- Көкке түркі тәңірісі,
- Тәңірі қуат берген соң,
- Тәңірі жарылқағандықтан.
Мұндай әдет, наным – сенімдер қазақтарда бүгінгікүнге дейін орыналыпжүр. Түркілерде адам баласының тірегі тіршіліктің тұтқасы, отбасы, ошақ қасы болып табылатын анаға «Умай ана» деген ат беріп, оған табынған. Жетісу қазақтардың «Умай анаға» табынатын Ш. Уәлиханов та жазған болатын. Кейбір жазба деректерге қарағанда, қимақтар мен қыпшақтар күнге, жұлдыздарға табынған.
Археологиялық зерттеулерге қарағанда, түркілерде христиан, манихей, будда діндері болған.
Түркі тайпалары ІХ ғ. бастап жаппай мұсылман дініне ене бастайды. Ал мұсылман дінінің мемлекеттік дін есебінде алғашқы болып қабылдаған Қарахан мемлекеті. Сатұқ Бограханның баласы Муса ханның билік құрған жылдары (960 ж.).
Сөйтіп, Х ғ. бастап Оңтүстік Шығыс Қазақстан жерлерінде мұсылман діні кең түрде етек жая бастайды .
4. Орта ғасырдағы Қазақстанның материалдық мәдениеті.
Жеріміздегі түркі дәуірінің алты ғасырға жуық (VI–XII ғғ.) мерзім ішінде өмір сүрген түрік, батыс түрік, түркеш, қарлұқ, оғыз, қимақ, қыпшақ және қараған хандықтарының әрқайсысының өздеріне тән дамыған материалдық мәдениеттері болды. Алайда, олардың мәдениеттерін жеке – жеке талдап көрсету мүмкін болмай отыр. Төбе –төбе болып жатқан қыстақ кенттермен қала жұрттарының орындарына жүргізілген археологиялық жұмыстар, түркі тілдес тайпалардыңVI–XII ғғ. өзінде тұрақты мекен – жай салып отырықшыланған өмірлерін байқатады. Әсіресе, Қазақстанның оңтүстік және шығыс аудандарында отырықшылық басым болған.
Түркі
дәуіріндегі обалардың
Материалдық мәдениеттің көрінісінің бірі сәулет өнері. Тараз маңындағы Бабаджа – хатун кесенесі (Х–XII ғғ.) орта ғасырдағы сәулет өнерінің ең ертедегі ескерткіші болып табылады. Осыған жақын орналасқан Айша бибі кесенесі (Х– XII ғғ.) және Тараздың өз ішіндегі Қарахан кесенесі де көне заман ескерткіштері.
Сырдария, Талас, Шу, Іле, Испиджаб, Отырар, Тараз, Сығанақ, Баласағұн, Суяб, Мерке, т.б қалалар және егіншілік оазисі мен көшпенділер даласы арасындағы Ұлы Жібек жолында Батыс пен Шығыс арасында қолөнер, сауда және байланыс орталықтары болды.
Сонымен VI–XII ғғ. Қазақстан жерін мекендеген тайпалар қыпшақ –оғыз, қарлұқ–ұйғыр тілдерінде сөйлеп, осы тілдерде тарихи-әдеби шығармалар шығарып, өмір сүрген.
Х–XII ғғ. материалдық мәдениетін өркендету ісіне елеулі өзгерістер енгені байқалады. Қазақстанның Оңтүстігі мен Жетісуды халифаттың, Саманилер, Қарахандар мемлекеттерінің саяси экономикалық және мәдени қарым–қатынастары аясына тарту әрекеті біз зерттеп отырған халықтарды Орта Азиямен жақындастырады. Қала мәдениетін өркендетуде енді жаңа дін–ислам маңызды роль атқара бастайды.
Тақырып бойынша сұрақтар:
Халықтардың ұлы қоныс аудару дәуірі (II-Vғғ.).
VI ғасырда Қазақстан жерінде құдіретті держава-билеушілері Түрік тайпасының әулеттік ашин руынан шыққан Түрік қағанатының билігі.
Түріктік этно- және глоттогенездік (этнос пен тілдің қалыптасқан жері) ежелгі ошақтары. «Түрік» этнонимі. Ашина түркілері-«Түрік елінің» негізін қалаушылар. Бумын қаған және көне түрік мемлекетінің құрылуы. Орталық Азия халықтарының тарихында ежелгі түрік империясының орны.
Қазақстан жеріндегі ескі түрік мемлекеттері.
Батыс Түрік қағанаты. Оның Жегі қаған мен Тон-Жабғы қаған кезінде күшеюі. Қағанаттың әлеуметтік-этникалық тарихы және саяси құрылысы, қоғамдық қатынастары, олардың алғашқы феодалдық мәні. Көшпелі мал шаруашылық және отырықшы жер шаруашылық тұтастығы. Қағанаттың басқа елдермен-Иран, Византия, Қытаймен байланыстары. Батыс түрік қағанатының құлауы.
Түргеш қағанаты. Оның негізін қалаушы – Үш – елік қаған. Түрік-түргештер, олардың қоныстары және әлеуметтік ұйымдары. Соғды мен қарым-қатынасы. Арабтар мен қытайлар Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда. Арабтарға қарсы күрес. Түргеш қағанатының құлауы. Мұсылман мәдениеті таралуының әсері.
Қарлұқ қағанаты. Оның этникалық және тайпалық құрамы. Қарлұқтардың Жетісу жерінде билігінің орнауы. 751ж. Талас жанындағы қырғын шайқасқа қарлұқтардың қатынасуы. Қарлұқ мемлекетінің құрылуы және оның сыртқы саясаты. Қарлұқтардың ұйғырлар мен саманилармен күресі. Саманилердің Исфиджаб және Тараз қалаларын басып алуы. Қарлұқ тайпаларының арасында ислам дінінің таралуы. Шаруашылығы, сауда және қалалар.
Оғыз мемлекеті. Этникалық қауымдастығының қалыптасуы. Оғыз тайпаларының Сырдария өңірінен жартылай көшпелі печенег – қаңғар тайпаларын ығыстыруы және ерте феодалдық мемлекетін құруы. Хорезм, Хазар мемлекеттері
және олардың оғыз көшпелілерімен қарым-қатынастары. IX-XI ғғ. Оғыз мемлекеті. Оғыз-Қыпшақ қатынастары. Шаруашылығы әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері, діні. «Қорқыт ата дастаны».
Солтүстік, шығыс және орталық Қазақстандағы Қимақ қағанаты. Қағанаттың сыртқы байланыстары. Қимақ және Қыпшақ тайпалық бірлестіктері, қалалары. Көрші тайпалардың шапқыншылығы нәтижесінде Қимақ қағанатының әлсіреуі. Қимақтардың шаруашылығы мен мәдениеті.
Қыпшақ хандығы. Қыпшақ қауымдастығының қалыптасу кезеңдері. Қыпшақтардың этникалық құрамы және қоныстануы. Қазақстан жеріндегі қыпшақ даласы – «Дешті Қыпшақ». Қыпшақ конфедерациясының мемлекет- тік құрылысының ерекшеліктері. Қыпшақтардың шаруашылығы. Хорезммен, Киев Русімен, Византиямен,
Грузиямен, Египетпен, Индиямен байланыс-
тары. Қыпшақ сұлтандарының Ұлы даладан сырт жерлердегі үстемдігі. Ежелгі Русь жылнамаларындағы «половецтер» (құмандар). Қыпшақтардың қазақ және басқа да түрік халықтарын қалыптастырудағы рөлі.
942 жылы Қарахан мемлекетінің қүрылуы. Қарахан мемлекетінің негізін қалаушы Сатұқ Боғра-хан. Мұндағы әскери-үлестік жүйе және феодалдық жер иеленушіліктің түрлері. Қағанатта исламның мемелекеттік дін болып жариялануы.
Абу-Насрдың басшылығымен қараханидтердің Орта Азияда үстемдігінің орнауы. Қарахан мемлекетінің Батыс және Шығыс қағанаттарға бөлінуі. Феодалдық қырқыстар. Салжұқтардың көтеріліп шығуы. Кидандардың (қарақытайлардың) басқыншылығы және Қарахан мемелекетінің ыдырауы.
Кидандар (қарақытайлар) мемелекеті (1128-1213 жж.). Елюй-Даши
басқарған кидан тайпаларының Жетісу жеріне қоныс аударуы. Олардың Орта Азия салжұқтарымен жүргізген соғыстары. Кидандардың (қарақытайлардың) басқару жүйесіндегі ерекшеліктер.
Наймандар одағы-ежелгі түркі тілдес ұлыстардың бірі. VIII ғ. наймандардың Ертіс пен Орхон өзендері арасындағы мекені. Наймандардың шаруашылығы, саяси құрылысы. Наймандардың Шыңғыс әскерімен қақтығысы және олардың Шығыс Қазақстан мен Жетісу жеріне қоныс аударуы.
Керейттер (X ғ. басы), этникалық құрамы. Керейттердің алғашқы мекендеген жерлері-қазіргі Монголия мен Алтай аймағы. Керейттердің Қазақстан жеріне қоныс аударуы.
Жалайырлар-Шин-жехан әулеті кезінде Монголиядағы белді ұлыстар- дың бірі.Қоныс тепкен жерлері жоғарғы Орхонның Селенга өзеніне құятын беткейлері.
Жоғарыда аталып өткен ұлыстардың шаруашылық-экономикалық жағдайы. Көрші халықтармен өзара қатынастары. Тайпалық және этникалық құрамы.
VI және IX ғасырдың бірініші жартысындағы Қазақстан жеріндегі отырықшы және көшпелі мәдениет. Көшпелі және отырықшы мәдениеттің өзара байланысы. Қалалар мен қалалық қоныстар. Ұлы Жібек жолы және оның тарихи рөлі. Көшпелілердің материалдық мәдениеті-қолөнер, сауда шаруашылығы, архитектура және өнері. Рухани мәдениет: әдет-ғұрып, салт-дәстүрі.
IX ғ. екінші жартысы – XIII ғ. басындағы дала мен отырықшы қала халқының мәдениеті. Қалалар санының өсуі. Қала құрылысының өзгеруі. Сауда мен қолөнердің дамуы. Сәулет өнері. Қолданбалы өнер. Діні мен мәдениеті. Айша-бибі, Қарахан мазарлары. Исламның таралуы. Тіл, ғылым әдебиет. IX-XII ғғ. Қазақстанның ғалымдары мен ұлы ойшылдары: Әбу-Наср Әл-Фараби, Жүсүп Баласағуни, Махмұд Қашғари, Қожа Ахмет Ясауи, Сулеймен Бақырғани т.б. Олар қалдырған мұралардың дүние жүзі мәдениетіндегі маңызы.
Көне Түркі жазуы (басқаша Орхон-Енесай жазуы) — V ғ. б.з.б. — X ғ. б.з. Орта Асия түркі тайпалары қолданған жазуы. Бірінші табылғаны Орхон өзенінің бойында (Екінші түркіт қағандығы) және Енесей өзенінің жоғарғы ағысында (қырғыз қағандығы). Кейде руник жазбасы дейді, алман руналарынынан жанасым табып (кейбір нышандар кескіні дәл келіп тұр, дауысты мағынасы да жақын).
«Алтын ғасыр» кезіндегі (VIII ғ. б.з.) әліппеге 38 таңба және сөзбөлу нышаны кіреді. Жазу бағысы дерелей, оңнан солға. Жіңішке мен жуан дыбыстылары жазуда айырылмайды, дыбыссыздардың бір бөлшегі артынан жіңішке не жуан дыбысты келгенін сыңар нышандармен белгіленген.
Сөз бөлу нышаны сөз арасына қойылады, сөйлем соңы белгіленбейді. Бас-кіші әріпке айырылмайды.[1]
Сібір және Моңғолия далаларына таралған жұмбақ жазулардың бар екендігі туралы ғылыми орта ертеден-ақ білетін еді. Оларды «Руна жазулары», яғни скандинавия тілдерінен алғанда «құпия, сыры ашылмаған» таңбалар деп атайтын. Ол кезде әлем ғалымдары сондықтан, бұл жазуларды көне Угор тайпаларының (Орал халықтарының ата-бабалары) мұрасы деп есептеді. Жазуларды зерттеуге арнайы ұйымдастырылған Ресей Ғылым Академиясының экспедициясы Минусинск ойпатында іздестіру жұмыстарын жүргізіп, Д.Г. Мессершмидт және Ф.И. фон Стралленберг 1721-1722 жылдар аралығында көптеген материалдар жинақтады. Жиалған деректер ғылыми тұрғыдан екшеліп, 1729 ж. З. Байердің "Санкт-Петербургтегі Императорлық ғылым Академиясының жазбаларында" жарық көріп, Еуропадағы барлық Шығыстанушылардың қатты қызығу нысанына айналды. 1730 жылы Ф.И. фон Страленбергтің өзі де зерттеулерінің қорытындысын және жазулардың көшірмелерін жариялады. Оқылудың әртүрлі жолдары ұсынылғанмен, қандай да бір ақырғы қорытынды шығаруға деректер әлі аздау болатын, себебі Минусинск аймағынан табылған бұл жазулар үзік-үзік және соған сәйкес жарияланған мәліметтердегі көшірмелердің көрінісі тым қысқа-қысқа және жазулардың өзі жартылай өшіп қалған болатын.
1889 жылы Н.М. Ядринцевтің Моңғолия далаларынан тапқан жазулары Көне жаулардың толық сақталған және көлемді үлгілерін ғылыми ортаға әкелді. Енді бұл жазуларға қарап, оның дыбыстық құрылысы мен грамматикалық табиғаты жөнінде айқын қорытындылар жасауға болатын еді. 1893 жылы дат филологі В. Томсен (Дания) бұл жазуларды оқудың кілтін тапты. Келесі жылы-ақ В.В. Радлов Орхон жазуларының оқылуын және аудармаларын жасады, 1895 Енисей жазуларының да оқылуы мен аудармалары жарыққа шығарылды.
Б.з.б. 8 ғасырларда көшпенділер даласына Брахми және Кхарошхи жазулары таралған. Бұлар Көне Үндістаннан келген. Ғұн заманынан қалған қысқа жазуларды оқу мысалы, Қытай жазбаларындағы «шаньюй» (Моде шаньюй) деген сөздің Ғұн тілінде «Сеңгір» деп дыбысталатынын анықтап берді. Бұл – «биік», «асқақ», «жоғары» деген мағына береді де қазіргі Түркі тілдерінде, мысалы Қазақ тілінде «Сеңгір таулар», «Заңғар көк» сияқты тіркестерде кездесіп отырады. Көне Қытайлықтардың б.з.б. дәуірлердегі «Хунну жазуы» деп отырғаны осы жазу. Кейін б.з.б. 3 ғасырлардан бастап далалыққа Соғды жазулары тарады. Ол ежелгі Қаңлы мемлекетінде б.з.б. 3 және б.з. 5 ғасырлары аралығында кеңінен қолданылған. Мысалы қазіргі Қазақстанның өңтүстігінен табылып отырған «Күлтөбе жазулары» б.з.б. 2-1 ғасырларға жатады.
Көне Түркі жазулары негізінен 6-10 ғасырлар аралығында Ұлы Түркі қағандығы және Көк Түркі қағандығы, Хазар қағандығы кезінде қолданылған. Таралу аймағы Моңғолия-Сібір далаларынан ТИбет жеріне дейін және Еуропадағы Венгрия, Чувашия аймақтарына дейін кездесіп отырады. Көне Түркі жазуларының орнына далалыққа көне Ұйғыр жазулары келді. Бұл жазуларды кейде манихей жазулары деп атайды. Оның таралуы Манихей дінінің таралуына байланысты болды. Кейін бұл жазуларды Ислам дінінің ықпалымен енген Араб жазулары ығыстырып шығарды. Кейін осы Араб жазуларының орнына қазіргі Түркі халықтары Латын және Кирилл әліпбилерін қолданады.
Көне Түркі жазулары немесе Көне түркі алфавиті - дыбыстық жазу түрі, яғни сөздегі дыбыстарды таңбалап жазады. Негізінен 6-10 ғасырларда үлкен аймаққа таралған Көне Түркі жазуларын ғалымдар үш топқа бөліп қарайды:
Орналасу жері болмаса, бұлардың қолданылған жылдарының айырмасында және жалпы жазу таңбаларының қолданылуы арасында елеулі айырмалар жоқ. Алайда Түркі жазбаларының жазылу мерзімдеріне қарағанда алғашқы Енисей-Лена бойынан, Сібірден, Байкал аймағынан Моңғолия далаларына, Орхон жеріне, одан Қазақстан мен Қырғызстан, Шыңжаң жеріне қарай біртіндеп таралғанын көрсетеді. Ал жазылу үрдісі, таңбаларының қолданылуы ұқсас, оқылуы біркелкі.