Еңбек гигиенасы – профилактикалық медицина бөлімі, оның мақсаттары мен міндеттері, негізгі бөлімдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 20:21, реферат

Описание работы

Халық шаруашылығын қарқындату жаңа энергия көздерін, өте жоғары және өте төмен қысымдарды және температураларды, улы және агресивті агенттерді, технологиялық процесстердің орасан жылдамдықта өтуін қолданумен тығыз байланысты. Осылардың барлығы еңбектің өндірістік күшін көп қайта өсіріп,ғ өзіне абайлы, жан-жақты тұжырымдалған ғылыми тұрғыдан қарауды талап етеді. Тек осындай жағдайда ғана қоғам алдына қойған нәтижелеріне анықт жете алады, және алшақ салдарлары белгісіз немесе қауіпті болуы мүмкін шараларды қолданбау керек.

Содержание

Кіріспе
Еңбек гигиенасының тарихы.
Еңбек гигиенасы бөлімінің заңды құжаттары.
Терминологиясы.
Еңбек гигиенасы дәрігерінің жұмыс мазмұны.
Еңбек гигиенасы МСЭҚБ дәрігерінің құқықтары мен міндеттері.

Работа содержит 1 файл

Enbek gigienasy - profilaktikalyk medicina bolimi.doc

— 93.00 Кб (Скачать)

Ф КГМА 4/3-04/02

 ИП № 6 УМС при

КазГМА 

от 14 июня 2007 г.

                                                                                   

Қарағанды мемлекеттік  медицина университеті

Еңбек гигиенасы,кәсіптік аурулар, балалар  мен жасөспірімдер гигиенасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәріс

 

Тақырыбы: «Еңбек гигиенасы – профилактикалық медицина бөлімі, оның мақсаттары мен міндеттері, негізгі бөлімдері.»

 

 

 

 

 

«Фармацевтикалық гигиена негізі» пәні бойынша

 

Мамандығы: 051103-«Фармация»

                         

 

Курс 3

 

Уақыты 1 академиялық сағат

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды 2012ж.

Кафедраның  әдістемелік отырысында бекітілді

Хаттама№ ____  «____» ____________________ 20 __ ж.

 

Кафедра меңгерушісі                                                     Сраубаев Е.Н.

 

Дәрістің тақырыбы : «Еңбек гигиенасы – профилактикалық медицина бөлімі, оның мақсаттары мен міндеттері, негізгі бөлімдері.»

 

Дәрістің оқу  мақсаты: Еңбек гигиенасы бойынша санитарлық дәрігердің құқықтары мен міндеттерін ұғыну. Еңбек гигиенасы бойынша санитарлық дәрігер жұмысының негізгі әдістері және формаларымен танысу. Еңбек гигиенасы бойынша ағымды және ескертпелі санитарлық қадағалауды жүргізу және ұйымдастыру ерекшеліктерімен  студенттерді таныстыру. Студенттерді негізгі заңды, нормативті және есеп-тіркеу құжаттармен таныстыру. Еңбек гигиенасы бойынша санитарлық дәрігердің құқықтары мен міндеттерін ұғыну.

 

Дәріс  жоспары:

  1. Кіріспе
  2. Еңбек гигиенасының тарихы.
  3. Еңбек гигиенасы бөлімінің заңды құжаттары.
  4. Терминологиясы.
  5. Еңбек гигиенасы дәрігерінің жұмыс мазмұны.
  6. Еңбек гигиенасы МСЭҚБ дәрігерінің құқықтары мен міндеттері. 

Лекцияның тезисі:

 

К І Р І  С П Е

Ғылыми-техникалық прогреспен (ҒТП) қойылған проблемалардың ішінде ең күрделі және жан-жақты проблемасы болып ҒТП адамның тағдырына  әсері саналады.

ДДҰ (дүние жүзілік  денсаулық сақтау ұйымы) және ХЕҰҰ (халық аралық еңбек ұйымдастыру ұйымы) мәлімдемелері бойынша дүние жүзінде жылына  өндірістерде шамамен 120 млн. Бақытсыз оқиғалар болады екен, оның ішінде 200 мыңнан көбі өліммен аяқталады. Әртүрлі кәсіптік әсерлермен байланысты 68 ден 157 млн. Дейін кәсіптік аурулардың жаңа оқиғалары тіркеледі.

Планета халқының 40-50%-ті жұмыс жағдайында физикалық, химиялық, биологиялық, экономикалық, ал соңғы  жылдарды психоэмоционалдық стресстік  факторлардың әсеріне ұшырайды.

Шамамен 100 000 химиялық заттар (оның ішінде 3000 аллергендің және 300 канцерогендік факторлары), 50 шақты физикалық сипатты факторлары, 20 шақты қолайсыз эргономикалық жағдайлары, және жұмыс орнындағы денелік салмақтар, көптеген психологиялық және әлеуметтік проблемалары еңбек жағдайы тұрғысынан қауіпті ден саналып, өзімен бірге кәсіптік аурулардың даму қауіпін, стресстік реакцияларды, мертігуді, жұмысына деген қанағаттанарлықсызды және соңында материалдық жағдайының нашарлауына әкеледі.

Осылардың барлығы экономикалық шығынды өсіреді, ол шамамен валдық ұлттық өнімнің 10-15% алады екен.

Осыған қарамастан дамушы елдердің жұмысшыларының тек 5% ғана, ал дамыған елдерде 50% дейін жұмысшылары  жақсы ұйымдастырылған еңбек  гигиенасы мен медицинасының  көмегін алу мүмкіншілігі бар.

ҒТП Республиканың алға қойып отырған новаторлық стратегиялық дамуын жүзеге асырушы басты құрал ролін атқарады. Республикамыздың алдында өте күрделі және жауапты міндеттер қойылып отыр – ол қысқа уақыт ішінде өнеркәсіптің магистралды бағыттаға салаларын жетілдіріп, ғылым мен техниканың жетістіктерін еліміздің халық шаруашылығын терең реконструкциялау үшін қолдану.

Халық шаруашылығын қарқындату жаңа энергия көздерін, өте жоғары және өте төмен қысымдарды және температураларды, улы және агресивті агенттерді, технологиялық процесстердің орасан жылдамдықта өтуін қолданумен тығыз байланысты. Осылардың барлығы еңбектің өндірістік күшін көп қайта өсіріп,ғ өзіне абайлы, жан-жақты тұжырымдалған ғылыми тұрғыдан қарауды талап етеді. Тек осындай жағдайда ғана қоғам алдына қойған нәтижелеріне анықт жете алады, және алшақ салдарлары белгісіз немесе қауіпті болуы мүмкін шараларды қолданбау керек.

Қазіргі таңда еңбек  гигиенасы алдында жаңа міндеттер  туды – ол жұмысшылардың организміне  қарқындылығы төмен өндірістік факторлардың, еңбектің механикаландырылған,. Автоматтандырылған түрлерінің және тіпті еңбек процесстерін роботтандырудың әсерлерін зерттеу болып келеді.

Өкінішке орай, жаңа рыноктік қатынастарына  көші жаңа проблемаларды  тудырды.

Қазіргі таңда экономиканың мемлекеттік секторындағы күйзелістің өсу жағдайларында, халық шаруашылығының барлық салаларында өндіріс көлемінің қысқаруын ажәне жұмысшылардың санының азаюына қарамастан (кейбір мәлімдемелер бойынша 2 есе), еңбек жағдайының нашарлануы тұрақты өсіп келеді, ал өнеркәсіптердеге еңбек жағдайының нашарлануы тұрақты өсіп келеді, ал өнеркәсіптердегі еңбек жағдайын қазіргі стандарттарға сәйкесті жақсарту бойынша шараларды жүргізу оданда зор проблемаға айналып отыр – бұл үшін қажетті қаражаттар жоқ. Өнеркәсіптердің басты салаларында жағымсыз еңбек жағдайларында жұмыс істеушілердің саны біртіндеп өсіп келуде. Мұндай зиянды жағдайларда жұмыс істеушілердің  ең жоғары үлесі өнеркәсіптерге келіп отыр (66%). Әсіресе қиын жағдай көмір өнеркәсібінде құралған, мұнда санитарлық-гигиеналық нормалары орындалмайтын жағдайда жұмысшылардың 79% еңбек етеді, осындайлары жалпы және кәсіптік патологиялардың және де өндірістік мертігудің маңызды өсуіне ықпал жасап отыр. Тек бақытсыз оқиғалардан 1994 жылғы материалдық шығыны 5 млн теңгеден асып кетті.

1996 жылғы кә»сіптік патологияның 433 оқиғасы тіркелген, мұнда ең жоғарғы үлесі көмір саласындағы кәсіпорындарына келеді (90%).

Қарағанды облысы бойынша  жалпы кәсіптік сырқаттанушылықтың құрылымында алдыңғы орындарды  жоғарғы концентрациядағы шаңның және зиянды заттардың әсерінен туған тыныс органдарының аурулары (39,5%), перифериялық нерв жүйесінің аурулары (25%) және діріл ауруы (16,4%) алып отыр.

Жалпы кәсіптік сырқаттанушылықтың өсуі, негізінен еңбектің қанағаттанарлықсыз жағдайларымен байланысты. Мысалы, Қарағанды облысы бойынша санитарлық-гигиеналық нормаларына сай келмейтін еңбек жағдайларында шамамен 90 мың. адам жұмыс істейді, олардың ішінде 16 мыңы әйел адамдар (олар жалпы жұмысшылар санының 40% алады).

Көмір және металлургия  өнеркәсібінің ең көп тараған және негізгі кәсіптерінің еңбек жағдайына талдау жүргізу нәтижелері шаңдану бойынша көрсеткішінің өте қанағаттанарлықсыздығын айқындап отыр. Кеншілер мен металлургтар ШРЕК-тен 40-50 есе асып кететін шаңның әсеріне ұшарайды екен, көптеген жұмысшылар химиялық заттардың ШРЕК-інен елде қайда асып кететін жағдайында еңбек етеді: көміртегі тотығы бойынша 3 есе, күкіртті ангидрид – 4 есе, темір тотығы 7 есе, хром ангидриді – 30 есе, марганец – 5 есе.

Маңызды алаңдатушылықты  өндірістік ортаның шу және діріл  сияқты физикалық факторларының әсері тудырып отыр. Облыстың кәсіпорындарында шу және діріл жағдайларында 26 мыңнан көп адамдар еңбек етуде.

Республикамызда қанағаттанарлықсыз еңбек жағдайы себебінен кәсіптік аурулар мен кәсіптік уланулардың  өсу тенденциясы байқалып отыр: қорғасынмен, фосформен, хроммен, сынаппен және басқа өнеркәсіптік улармен улануы өсуде, әсіресе көмір, қара және түсті металлургия кәсіпорындарында.

Қазақстанда қазіргі  таңда әртүрлі этиологиясы созылмалы  сырқаттарымен 3,5 млн адам есепке алынған.

Осы күнге дейін көп  факторлық әсер сұрағы шешілмеген, оның ішінде кәсіптік қауіпті бағалау  сұрағы.

Сонымен, еңбек сипаты немесе өндірістік жағдайы адамның  іскерлігіне немесе денсаулығына жағымсыз әсер етуі мүмкін, ол өндірістерде кәсіптік зияндылықтың барын куәлеп отыр.

Еңбек гигиенасында қолданылатын негізгі түсініктер

Еңбек гигиенасы – ол құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-профилактикалық және басқа да шараларды қамтитын, еңбек ету процесінде жұмыскерлердің денсаулығын қамтамасыз ету жүйесі.

Еңбек жағдайы – ол еңбек процесіне адамның денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігіне әсер етуші өндірістік орта мен еңбек процесінің факторлары жиынтығы.

Қауіпті өндірістік фактор - әсері белгілі жағдайда жұмыс істеушінің мертігуіне немесе денсаулығының күрт нашарлауына әкелетін фактор.

Зиянды өндірістік фактор – ол кәсіптік патологияның пайда болуын, жұмысқа қабілеттіліктің уақытша немесе тұрақты төмендеуін, соматикалық және инфекциялық аурулардың жиілігінің өсуін, ұрпақтардың денсаулығының нашарлауын туындата алатын өндірістік орта мен еңбек процесінің факторы.

Зиянды өндірістік факторларға  мыналарды жатқызады:

- физикалық факторлар:  ауа температурасы, ауа ылғалдылығы  және қозғалысы, иондамаушы электромагниттік  сәулелер (ультракүлгін, көзге көрінетін, инфрақызыл, лазерлік, микротолқынды, радиотолқынды, жіңішке толқынды) статикалық, электрлік, электромагниттік өрістер, иондаушы сәулелер, шу, діріл, ультрадыбыс, инфрадыбыс, жарықтану т.б.

Кәсіптік аурулар - өндірістік ортаның жағымсыз факторларының әсерінен туған аурулар. Екі топтағы ауруларды ажыратады:

  1. Аурудың жалғыз ғана этиологиялық факторы - қандай да бір өндірістік зияндылық болып табылады (мысалы: улы зат, шу, діріл).
  2. Аурулардың себебі болып өндірістік факторлармен қатар, тұқым қуалаушылық, тұрмыстық және басқа факторлары да болуы мүмкін, және де олар кәсіптік ауруларға жатады, егер олардың дамуында үлкен рөлді еңбектің  жағымсыз жағдайлары атқаратын болса (мысалы: қатерлі ісіктер, өршіген эндокардит, геморрой т.б.)

Басқаша айтқанда, еңбек  гигиенасы адамның еңбекке қабілеттілігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету бойынша, жалпы және кәсіптік сырқаттанушылықтың және еңбектің басқа да жағымсыз жағдайларын  азайту бойынша ғылыми негіздер мен  тәжірибелік шараларды әзірлейтін профилактикалық медицинаның бір саласы.

 

 

ЕҢБЕК ГИГИЕНАСЫНЫҢ ТАРИХЫ

Көне замандағы ғалымдар мен дәрігерлер әртүрлі кәсіппен шұғылданушы адамдарда пайда  болатын ауруларды байқаған. Мысалы; Гиппократ (біздің дәуірге дейінгі 460-377 жж) кен қазушылардың ауруларын бейнелеген. Гален (б.д.д. 130-200 жж.) қорғасын шаңының адам организміне зиянды әсеріне көңіл аударған. XVI ғасырда дәрігер-химик Парацельс кеншілердің, құюшылардың чахоткасы атты ауруды бейнелеген. 1700 жылы италяндық дәрігер, профессор Рамаццини «қол өнер кәсіпшілерінің аурулары туралы» кітап шығарып, 50 артық кәсіпке сипаттама берген (кеншілердің, химиктердің, ұсталардың т.б.)

Бұл еңбекті жазуына ол 50 жыл  жұмсап, соңынан осы еңбек көптеген тілдерде 25 рет қайта басылып  шығарылған. Революцияға дейінгі Ресейде жұмысшылардың денсаулығын қорғау сұрақтары М.В. Ломаносовтың, А.Н. Никитиннің Ф.Ф. Эрисманның т.б. еңбектерінде орын тапқан.

1763 ж. шыққан «Металлургияның  немесе тау-кен жұмыстарының алғашқы  құралуы» атты еңбегінде М.В.  Ломаносов «Тау-кең адамдарының» еңбегі мен демалысын қалай  ұйымдастыру керектігін, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуін, рудниктерді желдетуін жазған. Дәрігер Никитин А.Н. «Жұмысшылар аурулары және құқық қорғау шщаралары» атты кітабында 120-дан артық кәсіптің еңбек жағдайын жазып, сырқаттарды алдын алуына көңіл аударған. Гигиенаның бірінші профессоры Ф.Ф. эрисман еңбек гигиенасыынң дамуына үлкен үлес қосты. Оның қатысуымен еңбек жағдайлары тексерілген. 1877 жылы «Кәсіптік гигиена немесе ой және дене еңбегінің гигиенасы» атты кітабы шығып, еңбек гигиенасына ғылыми негіздері берілген. Еңбек гигиенасыынң басты салаларының бірі – еңбек физиологиясының дамуында басты рольді физиологтар И.М. Сеченов, И.П. Павлов, Н.Е. Введенский А.А. Ухтомский орындады.

Олар туралы біз еңбек физиологиясы курсында айтамыз.

Еңбек гигиенасының бір саласының - өнеркәсіптік токсикологияның дамуында оның іргетасын қалаушылар Н.С. Правдиннің, Н.В. Лазаревтің, профессор И.В. Саноцкийдің т.б. еңбектері өте зор.

Санитарлық заңдылықты дайындауда, профилактикалық мекемелерінің, ғылыми институттарының жүйелерін жасауда, еңбек гигиенасының өзекті проблемаларын құрастыруда советтік кезеңдегі ірі гигиенистердің қосқан үлестері өте үлкен. Олар –В.А. Левицкий. С.и. Каплун, З.Б.Смелянский, Н.А. Вичдорчик, Е.Н. Андреева-Галанина, З.И. Израэльсон, Н.Ю. Тарасенко, Л.К. Хоцянов, А.А. Летавет т.б.

Қазақстан Республикасында  санэпидқызметінің даму тарихы

Республикамызда санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің пайда болу тарихы Қазақстан  территориясында денсаулық сақтау жүйесінің өзінің өсуімен және жетілуімен тығыз байланысты.

Алғашқы медициналық ғылыми мекемелерінің  бірі болып, қиын жылдарда, 1925ж. Қызыл-Орда қаласында ашылған өлкелік санитарлық-бактериологиялық институты саналады. 1927 жылы РСФСР  СНК Қаулысы шықты «Республиканың санитарлық органдары жөніндегі ережені бекіту туралы». Шынымен бұл күн денсаулық сақтау құрылымында СЭС-тің дербес орган ретінде туу уақыты болып келеді.

1930 жылы Республиканың денсаулық  сақтау Министрлігінде санэпидбасқармасы  құралды.1931 жылы Алматы қаласында медицина институты мен денсаулық сақтау және гигиена ҒЗИ ашылды, соңғысына еңбек гигиенасы мен өнеркәсіптік санитария сұрақтарын зерттеу жүктелді.1934 жылы республикада алғашқы рет 2 аудандық СЭС құралды (Алма-Атылық және Шығыс қазақстандық).

1939ж. Республикалық  бруцеллездің және Алматылық  обаға (чума) қарсы станциясы құралды,  ал 1940 ж. санбакинститут санитарлық-гигиеналық  бөлімі бар эпидемиология және  микробиология институтына айналдырылды. 1940 ж. соңында республикада 232 санитарлық  дәрігерлері және 128 эпидемиологтары жұмыс істеді.

Информация о работе Еңбек гигиенасы – профилактикалық медицина бөлімі, оның мақсаттары мен міндеттері, негізгі бөлімдері